Диабеттік ретинопатия

P-S-018

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Диабетическая ретинопатия (E10-E14+ с общим четвертым знаком .3) (H36.0*)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Диабеттік ретинопатия – торлық қабықтың зақымдалуымен 
сипатталатын қантты диабеттің асқынуы. Сонымен қатар торлық қабықтың шеткі аймақтары мен сары дақ (макула) зақымдалуы мүмкін.

 
Хаттама коды: P-S-018 "Диабеттік ретинопатия"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): Н36.0 Диабеттік ретинопатия

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Кезеңі бойынша: пролиферативтік емес, препролиферативтік, пролиферативтік.
Түрі бойынша: макулопатиямен жəне онсыз.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Қантты диабет кезіндегі глюкоза деңгейінің жоғарылауы. 

2. Қантты диабетпен науқастын ұзақтығы.
3. Даму қауіпі жас өскен сайын ұлғая түседі. 

4. Артериялық гипертония.
5. Плазмада липидтер деңгейінің жоғарылауы.
6. Шылым шегу.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: микроаневризмалар, қанағулар, экссудат.
 
Физикалық тексеру: қантты диабет салдарынан дамитын микроаневризмалар, қанағулар, экссудат, тамырлардың өзгеруі, неоваскуляризация, түрлі деңгейдегі пролиферативтік тін.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Терапевт консультациясы.
2. Эндокринолог консультациясы.
3. Офтальмолог консультациясы.
4. Көру жітілігін анықтау.
5. Офтальмоскопия.
6. Тонометрия.
7. Көздің биомикроскопия.
8. Периметрия.
9. Глюкозаны анықтау.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Көз түбінің флюоресценттік ангиографиясы.
2. Көз УДЗ.
3. Несептегі глюкоза деңгейін анықтау (сапалық сынама).
4. Циклоскопия.
5. Компьютерлік томография (оптикалық).

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: көру қызметі мен офтальмологиялық көріністердің тұрақтануы.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем
 
Диабеттік ретинопатия кезінде келесі шаралардың тиімділігі дəлелденген: қантты диабетті, артериялық гипертонияны емдеу, шылым шегуді доғару, пролиферативтік  репролиферативтік жəне непролиферативтік ретинопатия мен макулопатия кезінде торлық қабықтың лазерлік фотокоагуляциясы (ЛФ), сары дақ ісінуінің клиникалық көрінісі кезінде ЛФ.
 
Диабеттік макулопатия кезінде торлық қабықтың қалыңдаған аймақтарында тор тəрізді ЛФ, панретиналдық лазеркоагуляция мен фокалдық лазеркоагуляцияның тиімділігі болжанады.
 
Лазерокоагуляция жалпы жəне жергілікті медикаментоздық терапияның аясында жүргізіледі:
- дезагреганттар: милдронат 0,5 парабульбарлық № 10, б/і- 4,0 № 10, 1 капсуладан күніне 2 рет 20 күн;
- антиоксиданттар мен ангиопротекторлар: этамзилат 0,5 п/б , 1,5 б/і № 7;
- бұзау қанынан 
депротеиндірілген гемодериват 2,0 бұлшықет ішіне № 10, 0,5 парабульбарлық № 10;
- витаминотерапия: аскорутин 1 табл күніне 3 рет – 1 ай., аскорбин қышқылы 2,0 б/і№ 10, нейромультивит 1 табл күніне 2 рет – 1 ай;
- метаболитиктер: винпоцетин 1 табл күніне 3 рет, 1 ай.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  Милдронат инъекцияға арналған ерітінді 500 мг, амп.
2. *Этамзилат 250 мг табл.
3. *Аскорбин қышқылы 50 мг, 100 мг, 500 мг табл; инъекцияға арналған ерітінді 5%, 10% амп. 2 мл, 5 мл.
4.  Құрамында витаминдер кешені бар препараттар.
5. *Винпоцетин 5 мг, 10 мг табл; инъекцияға арналған ерітінді амп. 2 мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: көру функциясы мен офтальмоскоптық көріністі тұрақтандыру.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: көру қызметінің тұрақтануы.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: қантты диабетті тиімді емдеу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.American Academy of Ophthalmology. Guideline. Diabetic Retinopathy. 2003. 2.EBM Guidelines. Diabetic eye disease, with special reference to diabetic retinopathy. 2004. 3.American Academy of Ophthalmology. Diabetic Retinopathy (Initial and Follow-up Evaluation). 2003. 4.ICO International Clinical Guidelines. . Diabetic Retinopathy (Initial and Follow-up Evaluation). 2005. 5.Доказательная медицина. Ежегодный справочник. 2003 – Часть 7. – С. 2360-2370.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Краморенко Ю.С.,  ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх