Войти

Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі

H-Т-028

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Хроническая почечная недостаточность неуточненная (N18.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Нефрондардың біртіндеп өлуі салдарынан бүйректің гомеостатикалық 
функциясының тұрақты қайтымсыз үдемелі бұзылуы (сүзгілік, концентрациялық жəне эндокриндік).

 
Хаттама коды: H-Т-028 "Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі"
Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):  N18 Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі (БФСЖ)
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі:

NKF K-DOQI (National Kidney Foundation - Kidney Disease Outcomes 
Quality Initiative)
Бүйректің созылмалы ауруларының 5 стадиясын бөледі - БСА 3-5 
стадияларында СКФ 60мл/мин аз болса - СБФЖ жатқызады:

- 3 стадия БСА – СКФ 59-30мл/мин;
- 4 стадия БСА – СКФ 29-15мл/мин (СБФЖ диализ алды кезеңі);
- 5 стадия БСА – СКФ 15 мл/мин аз (СБФЖ терминалды стадиясы).

Диагностика


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: созылмалы бүйрек аурулары немесе СБФЖ тəн синдромдар (гематурия, ісінулер, АГ, дизурия, белдегі ауру сезім, никтурия, физикалық дамудағы қалыстар, сүйек деформациясы).
 
Физикалық тексерулер: қышу, есептер, ауыздан зəрдің иісі шығуы, тері құрғақтығы, бозғылттық, никтурия жəне полиурия, АГ.
 
Инструменталдық зерттеулер:
- бүйрек УДЗ: бүйрек формасының өзгеруі, көлемінің кішіреюі, болмауы, контурының біркелкісіздігі, бүйрек, зəрағар жинаушы жүйесінің кеңеюі, паренхима эхогендігінің жоғарылауы;
- бүйрек қантамырларының допплерографиясы – қан келудің бұзылуы А;
- цистография - қуықтық-зəрағарлық рефлюкс немесе антирефлюкстік операциядан кейінгі жағдай А;
- нефросцинтиграфия – бүйрек склерозынің ошақтары В, бүйректің экскреторлық - эвакуаторлық функциясының төмендеуі.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- ЛОР-дəрігер;
- стоматолог;
- мұрын-жұтқыншақ, ауыз қуысы жəне сыртқы жыныс 
ағзаларын санациялау үшін - гинеколог;
- микротамырлардың өзгеруін бағалау үшін - окулист;
- айқын 
артериалдық гипертензия, ЭКГ тарапынан өзгерістер жəне басқалар - кардиолог консультациясы үшін көрсетім болып табылады;
- вирусты гепатит, зоонозды жəне 
құрсақішілік инфекция кезінде – инфекционист.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі (6 параметр).
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Зимницкий бойынша зəр анализі.
4. Реберг сынағы.
5. Қалдық азотты анықтау.
6. Креатининді, мочевинаны анықтау.
7. Интактты Парат-гормон.
8. Кышқылдық-сілтілік жағдай.
9. Калий/натрийді анықтау.
10. Кальцийді анықтау.
11. Хлоридтерді анықтау.
12. Магнийді анықтау.
13. Фосфорды анықтау.
14. Сарысулық ферритин жəне сарысулық темірді анықтау.
15. Трансферриннің темірмен қанығу коэффициентін.
16. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
17. Қантамырларды УДЗ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Глюкозаны, бос темірді, гипохромды эритроциттерді анықтау.
2. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фибриноген, тромбиндік уақыт, ачтв, плазманың фибринолитиялық белсенділігі, гематокрит).
3. АЛТ, АСТ, билирубин, тимол сынамасын анықтау.
4. ВГ маркерлеріне ИФА.
5. Жалпы липидтерді, холестерин жəне липид фракцияларын анықтау.
6. Компьютерлік томография.
7. Офтальмолог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: анемия, гиперфосфатемия, гиперпаратиреоз, мочевина мен креатинин деңгейінің артуы, зəрдің жалпы анализінде – изостенурия, СКФ 80 мл/мин аз.

Дифференциалды диагноз

Дифференциалды диагноз:
 
Белгі ЖБФЖ СБФЖ
Келесі стадия Олигурия – полиурия Полиурия – олигурия
Басталуы Жіті Біртіндеп
Артериалдық қысым +
Физикалық дамуда артта қалу,
остеопатиялар
- -/+
Бүйрек УДЗ Жиірек ұлғайған
Эхогендік төмендеген,
жоғарылаған
Бүйрек тамырларының
допплерографиясы
Қан келудің төмендеуі
Қан келудің төмендеуі
тамырлардың тезистенттілік
индексінің артуымен

 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
- БСА 3 стадия – СБФЖ үдеу темпінің баяулауы;
- 4 стадия – диализді 
терапияға, бүйрек трансплантациясына дайындау;
- 5 стадия – алмастырушы бүйректік 
терапия (перитонеальді диализ, гемодиализ, бүйрек трансплантациясы).
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
Диета, №7 стол (№7а немесе №7б – айқын СБЖ кезінде, №7г – гемодиализде жатқан науқастарда). Белокты тұтынуды азайту 0,6 г/кг/тəу дейін, 5 стадияда белок тұтынуды 1,2г/кг/тəу дейін арттырады.
Гиперкалиемия кезінде (олигоурия, анурия) – құрамында калий тұзы бар өнімдерді шектеу. Фосфор мен магнийді тұтынуды төмендету. Қыбылданған сұйықтықтар көлемі тəуліктік диурезден 500 мл артық. Ас тұзын шектеу.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
- артериалдық гипертонияны түзету: АПФ ингибиторлары (эналаприл), ангиотензин II рецепторларын бөгегіштер, кальций өзектерін недигидропиридиндік бөгегіштер (верапамил, дилтиазема топтары), орталық əсер ететін (метилдопа), β-адреноблокаторлар (доксазозин), β-адреноблокаторлар (атенолол), түйіндік диуретиктер (фуросемид);
- гиперпаратиреозды түзету: кальций глюконаты немесе карбонаты, алюминий гидроксиді;
- гиперлипидемияны түзету: статиндер (симвастатитн, провастатин). Статиндер дозасын СКФ 30 мл/мин. төмен кезде азайтады;
- анемияны түзету: эритропоэтин, темір препараттары, өмірлік көрсетімдер бойынша қан, эритроцитарлық масса құю;
- су-электролиттік тепе теңдікті түзету: диализ алды кезеңде диурез бойынша сұйықтықты толтыру. Ісінулер болса – диурездік терапия. Креатинин деңгейі 180-200 мкмоль/л –гидрохлотиазид препараттары көрсетілмеген. Терминальді стадияда, диурез болса, диализ арасындағы күндерде диурездік терапия көрсетілген, үлкен дозада фуросемид (120-200 мг бір рет) – қалдықты зəр көлемін ұзақ уақыт сақтап тұру үшін;
- ацидозды түзету: егер қан сарысуындағы бикарбонат канцентрациясы 18 ммоль/л дан кемді құрасы (кешкі стадияларда –15 ммоль/л ден аз). Кальций карбонатын 2-6 тəулікке тағайындайды, кейде натрий карбонатын 1-6 г/тəулікке.
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1.  иАПФ (фозиноприл).
2.  Ангиотензина II рецепторларын бөгегіштер.
3.*Атенолол 50 мг, табл.
4.*Верапамил гидрохлориді 40 мг, табл.
5.*Фуросемид 20 мг/2 мл, амп.
6.*Эпоэтин бета, 1000БІРЛІК жəне 10 000 БІРЛІК, шприц-тюбиктер.
7.*Кальций глюконаты 10 мл, амп. кальций карбонаты, лантан карбонат, селеламер гидрохлорид, альфакальцидол, рокальтрол, кальцитриол.
8.*Темір препараттары - III вена ішіне енгізу үшін, төменмолекулярлы темір декстраны, 2мл/100мг, амп.
9. Гемодиализ СКФ кезінде 15 мл/мин аз.
10.*Железа сульфата моногидрат 325 мг, табл.
11. Амлодипин.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1.*Нифедипин.
2. Симвастатин 10 мг, табл.
3. Кальцимиметики.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: науқас жалпы жағдайының тұрақтануы, оның ішінде клиникалық жəне лабораторлық көрсеткіштер, анемия бойынша компенсацияға қол жеткізу, остеопатиялар, гипегидратацияны басу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Клиникалық: шаршаудың көбеюі, лоқсу, құсу, тəбеттің жоғалуы, дене салмағының төмендеуі, ентікпе, қышу, тырыспа, артериалдық гипертония, ісінулер жəне тері жағдайының нашарлауы.
2. Негізгі аурудың асқынуы немесе бүйрек функциясының селкілдеу тəрізді төмендеуі.
3. Емнің басы эритропоэтинмен, темір препараттарын, D витаминін, паракальцитолды парентералды енгізу, гиполипедимиялық препаратармен.
 
Жоспарлы госпитализациялау алдындағы қажетті тексерулер: стационарға жолдау кезінде минималды тексерулер – БФСЖ растайтын клиникалық көріністер мен лабораторлық зерттеулер (қанның жалпы анализі, зəрдің жалпы анализі, қан креатинині, шумақшалық сіңірілу жылдамдығы).

Профилактика

 
Профилактикалық шаралар:
- қатаң диета, сұйықтықты шектеу;
- қорғаушылық режим;
- созылмалы инфекция ошақтарын санациялау;
- гепатита В қарсы вакцинация;
- АҚ былай отырып тұрақты түрде АПФ ингибиторларын қабылдау;
- қандағы интактті парат-гормон, Са жəне Р деңгейін бақылау;
- дегидратацияға алып келетін жағдайларды болдырмау.
 
Әрі қарай жүргізу:
Бүйректің фильтрациялық, концентрациялық функциясын, зəр анализін, артериалдық қысымды бақылау, бүйрек УДЗ, бүйрек нефросцинтиграфиясы, В вирусты гепатитіне қарсы вакцинация. СКФ 30 мл/мин - артерия-венозды фистуланы қалыптастыру немесе бүйрек трансплантациясы мəселесін шешу. СКФ 15мл/мин төмен – алмастырушылық бүйректік терапия (перитонеальді диализ, гемодиализ, туыс/тірі донор/мəйіттік бүйректі трансплантациялау).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындауға пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. Вып. 1. Изд-во «ГЕОТАР-МЕД», 2004. 2. Jukka Mustonen, Treatment of chronic renal failure. EBM Guidelines 11.6.2005. www.ebmguidelines.com 3. Доказательная медицина. Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине. 2 изд. ГЕОТАР, 2002.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Канатбаева Асия Бакишевна  -  КазҰМУ, балалар ауруы кафедрасының профессоры
Кабулбаев Кайрат Абдулла улы -  №7 ҚКА консультант - нефролог

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх