Дерматомикоздар

P-T-005

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Дерматофитии неуточненные (B35.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Дерматомикоздар – патогенді микробтар туындатқан тері мен оның қосалқыларының инфекциялық зақымдануы.


Хаттама коды: P-T-005 "Дерматомикоздар"
Терапевтикалық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
В35 Дерматофития
В36 Басқа беткейлік микоздар

Жіктемесі


Жіктемесі  (Ариевич бойынша, Н.Д. Шеклаковпен өңделген):
1. Кератомикоздар: түрлі түсті лишай, түйінді трихоспория (пьедра), эритразма, бұлшықетасты трихомикоз.
2. Дерматомикоздар: эпидермомикоз, рубромикоз, трихофития, микроспория, фавус.
3. Тері, сілемейлі қабат жəне ішкі ағзалар кандидозы.
4. Тері жəне ішкі ағзалардың жүйелі зақымдануымен терең микоздар (бластомикоз, споротрихоз, хромомикоз) жəне шартты - актиномикоз.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- тері жабындылары тұтастығының бұзылуы 
(микрожарақаттар);
- терінің жоғары дымқылдығы (терлегіштік) жəне онымен байланысты 
эпидермис мүйізді қабатының мацерациясы;
- тері құрғақтығы;
- организмнің мұздауы жəне 
қызуы;
- кейбір анатомиялық ерекшеліктер (жалпақтабандылық, саусақаралық 
қатпарлардың тарылуы);
- перифериялық қанайналу бұзылыстары мен трофикалық 
бұзылыстар;
- тері жамылғыларының сілтілік қышқылдық теңгерімінің жастық динамикасы 
мен тері майының химизмі;
- нейроэндокриндік бұзылыстар;
- метаболизмдік бұзылулар;
- иммундық бқзылулар;
- кейбір дəрілік заттарды қабылдау (мысалы: антибиотиктер, 
сульфаниламидтер, глюкокортикостероидтар);
- ауру адаммен немесе жануармен тікелей 
жанасу.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез
 
Шағымдар: бөртпелер, қышыну, бөртпелердің, қышынудың таралуы, тырнақ пластиналарының өзгеруі.
 
Ауру анамнезі: аурудың басталуы көбінесе ауру адаммен қатынастан - монша, саунадан кейін, өзгелердің аяқ киімін кигеннен кейін басталады.
 
Физикалық тексеру
 
1. Түрлі түсті теміреткі: түкті фоликулалар айналасында орналасқан бозғылт сары түстен қоңыр түске дейін қабынусыз дақтар, олар ошақтың түзілуімен бірігуге бейім, беткейдегі азап қабыршақтанумен;  йодтың 5% ерітіндісімен Бальзер сынамасының оң болуы; жарада саңырауқұлақ элементтерінің болуы.
 
2. Түйінді трихоспория (пьедра): түк беткейінде овалды, оймақ тəрізді немесе дұрыс емес формалы болуы; түсі ақтан бозғылт қоңыр түске (ақ пьедра) жəне қара түске дейін (қара пьедра); сағырауқұлақ спораларының микроскоптық байқалуы.
 
3. Шаптық эпидермофития: шаптық жəне құйрықаралық қатпарлардың типтік тері орналасуы, емшек астында, диірек қолтық астында, анық шекаралармен қызғылт түсті домалақ  дақтар, перифериялық валикпен түгелдей ісінген айқын полицикльдік ошақтар, көпіршіктер, микропустулалар, жалақ жаралар, қыртыстар, чешуялар, саптикалық бұтақталған қысқа мицелилердің болуы.
 
4. Табан мен башпай микоздары: тері гиперемирленген, аздап лихенифицияланған; гиперкератоз, терілік сурет күшейген, мукоидтық қабыршықтану; зақымданулар саусақ аралық қатпарларды, саусақтарды, табанның шеткі беті мен башпайларды басқан, мацерациялар, қабатты эпидермис бөліктері, жиірек жалақ жаралар, сызаттар, субъективті аздаған қышыну, күйдіру, кейде ауыру сезімдері қосылады.
 
5. Онихомикоз (үш типі): нормотрофиялық – тырнақ бояулары өзгереді, тырнақ жуандығында – сары дақтар мен жолақтар, тырнақтар жылтыры мен қалыңдығы өзгермейді; гипертрофиялық тип - тырнақтар қошқыл-сұр, онихогрифоз түзілуіне дейін қалыңдайды жəне деформацияланады, жиірек бұзылады (əсіресе жанынан); онихолитиялық тип тырнақтың қазымдалған бөлігінің қошқыл сұр түсімен, оның атрофисымен жəне тырнақтық ложадан босаумен мінезделеді, жалағаштанған жер борпылдақ гиперкеротиялық қабаттармен жабылған.
 
6. Жұмсақ тері микозы: дөңгелек сызықтармен көк түстілігімен қызғылт немесе сарғыш-қызыл дақтар, шекаралар анық, дақтардың беті ұсақ чешуялармен қапталған, периферия бойынша нəрлі папуладан үздікті валик, фестондық контурмен көлемді ошақтар.
 
7. Бастың түкті бөлігінің микоздары: доңгелектің ошақтар, бірден шектелген (диаметрі 2-3 см жəне одан көп); тығыз ақ сұр түсті чешуялар; шаштың бір деңгейде сынуы (3-4 мм тері үстінен). Трихофития инфильтративті-іріңді (бастың түкті бөлігі, сақал мен мұрт айналасы): көкшіл қызғылт түсті, бұдырлы беткеймен жартылай шартəрізді немесе тығыздалған түйіндер; остеофолликулиттер, жалақ жаралар, қыртыстар, чешуялар; бірден кеңейген, іріңмен толған, түктік фоликулалардың тесігі, шаштар тез түседі; регионалдық лимфа түйіндері ауырады жəне үлкейген.
Бастың түкті бөлігінің микроспориясының 
диагностикасы үшін, флюоресценция əдісін қолданады.
 
8. Тері мен қатпарлар кандидозы: жұқа жабындылармен ұсақ көпіршіктер, олар жеңіл ашылады жəне жалақ жара түзеді, жалақ жаралы телімдер малина түсті көкшіл немесе ливидті түспен; дымқыл беткейлік өзіне тəн лактық жылтырлыққа ие. Тырнақтық валик пен тырнақ кандидозы: есептік, тырнақ айналасы валигінің гиперемиясы; тырнақ қоңыр түсті, бұдырлы, жолақтармен жəне басылулармен.
 
Инструменталдық зерттеулер: тəн емес.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер
Көрсетімдер болған кезде (қосарланған патологиялар):
- терапевт;
- невропатолог;
- эндокринолог.

 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Микрореакция.
2. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ (көрсетімдер бойынша).
3. Қанның жалпы анализі.
4. Зəрдің жалпы анализі.
5. Саңырауқұлақтарға бактериоскопия.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: қанның биохимиялық анализі (АЛТ, АСТ, жалпы билирубин, қанның қанты) көрсетімдер бойынша.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Себореялы дерматит
Инфекциялық дерматит
Парапсориаз
Жибердің қызғылт теміреткісі
Терінің себореялық
учаскелерінде эритематоздық
ошақтар, беткейдегі майлы
лайлы-сарғыш қабыршақтармен.
Теріс микологиялық зерттеулер.
Түрлі орналасулардағы
эритематозды-сквамозды
ошақтар, папула-везикулалар,
ошақ бетіндегі пустулалар.
Теріс микологиялық зерттеулер.
Флораға бактериологиялық
зерттеу кезінде – стафилококк.
Орналасуы-дене мен аяқ
қол терісі. Тырнақтық
пластинкалар зақымдалмайды.
Папулалар лентикулярлы,
домалақ, қызғылт түсті,
жалпақ айқын полигональді
алаңдармен. Қабыршақтар
домалақ, ірі, «облатка» түрінде.
Теріс микологиялық зерттеу.
Орналасуы: мойын, дене терісі.
Шаш,тырнақтар зақымдалмайды.
Дақ пайда болады, перифериялық
өседі, «медальон» тəрізді.
Теріс микологиялық зерттеу.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты:
1. Терілік процесс регрессі.
2. Отрицательные результаты микроскопиялық 
жəне микробиологиялық зерттеулер теріс нəтижесі.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Режим 2.
2. Стол №15.

Дəрі-дəрмектік:
Жүйелік антимикотиктер (итраконазол, тербинафин, гризеофульвин) қолданылады: тері мен шаштың бірге саңырауқұлақты зақымдануы кезінде; тырнақтың пластиналардың көп жəне барлық зақымдалуы; жергілікті препараттармен тиімсіз ем; қантты диабет кезінде,  диабеттік табан синдромымен қоса, Т-клеткалық иммунодефицит; емделушінің ұзақ мерзімді жергілікті терапияға келіспеуі.

1. Итраконазол (оралды ерітінді 10 мг\мл, капс.100мг): 100 мг/тəулігіне - 2 апты немесе 200 мг/тəулігіне - 7 күн. Саусақтардың тырнақтық зақымдануы кезінде: 200 мг əрбір 12 сағат сайын - 7 күн, 3 - апталық үзіліспен (2 пульс-терапия). Аяқтың тырнақтық зақымдалуы кезінде: 200 мг əрбір 12 сағат сайын - 7 күн, 3 - апталық үзіліспен (3 пульс-терапия).
 
2. Тербинафин (таб.250 мг): 250 мг/тəулігіне - 1 ай, онихомикоз кезінде - 3 ай. Балаларға (3-жастан бастап) мына дозада тағайындалады: 20 кг аз салмақ кезінде - 62,5 мг; 20 дан 40 кг дейін – тəулігіне 125 мг.
 
3. Сыртқы терапия: тербинафин (1% крем, эмульсия), 5% сералық-дегтяр мазі, салицил қышқылы (5% спиртті ерітінді) – отрубтық лишайды емдеу кезінде, клотримазол (1% крем, 1% ерітінді), миконазол (2% крем), 5% йод ерітіндісі.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. *Интраконазол 100мг, капс.
2. *Итраконазол оралды ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
3.  Тербинафин 250 мг,125 мг, табл.
4. *Тербинафин 1%, крем.
5. *Миконазол 2%, крем.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Сера-дегтяр мазі, 5%.
2. Йод ерітіндісі 5%.
3. Салицил қышқылы спиртті ерітінді, 2%, 5%.
4. Клотримазол крем, 1%, ерітінді, 1%.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: жіті-қабынулық көріністердің толық шешілуі, гиперкератотикалық құбылыстардың азаюы, қоздырғыштар элиминациясы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: айқын қабынбалық құбылыстар: аллергидтер (микидтер); амбулаторлық ем тиімсізідігі; екіншілік инфекцияның қосылуы, бастың түкті бөлігінің зақымданукы; ұйымдасқан ұжымнан жəне көпбалалы отбасылардан шыққан балалар.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: перифериялық қан айналу бұзылыстарымен байланысты ауруларды жəне трофикалық бұзылыстарды уақытылы жəне тиімді емдеу.

Профилактикалық шаралар
Профилактикалық шаралар, оның ішінде аяқ киімді 25% формалин немесе уксус эссенциясымен өңдеу. Əсіресе балалар ұжымында анықталатын аса контагиозды аурулар кезінде (микроспория, трихофития) шұғыл хабарламаны толтырып барлық ауруларды тіркеу қажет.
Балалар мекемесіндегі барлық балалар мен қызмет көрсететін персоналға кезеңдік тексеру жүргізеді, 40 күн бойы 7 күнде 1 рет (түкті бөлік микроспориясы) жəне 2- апта бойы (жұмсақ тері трихофитиясы кезінде) - №81 денсаулық сақтау Департаменті, №37 Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, №304 Білім беру Департаментінің 2004 жылғы «дерматомикоздарды төмендету бойынша профилактикалық жəне эпидемияға қарсы шаралар жүргізу туралы» бірлескен бұйрығы.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері
Балалар ұжымында жиі анықталатын контагиоздық аурулар кезінде (микроспория, трихофития) шұғыл хабарлауды толтырумен барлық науқастарды тіркеу.
 
Ем тиімділігі кезінде: шаштың түкті бөлігінің микозымен науқастарды 3 ай бойы диспансерлік бақылау, саңырауқұлақтарға 3 реттік теріс анализдермен; жұмсақ тері микозымен науқастарды 1,5 ай бойы диспансерлік бақылау, саңырауқұлақтарға 2 реттік теріс анализдермен; онихомикозбен науқастарды бір жыл бойы 3 айда бір рет диспансерлік бақылау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындауға пайдаланылған əдебиеттер: 1. Crawford F, Hart R, Bell-Syer S, Torgerson D, Young P, Russell I. Topical treatment for fungal infections of the skin and nails of the foot. In: The Cochrane Library, Issue 3, 2001. 2. Hart R, Bell-Syer S, Crawford F, Torgerson D, Young P, Russell I. Systematic review of topical treatments for fungal infections of the skin and nails of the feet. BMJ 1999; 319: 79-82; 3. Weller R, Omerod AD, Hobson RP, Benjamin NJ. A randomised trial of acidified nitrite cream in the treatment of tinea pedis. J AM Acad Dermatol 1998; 38: 559-563. 4. Кожные и венерические болезни. Руководство для врачей. В двух томах. Под редакцией Ю.К.Скрипкина, В.Н. Мордовцева.- М., Медицина, 1999. 5. Системная терапия онихомикозов. Национальная Академия микологии.- Пособие для врачей. Москва, 2000г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Альменова Л.Т., ҚР ДСМ ТВҒЗИ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх