Войти

Дəрілік заттармен улану

H-T-011

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Отравление противосудорожными, седативными, снотворными и противопаркинсоническими средствами. Бензодиазепинами (T42.4)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Улану – сырттан енген улы заттек пен организмнің əрекеттесуінен туындайтын патологиялық жағдай.

Хаттама коды: H-T-011 "Дəрілік заттармен улану"
Терапевтиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
Т 42.4 Бензодиазепиндерден улану
Т 43.3-Т 43.5 Нейролептиктерден улану
Т 39.0 Ацетилсалицил қышқылынан улану
Т 39.1 Парацетамолдан улану
Т 46.1 Кальций каналдарының блокаторларынан (бөгеуіштерінен) улану
Т 46.2 β-блокаторлардан (бөгеуіштерден) улану
 
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
- жіті улану, созылмалы улану;
- кездейсоқ улану, əдейі улану;
- тұрмыстық улану, өндірістік улану;
- жекебастық улану, топтық улану, жаппай улану;
- удың организмге түсу жолы бойынша – тері арқылы улану, ауыз арқылы улану, инъекциялық улану, ингаляциялық улану жəне т.б;
- ауырлық дəрежесі бойынша – жеңіл дəрежелі улану, орташа дəрежелі улану, ауыр дəрежелі улану.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар: психикалық жəне наркологиялық аурулар, психоэмоциялық ауытқымалылық, химиялық заттектермен, өнімдермен жұмыс істегенде сақтық техникасын орындамау.

Диагностика

 
Диагностика критерийлері

Бензодиазепиндерден улану

Науқастың шағымдары: əлсіздік, ұйықтағысы келе беру (ұйқы басу), бас ауыру, тəлтіректеп жүру. Токсикологиялық анамнезіндегі мəліметтер.

Клиникалық əйгіленістер: тілі күрмеліп баяу сөйлеу, атаксия (тəлтіректеу), уланудың бастапқы кезінде миоз (қарашық кішірейіп кету), есеңгіреу, есінен тану, рефлекстері əлсіреп кету. Ауыр жағдайларда: тыныс алуы тежелу, брадикардия, шок дамуына ұласқан гипотензия, гипотермия, мидың гипоксиялық зақымдануынан туындаған мидриаз.

Нейролептиктерден улану (фенотиазин туындылары; тиоксантен туындылары, бутирофенон туындылары) 

Науқастың шағымдары: əлсіздік, ұйқысы келе беру, бас айналу, енжарлық, жүрек айну, құсу, асқазан тұсын ауыр сезіну.

Клиникалық əйгіленістер уланудың ағымы бойынша 2 типке бөлінеді:
- тыныс орталығы функциясының тежелуі басым болып білінетін улану;
- экзоуыттық шокқа ұласатын қантамырлық коллапс басым болып білінетін улану.

1-ші тип 2-ші типке ауысып кетуі де мүмкін. Клиникалық əйгіліністерінде енжарлық, адинамия, ұйқышылдық, жүрісі бұзылу байқалады. Бұлшықет тонусы нашар. Бара-бара ұзақ ұйқы басады. Қарашықтары үлкейген, кейде кішірейіп кетуі мүмкін. Денесі (терісі) жəне сілемейқабықтары құрғақ. Орташа дəрежелі улану кезінде нерв жүйесінің функциясы əлсіреу фонында антихолинэргиялық синдром белгілері пайда болады. Желке тұсы бұлшықеттерінің сіресуінен, қарысып қалуынан мəжбүрлі тыжырыну, мойны қисаю, қол-аяқ тартылу т.б. арқылы əйгіленетін бұлшықеттік дистония белгілері болуы мүмкін.
Атетоз тəрізді құрысқақ болуы мүмкін. Жүрек-қантамыр жүйесінде (ЖҚЖ): ЭКГ-де Т-ирек инверсиялануы, ST жылжып кетуі, артық иректер пайда болуы, кейде экстрасистола шығуы, АВ блокада пайда болуы мүмкін. Тахикардия – 1 минутта 120 рет жүрек соғуы, АҚ (артериялық қысым) төмен, тынысы əлсіреген, ентікпе болуы мүмкін.

Ауыр дəрежелі улану кезінде кома дамиды, тыныс бұзылады, түсі бозарған, көгерген, жабысқақ мұздай тер басқан, қарашықтары жарық түсіргенде реакция бермейді, жүрек жұмысы əлсірейді, АҚ түсіп кетеді, тамыр соғуы жиі жəне клонустық құрысқақ ұстайды.
Өлімнің басты себебі тыныстық орталықтың салдануынан жəне жүректің функциялық жіті жеткіліксіздігінен болады. Ауыр дəрежелі улану кезінде көп жағдайда өкпе ісінуі, кейде ми ісінуі болады. Уланудың асқынуынан нефропатия, қуық бұлшықетінің салдануы, ішектің динамикалық түйнегі, рабдомиолиз, уыттық гепатопатия, өкпенің салдарлық инфекциялық қабынуы дамиды.

Ацетилсалицил қышқылынан улану

Науқастың шағымдары: құсу, кейде кофе тұнбасы тəрізді құсық шығу, ентігу, тершеңдік, құлағы шулау, мазасыздық, енжарлық.

Клиникалық əйгіленістер: организмдегі ҚСТ бұзылуы - алғашқы кезде компенсациялық тыныстық алкалоз дамиды, кейін компенсациялық мүмкіншілік таусылған кезде метаболизмдік (алмасымдық) ацидоз дамиды.

Уланудың клиникалық көрінісі екі фазалы болып өтеді:
1-ші фазасы: дəрі қабылдағаннан кейін кем дегенде 6 сағат өткесін бас ауырады, құлақ шулайды, жүрек жиі соғады, ентігеді дем алуы минутына 50 ден асып кетеді, жүрегі айниды, құсады, психомоторлық қозу (еліру) пайда болады.
2-ші фазасы: 12 сағат өткеннен кейін – сопор, кома ауыр ентігу, гиперемия, гиповолемия, құрысқақ пайда болады, ішек функциясы бұзылады, гемокоагуляция бұзылады, асқазан мен ішектен қан кетеді, өкпенің кардиогендік емес ісінуі, коллапс дамиды.

Парацетамолдан улану

Науқастың шағымдары: іші ауыру, жүрек айну, құсу, тəбет жоқтығы, əлсіздік, ұйқысы келе беру.

Клиникалық əйгіленістері: парацетамолдан уланудың клиникалық ағымын 3 сатыға бөлуге болады:

I-сатысында бейспецификалы (телімсіз) симптомдар парацетамолды қабылдағаннан кейін 14 сағат ішінде білініп əрі қарай бірнеше тəулік бойы сақталуы мүмкін. Көп жағдайда асқазан-ішек бұзылыстары басым болып білінеді. Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) функциясы айтарлықтай əлсіремейді. Бауыр зардапталу белгілері жоқ, аминотрансферазалардың деңгейі қалыпты шамада болады.

II-сатысында олардың деңгейі жоғарылайды, сонымен қатар билирубин деңгейі жоғарылауы, протромбиндік уақыт ұзаруы мүмкін. Егер 2 тəуліктен кейін бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпты деңгейде қалса, көп жағдайда, бауырдың айтарлықтай зардапталмағандығын білдіреді.

III-сатысында ЛДГ, АЛТ, билирубин деңгейі жоғарылайды, ең айқын байқалатыны үшінші-бесінші күндер аралығы. Протромбиндік уақыт ұзарады, соның салдарынан қан ағу болуы мүмкін. Миокард жəне бүйрек зардапталуы мүмкін, бірақ бұл ағзалардың зардапталуы бауырдыкімен салыстырғанда əлдеқайда жеңілдеу. Ауыр жағдайларда бауырдың некроздық зақымдану симптомдары білінеді: сарғаю, гипогликемия, қан ұйығыштығы бұзылу, энцефалопатия.

Кальций каналдарының блокаторларынан улану

Науқастың шағымдары: жүрек айну, құсу, бас айналу, жүрек баяу соғуы (брадикардия), жалпы əлсіздік.

Клиникалық əйгіленістері:

Жеңіл дəрежелі улану: есі түзу, ЭКГ-да – шамалы брадикардия (60-50 рет/мин.), атриовентрикулалық (АВ) өткізгіштігі 0,20-0,22 сек-ке дейін баяулайды, Гис будасы тармақтарының жартылай блокадасы (0,09-0,11 сек.), əлсіздік, артериялық қысымы қалыпты деңгейде.

Орташа дəрежелі улану: жалпы əлсіздік, ЭКГ-да 1-2 дəрежелі атриовентрикулалық (АВ) немесе синоатриялық (СА) блокада, 30% жағдайда Гис будасы тармақтарының толық блокадасы дамуы мүмкін. Науқастың түсі (тері түсі) бозарған, артериялық қысымы (АҚ) 110/60 мм сын. бағ., жүрек соғуы 1 минутта 55-40 рет шамасында.

Ауыр дəрежелі улану: өте айқын брадикардия (1 минутта 40-тан кем), бозарған, тері түсі мəрмəр тəрізді, артериялық қысым (АҚ) 90/60-70/40 мм сын.бағ., азтолымды жəне сирек пульс, жүрек үні нашар естіледі. ЭКГ-да жүрекше-қарыншалық (АВ) немесе синоатриялық (СА) блокада (2-3 дəрежелі), QRS ирегі 0,16-0,18 сек. шамасында ұзарған. Бұл дəрежелі блокада 38% жағдайда жүректің жиырылу жеткіліксіздігі дамуына жəне препарат ішілгеннен кейінгі 3-12 сағат аралығында жүректің кенет тоқтап қалуына себепші болады.

β-адреноблокаторлардан улану (адренобөгеуіштерден) 

Клиникалық əйгіленістері: препаратты уытты мөлшерде қабылдағаннан кейін жүрек соғуының жиілігі жəне ырғағы бұзылады (брадикардиялық тип) кейде жаппай бөгеліс дамиды, миокард əлсіздігі, сонымен қатар дозасына жəне организмнің бастапқы жағдайына байланысты артериялық қысым түсіп кетеді (немесе көтеріліп кетеді), кардиогендік шок немесе өкпе ісінуі дамиды. Бронхоспазм пайда болады, соның салдарынан диспноэ (тыныс алу бұзылуы), цианоз (көгеріп кету) білінеді, ацидоз, гипогликемия дамиды. Шаршағандық, бас ауыру, жүрек айну, іш өту, аузы құрғап кету, өте сирек жағдайда − депрессия, галлюцинация, еліру, құрысқақ, көруі бұзылу байқалады. Бета адреноблокаторлардан уланудың ауыр дəрежеде білінуі негізінен кардиоуыттылық əсердің күштілігімен байланысты.

Жеңіл дəрежелі улану: науқастың есі түзу. Кейде жүрек айниды, құсу сирек кездеседі, аздаған брадикардия (жүрек соғуы минутына 50-55 рет), артериялық қысым қалыпты деңгейде болады. ЭКГ-дан синустық брадикардия бары, кей жағдайда 1-ші дəрежелі АВ-блокада (РQ 0,22-0,26 сек.) байқалады.

Орташа дəрежелі улану: сəл айқындау брадикардия (пульс минутына 40 рет) байқалады, мұндайда жүрек лықсытуы азаю синдромының орташа белгілері білінеді, тамыр серпуі жұмсақ болады, тері түсі бозғылт, шамалы мəңгірегендігі байқалады. Артериялық қысым шамалы төмендейді − 100/60-90/60 мм сын. бағ. ЭКГ-дан синустық брадикардия (жүрек соғуы минутына 45-55 рет), жүректің синоатриялық өткізгіштігі бұзылуы, қарыншаішілік өткізгіштік бұзылуы Гис будасы тармағының жартылай немесе толық блокадасы (QRS 0,12 сек-қа дейін) арқылы байқалады, қан құрамындағы калий деңгейі сəл азаюынан миокардта метоболизмдік өзгерістер барын көруге болады. Орталық гемодинамика бұзылады: қанның лықсытылған көлемі, минуттық көлемі сəл азаяды немесе қалыпты болады, жалпы перифериялық тамырлық кедергі (ЖПТК) компенсациялық механизм арқылы артады. Жүректің жиырылғыштық функциясы (ЖЖФ) 20-30% төмендейді.

Ауыр дəрежелі улану: клиникалық ағымның ауырлығы жүректің жиырылу күшінің азаюымен жəне кардиогендік шокпен байланысты. ЭКГ-да қауіпті формада айқын ПКЭ байқалады - Гис будасы тармақтарының бірі толық блокадаға шалдығуынан QRS ирегі 0,12 сек-тан артық жəне деформацияланған. Синустық брадикардия (жүрек соғуы минутына 40 реттен кем). Сирек түйіндік ритмге ауысып кету қаупі бар, ұзақ кезеңді асистолиялы (1:3-1:4), 2-ші дəрежелі, 2-ші типті СА жəне АВ блокадалар дамуы мүмкін. Аталған бұзылыстардың салдарынан жүрек кенеттен тоқтап қалуы мүмкін.
Кардиогендік шок симптомдары: азтолымды сирек пульс, тері түсі бозарып (мəрмəр тəріздені) кетуі, мидриаз, ауық-ауық есінен тану, артериялық қысым түсіп кетуі байқалады. Жүрек лықсытуы төмендейді жəне жалпы перифериялық тамырлық кедергі (ЖПТК) 2,5-3,5 есе артып кетеді, жүректің жиырылғыштық функциясы (ЖЖФ) 50-70% төмендейді. Гомеостаз бұзылыстары шоктық жағдайды бейнелейді – гипокалиемия, ацидоз, қанның оттектік градиент көрсеткіштері төмендейді.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
 
Дифференциалды диагноз: емдеу тактикасында көрсетілген.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Несептегі уытты заттектерді анықтау.
2. Қанның жалпы анализін жасау (6 көрсеткіш бойынша).
3. Қандағы уытты заттектің концентрациясын анықтау.
4. Несептің жалпы анализін жасау.
5. Калий ⁄ натрий деңгейін анықтау.
6. Кальций деңгейін анықтау.
7. Хлоридтер деңгейін анықтау.
8. Қалдық азот деңгейін анықтау.
9. Креатинин деңгейін анықтау.
10. Жалпы нəруыз (протеин) деңгейін анықтау.
11. АЛТ деңгейін анықтау.
12. Билирубин деңгейін анықтау.
13. Микрореакцияны тексеру.
14. Электрокардиограммасын тексеру.
15. Кардиомониторлық тексеріс жасау.
16. Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік көрсеткішін зерттеу.
17. АСТ деңгейін анықтау.
18. Нəжістегі ішекқұрттар жұмыртқасын анықтау.
19. Коагулограммасын тексеру.
20. Қанның газдық құрамын тексеру.
21. Эзофагогастродуоденоскопия жасау.
22. Бауырды, ұйқыбезді, бүйректі ультрадыбыстық аппаратпен тексеру.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Глюкоза деңгейін анықтау.
2. Диастаза деңгейін анықтау.
3. Несептегі алкоголь деңгейін анықтау (Карандаев əдісімен).
4. Невропатологқа қарату (невропатолог консультациясын алу).
5. Психиатрға қарату (психиатр консультациясын алу).
6. Бассүйек, көкірек клеткасы, құрсақ қуысы R-графиясы.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: бауырлық жетіспеушілік сияқты қолайсыз жағдайлардың, байыр алмастыру жəне өлімнің алдын алу, жанама əсерлердің минимум туындауына алып келу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем:

1. Витальді функцияларды түзету.

2. Детоксикациялық (уыттануды қайтару) ем:
2.1 Құстыру арқылы асқазанды тазарту (егер қарсы көрсетілімдер болмаса түтік арқылы асқазанды жуу);
2.2 Ішекті тазарту: макрогол 4000 3-4 литр немесе тазарту клизмасын жасау; неостигмин 0,05% 1,0 бұлшықетке;
2.3 Активацияланған көмір ішкізу − 1 г/кг дене салмағына;
2.4 Гемодилюция (инфузиялық ем): коллоидты, криссталоидты ерітінділер, көрсетімдер бойынша көлемдегі форсирленген диурез;
2.5 Антидоттық заттектер (уытқайырғы заттектер) уыттандырған агенттің түріне байланысты тағайындалады:
- бета адреноблокаторлардан уланған жағдайда позитивті инотропиялық əсері бар глюкагон тағайындалады (бастапқы дозасы 4-10 мг венаға).
- нифедипиннен, верапамилден, дилтиаземнен уланғанда кальций препараттарын (кальций глюконаты 2-3 г) жоғары дозалы мөлшерде венаға құяды, адреномиметиктер тағайындалады. Егер улану ұзақ əсерлі препараттан болса ішекті шаю емшарасы жасалады;
- бензодиазепиндерден уланғанда берілетін уытқайырғы (антидот) − флумазенил. Оның 0,3 мг-ын венаға 15 сек. ішінде құю керек, жəне бұл препаратты əр минут сайын қайталап құюға болады, жалпы құйылатын дозасы 2 г-ға дейін. Флумазенил қысқа мерзімді əсер етеді;
- парацетамолдан уланғанда ацетилцистеин беріледі, ішкізу арқылы 140 мг/кг, дене салмағына, немесе вена арқылы 20% ерітіндіні декстрозаның 5% ерітіндісіне қосып құяды (150 мг/кг дене салмағына). Уыттық гепатопатия дамып кетпеу үшін гепатопротектор (бауырқорғауыш) дəрілер тағайындалады.
- ауыр дəрежелі улану жағдайында, көрсетілімдерді ескере отырып, детоксикациялық гемосорбция, гемодиализ, плазмоферез, қанға лазерлік ем жасалады.

3. Симптоматикалық ем жүргізу негізінен ағзалар мен жүйелердің (тыныстық жүйенің, жүрек-қантамыр, нерв жүйелерінің, асқазан-ішек жолдарының) уыттық зардапталу симптомдарын басуға, қышқылдық-сілтілік жəне су-электролиттік балансын қалпына келтіруге бағытталады:
- ацетилсалицил қышқылынан уланғанда Н2-блокаторлар: ранитидин, омепразол; антацидтер: смектит тағайындалады;
- психомоторлық қозу, еліру білінген жағдайда седативті (тыныштандыратын жұбатқы) препараттар тағайындалады: диазепам 5-10 мг/венаға, ГОМҚ (гаммаокси май қышқылы);
- тамырішілік шашыранды ұю (ТШҰ) синдромы дамыған жағдайда, даму сатысына байланысты гемостатиктер (қантоқтатқылар), антиагреганттар, антикоагулянттар тағайындалады, қан препараттарын (жаңа тоңазытылған плазма, криопреципитат) тамырға құяды.
Өлу үшін улану (суицидтік улану) жағдайында психиатрға тексерту қажет.

Профилактикалық шаралар: жоқ.

Әрі қарай жүргізу: жоқ.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Активацияланған көмір 250 мг, табл.
2. *Макрогол 4000, ішкізуге арналған ерітінділік ұнтақ 74 г пакетте
3. *Натрий гидрокарбонат 10 г  ұнтақ, пакетте
4. *Натрий ацетат, натрий хлорид 0.9% инфузияға арналған ертінділік ұнтақ 400 мл
5. *Декстроза, венаға құюға арналған 5% ерітінді 400 мл, флаконда
6. *Калий хлорид 4%, 7,5%, инфузияға арналған ерітінділік ұнтақ
7. *Магний сульфат 25% 20 мл, ампулада
8. *Пиридоксин 1 мл, ампулада
9. *Адеметионин 400 мг, табл.; инъекцияға арналған ерітінділік ұнтақ 400 мг
10. *Пирацетам 20% 5 мл, ампулада
11. *Натрия тиосульфат 10 мл, ампулада
12. *Диазепам 10 мг, ампулада
13. *Фуросемид 20 мг 2 мл, ампулада
14. *Метоклопрамид 2 мл, ампулада
15. *Токоферола ацетат 1 мл, ампулада
16. *Дефероксамин, инъекцияға арналған ерітінділік ұнтақ 500 мг
17. *Кальций глюконат 10 мл, ампулада
18. *Аскорбин қышқылы 2 мл, ампулада
19. *Глюкагон лиофилизацияланған ұнтақ 1 мг, флаконда, еріткішімен қоса.
20. *Ацетилцистеин 2% 2 мл, ампулада

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Преднизолон 30 мг, ампулада
2. *Эпинефрин 1 мл, ампулада
3. *Атропин 1 мл, ампулада
4. *Допамин 5 мл, ампулада
5. *Инсулин еритін, инъекцияға арналған ерітінді 100 Бір/мл
6. *Гепарин, инъекцияға арналған ерітінді 5000 Бір/мл 10 мл, флаконда
7. *Натрий оксибутират 20% 10 мл, ампулада
8. *Декстран, инъекцияға арналған ерітінді 100, 200, 400 мл, флаконда
9. *Маннитол, инъекцияға арналған ерітінді 500 мл, флаконда
10. *Цефтриаксон 1 г, флаконда
11. *Флумазенил, инъекцияға арналған ерітінді
12. *Неостигмин 1 мл, ампулада
13. *Ранитидин 20 мг, 40 мг табл.
14. *Омепразол 20 мг, 40 мг табл.
15. Изадрин 5 мг табл., ампулада
16. *Смектит, ішуге арналғансуспензия дайындайтын ұнтақ
17. Қан препараттары: жаңадан тоңазытылған плазма, криопреципитат
18. Кальций хлорид 10%-5 мл ампулада
19. Декстран 400 мл флаконда
20. Винпоцетин амп.
21. Пентоксифелин амп.
22. Апротинин амп.
23. Инфезол фл.
24. Нефрамин фл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: жіті уыттану (интоксикация) симптомдары жəне өміріне қауіп төндірерлік асқынулары толығымен тиылған жағдайда ауыстырылады.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация

 
Госпитализациялау үшін қажет көрсетілімдер: өміріне қауіп төндіретін орташа жəне ауыр дəрежелі улану жəне одан асқынулар дамуы, өлу үшін улану, ауруханаға əкелінген кезде уланудың клиникалық əйгіленістері болмағанымен қауіптілік дəрежесі тəуекелге жібермейтін улану түрлері.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. PRODIGY Guidance - Poisoning www.prodigy.nhs.uk/guidance.asp?gt=Poisoning 2. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине 2-е издание, 2002 г. 3. Е.А. Лужников « Клиническая токсикология» 1999 г. 4. И. В. Маркова, В. В. Афанасьев « Клиническая токсикология детей и подростков» 1999г 5. Б. А. Курляндский, В. А. Филатов « Общая токсикология»2002 6. Е. А. Лужников «Неотложная терапия острых отравлений и эндотоксикозов» 2001 г. 7. Байзолданов Т., Байзолданова Ш. Т. «Руководство по токсикологической химии ядовитых веществ изолируемых методом экскреции» 2003 г.

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі:
1. Г.М. Тойбаева, Республикалық токсикологиялық орталықтың дəрігер - токсикологы, токсикологтар қауымдастығының мүшесі, АМДБЖИ токсикология курсының ассистенті.
2. Р.Б. Сулейменов, Республикалық токсикологиялық орталықтың дəрігер - реаниматологы, токсикологтар қауымдастығының мүшесі.
3. Р.В. Салов, дəрігер - токсиколог, токсикологтар қауымдастығының мүшесі, АМДБЖИ токсикология курсының ассистенті.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх