Бұғана сынығы

E-015

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Перелом ключицы (S42.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы
 
Бұғана сүйегінің құрылымы ашық немесе жабық түрде бүтіндігінің бұзылуы.
 
Тікелей емес механизм: жазылған иық немесе шынтақ буынымен қолды тіреп құлау.
 
Тікелей механизмі: бұғана аймағын затпен соғу немесе құлау арқылы соғу.

 
Хаттама коды: Е-015 "Бұғана сынығы"
Жедел медициналық көмек
Кезең мақсаты:
- жарақат шоғының дамуын ескерту, əсіресе бірлескен жарақаттарды;
- зақымдалған магистральды қан тамырларының жəне жарадан кеткен қанды тоқтату;
- иық өрімі бұтақтары жəне бұғана бөліктерінің қан тамырларының зақымдарын ескерту;
- жарақатты инфекция дамуын ескерту;
- зардап шегушілерді асқыну болмаса жарақат пунктіне, асқынулар болса, зардап шегушіні стационардың травматологиялық профиліне жіберу.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): S42.0 бұгана сынығы

Жіктемесі


Жіктемесі
 
1. Жабық бұғана сынығы:
- сүйек жарықшақтарының ығысуынсыз;
- сүйек 
жарықшақтарының ығысуымен – асқынбаған жəне асқынған (бұғана асты қан тамырының зақымдалуы плевра ішіне қан кетулер немесе күштенген гематоманың түзілуімен жүреді).
 
2. Ашық бұғана сызығы – асқынбаған жəне асқынған (сыртқы немесе плевра ішіне қан құйылумен жүретін бұғана қан тамырларының зақымдануы).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп – қатер топтары:
- жарақат шогы;
- геморрагиялық шок;
- май эмболиясының дамуы;
- сыртқы профузды жəне плевра ішілік қан ағудың пайда болуы, бұғана астылық қан тамырларыдың қосарланған зақымдануы кезінде;
- иық тармағы өрімінің бұғана жарықшақтарымен зақымдалуы келесі, қолдардың иннервациясы мен қоректенуінің бұзылуы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
- бас бұрылған жəне зақымдалған жағына қарай иілген, зақымдалған иық үсті төмен түскен жəне алға ығысқан; бұғана асты ойығы тегістелген;
- зардап шегушінің қолы зақымдалған жағында иығы төмен түскен, кеудесіне жанасқан жəне ішке қарай ротацияланған;
- бұғана аймағында орталық жарықшақтардың əсерінен сүйек осі деформациясы анықталады;
- пальпаторлы бұғана сүйегінің ығысқан бұрышты жарықшақтары, сүйектің үздіксіз бұзылыстары анықталады;
- патологиялық қозғыштығы жəне жарықшақтардың крепитациясы анықталады.
 
Анықталатын негізгі диагностикалық іс-шаралар:
- тіндердің ісінуін, қан құйылуларды, қол қызметінің бұзылуы жəне мəжбүрлі жағдайда болуын анықтау;
- деформация анықтау үшін иық үсті мен бұғана жиегін қарау, бұғана сүйегінің өткір жарықшағынан тері жабындысының перфорациясы, жараны анықтау;
- пальпацияда локалды ауырған орнын жəне тіндер ісінуін сүйек деформациясы, жарықшақтың сықырын, патологиялық қозғалғыштығын анықтау;
- қысымды немесе бұғана жарықшақтарына бұғана асты артерия жаралануын анықтау үшін қолдық жəне иық артериясы пульсациясын зерттеу арқылы жүргізіледі;
- қолдың сезімталдығын зақымдалған жақтан анықтайды.

Емдеу тактикасы


Шұғыл көмек көрсетудің тактикасы:
- сынық аймағын 10-20 мл 1% новокаинмен жансыздандыру;
- иық үстін артқа жəне қолды көтерген қалыпта бұғана репозициясы;
- Дезо таңғышын мақталы – дəкелі немесе орамалды таңғыш қою;
- зардап шегушіні жалпы жағдайына байланысты отырған немесе горизантальды қалыпта асқынулар болмағанда жарақат пунктіне, асқыну болғанда – стационарға травматология бөліміне жеткізу;
- психомоторлы қозу кезінде седативті препараттар қолданылады;
- тұрақсыз ауыру кезінде – наркотикалық анальгетиктер қолданылады;
- сүйек жарықшақтарының əсерінен тері жабындысының перфорациясы кезінде асептикалық таңғыш салынады, содан кейін аяқты фиксациялайды;
- бұғана асты артериясынан профузды қан кетуде жараның жоғарғы жəне төменгі бөлігінен саусақпен басып, жара бетіне асептикалық таңғыш салынады, иық үстіне дəке валигі жұмсақ қысып тұратын 8-дік тəрізді таңғыш салынады.
 
* Бұндай жағдайда қан тамырларының қосымша жарақаты нерв бағаны жəне жұмсақ тіндердің мыжылуына алып келеді.
* Қол репозициясында сүйек жарықшақтары болу мүмкіндігін болдырмау!
* Сүйек жарықшақтарын жара бетіне түсуді болдырмау!

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
- *1% прокаин ертіндісі (синтокаин, аминокаин новокаин)
- *диазепам (сибозон, реланиум, сидукцен, фаустан)
- *наркотикалық анальгетиктар
- * 0,85% натрий хлориді ертіндісі
- *декстран

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Руководство по травматологии и ортопедии. Под ред. Ю.Г. Шапошникова. Москва, «Медицина», 1976 год 2. Травматические вывихи и переломы. Б.К. Бабич. Киев, «Здоровье», 1968 год 3. Избранные лекции по травматологии. В.А. Поляков. Москва, «Медицина», 1980 год 4. Справочник по травматологии. А.Ф. Краснов и др. Москва, «Медицина». 1984 год 5. Peitzman et al. The Trauma Manual. Lippincott, Philadelphia, 1998 6. Feliciano, Mattox, Moore. Trauma. McGraw-Hill Company, 2004 7. Greaves, Porter, Ryan. Trauma Care Manual. London. 2001 8. Henderson. Emergency medicine. Texas. 2006

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 
«Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік 
дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх