Гонококтік инфекциясы

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Гонококковая инфекция неуточненная (A54.9)
Дерматовенерология

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлiгi
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген


Гонококкалық инфекция – қозғалмайтын, спора тудырмайтын іріңді бактериялардың пішіні бұршақ тәрізді болып көрінетін гонококтардан (Neisseria gonorrhoeae) - Грам-теріс диплококтардан болатын адамның жұқпалы ауруы /1, 2/.

Хаттаманың атауы: Гонококтік инфекциясы
 
Хаттаманың коды: Т
 
Код (кодтар) ХАЖ Х
А54 Гонококтік инфекциясы.
А54.0 Периутреальды немесе қосалқы бездерінің іріңқалталанусыз несеп-жыныстық жолдарының төменгі бөлімдерінің гонококтік инфекциясы (цервицит, цистит, уретрит, вульвовагинит).
А54.1 Периутреальды немесе қосалқы бездерінің іріңқалталаунуымен несеп-жыныстық жолдарының төменгі бөлімдерінің гонококтік инфекциясы.
А54.2 Гонококтік пельвиоперитонит және несеп-жыныстық мүшелерінің өзге гонококтік инфекциясы (Әйелдерде кіші жамбас мүшелерінің ісіп қызару аурулары - КЖМІА, эпидидимит, орхит, простатит).
А54.3 Көздердің гонококтік инфекциясы (конъюнктивит, иридоциклит, нәрестелердің гонококкалық офтальмиясы).
А54.4 Сүйек-бұлшық ет жүйесінің гонококтік инфекциясы (артрит, бурсит, остеомиелит, синовит, теносиновит).
А54.5 Гонококтік фарингит.
А54.6 Аноректальды аумақтың гонококтік инфекциясы.
А54.8 Өзге гонококтік инфекциялар (мидің абсцесі, эндокардит, менингит, миокардит, перикардит, перитонит, пневмония, сепсис, терінің зақымданулары).
А54.9 Анықталмаған гонорея

Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
АсАТ - аспартатаминотрансфераза
АлАТ - аланинаминотрансфераза
МҚП - микробқа қарсы препараттар
АИТВ - адамның иммун тапшылығы вирусы
б/і – бұлшықет іші
г - грамм
ДНҚ - дезоксирибонуклеин қышқылы
ЖЖБИ - жыныстық жолымен берiлетiн инфекциялар
мл - миллилитр
мг - миллиграмм
ХПЕА - халықаралық патенттелмеген аталымы
МР - микропреципитация реакциясы
ЕМЕ - еркектер еркектермен
ПТР - полимеразды тізбекті реакция
РНҚ – рибонуклеин қышқылы
е-і – ерітінді
RW - Вассерманның реакциясы
УДЗ - ультрадыбыстық зерттеу
 
Хаттаманы дайындау күні:  2014 жыл
 
Пациенттердің санаты: ересектер, балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: дерматовенерологтар, гинекологтар, урологтар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, терапевтер.
 

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі:
Гонококтік инфекциясының клиникалық жіктелуі: [1, 2]:
Ағым бойынша:
·        жаңа;
·        созылмалы;
·        латентті.
Үдерістің жітілігі бойынша:
·        жіті;
·        жітілеу;
·        торпидті.
Ағымның ауырлығы бойынша:
·        асқынбаған;
·        асқынған.

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
Өзге ЖЖБИ (терапия басталғанға дейін және емделгеннен кейін 2 рет) урогениталдық сүртіндіні жалпы клиникалық зерттеу (метиленді көкпен және/немесе Грам бойынша бояу);
Neisseria gonorrhoeae қол әдісімен (таза культураны айыру) биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу (терапия басталғанға дейін және емделгеннен кейін 2 рет);
Neisseria gonorrhea анализаторда биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу (терапия басталғанға дейін және емделгеннен кейін 2 рет);
ПТР әдісімен Neisseria gonorrhea және өзге ЖЖБИ табу;
Қан сарысуында кардиолипинді антигені бар микропреципитацияның реакциясы;
Иммунофлюоресценция реакциясында биологиялық материалда Neisseria gonorrhoeae анықтау;
·        2 стақанды Томпсон сынауы - еркектерде.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
·        Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ
·        Цистоуретроскопия (емдеу-диагностикалық);
·        Кольпоскопия.
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберу кезінде жүргізуге қажетті тексерудің минимальді тізімі: жүргізілмейді.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер: (жедел госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмейтін диагностикалық тексерулер жүргізіледі): госпитальдау жүргізілмейді.
 

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер (госпитализация кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмейтін диагностикалық тексерулер жүргізіледі): госпитализация жүргізілмейді.

 

Жедел шұғыл госпиталудау кезінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар: жоқ.
 
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар мен анамнез:
Шағымдар:
әйелдерде:
·        жыныстық жолдардан іріңді немесе шырышты-іріңді шығындылар;
·        сыртқы жыныстық мүшелердің тұсында қышу/күйдіру;
·        несеп шығару кезінде аурушаңдығы (диспареуния), жыныстық қатынастар уақытында аурушаңдығы (дизурия);
·        іштің төменгі бөлігі тұсында жайсыздық немесе ауыру;
·        вестибулярлы бездер жолдарының аумағында аурушаңдығы мен іскендігі;
·        тік ішектің ауыруы, айланшықтан бөлінділер;
·        дисфункциональды жатырлы қансырау;
50 % аса әйелдерде несеп-жыныстық жолдарының төменгі бөлімдерінің зақымдануы кезінде инфекцияның симптомсыз ағымы белгіленеді.
 
Еркектерде:
·        несеп шығару каналынан іріңді немесе шырышты-іріңді шығындылар;
·        үрпі жолы тұсында қышу/күйдіру, аурушаңдығы;
·        жиіленген несеп шығару және несеп шығаруға ургентті шақырыстар (ісіп қызару процесінің проксимальды таралуы кезінде);
·        несеп шығару кезінде аурушаңдығы (диспареуния), жыныстық қатынастар уақытында аурушаңдығы (дизурия);
·        тік ішекке берілетін бұтара аурушаңдығы;
·        аталық безде немесе оның қосалқысында ісіну мен ауыру;
·        тік ішектің ауыруы, айланшықтан шығындылар.
Әйелдерде де, еркектерде бүкіл денеге тараған инфекция кезінде ортақ интоксикацияның белгілері байқалады: дене температурасының көтерілуі; ортақ әлсіздік және шаршағандық; теріде петехиалді (пустулезді) бөртпе; ассиметриялы артралгия мен тендосиновит. Өте сирек менингит немесе эндокардит байқалады.
85 % аса екі жыныстың тұлғаларында проктиттің, 90 % аса - фарингиттің симптомсыз ағымы белгіленеді.
 
Балаларда (нәрестелерде):
·        жыныстық жолдардан шырышты-іріңді немесе іріңді шығындылар;
·        сыртқы жыныстық мүшелердің тұсында қышу және/немесе күйдіру;
·        несеп шығару кезінде қышу, күйдіру, аурушаңдығы;
·        іштің төменгі бөлігі аумағында жайсыздық немесе ауыру;
·        несеп шығару каналының сыртқы тесігінің шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, уретра қабырғаларының инфильтрациясы, шырышты немесе шырышты-іріңді несеп жолды бөлектену;
·        сарпайдың, қынаптың шырышты қабықшасының гиперемиясы; қынаптың артқы және бүйірлі дөңесінде және цервикальды каналдан шырышты-іріңді шығындылар.
Балаларға айқын клиникалық көрініс пен зақымданулардың көп ошақтылығы сипатты. Жұқпалы ауруды жұқтырған аналардан туған сәбилерде жұқпалы ауру мен конъюнктивит, қынаптың артқы және бүйіріндегі далдаларда, сондай-ақ цервикалды жолдан шығындылар  болуы мүмкін.
 
Анамнез:
·        соз жұқпалы ауруды жұқтырған жыныстық серіктес;
·        жұқтырудың болжалды көзімен сексуалды қатынастын сәтінен бастап өткен уақыт (1 тәуліктен бастап 1 айға дейін, орташа, 2-7 тәулік);
·        кездейсоқ жыныстық байланыс.
 
Физикальды тексеру:
Терілік зақымданулардың орналасуы:
Мұнда әйелдерде сыртқы жыныс мүшелері (жыныстық ернеулері, шүртекей) қынаптың және жатыр мойынның шырышы, жатыр қуысы, аналық безі, жатыр түтіктері зақымдалады;
Еркектерде несеп жолы, қуық қалбыршағы, қуықбезі, ұрық безі, еркек жыныс мүшесінің терісі, күпектің, ұма, қасаға, бұтара зақымдалады;
Екі жыныс тұлғаларында да соз ауруы кезінде бадамша бездері, ауыз қуысының шырыштары, анус тұсы, тікішек инфекцияға ұшырайды.
 
Өзгерулердің патоморфологиялық көрінісі:
Әйелдерде:
несеп шығару каналының сыртқы тесігінің шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, несеп жолы қабырғаларының инфильтрациясы, шырышты немесе шырышты-іріңді несеп жолды бөлектену;
·        сарпайдың, қынаптың шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, қынаптың артқы және бүйірлі дөңесінде шырышты-іріңді немесе іріңді шығындылар;
·        эндоцервикальды жаралар, жатыр мойынның борпылдақтығы мен ісінуі, цервикальды каналдан шырышты-іріңді немесе іріңді шығындылар;
·        вестибулярлы бездердің жолында гиперемия, іскендік және аурушаңдығы;
Еркектерде:
·        несеп шығару каналының сыртқы тесігінің шырышты қабықшасының гиперемиясы мен іскендігі, несеп жолы қабырғаларының инфильтрациясы;
·        саусақпен басып көру кезінде аталық без қосалқысының және аталық бездің ұлғаюы мен ауруы;
·        саусақпен басып көру кезінде қосалқы бездің ұлғаюы мен ауруы.
 
Зертханалық диагностика [1, 3, 11, 12]:
·        Урогениталдық сүртіндіні жалпы клиникалық зерттеу (метиленді көкпен және/немесе Грам бойынша бояу): биологиялық материалда Neisseria gonorrhea табу;
·        Neisseria gonorrhoeae қол әдісімен (таза мәдениетті айыру) биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу: биологиялық материалда Neisseria gonorrhea табу;
·        Neisseria gonorrhea талдағышта биологиялық материалды бактериологиялық зерттеу: биологиялық материалда Neisseria gonorrhea табу;
·        Биологиялық материалда ПТР : Neisseria gonorrhea ДНҚ табу;
·        Иммунофлюоресценция реакциясында биологиялық материалда гонококті анықтау: Neisseria gonorrhea антигендерді және антиденелерді табу.
 
Аспаптық зерттеулер:
·        Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ;
·        Цистоуретроскопия: несеп жолы шырышының ісіп қызару реакциясын – эрозияны, жараны, инфильтрация, стриктураны табу;
·        Кольпоскопия: эрозияны, жаралы зақымдануларды, сарысулы ісікті, көлемді өспелерді табу.
 
Мамандардың кеңесіне арналған көрсетімдер:
 
·        Гинекологтың кеңесі – мүмкін болатын асқынуларды диагностикалау мақсатымен;
·        Урологтың кеңесі – ықтимал асқынуларды диагностикалау мақсатында;
·        Неонатологтың, педиатрдың кеңесі – қосымша тексерілудің көлемі мен сипатын айқындау мақсатында;
·        Психотерапевтің кеңесі – психологиялық бейімделу мақсатында.
 

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагнозды патогенді (C. trachomatis, T. Vaginalis, M. genitallium) және шартты-патогенді микроағзалармен (Candida тұқымды саңырауқұлақтар, бактериалды вагинозбен байланыстырылған микроағзалармен) және вирустармен (қарапайым ұшық вирусымен) шартталған өзге ерекше урогенитальды инфекциялармен жүргізеді.
 
3-кесте. N. gonorrhoeae негізгі клиникалық-зертханалық дифференциальды диагностикалық белгілері
Бағалан атын параметр лер Гонококтікинфекция Хламид иялы инфекция Урогени тальды трихомон иаз Бактери альды вагиноз Урогени тальды кандидоз
Жыныстық жолдардан бөлінділер Иіссіз шырышты-іріңді немесе іріңді Иіссіз шырышты бұлыңғыр
немесе шырышты-іріңді
Сұрғылт-сары түсті, көбікті жағымсыз иісі бар Гомогенді ақшыл-сұр, жағым
сыз иісі бар
Ақ, ірімшіктенген, қаймақ тәрізді, қышқыл иісі бар
Несеп-жыныстық жолдың шырышты қабықша ларының гиперемия сы Жиі Көбінесе жатыр мойынның шырышты қабықшасы Жиі Сирек Жиі
Сыртқы жыныстық мүшелер дің тұсында қышу/күйдіру Жиі Сирек Жиі Сирек Жиі
Дизурия Жиі Жиі Жиі Сирек Сирек
Диспареу ния Жиі Жиі Жиі Сирек Жиі
Вагиналь ды экссудат тың pH 3,8 – 4,5 3,8 – 4,5 Мүмкін
> 4,5
> 4,5 3,0 – 3,8
Микроскопия Типті морфолог иялы және тинктори альды қасиеттер мен Грам-теріс диплококтар Диагнозды анықтау үшін жүргізілмейді T. Vaginalis бар «Негізгі жасушалардың» болуы Мицели мен бүршікте
нетін ашытқыш жасуша
лардың басымды
лығымен Candida саңырау құлақ
тары
Культу
ралды зерттеулер
N. Gonorrhoe
ae
C. Ttrachoma tis T. 
Vaginalis
T. Vaginalis және облигат
ты-анаэробты түрлер
дің басым
дылығы
10³ КОЕ/мл аса титрда
Candida мекенінің өсуі

 

Емдеу тактикасы


. Емдеу мақсаттары:
·        клиникалық симптомдарды басу;
·        қайталанулардың жиілігін азайту мен пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту;
·        асқынулардың дамуын алдын алу;
·        жыныстық серіктеске індет жұқтыру қатерін төмендету;
·        босану кезінде нәрестеге жұқтырудан сақтандыру.
 
Емдеу тәсілі
 
Дәрі-дәрмексіз емдеу:
2 режим.
№15 үстел (жалпы).
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу
 
4-кесте. 4. Гонококтік уретриттің, эндоцервициттің, проктиттің, фарингиттің, конъюнктивиттің антибактериальдық терапиясы (дене массасы аз ересектер мен балалар > 45 кг) [6, 7, 8, 9, 10, 11, 12,]:
 
Фарма-коло-гиялық топ Препар-аттың ХПА Шы-ғару фор-масы Мөлшерлеу Қол-дану еселі
гі
Ескерту
Вирусқа қарсы препараттар Цефтри аксон
(А - деңгейі);
(таңдау препара ты)
т/і және б/і егу үшін е-і дайындауға арнал ған ұнтақ флаконда 250, 500 және 1000 мг 250 мг – уретрит, эндоцерви
цит, проктит, фарингит; 1000 мг – конъюнк
тивит
бір рет,
б/е
Несеп-жыныстық жүйенің төменгі бөлімдерінің асқынбаған гонореясын емдеудің ұсынылған және жалпы қабылданған тәсілі пациенттің дәрігерге алғаш келген уақытында тікелей МҚП тағайындау болып табылады.
Мұнда антибиотиктің бір рет қолдануын қамтитын терапияның негізгі (таңдау) сұлбалары қолданылады. Цефтриаксонның 250 мг бір ретті б/і мөлшері қанда жоғары және орнықты бактерицидті концентрациясын қамтамасыз етеді. Цефтриаксон кез келген оқшаулаудың асқынба ған гонореясын емдеу үшін тиімді және қауіпсіз препарат болып табылады (асқынбаған уретрит және проктит терапиясында тиімділігі 99,2%; фарингит терапиясында 98,9 %) [13, 14].
Жүйелі антибактериальды терапияны зақымдалған көзді зарарсыздандыр ылған физиологиялық ерітіндімен жуумен үйлестіруге болады [15]
  Цефик
сим бір рет
(А - деңгейі);
(таңдау препара ты)
200, 400 мг дәрі лер 400 мг бір рет,
ішіне
Басылған клиникалық зерттеулерде [13, 14] 400 мг мөлшеріндегі цефиксимнің тиімділігі несеп-жыныстық жолдарының төменгі бөлімдерінің асқынбаған гонореясы мен тікішектің гонококтік инфекциясы кезінде пероральды 97,5 %, ал фарингит кезінде 92,3 % құрады
  Спектиномицин (балама лы препар ат) б/і егу үшін суспензия дайындауға арнал ған ұнтақ 2000 мг:
фла кон ерітін дімен бірге жиын тықта
2000 мг бір рет,
б/і
Асқынбаған урогенитальды және аноректальды соз ауруы терапиясында оның жоғары тиімділігн (98,2%) куәландыратын мәліметтер бар [13], алайда, фарингитті соз ауруын емдеуде оның тиімділігі жоғары емес (51,8%). Кемшіліктерге парентеральды қолданудың қажеттілігі жатады. Спектиномицин цефалоспориндердің төзе алмауы немесе бұл МҚП аллергиясы бар пациенттерді емдеу кезінде таңдау препараты болып табылады
  III кезең
ді өзге цефалоспорин дер (цефтриаксоннан және цефиксимнен басқа)
мысалы – Цефотаксим (балама лы препар
ат)
т/і және б/е егу үшін е-і дайындауға арнал ған ұнтақ флаконда 500 және 1000 мг 500 мг бір рет,
б/і
Цефалоспориндер (үшінші кезеңнің) қауіпті және өте тиімді: цефотаксим, цефоперазон, цефтазидим. Алайда, асқынбаған урогенитальды және аноректальды гонорея терапиясында инъекционды цефалоспориндердің мәліметтерін қолданудың тиімділігі, мұндай цефтриаксонның тиімділігінен артылмайды, ал олардың гонококтік фарингит терапиясында қолданудың дәлелденген тиімділгі цефтриаксонмен салыстырғанда аздап анықталған болып табылады [13, 14].
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу:


Негізі (100%  қолдану мүмкіндігі бар)  дәрі-дәрмектердің тізімі:

· Цефтриаксон (т/і және б/і егу үшін е-і дайындауға арналған ұнтақ 250, 500 және 1000 мг);
· Цефиксим (200, 400 мг дәрілер);
· Спектиномицин (б/і егу үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 2000 мг: флакон ерітіндімен бірге жиынтықта);
· Цефотаксим (т/і және б/і егу үшін е-і дайындауға арналған ұнтақ флаконда 500 және 1000 мг).
 
Қосымша (қолдану мүмкіндігі 100 % кем) дәрі-дәрмектердің тізімі: жоқ.


Ерекше жағдайлар


Соз ауруымен ауыратындарда ілеспелі хламидиялы инфекцияның терапиясы

Соз ауруын жұқтырған пациенттер жиі C. trachomatis жұқтырылған болады. C. trachomatis коинфекция ретінде зертханалық дәлелденген жағдайда, асқынбаған хламидиозбен үйлескен асқынбаған соз ауруы терапиясында азитромицинді тағайындау орынды. Алайда, тиісті мөлшерлерді цефтриаксонды және макролидтердің тобынан (таңдау препараттары) антибиотикты немесе доксициклинді тағайындау жақсырақ болады [16, 17, 18].

Балаларда соз ауруы
Балаларда соз ауруы инфекциясы аса сирек кездеседі. Оның балаларда дамуының ең жиі себебі, көбінесе препубертатты және пубертатты жаста сексуалдық зорлау болып табылады.
Жеткіншек кезеңіне дейінгі қыздарда N. Gonorrhoeae ең таралған клиникалық көрінісі вагинит болып табылады. Балаларда N. Gonorrhoeae болған кіші жамбас мүшелерінің ісіп қызару аурулары ересектерге қарағанда айтарлықтай сирек кездеседі. Сексуалдық зорлауға ұшыраған балаларда инфекцияның таралған формасы, жиі симптомсыз өтетін гонококтік проктит және фарингит болып табылады.
Бұрында көрсетілгендей, дене массасы 45 кг-нан асатын балаларда гонореяның терапиясына ересектерде гонореяны емдеу үшін ұсынылатын терапияның негізгі және баламалы сұлбаларын қолданған жөн. Асқынбаған гонококтік сарпай вагинитінің, эндоцервициттің, несеп жолының, фарингиттің және дене массасы 45 кг-нан кем балаларда проктиттің терапиясы үшін таңдаудың негізгі сұлбасы қолданылады:
Цефтриаксон 125 мг бір рет б/е
Цефалоспоринді қатардың антибиотиктеріне төзімсіздік кезінде баламалы антибиотик ретінде қолданыла алады:
Спектиномицин б/е 40 мг/дене массасының кг мөлшерінде бір рет. Максимальды мөлшері – 2, 0 г.
Сонымен бірге, бұл сұлба гонококтік фарингитті емдеу кезінде тиімділігі жеткіліксіз болуы мүмкін.
Цефтриаксон балаларда болатын соз ауруының кез келген формаларының терапиясы үшін таңдау антибиотигі болып табылады. Үшінші буынды цефалоспориндер тобынан өзге антибиотик тек гонококтік конъюнктивитті емдеу үшін қолданыла алады.
Емдеуді аяқтағаннан кейін жазылуды растау үшін бақылаушы культуральды зерттеулер:
·        балаларда соз ауруы терапиясында цефтриаксон қолданылған болса, жүргізілмейді;
·        спектиномация қолданған болса – оның жеткіліксіз тиімділігінен міндетті жүргізіледі;
Барлық балалар мерезге және хламидиялы инфекцияға міндетті түрде тексерілуі тиіс
 

Нәрестелерде гонококтік инфекция
Нәрестелерде N. Gonorrhoeae болған инфекция, босану жолдары арқылы өту кезінде жатыр мойынның іріңді экссудатымен нәрестенің байланысы нәтижесінде пайда болады. Ауру жиі жіті өтеді және туғаннан кейін 2-5 тәуліктерде клиникалық симптомдарын көрсетеді.
Нәрестелерде соз ауруы таралуы жүктілердің арасында соз ауруының таралуымен, инфекцияға олардың скринингпен қамту дәрежесімен өзара байланысты.

Нәрестелерде гонококтік инфекцияның аса ауыр көрінісі артрит және менингит сияқты асқынуларды қоса, офтальмобленнорея мен сепсис болып табылады. Нәрестелерде соз ауруының өзге, жеңілірек түрлеріне вагинит, несеп жолы, ринит жатады.

Нәрестелердің гонококтік конъюнктивиті
Нәрестелердің гонококтік конъюнктивитінің сирек кездесетініне қарамастан, оның қазіргі заманғы терапиясы ерекше өзекті мәселе болып табылады, себебі бұл ауру көздің мүйізгек қабығының перфорациясына, соңғы нәтижеде – көру қабілетінен толық айырылуға әкеп соғуы мүмкін.
Перзентханада конъюнктивиттен сақтандыру жүргізілмеген нәрестелер және жүктілік уақытында медициналық тексерілуден өтпеген аналар, офтальмобленнорея дамуының қатері жоғары топқа жатады. Аталған топқа, сондай-ақ аналары анамнезде ЖЖБИ бар немесе есірткіні асыра тұтынатын нәрестелер де кіреді.
Жасуша ішіндегі грам-теріс диплококтарды конъюнктивиттен бөлінетін сүртінділерінден табылуға негізделген нәрестелердің гонококтік конъюнктивитінің алдын-ала диагнозы, эмпириялық терапияны тағайындау үшін негіз болып табылады. Эмпириялық терапиянының мақсаттылығы МҚП-ға N. Gonorrhoeae бөлінген штаммдар сезімталдығын анықтаумен тиісті клиникалық материалдан N. Gonorrhoeae кейінгі міндетті бөлінуімен дәлелдену керек. Бұл нәрестелер бір уақытта C. trachomatis тексерілетін болу керек.
Соз ауруының ескерту терапиясы қатері жоғары топ нәрестелеріне, сондай-ақ конъюнктивиттен бөлінетін сүртінділерінден гонококтар табылмаған конъюнктивиті бар нәрестелер.
Ұсынылған сұлбалар:
Цефтриаксон б/і немесе т/і 25-50 мг/дене массасының кг есебінен бір рет. Препараттың максимальды мөлшері – 125 м.
Гонококтік конъюнктивиті бар нәрестелерде цефтриаксонмен жүйелі терапияны жүргізу жергілікті антибиотикты бір мезгілде қолдануды талап етпейді, ал МҚП тек қана жергілікті формаларын тағайындау тиімді емес.
Клиникалық жақсару болмаған кезде, нәрестеде де, оның анасында да C. trachomatis болған ілеспелі инфекцияның болуына зертханалық тексерулер жүргізу қажет. Соз ауруымен ауыратын нәрестелердің аналары, сондай-ақ, олардың жыныстық серіктестері тексерілуден өту, ал қажет болған жағдайда – ересектерде гонорея терапиясы бойынша ұсыныстарға сәйкес емделу қажет.
 

Аналары соз ауруымен ауыратын нәрестелердің ескерту терапиясы
Соз ауруымен ауыратын және арнайы ем алмаған аналардан туған нәрестелерге, оларда гонококтік инфекция симптомдарының болмауы кезінде ескерту терапиясын жүргізген жөн.
Ұсынылған сұлбалар:
Цефтриаксон б/і немесе к/і 25-50 мг/дене массасының кг есебінен бір рет. Препараттың максимальды мөлшері – 125 м.
Ескерту терапиясын алған нәрестеге қосымша қарау қажет емес. Ананы да, нәрестені де C. trachomatis тексеру қажет.
Соз ауруымен ауыратын нәрестелердің аналары және олардың жыныстық серіктестері тексерілуден өту, ал қажет болған жағдайда – ересектерде соз ауруы терапиясы бойынша ұсыныстарға сәйкес емделу қажет.
 

Нәрестелердің конъюнктивиттен сақтандыру
Нәрестелерді C. trachomatis және N. Gonorrhoeae болған инфекциялардан сақтандырудың ең қолайлы әдісі, оларды жүкті әйелдерде уақытында айқындау және емдеу болып табылады. Жүктілік кезінде соз ауруы тексерілмеген аналардан туған нәрестелерге ошақтарды өңдеуді қамтитын, сақтандыру іс-шаралары жүргізіледі.
Әрбір ұсынылған сақтандыру тәртібі нәрестелердің гонококтік конъюнктивитінің дамуын алдын алуға мүмкіндік береді.
Сақтандырудың ұсынылған дәрілері:
Натрий сульфацилы - 30 % бір рет ерітінді
немесе
Эритромицин 0,5 % бір рет көздің жақпа майы
немесе
тетрациклин 1 % бір рет көздің жақпа майы
немесе
күміс натраты 1 % бір рет сулы ерітінді
Нәрестенің екі көзін туа сала өңдеу қажет. Егер профилактика босану залында жасалмаса, онда оны міндетті түрде мүмкіндігінше неғұрлым ерте мерзімдерде өткізу керек. Мұнда конъюнктивит профилактикасы табиғи жолмен туған балаларға да, сол сияқты, Кесарь тілігі жолымен туған балаларға да жүзеге асырылады. Аса қолайлысы болып біржолғы тамызғыштарды және ампулаларды қолдану саналады.
 
Емдеудің өзге түрлері: жоқ.
Амбулаториялық деңгейде емдеудің өзге түрлері: жоқ
Стационарлық деңгейде емдеудің өзге түрлері: жоқ
Жедел шұғыл жәрдем көрсету кезеңінде емдеудің өзге түрлері:жоқ

Хирургиялық араласу: жүргізілмейді.
Амбулаториялық жағдайда хирургиялық араласу – жоқ.
Стационарлық жағдайда хирургиялық араласу – жоқ.
 

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар:
·        Емдеуден кейін 60 күн ішінде соз ауруымен ауыратындарды диспансерлі тексеру;
·        Жыныстық байланыстарды уақытында айқындау және тексерілу мен емделуге тарту;
·        Отбасы мүшелерін тексеру;
·        Соңында ретсіз жыныстық қатынастарды жою;
·        Бұқаралық ақпарат құралдары, жаднамалар мен мультимедиялық бағдарламалар арқылы ЖЖБИ жеке басты және қоғамдық профилактиканы түсіндіруді қарастыратын жаппай профилактикалық насихаттау;
·        Жеке тұлғалық қарым-қатынастар, сексуалды қарым-қатынастар туралы толық ақпарат, жыныстық өмірді ерте бастау зардабы, қаламаған жүктілік мәселелері бойынша ата-аналармен және жоғарғы сынып оқушыларымен жеке консультациялар мен профилактикалық әңгімелер, қауіпсіз секс (мүшеқапты қолдану) ережелерін түсіндіру;
·        дерматовенеролог, акушер-гинеколог, уролог дәрігерлерінің қабылдау кабинеттерінде, кәсіпорындарда, оқу ұйымдарында профилактикалық тексеру кабинеттерінде гонококтік инфекцияны және өзге ЖЖБИ жұқтыру қатерін алдын алу мен төмендету тәсілдері бойынша кеңес беру;
·        ЖЖБИ профилактикасы мәселелері бойынша қауіпсіз жүріс-тұрыс туралы әңгімелерді жүргізу мен ақпараттық-білім беретін әдебиеттерді тарату үшін еріктілерді, білім беретін мекемелердің оқушыларын дайындау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Список использованной литературы (необходимы ссылки валидные исследования на перечисленные источники в тексте протокола) 1. Европейское руководство по ведению больных по ЗППП.-2001 г.- Журнал 12.-№3- 111 с. 2. Клинические рекомендации по ведению больных инфекциями, передаваемыми половым путем и урогенитальными инфекциями. Москва. -2011 г.- с.- 109 3. Jephccott A.E. Microbiological diagnosis of gonorrhoeae. // Genitourin Med 1997;73:245-252. 4. World Health Organization. STD Treatment Strategies. WHO/VDT/89.447.1989.p.30. 5. World Health Organization. Management of sexually transmitted diseases. WHO/UNAIDS 1997;WHO/GPA/94.1.Rev.1. 6. Burstein GR, Berman SM, Blumer JL, Moran JS. Ciprofloxacin for the treatment of uncomplicated gonorrhea infection in adolescents: does the benefit outweigh the risk? // Clin Infect Dis 2002;35(suppl 2):S191–S199. 7. Dan M, Poch F, Sheinberg B. High prevalence of high-level ciprofloxacin resistance in Neisseria gonorrhoeae in Tel Aviv, Israel: correlation with response to therapy. // Antimicrob Agents Chemother 2002; 46:1671–1673. 8. Aplasca de los Reyes MR, Pato-Mesola V, Klausner JD et al. A randomized trial of ciprofloxacin versus cefixime for treatment of gonorrhea after rapid emergence of gonococcal ciprofl oxacin resistance in the Philippines. // Clin Infect Dis 2001; 32:1313–1318. 9. Jones RB, Schwebke J, Thorpe EM Jr, Dalu ZA, Leone P, Johnson RB. Randomized trial of trovafloxacin and ofloxacin for single dose therapy of gonorrhea. Trovafl oxacin Gonorrhea Study Group. // Am J Med 1998; 104:28–32. 10. Stoner BP, Douglas JM Jr, Martin DH et al. Single-dose gatifloxacin compared with ofloxacin for the treatment of uncomplicated gonorrhea: a randomized, doubleblind, multicenter trial. // Sex Transm Dis 2001;28:136–142. 11. Robinson AJ, Ridgway GL. Concurrent gonococcal and chlamydial infection: how best to treat. // Drugs 2000; 59:801–813. 12. Tapsall J. Current concepts in the management of gonorrhoea. Expert Opin Pharmacother 2002; 3:147–157. 13. Moran JS, Levine WC. Drugs of choice for the treatment of uncomplicated gonococcal infections. // Clin Infect Dis 1995;20 Suppl 1:S47–S65. 14. Newman LM, Moran JS, Workowski KA. Update on the management of gonorrhea in adults in the United States. // Clin Infect Dis 2007;44 Suppl 3:S84–101. 15. Haimovici R, Roussel TJ. Treatment of gonococcal conjunctivitis with single-dose intramuscular ceftriaxone. // Am J Ophthalmol 1989;107:511–4. 16. Patients infected with and treated for Neisseria gonorrhoeae in sexually transmitted disease clinics in the United States. // Ann Intern Med 2003;139:178–85. 17. Sathia L, Ellis B, Phillip S, et al. Pharyngeal gonorrhoea—is dual therapy the way forward? // Int J STD AIDS 2007;18:647–8. 18. Golden M, Kerani R, Shafii T, Whittington W, Holmes K. Does azithromycin cotreatment enhance the efficacy of oral cephalosporins for pharyngeal gonorrhea? Presented at: 18th International Society for STD Research (ISSTDR) Conference, London, UK, June 2009.

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі.
1. Бәтпенова Г. Р. - м.ғ.д., ҚР ДСМ бас штаттан тыс дерматовенерологы, профессор, «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының меңгерушісі.
2. Баев А. И. - м.ғ.к., ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК а.ғ.қ.
3. Жетпісбаева З. С. - м.ғ.к., «Астана медицина университеті» АҚ «Дерматовенерология» кафедрасының доценты.
4. Жұлфаева М. Г. - ҚР ДСМ «Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас дәрігері.
5. Ахмадьяр Н. С. - м.ғ.д., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
 
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Нұрышева С. М. - м.ғ.д., «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК «Тері және мерез аурулар» кафердрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарастырудың шарттарын көрсету: әрбір 3 жылда немесе диагностика мен емдеудің жаңа дәлелденген мәліметтері пайда болған кезде. 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх