Дененің əр жеріндегі жарақаттар

H-S-026

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Открытые раны, захватывающие несколько областей тела (T01)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Жарақат - организм тінінің механикалық əсерлерінің салдарынан зақымдалып, тері мен шырышты қабықтарының бүтіндігі бұзылуы [1].

Хаттама коды: H-S-026 "Дененің əр жеріндегі жарақаттар"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
T01 Дененің бірнеше аймағын қамтитын ашық жарақаттар
S21 Кеуде торының ашық жарақаты
S31 Іштегі, арқаның төменгі бөлігіндегі жəне жамбас астауындағы ашық жарақат
S41 Иық белдеуі мен иықтағы ашық жарақат
S51 Білектегі ашық жарақат
S61 Білезік пен қол ұшындағы ашық жарақат
S71 Ұршық буыны мен сан аймағындағы ашық жарақат
S81 Сирақтағы ашық жарақат
S91 Сирақ-асық буыны мен аяқ ұшы аймағындағы ашық жарақат
S16 Мойын аймағындағы бұлшықеттер мен сіңірлердің жарақаты
S19 Мойынның басқа анықталмаған жарақаттары
S19.7 Мойынның көптеген жарақаттары
S19.8 Мойынның басқа анықталған жарақаттары
S19.9 Мойынның анықталмаған жарақаттары
T01.0 Бас пен мойынның ашық жарақаттары
T01.1 Кеуде торының, іштің, арқаның төменгі бөлігінің жəне жамбас астауының ашық жарақаттары
T01.2 Қолдың (дардың) бірнеше аймағының ашық жарақаттары
T01.3 Аяқтың (тардың) бірнеше аймағының ашық жарақаттары
T01.6 Қол мен аяқтағы бірнеше аймақтардың ашық жарақаттары
T01.8 Дененің бірнеше аймағын қамтитын басқа қосарланған ашық жарақаттар
T01.9 Анықталмаған көптеген ашық жарақаттар

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
1. Түйрелген (шаншылған) - өткір заттардың əсерінен болады.
2. Кесілген - өткір, ұзын заттың əсерінен болады, мөлшері 0,5 см-ден кем емес.
3. Соғылған - үлкен салмақты немесе жоғары жылдамдықтағы заттардың əсерінен болған.
4. Тістелген - жануарлардың, сирек адамның тістеуінен болады.
5. Сыпырылған - терінің жəне тері асты шелмайының астындағы тіндерден сыпырылып түсуінен болады.
6. Оқ жарақат - қарумен атылған оқтан болады.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері:
1. Жарақат болған қол-аяқтағы ауыру синдромы.
2. Жарақат болған қол-аяқты мəжбүрлік жағдайда ұстау.
3. Қол-аяқтағы қимылдардың шектелуі немесе болмауы.
4. Сынған жердегі жұмсақ тіндердің өзгерісі (ісіну, гематома, деформация жəне басқалары).
5. Сирақтың жарақат болған аймағына пальпация жасағанда сынған сүйектердің сықырлауы.
6. Қосымша неврологиялық симптомдар (сезімталдықтың болмауы, салқындау, т.б.).
7. Берілген жіктелуге сəйкес терінің зақымдалуы.
8. Жақын жатқан тіндердегі жарақаттың рентгендік белгілері.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Берілген жіктелуге сəйкес жарақаттың түрін анықтау.
2. Жарақат алған ағза қызметінің бұзылу дəрежесін анықтау (қозғалыс көлемі).
3. Науқасты клиникалық тексеру (диагностика критерилерін қараңыз).
4. Жарақат алған сирақты 2 проекцияда рентгендік тексеру.
5. Жалпы қан анализі.
6. Жалпы несеп анализі.
7. Коагулограмма.
8. Биохимия.
9. ВИЧ, HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: орналасқан жерін есепке ала отырып жарақаттарды дер кезінде анықтау, емдеу əдісін анықтау (консервативтік, операциялық), мүмкін болатын асқынулардың алдын алу.

Емі
Анестезия қажеттілігі жіктеуге сəйкес жарақаттың түріне байланысты.
Тері бүтіндігінің бұзылуын есепке ала отырып, міндетті түрде сіреспеге қарсы анатоксин енгізіледі [2].

Консервативтік ем:
1. Жарақатқа біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізу.
2. Жарақатқа инфекция түспесе антибиотикопрофилактика жүргізілмейді.

Операциялық ем:
1. Жарақатқа инфекция түсу белгілері болмаса, біріншілік тігістер салу.
2. Антибиотикопрофилактика 8 сағаттан аса уақыт бұрын алынған, инфекция түсу қаупі жоғары жарақатқа 3-5 күн бойы жүргізіледі:
- орташа ауырлықтағы жəне ауыр жарақаттар;
- сүйекке немесе буынға жеткен жарақаттар;
- қолдардың жарақаттары;
- иммунжетіспеушілік жағдай;
- сыртқы жыныс ағзаларының жарақаттары;
- тістелген жарақаттар.
3. Операциялық ем нервтік немесе тамырлық шоғырдың зақымдалуы дəлелденген кезде жасалады.

Көптеген зерттеулер нəтижесі көрсеткендей, ашық сынығы бар науқастарға антибиотикпен алдын алу шараларын жүргізсе, іріңді-қабынулық асқынулар болу қаупінің барынша азаятыны анықталған.

Науқастарды 3 қауіп-қатер тобына бөлуге болады [3]:
1. Терісі мен жұмсақ тіндерінің зақымдалуы 1 см-ден кем, жарасы таза ашық сынық.
2. Жақын жатқан тіндердің зақымдалуы жəне орнынан таюы айқын емес, терісінің зақымдалуы 1см-ден жоғары ашық сынық.
3. Кез-келген сегменттік сынық, жақын жатқан тіндері айқын зақымдалған немесе жарақаттық ампутациясы бар ашық сынықтар.

1-2 қауіп-қатер тобындағы науқастарға негізінен грамоң микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктердің операцияға дайындық дозасын енгізеді (жарақаттан кейін барынша ертерек). 3 қауіп-қатер тобындағы науқастарға қосымша грамтеріс микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктер де тағайындалады.

Антибиотикпен алдын-алу кестесі:
- 1-2 топтағы науқастарға - амоксициллин 500 мың 6 сағат сайын, 5-10 күн per os;
- 3 топтағы науқастарға - амоксициллин 500 мың 6 сағат сайын, 5-10 күн per os + клавулон қышқылы 1 таблетка 2 рет.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Амоксициллин таблетка 500 мг, 1000 мг; капсула 250 мг; 500 мг
2. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг, 1000 мг/200 мг дайындауға арналған ұнтақ
3. *Сутегінің қос тотығы ерітіндісі 3% флаконда 25 мл, 40 мл
4. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
5. Тикарциллин+клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг
6. *Нитрофурал 20 мг табл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: жарақаттың жазылуы, зақымданған ағзалардың қызметінің қалпына келуі.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жедел.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Доказательная медицина. КЛИНИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ для практикующих врачей.- Москва, «Геотар-Мед».- 2002.- с.523-524 2. Хирургия. Руководство для врачей и студентов.- Москва, «Геотар-Мед».- 2002.- с.576- 577 3. National Guideline Clearinghouse. Practice Managment for Prophylactic Antibiotic Use in Open Fracture: Eastern Association for the Surgery of Trauma.- 2000.- p.28 4. National Guideline Clearinghouse. Preoperative Test: the Use of Routine Preoperative Tests for Elective Surgery: Evidence, Methods&Guidance. London.-NICE.- 2003. 108p.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Ерманов Е.Ж., ҚР ДСМ Хирургия ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх