Дененің сыртқы бетінің термиялық жəне химиялық күйіктері

E-023

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Термические и химические ожоги неуточненной локализации (T30)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Термиялық күйіктер
теріге оттың, будың, ыстық 
сұйықтықтардың тікелей əсер етуінен пайда болады.
 
Химиялық күйіктер аз уақытта тіннің өлектенуін тудыратын агрессивті заттрдың, жиі сілті мен қышқылдардың, ащы ерітінділерінің теріге түсуінен пайда болады

 
Хаттама коды: Е-023 "Дененің сыртқы бетінің термиялық жəне химиялық күйіктері"
Жедел медициналық көмек
Кезеңдік ем мақсаты: ағзаның өмірлік маңызды қызметтерін қалпына келтіру.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Т20-Т25 Дененің сыртқы бетінің орналасуына байланысты термиялық күйіктері
Оған кіреді - термиялық жəне химиялық күйіктер:
- бірінші дəрежелі [эритема];
- екінші дəрежелі [көпіршіктер] [эпидермистің жойылуы];
- үшінші дəрежелі [тіндердің терең некрозы] [терінің барлық қабатының жойылуы].
T20 бас пен мойынның термиялықежəне химиялық күйіктері
Оған кіреді - көз жəне бет, мойын мен бастың басқа да аймақтарының күйігі:
- еріннің;
- самай айағының;
- бастың шашты бөлігінің (кез-келген аймағының);
- мұрынның пердесінің;
- құлақтың (кез-келген бөлігі).
Оған кірмейді - термиялық жəне химиялық күйіктер:
- көздің шектелген аймағының (T26.-);
- ауыз бен жұтқыншақтың (T28.-).
T20.0 Бас пен мойынның дəрежесі анықталмаған термиялық күйігі
T20.1 Бас пен мойынның бірінші дəрежелі термиялық күйігі
T20.2 Бас пен мойынның екінші дəрежелі термиялық күйігі
T20.3 Бас пен мойынның үшінші дəрежелі термиялық күйігі
T20.4 Бас пен мойынның дəрежесі анықталмаған химиялық күйігі
T20.5 Бас пен мойынның бірінші дəрежелі химиялыық күйігі
T20.6 Бас пен мойынның екінші дəрежелі химиялық күйігі
T20.7 Бас пен мойынның үшінші дəрежелі химиялық күйігі
T21   Дененің термиялықжəне химиялық күйіктері
Оған кіреді:
- іштің бүйір қабырғасының күйігі;
- вульваның;
- тік ішектің;
- жауырын аралық аймағының;
- сүт безінің;
- ұманың;
- аралықтың;
- жыныс мүшесінің;
- жыныс еріндерінің (үлкен, кіші);
- аралықтың;
- арқаның (кез-келген бөлігінің);
- кеуде клеткасының қабырғасының;
- іштің қабырғасының;
- жамбас аймағының;
- аталық бездің.
Оған кірмейді - термиялық жəне химиялық күйіктер:
- жауырын аймағының (T22.-);
- қолтық асты аймағының (T22.-).
T21.0 Дененің дəрежесі анықталмаған термиялық күйігі
T21.1 Дененің бірінші дəрежелі термиялық күйігі
T21.2 Дененің екінші дəрежелі термиялық күйігі
T21.3 Дененің үшінші дəрежелі термиялық күйігі
T21.4 Дененің дəрежесі анықталмаған дəрежелі химиялық күйігі
T21.5 Дененің бірінші дəрежелі химиялық күйігі
T21.6 Дененің екінші дəрежелі химиялық күйігі
T21.7 Дененің үшінші дəрежелі химиялық күйігі
T22Қолдар мен иықты термиялық жəне химиялық күйіктері
Оған кіреді:
- Жауырын аймағының;
- Қолтық аймағының;
- Қолдың (білек пен білезіктен басқа кез-келген аймақтың);
Оған кірмейді - термиялық жəне химиялық күйіктер:
- жауырын аралық аймақтың (T21.-);
- тек білезік пен білектің (T23.-).
T22.0 Білек пен білезіктен басқа қолдың жəне иық белдеуі аймағының дəрежесі анықталмаған термиялық күйігі
T22.1 Білек пен білезіктен басқа қолдың жəне иық белдеуі аймағының бірінші дəрежелі термиялық күйігі
T22.2 Білек пен білезіктен басқа қолдың жəне иық белдеуі аймағының екінші дəрежелі термиялық күйігі
T22.3 Білек пен білезіктен басқа қолдың жəне иық белдеуі аймағының үшінші  дəрежелі термиялық күйігі
T22.4 Білек пен білезіктен басқа қолдың жəне иық белдеуі аймағының дəрежесі анықталмаған химиялық күйігі
T22.5 Білек пен білезіктен басқа қолдың жəне иық белдеуі аймағының бірінші дəрежелі химиялық күйігі
T22.6 Білек пен білезіктен басқа қолдың жəне иық белдеуі аймағының екінші дəрежелі химиялық күйігі
T22.7 Білек пен білезіктен басқа қолдың жəне иық белдеуі аймағының үшінші дəрежелі химиялық күйігі
T23 Білек пен білезіктің термиялық жəне химиялық күйігі
Оған кіреді:
- үлкен саусақтың (тырнақтың);
- алақанның;
- саусақтың (тырнақтың).
T23.0 Білек пен білезіктің дəрежесі анықталмаған термиялық күйігі
T23.1 Білек пен білезіктің бірінші дəрежелі термиялық күйігі
T23.2 Білек пен білезіктің екінші дəрежелі термиялық күйігі
T23.3 Білек пен білезіктің үшінші дəрежелі термиялық күйігі
T23.4 Білек пен
білезіктің дəрежесі анықталмаған химиялық күйігі
T23.5 Білек пен білезіктің бірінші дəрежелі химиялық күйігі
T23.6 Білек пен білезіктің екінші дəрежелі химиялық күйігі
T23.7 Білек пен білезіктің үшінші дəрежелі химиялық күйігі
T24   Жамбас-сан буыны мен аяқтың термиялықжəне химиялық күіктері
Оған кіреді - аяқтар (балтыр-табан буыны мен табаннан басқа кез-келген бөліктің)
Оған кірмейді: тек табан мен балтыр-табан буынының термиялық жəне химиялық күйіктері (T25.-)
T24.0 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының дəрежесі анықталмаған термиялық күйігі
T24.1 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының бірінші дəрежелі термиялық күйігі
T24.2 Аяқ пен жамбас-сан буыны екінші дəрежелі термиялық күйігі
T24.3 Аяқ пен жамбас-сан буыны үшінші дəрежелі термиялық күйігі
T24.4 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының дəрежесі анықталмаған химиялық күйігі
T24.5 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының бірінші дəрежелі химиялық күйігі
T24.6 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының екінші дəрежелі химиялық күйігі
T24.7 Аяқ пен жамбас-сан буыны аймағының үшінші дəрежелі химиялық күйігі
T25 Балтыр-табан буыны мен табанның термиялық жəне химиялық күйіктері
Оған кіреді: аяқ саусақтарының күйігі.
T25.0 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның дəрежесі анықталмаған термиялық күйіктері
T25.1 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның бірінші дəрежелі термиялық күйіктері
T25.2 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның екінші дəрежелі термиялық күйіктері
T25.3 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның үшінші дəрежелі термиялық күйіктері
T25.4 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның дəрежесі анықталмаған химиялық күйіктері
T25.5 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның бірінші дəрежелі химиялық күйіктері
T25.6 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның екінші дəрежелі химиялық күйіктері
T25.7 Балтыр-табан буыны аймағы мен табанның үшінші дəрежелі химиялық күйіктері
Орналасқан жері анықталмаған жəне əр жерде орналасқан термиялық жəне химиялық күйіктер (T29-T32)
T29 Дененің бірнеше аймағында орналасқан термиялық жəне химиялық күйіктер
Оған кіреді: T20-T28 бөлімдерінің біреуінен көбірек жіктелген термиялық жəне химиялық күйіктер
T29.0 Дененің бірнеше аймағының дəрежесі анықталмаған термиялық күйіктері
T29.1 Дененің бірнеше аймағының бірінші дəрежелі термиялық күйіктері
T29.2 Дененің бірнеше аймағының екінші дəрежелі термиялық күйіктері
T29.3 Дененің бірнеше аймағының үшінші дəрежелі термиялық күйіктері
T29.4 Дененің бірнеше аймағының дəрежесі анықталмаған химиялық күйіктері
T29.5 Дененің бірнеше аймағының бірінші дəрежелі химиялық күйіктері
T29.6 Дененің бірнеше аймағының екінші дəрежелі химиялық күйіктері
T29.7 Дененің бірнеше аймағының үшінші дəрежелі химиялық күйіктері
T30 Орналасқан жері анықталмаған термиялық жəне химиялық күйіктер
Оған кірмейді: Дененің зақымдалған бетінің көлемі анықталған термиялық жəне химиялық күйіктер (T31-T32)
T30.0 Орналасқан жері белгісіз, белгісіз дəрежелі термиялық күйіктер
T30.1 Орналасқан жері белгісіз,бірінші дəрежелі термиялық күйіктер
T30.2 Орналасқан жері белгісіз,екінші дəрежелі термиялық күйіктер
T30.3 Орналасқан жері белгісіз,үшінші дəрежелі термиялық күйіктер
T30.4 Орналасқан жері белгісіз,белгісіз дəрежелі химиялық күйіктер
T30.5 Орналасқан жері белгісіз,бірінші дəрежелі химиялық күйіктер
T30.6 Орналасқан жері белгісіз,екінші дəрежелі химиялық күйіктер
T30.7 Орналасқан жері белгісіз,үшінші дəрежелі химиялық күйіктер
Т-31   Дененің зақымдалған бетінің көлеміне байланысты жіктелген термиялық күйіктер
Ескерту: Бұл бөлімді термиялық күйіктің орналасқан жері белгісіз кезде ғана біріншілік статистикалық нұсқау ретінде,егер орналасқан жері анықталған болса,бұл бөлімді керегінше Т20-Т29 бөлімдерімен бірге қолдануға болады.
T31.0 Дененің 10% аз термиялық күйігі
T31.1 Дененің 10-19% термиялық күйігі
T31.2 Дененің 20-29% термиялық күйігі
T31.3 Дененің 30-39% термиялық күйігі
T31.4 Дененің 40-49% термиялық күйігі
T31.5 Дененің 50-59% термиялық күйігі
T31.6 Дененің 60-69% термиялық күйігі
T31.7 Дененің 70-79% термиялық күйігі
T31.8 Дененің 80-89% термиялық күйігі
T31.9 Дененің 90% жəне одан көп термиялық күйігі
T32   Дененің зақымдалған бетінің көлеміне байланысты жіктелген химиялық күйікте
Ескерту: Бүл бөлімді химиялық күйіктің орналасқан жері белгісіз кезде ғана біріншілік статистикалық нұсқау ретінде қолдануға болады,егер орналасқан жері белгілі болса бұл бөлімді қажетінше Т20-Т29 бөлімдерімен бірге қосымша код ретінде қолдануға болады.
T32.0 Дененің 10% аз химиялық күйігі
Т32.1 Дененің 10-19% химиялық күйігі
T32.2 Дененің 20-29% химиялық күйігі
T32.3 Дененің 30-39% химиялық күйігі
T32.4 Дененің 40-49% химиялық күйігі
T32.5 Дененің 50-59% химиялық күйігі
T32.6 Дененің 60-69% химиялық күйігі
T32.7 Дененің 70-79% химиялық күйігі
T31.8 Дененің 80-89% химиялық күйігі
T32.9 Дененің 90% жəне одан көп химиялық күйігі

Жіктемесі


Жіктемесі

Күйіктің жергілікті жəне жалпы көрінісінің ауырлығы зақымдалған 
тіннің тереңдігіне жəне зақымдалған беттің көлеміне байланысты.
 
Күйіктердің келесі дəрежелерін ажыратады:
1 дəрежелі күйіктер – терінің тұрақты гиперемиясы мен инфильтрациясы;
II дəрежелі күйіктер – эпидермистің қабыршықтануы жəне көпіршіктің түзілуі;
IIIа дəрежелі күйіктер – дерма мен оның дериваттарының терең жатқан қабаттары сақталған терінің жартылай некрозы;
IIIб дəрежелі күйіктер – терінің барлық қабаттарының өлектенуі (эпидермис пен дерманың);
IV дəрежелі күйіктер – терең жатқан тіндердің жəне терінің өліеттенуі.

Күйіктің көлемін анықтау:
1. «Тоғыздық ережесі».
2. Бас – 9%.
3. Бір қол – 9%.
4. Бір аяқ – 18%.
5. Дененің алдыңғы жəне артқы беті – по 18%.
6. Жыныс мүшелері мен аралық – 1%.
7. «Алақан» ережесі – алақан жалпы дененің 1% құрайды.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп- қатер факторлаы:
- Агенттің жаратылысы;
- Күйіктің пайда болу жағдайы;
- Агенттің əсер ету уақыты;
- Күйген беттің көлемі;
- Көп факторлы зақымдану;
- Қоршаған ортаның температурасы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Күйіктегі зақымдалудың тереңдігі келесі 
клиникалық белгілермен анықталады:

І дəрежелі күйіктер терінің 
гиперемиясымен, ісігімен жəне ауыру сезімімен көрінеді. Қабыну өзгерістері бірнеше күн бойы өтеді, эпидермистің беткей қабаты қабыршықтанып, 1-ші аптаның аяғына қарай жазыла бастайды.
 
ІІ дəрежелі күйікте теріде айқын ісінулер, гиперемия жəне сарғыш экссудатқа толы көпіршіктер пайда болады.Эпидермистің астында тез алынатын алқызыл түсті ауыру сезімі бар жаралық бет болады. ІІ-дəрежелі химиялық күйікте жұқа некротикалық қабық түзіп эпидермис бұзылатындықтан көпіршіктер пайда болмайды.
 
ІІІа дəрежелі күйіктің бастапқы кезінде ашық қоңыр түсті құрғақ струп (отқа күйгенде), немесе ақшыл-сүр түсті ылғалды струп (буға, ыстық суға күйгенде). Кейде экссудатқа толы қалың қабатты көпіршік пайда болады.
 
IIIб дəрежеде өлген тіндер струп түзеді:отқа күйгенде-құрғақ, қатты, қою қоңыр түсті; ыстық сұйықтыққа жəне буға күйгенде-ақшыл сұр түсті, жұмсақ, қамыр сияқты болады.
 
IV дəрежеде өз фасциясының (бұлшықеттер, сіңір, сүйек) астында жатқан тіндер өледі. Струп қалың, қатты болады.
 
Қышқылға терең күйген кезде құрғақ қатты струп түзіледі (коагуляциялық некроз), ал сілті зақымдаса алғашқы 2-3 тəулікте сұр түсті, жұмсақ (колликвациялық некроз) болады, кейін іріңдеуге өтеді немесе кебеді.

Электрокүйіктер əрқашан терең болады. (IIIб- IV дəрежелі). Дененің жанасқан бетіндегі ток кірген жəне шыққан жердегі тін зақымдалады, кейде заземления аймағында ақшыл немесе қоңыр дақ сияқты «токтың белгілері» қалады, кейін оның орнында зақымдалмаған теріден төмен түсіп тұратын қатты струп қалыптасады.

Электрокүйіктер жиі электр доғасының жарылып, киімдердің 
күйуінен болатын термиялық күйіктермен қатар жүреді.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы терапиялық анамнез, шағымдар жинау.
2. Визуальді тексеру.
3. Перифериялық артериядағы АҚ өлшеу.
4. Пульсті тексеру.
5. Жүректің соғу жиілігін тексеру.
6. Тыныс жиілігін тексеру.
7. Пальпация.
8. Перкуссия.
9. Аускультация.
 
Қосымша диагностикалық тексерулер:
1. Пульсоксиметрия.
2. ЭКГ.

Дифференциалды диагноз


Салыстырмалы диагноз жергілікті клиникалық белгілерге байланысты жүргізіледі. Күйіктен кейінгі алғашқы минуттар мен сағаттарда зақымдалудың тереңдігін анықтау өте қиын. Жарақаттың қалай алынғандығын ескеру қажет. Күйген бетке инемен шаншығанда, спиртті тампонды тигізгенде ауыру сезімінің  болмауы зақымдалудың IIIб дəрежесінен кем емес екенін көрсетеді. (IV дəрежелі).
 
Химиялық күйіктер кезінде зақымдалған жердің шекарасы анық болады, жиі негізгі ошақтың перифериясынан зақымдалған терінің сызықтары көрінеді. Күйіктің сыртқы көрінісі химиялық затқа байланысты болады. Күкірт қышқылына күйген кезде струптың түсі қоңыр не қара болады, ал азот қышқылына күйсе-сарғыш түсті, тұз қышқылына күйсе-ашық сары түсті. Күйіктен кейін ертерек кезеңде күйдірген заттың иісі білінуі мүмкің.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ағзаның өмірге қауіпті қызметін сақтап қалу емдеудің негізгі мақсаты болып табылады. Ең алдымен зақымдаған заттың əсерін тоқтатып, зақымдалушыны ыстан, токсикалық заттың əсері бар аймақтан алып шығу керек. Бұл жедел жəрдем келгенше жасалады. Ыстық сұйықтық тиген киімді тездетіп шешу керек.

Термиялық зат əсер еткен соң күйген тіннің жергілікті гипотермиясы тінішілік температураның тез түсуіне əсер етіп,оның зақымдаушы əсері əлсірейді. Ол үшін əсіресе күйік бойынша шектелген аймаққа су, қар, мұз,арнайы суытқыш пакеттер қолданылады.

Химиялық күйік кезінде химиялық зат сіңген киімді шешкен соң зақымдалған аймақты 10-15 минут бойы (кешіккен кезде 30-40 минуттан кем емес) ағынды сумен жуып, алғашқы көмектің əсерін жоғарылататын химиялық нейтрализаторларды қолданады. Содан кейін зақымдалған жерге құрғақ асептикалық таңғыш салады.

Химиялық күйіктің кейбір түріне ұсынылатын нейтрализациялаушы заттар (сводные данные: Р.И.Муразян, Н.Р. Панченков, 1983; В.М. Бурмистров, А.И. Буглаев, 1986)
Зақымдаушы зат Нейтрализация заттары
Әк 20% қант ерітіндісімен таңғыш
Карбол қышқылы Глицеринмен немесе əк сүтімен
Хром қышқылы
5% натрий тиосульфаты ерітіндісімен
таңғыш*
Фторсутегі қышқылы
5% углекислого алюминий ерітіндісімен
немесе глицерин жəне окиси магния
қоспасымен таңғыш
Сутегі байланыстары Нашатыр спиртімен таңғыш
Селен тотығы 10% натрий тиосульфаты ерітіндісімен таңғыш*
Алюминий-органикалық қосылысы
Зақымдалған бетті бензинмен, керосинмен,
спиртпен сүрту
Ақ фосфор
3-5% раствором медного купороса немесе 5%
калий перманганаты ерітіндісімен таңғыш*
перманганата калия*
Қышқылдар Натрий гидрокарбонаты *
Сілтілер
1% уксус қышқылы ерітіндісі, 0,5-3% бор
қышқылы*
Фенол 40-70% этил спирті*
Хром қосындысы 1% гипосульфит ерітіндісі
Иприт  2% хлорамин ерітіндісі, кальций гипохлориді*
 
Термиялық күйік кезінде күйген аймақтағы киімді шешпей,кесіп алады.Одан кейін таңғыш салынады,ал таңғыш болмаған жағдайда кез-келген таза мата қолданылады.Таңғыш салудың алдында киім жабысқан күйген жерді тазартуға,көпіршікті жаруға болмайды. 

Əсіресе көлемді күйіктерде ауру сезімін басу үшін-седативті заттар – диазепам* 10 мг-2,0 мл к/і (седуксен, элениум, реланиум, сибазон, валиум), ауыру сезімін басқыш – наркотикалық аналгетиктер (промедол (тримепиридин гидрохлориді). 1%-2,0 мл, морфин 1%-2,0 мл, фентанил 0,005%-1,0 мл к/і), ал олар болмаған жағдайда кез-келген ауруды басатын заттар (баралгин 5,0 мл к/і, анальгин 50%-2,0 к/і, кетамин 5%-2,0* мл к/і) жəне антигистаминді препараттар - дифенгидрамин 1%-1,0 мл* к/і (димедрол, дипразин, супрастин).
 
Егер науқаста жүрек айну, құсу, шөлдеу болмаса да оған 0,5-1,0 л сұйықтық беру керек.
 
Дененің 20% күйген ауыр науқастарға тездетіп инфузионды емді бастайды: көктамыр ішіне глюкозотұзды ерітіндісін (0,9% натрий хлориді ерітіндісін*, трисоль*, 5-10% глюкоза ерітіндісін*),гемодинамикалық көрсеткіштерді қалыпты деңгейде ұстап тұратын көлемде құяды.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Диазепам 10мг -2,0 мл, амп.
2. *Кетамин 5% -1,0 мл, амп.
3. *Дифенгидрамин 1%-1,0мл, амп.
4. *Промедол 1%-2,0 мл,амп.
5. *Натрий хлориді 0,9% -10мл, амп.
6. *Натрий хлориді 0,9% 500мл, фл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Калий перманганаты 3г, фл.
2. *Натрий гидрокарбонаты 4% 200,0мл, фл.
3. *Натрий тиосульфаты 30%-10,0 мл, амп.
4. *Этил спирті 70%-10,0, фл.
5. *Бор қышқылы 3%-10,0мл, фл.
6. *Кальций гипохлориді, пор..
7. *Фентанил 0,005% -1,0мл, амп.
8. *Морфин 1%-1,0мл, апм.
9. *Сибазон 10мг-2,0мл, амп.
10. * Глюкоза 5%-500,0 мл, фл.
11. * Трисоль – 400,0 мл, фл.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер
- Дененің 15-20% көп I дəрежелі 
күйіктері;
- Дененің 10% көп II дəрежелі күйіктері;
- Дененің 3-5% көп IIIа 
дəрежелі күйіктері;
- IIIб-Ivдəрежелі күйіктер;
- Беттің 
күйігі, білектің, табанның, аралықтың;
- Химиялық күйіктер, электржарақаты жəне 
электрокүйіктер.
 
Күйіктік шок жағдайындағы айқын гемодинамика бұзылыстары (əлсіз, жиі пульс, тұрақты гипотония, шөлдеу, құсу), тыныс жолдарының ингалияциялық зақымдануы бар, угарлы газбен уланған, жалпы гипотермиясы бар, жүрек ритмі бұзылған барлық науқастар жедел реанимациялық көмекті қажет етеді.Ондай зақымданушыларды тасымалдау кезінде жүрекке ЭКГ жасап, тексеріп отыру керек.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. - 2-е изд., испр.— М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил. 2. Руководство для врачей скорой медицинской помощи / Под ред. В.А. Михайловича, А.Г. Мирошниченко – 3-е издание, переработанное и дополненное – СПб.:БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.-704с. 3. Тактика ведения и скорая медицинская помощь при неотложных состояниях. Руководство для врачей./ А.Л. Верткин – Астана,2004.-392с. 4. Биртанов Е.А., Новиков С.В., Акшалова Д.З. Разработка клинических руководств и протоколов диагностики и лечения с учетом современных требования. Методические рекомендации. Алматы, 2006, 44 с. 5. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 6. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық 
медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы 
мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх