Дисменорея

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Дисменорея неуточненная (N94.6)
Акушерство и гинекология

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту мәселелері жөніндегі сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі № 10 хаттамасымен бекітілген

Дисменорея – бұл етеккір күндері іштің төменгі жағында пайда болатын, психикалық көңіл-күй және алмасу-эндокриндік белгілердің кешенімен бірге жүретін циклды патологиялық үдеріс.
Хаттама атауы: Дисменорея
 
Хаттама коды:

ХАЖ-10 коды (-тары):N94.4 Алғашқы дисменорея
N94.5 Қайталама дисменорея
N94.6 Нақтыланбаған дисменорея

Хаттамада пайдалынылған қысқартулар:

АИТВ – адамның иммун тапшылық вирусы
ДМИ – дене массасының индексі
ЖЖБИ – жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
ИФӘ – иммуннитетті флюресцентті әдіс
ЕЦ – етеккір циклі
МРТ - магниттік-резонансты томография
ПТР – полимеразды тізбекті реакция
ЖҚТ –жалпы қанды талдау
ЖНТ – жалпы несепті талдау
RW - Вассерман реакциясы
ДД – дәлелділік деңгейі
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу
ЭКГ - электрокардиограмма
ЭЭГ - электроэнцефалография
 
Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл.

Пациенттер санаты: дисменореясымен жасөспірім қыздар, әйелдер.

Хаттаманы пайдаланушылар: акушер-гинеколог дәрігер, жалпы тәжірибе дәрігер, педиатрлар, терапевтер, жедел медициналық жәрдем  дәрігерлері, фельдшерлер.

Жіктемесі


Дисменореяны клиникалық жіктеу [1]

Этиологиялық  фактор бойынша:

-алғашқы (қызметтік) – кіші жамбас органдарында патологиялық өзгерістер жоқ болғанда, овуляция циклі қалыптасқан сәттен бастап туындайды;
-қайталама (органикалық) қандай да бір гинекологиялық аурулардың клиникалық көріністерімен сипатталады (мысалы, эндометриоз, қабынудан пайда болатын -аурулар, жыныс органдары дамуының аномалиясы).

Ауырлық деңгейі бойынша:
-жеңіл;
-орташа;
-ауыр[2].

Сатылар бойынша:
-орнына келетін (аурудың белгілері жылдан жылға күшеймейді);
-орнына келмейтін (аурудың белгілері әр жылы ұлғаяды).

Диагностикасы

 
Госпитальдау үлгісін көрсетуімен госпитальдау үшін көрсетімдер:

Шұғыл госпитальдауға көрсетімдер: ауыр дисменорея (ауру симптомдарын басу мақсатында).

Жоспарлы госпитальдауға көрсетімдер: орташа және ауыр деңгейдегі дисменорея (дұрыс терапия және қайталануының профилактикасын таңдау мақсатында).

Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:

-шағымдар, анамнезді жинау;
-физикалды зерттеу.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер:
-ЖҚТ;
-ЖНТ;
-ректовагиналды зерттеу (ретроцервикалды эндометриоздың бар болуына күдік туғанда);
-кіші жамбас ағзаларының УДЗ (етеккір басталған алғашқы 6 айда дисменореясы бар жасөспірімдердің жатырының дамуындағы кемшіліктер (I,A)[2], жатыр миомасы, эндометриоз, анабезінің ісінуі) (III-B)[3]).
 
Жоспарлы госпитальдаудаға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальді тізімі:

-ЖҚТ;
-ЖНТ;
-қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
-қан сарысуындағы p24 АИТВ антигенін ИФӘ-әдісімен анықтау;
-қан сарысуындағы В гепатиті HbeAg вирусын ИФӘ-әдісімен анықтау;
-қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді ИФӘ-әдісімен анықтау;
-кіші жамбас ағзаларының УДЗ
-ЭКГ.

 Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық зерттеулер:

-ЖҚТ;
-ЖНТ;
-қан сарысуындағы Вассерман реакциясы;
-қан сарысуындағы p24 АИТВ антигенін ИФӘ-әдісімен анықтау;
-кіші жамбас ағзаларының УДЗ

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеулер: жүргізілмейді.
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезінде жүргізілетін  диагностикалық іс-шаралар жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жүргізілмейді.

Диагностикалық критерийлер [4,5,6,7]:

Шағымдар:
-толғақ тәрізді, солқылдататын, тартатын, тысырайып ауыртатын іштің төменгі жағындағы аурулар, кейде тік ішекке, қосалқыларға, қуық қалбыршағына әсерін тигізіп ауыруы;
-ашуланшақтық, анорексия немесе булимия, депрессия, ұйқышылдық, ұйқысыздық, иістен жиіркену, дәмнен жиіркену, жүрегі айну, құсу, кекіру, ықылық, дірілдеу, ыстықтау, тершеңдік, гипертермия, ауыздағы құрғақтық, жиі несеп жіберу, тенезмалар;
-талып қалу, бас ауруы, бас айналу, жүректің ауруы, қол мен аяқтың, беттің жаурауы және ұйып қалуы, аяқтың жансыздануы, жалпы кенеттен әлсіздену, терінің қышуы, буындардағы аурулар, ісіктер, полиурия және т.б.;

Анамнез: жоғарыда сипатталған белгілер етеккір кезінде пайда болады және ол аяқталған соң жоғалады.
 
Физикалды зерттеулер: іштің кебуі, тахикардия,
брадикардия, экстрасистолия, етеккір алдында аяқ пен қолдағы ісіктер.

Қынапты зерттеу: бірінші дисменорея кезінде патология анықталмайды.
 
Зертханалық зерттеулер:
 
Мамандардың кеңесіне арналған көрсетілімдер:
-қатты аурудың белгілері байқалғанда ішек-қарын жолының патологиясын болдырмау мақсатында терапевтің кеңесін алу;
-қатты аурудың белгілері байқалғанда хирургиялық патологияны болдырмау мақсатында хирургтің кеңесін алу;
-ағзаның әлсіздігі, естің және жұмыс істеу қабілеті төмендегенде психологтың кеңесін алу.

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз:
 
Кесте. Бастапқы және екінші дисменореяның сараланған диагностикасы

Нозологиялар Клиника Қынапты зерттеу УДЗ МРТ
Бастапқы дисменорея Етеккір кезіндегі ауыру. Етеккір алдындағы асқазанның кебуі, ісіктер, көңіл-күйдің өзгерісі және т.б. Қынаптық тексеру кезінде патология анықталмайды
 
Қалыпты Қалыпты
Эндометриоз Етеккір кезіндегі ауыру, ауру бірнеше жылдан кейін менархе жасынан бастап пайда болад Жатырдың ретропозициясы, оның жылжымалығын шектеу, жатыр мойнағынын қозғалту кезінде сезімталдық, етеккір алдында жатыр үлкеюі УДЗ
эндометриоз белгілері
Эндометриоз
Жатыр миомасы Етеккір кезінде іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді аурулар, іштің төменгі жағындағы тұрақты аурулар
 
Жатыр үлкейген, не жатыр миомасының түйіндерін қолмен басып байқау Жатыр миомасы Жатыр миомасы
Созылмалы
Сальпинго-офорит
Іштің төменгі жағындағы тұрақты аурулар; анамнезде жатырдың үстеме өсіндісіндегі қатты  ауыратын орынды көрсету Жатырдың қосалқыларында нақты сызықтары жоқ түзілімді (гидросаль-пинкс)және «ауырлық» пен ауыру белгілерін  қолмен басып байқау
 
Гидросаль-
пинкс немесе жатырдың үстеме өсіндісіндегі аурудың белгілері
 
Гидросаль пинкс
Жатыр дамуының ақаулары
 
Етеккір кезіндегі ауыру Жатыр біртекті емес, ершік тәрізді жатыр, екі жатыр Жатыр дамуының ақаулары (ершік тәрізді, екі мүйізді жатыр,
Рудоментарлы мүйіз)
Жатыр дамуының ақаулары
 
ЖІБ ЖІБ енгізу анамнезіндегі ауыратын және көп ағатын етеккір ЖІБ мұртшалары ЖІБ жатыр қуысында ЖІБ жатыр қуысында
Жатыр ішіндегі синехия Етеккір кезіндегі ауыру, іштің төменгі жағындағы тұрақты аурулар, етеккір кезінде жоғалатын қанның көлемін және етеккірдің ұзақтығын азайту; анамнездегі түсіктер, босанулар, жатыр ішіндегі қимылдар Патология жоқ Жатыр қуысындағы синехиялар Жатыр қуысындағы синехиялар

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:

-ауырлық синдромын тоқтату;
-қайталанудың алдын алу.
 
Емдеу тәсілі:

Дәрісіз емдеу: жүргізілмейді.

Дәрімен емдеу

Негізгі дәрілердің тізімі:

Бейстероидті қабынуды басатын құралдар

:
-индометацин күніне 3 рет 25 мг, ішке қолдану 5-7 күн;
-диклофенак 1 таблеткадан 75 мг (қажеттілігі бойынша күніне 2 таблеткадан) ішке қабылдау немесе ректальды күніне2 рет 50 мг 5-7 күн;
-ацетилсалицил қышқылын күніне 500 мг ішке қабылдау 5 күн;
-кетопрофен күніне 100 мг немесе күніне б/і 5% 2,0 мл - 3-5 күн;
-мелоксикам (Н11ВС селективті ингибитор ЦОГ-2) күніне 1 рет15 мг 5-7 күн;

Спазмолитиктер:
-гиосцинбутилбромид (түйіршік 10 мг ішке қабылдау);
-магний сульфатының ерітіндісі инъекцияға арналған 25%  20 мл ампулада немесе ауырған кезде күніне 1 таблеткадан ішке қабылдау, 5-6 ай ұзақтығы. (II-1 С). 
Седативті терапия:
-шүйгіншөп сығындысы күніне 3 рет 1 таблеткадан 10 күн.
 
Қосымша дәрілер тізімі:

Гормонды терапия  (3 етеккір циклы ішінде жүргізілген терапия тиімсіз болғанда):
-етеккір циклының 2-фазасында прогестиндер (дидрогестерон) (циклдің 15-і мен 24 күндері) күніне 10 мг 1 рет ішке 3-6 ай;
-құрамдастырылған эстрогенді-гестагенді дәрілер (циклдың бірінші күнінен бастап 3-6 ай аралығында):

этинилэстрадиол - дроспиренон;
этинилэстрадиол - диеногест;
этинилэстрадиол - гестоден;
этинилэстмадиол - дезогестрел.
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрімен емдеу:
Негізгі құралдардың тізімі (100% қолдану мүмкіншілігіне ие):

-индометацин, таблеткалар, 25 мг;
-диклофенак, таблеткалар 25 мг;
-ацетилсалицил қышқылы, таблеткалар, 500 мг;
-гиосцинбутилбромид,  0,01 гр драже, орамада  20 драже;
-магний сульфаты, 25% 5 мл инъекция үшін ерітінді, ампула;
-шүйгіншөп сығындысы 0,1 г драже
 
Қосымша дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-дан аз):
-дидрогестерон 10 мг, таблеткалар;
-этинилэстрадиол 30 мкг дроспиренон 3 мг, таблеткалар;
-этинилэстрадиол 30 мкг - диеногест 2 мг, драже;
-этинилэстрадиол 20 мкг - гестоден 75 мг, драже;
-этинилэстрадиол 20 мкг - дезогестрел 150 мкг, таблеткалар.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрімен емдеу:
Негізгі құралдардың тізімі (100% қолдану мүмкіндігіне ие):
-индометацин, 25 мг, таблеткалар;
-диклофенак, инъекцияға арналған ерітінді 75 мг/3 мл/ампулалар;
-ацетилсалицил қышқылы, 500 мг, таблеткалар;
-гиосцинбутилбромид инъекцияға арналған ерітінді 20 мг, 0,01 г , драже;
-магний сульфаты, инъекцияға арналған ерітінді 25% 5 мл, ампулалар;
-тиамин гидрохлориді, инъекцияға арналған ерітінді 5%, 1мл, ампулалар;
-Е витамині (токоферол ацетаты) 400 МЕ 100 капсула,  1 мл  ампуладағы май ерітіндісі 5%, 10%, 30%;
-мелоксикам (НПВС селективті ингибитор ЦОГ-2), 15 мг, таблеткалар.
 
Қосымша дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100%-дан аз):
-дидрогестерон 10 мг, таблеткалар;
-этинилэстрадиол 30 мкг дроспиренон 3 мг, таблеткалар;
-этинилэстрадиол 30 мкг - диеногест 2 мг, драже;
-этинилэстрадиол 20 мкг - гестоден 75 мг, драже;
-этинилэстрадиол 20 мкг - дезогест рел 150 мкг, таблеткалар.
 
Жедел көмек көрсету кезеңінде  дәрі-дәрмекпен емдеу:
-гиосцинбутилбромид, инъекцияға арналған ерітінді 20 мг;
-магний сульфаты инъекцияға арналған ерітінді 25%  20 мл ампулада;
-кетопрофен, бұлшықет ішіне арналған ерітінді 30 мг/мл, 1 мл, ампулалар;
-диклофенак инъекцияға арналған ерітінді 75 мг/3 мл/, амп улалар.
 
Емдеудің басқа түрлері:

Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері:

-физиотерапия: тері арқылы енетін жоғары жиіліктегі электронейро ынталандырушы (УД II-B) [8];
-жергілікті жылыту (температурасы 39 градус шамасындағы жылытқыны қолдану) (УД II-B) [9];
-ине салу (11-В)[10];
-аутотренинг.
 
Стационарлық деңгейде көрсетілетін басқа түрлер:
-ине-рефлексті терапия.
 
Жедел көмек көрсету кезеңінде көрсетілетін емдеудің басқа түрлері: жүргізілмейді.

Хирургиялық араласу:

Амбулаториялық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
 
Стационарлық жағдайларда көрсетілетін хирургиялық араласу:
-диагностикалық лапароскопия: жамбастың ауыру себебін анықтау мақсатында дәрі терапиясына және/немесе ауызға салынатын контрацептивтерден тоқтатылмаған, әрі қарай сақталған ауырлық синдромы;
-лапароскопиялық рұқсаты бар пресакралды/ретросакралды нервэктомия: жамбастың ауыру себебін анықтау мақсатында дәрі терапиясынан және/немесе ауызға салынатын контрацептивтерден тоқтатылмай, әрі қарай сақталған ауырлық синдромы (УД III-C) [11].
Тәуекелдер күтілетін пайдаға қарсы тыңғылықты таразылануы керек, себебі бастапқы дисменореяны басқару кезінде пресакралды/ретросакралды нервэктомияны пайдалануда шектеулер бар.
 
Тәуекел факторлары:
-менархенің ертелігі;
-етеккірдің ұзақтығы;
-темекі шегу (белсенді, белсенді емес);
-отбасылық анамнез;
-гиподинамия;
-отбасындағы жиі күйзелістер;
-өмірдегі жиі өзгерістер;
-төменгі әлеуметтік-экономикалық мәртебе.
Салауатты өмір салты мәселелері жөнінде кеңесу (темекі шегуден бас тарту, денеге аз күш түсіру, күйзелістік жағдайлардың алдын алу).
 
Әрі қарай жүргізу:

-акушер-гинекологтың 3 етеккір циклі ішінде БСҚҚҚ емдеу жүргізу кезінде  қадағалауы (әр етеккірден соң тиімділікті бағалау);
-тиімді терапия жағдайында НПВС қарау әр 6 ай сайын;
-БСҚҚҚ әсері жоқ болғанда гормонды терапия тағайындалады, жыл ішінде тиімділікті бақылау әр 3 ай сайын (төзе алуды, емдеудің тиімділігін бағалау) жүргізіледі.

Емдеу тиімділігі мен және диагностика және емдеу әдістерінің қауіпсіздік индикаторлары:

-ауырлық синдромын және жиілігін азайту;
-сезімталдықты жақсарту;
-ремиссия уақытын ұзарту.

Ауруханаға жатқызу


Госпитальдау үлгісін көрсетуімен госпитальдау үшін көрсетімдер:

Шұғыл госпитальдауға көрсетімдер: ауыр дисменорея
(ауру симптомдарын басу мақсатында).

Жоспарлы госпитальдауға көрсетімдер: орташа және ауыр деңгейдегі дисменорея (дұрыс терапия және қайталануының профилактикасын таңдау мақсатында).

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар: ерекше профилактика жүргізілмейді.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. 1) SOGC. Primary dysmonerya - clinical guedline. 2005 Dec. 2) Flor H., Turk D.C. eds. Chronic pain: An Integrated Biobehavioral Approach. London: Informa Healthcare Publishing Group 2011 3) Latthe P., Latthe M., Say L., Gulmezoglu M., Khan K.S. WHO systematic review of prevalence of chronic pelvic pain: a neglected reproductive health morbidity. BMC Public Health 2006; 6: 177— 184. 4) Proctor M, Fargubar С. Diagnosis and management of dysmenorrboea. BMJ 2006;3326:1134-38. 5) Кротин П.Н., Ипполитова М.Ф. Комплексный подход к лечению больных с первичной дисменореей // Репродуктивное здоровье детей и подростков, 2006. № 1. С. 37-47. 6) Манухин И.Б., Крапошина Т.П. Нестероидные противовоспалительные средства в лечении первичной и вторичной дисменореи // Вопросы гинекологии, акушерства и перинатологии 2010. Т. 9. № 6. 7) Серов В.Н., Уварова Е.А., Гайнова И.Г. Современные возможности использования нестероидных противовоспалительных препаратов для устранения и профилактики дисменореи // Фарматека 2004. № 15(92). С. 18¬24. 8) American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG). Chronic pelvic pain. Washington (DC): American College of Obstetricians and Gynecologists (ACOG); 2004; 17. (ACOG practice bulletin; no. 51). 9) Beutel M.E., Weidner K., BrдЫer E. Chronic pelvic pain of Women and its Co-Morbidity. GeburtshFrauenheilk 2005; 65: 61—67. 10) Breivik H., Borchgrevink P.C., Allen S.M. et al. Assessment of pain. Br J Anaesth 2008; 101: 1: 17—24. 11) Al-Jefout M.I., Black K., Luscombe G., Tokushige N. et al. Myometrial and Endometrial Innervational of women with benign gynecological disease. 11th World Congress on Endometriosis, 4—7 september, 2011; 1—41.

Ақпарат

Біліктілік деректері көрсетілген   хаттаманы әзірлеушілердің тізімі:
  1. Досжанова Әйгерім Мжаберқызы - м.ғ.д., профессор, «Астана медицина университеті» АҚ Интернатура және дипломнан кейінгі білім кафедрасының меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер;
  2. Төлетова Айнұр Серікбайқызы – бірінші санаттағы дәрігер, PhD докторы, «Астана Медицина Университеті» АҚ ;
  3. Малтабарова Нұрилә Аманғалиқызы – «Астана медицина университеті» АҚ  жедел медициналық көмек курсы бар анестезиология-реаниматология кафедрасының профессоры;
  4. Құдайбергенова Махира Сейдуәліқызы – «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері.
Мүдделер  қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ

Пікір иесі: Рыжкова Светлана Николаевна, м.ғ.д., профессор, жоғары санаттағы дәрігер, «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті» РМКП Дәрігерлерді жетілдіру факультетінің акушерия және гинекология курсының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх