Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі

P-P-023

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острая почечная недостаточность с тубулярным некрозом (N17.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


АнықтамасыА түрлі себептер салдарынан бүйрек негізгі функцияларының кенеттен жоғалуы [Папаян А.В., Цыбулькин Э.К., - 1997 ж].
 

Хаттама код: P-P-023 "Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N 17.0  Тубулярлы некрозбен жүретін бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі.

Жіктемесі


ЖіктемесіА:
- преренальді, ренальді, постренальді;
- олигуриялық, неолигуриялық;
- функционалдық, органикалық;
- себептері бойынша (шок, уланулар, инфекциялар, бүйрек аурулары жəне басқа).
 
Асқынулар:
- гипергидратация синдромы;
- өкпе ісінулері;
- бас ми ісінулері;
- ми қанайналымының бұзылулары;
- гипертензиялық синдром;
- инфекциялық.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторларА:
- шок;
- токсиндер (дəрілер, ауыр металлдар, аллергендер);
- иммунологиялық факторлар (гломерулонефриттер жəне басқа);
- инфекциялар;
- дегидратация;
гемолитико-уремикалық синдром (ГУС).

Диагностикасы


Диагностика критерилеріА
 
Шағымдар мен анамнез: ісінулер, зəршығарудың бөгелуі, себепші факторлардың əсерінен жіті дамитын артериалдық гипотония.
 
Физикалық тексеру: ісінулер, олигоанурия, артериалдық гипотония.
 
Инструменталдық зерттеулер:
- зəр жүйесі ағзаларын УДЗ: туа бітке ОМС аномалиялары – зəр жолдарының постренальді обструкциясымен, сонымен қатар бүйрек ісінулерімен шартталған, оның
паренхимасын зақымдаумен жіті аурулармен байланысты гидронефроз;
- кеуде клеткасы ағзаларының ЭКГ – (гиперкалиемия) жəне рентгенограммасы (іркілу/ісіну).
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- кардиолог - жіті жүрек-қантамыр жүйесі жеткіліксіздігі кезінде;
- окулист – көз түбі қантамырларының жағдайы;
- невропатолог – бас ми ісінулері, қан құйылу.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Диурез бен ішкен сұйықтықты өлшеу.
2. Қан жəне зəр анализі.
3. Креатинин, мочевина, қалдықты азот.
4. Қан құрамындағы калиді анықтау.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Гематокрит**.
2. Жалпы белок**.
3. АЛТ, АСТ анықтау.
4. Зəрдің бак.себіндісі **.
5. УДЗ**.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: электролиттер концентрациясын (гипонатриемия, гиперкалиемия, гипокальциемия, гиперфосфатемия) жəне қан сарысуындағы креатининді
(азотемия), қышқылдық-сілтілік жағдайды анықтау (метаболиттік ацидоз). Зəр анализінде – белок, эритроциттер жəне цилиндрлер.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Көрсеткіш БФЖЖ БФСЖ
1 Анықтамасы
Түрлі себептер салдарынан бүйрек негізгі функцияларының кенеттен жоғалуы.
Нефрондардың біртіндеп өлуі салдарынан бүйрек гомеостатикалық функциясының тұрақты қайтымсыз үдемелі бұзылыстары (фильтрациялық, концентрациялық жəне эндокриндік).
2 Басталуы Жіті Біртіндеп
3 Анамнез
Жіті аурулар: шок, ГУС, ДВС-синдром, ісіктер жəне басқа.
Бүйрек ауруларының созылмалы табиғатын растау – ұзаққа созылған протеинурия, артериалдық гипертония, өсудің тоқтауы, рецидив беретін зəр инфекциясы).
4
Отбасылық анамнез
Жиі жағдайда болмайды
Гломерулярлы аурулар, Альпорт синдромы, поликистоз немесе другие туабіткен жəне тұқым қуалаушы аурулар.
5
Объективті қарау деректері:
Олигоанурия, артериалдық гипотония - гипертония, ісінулер.
Тері жабындыларының бозаруы, артериалдық гипертония, көз патологиялары, өсудің тоқтауы, қаңқа деформациясы, бастапқыда полидипсия жəне полиурия кейіннен ісінулер пайда болып олигурия жəне анурияға ауысу.
6
Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
Жіті Созылмалы
7
Лабораторлық көрсеткіштер:
Азотемия, гипонатриемия, гиперкалиемия, гипокальциемия, гиперфосфатемия, метаболиттік ацидоз
Бастапқысында анемия, гиперкреатининемия, гипокалиемия, кейіннен гиперкалиемия, гипонатриемия, гипермагниемия, гиперфосфатемия, гипокальциемия, метаболиттік ацидоз, шумақша фильтрациясының төмендеуі 60 мл\мин. 15 жəне одан төменге дейін.
8 УДЗ тексеру
Бүйрек көлемінің ұлғаюы, паренхиманың тығыздалуы.
Бүйрек көлемінің кішіреюі.
9
Сүйекті рентгенологиялық зерттеу.
Өзгеріссіз. Остеодистрофия белгілері.
10
Терапия принципі
Диурездің қалыпқа келуі.
Бүйрек функциясы жеткіліксіздігі үдеуінің баяулауы.
 

                                                              Преранальді жəне ренальді ЖФБЖ дифференциалды диагнозы

Көрсеткіш Пренальді азотемия Ренальді ЖБФЖ
1 Үлес салмағы     1027 1012 жəне <
2 Зəр осмолярлығы >500 <350
3 Зəрдегі натрий, % <15 >40
4
Натрийдің экскрецияланатын фракциясы, %
<1% >3%
5 Зəр\қан - креатинин >40 <20
6 Зəрдің тұнуы Қалыпты немесе өзгерген Әрқашан өзгерген

 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы: себепті жоюға тырысу, жедел госпитализация.
 
Ем мақсаты реконвалесценция кезеңінде:
- бүйрек функциясын ұстап тұру;
- төменгі зəр жолдарын санациялау;
- нефропротекция.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
- Режим – ащы, тұзды қақталған тағамдарды шектеумен Борст 
аяушылық диетасы;
- Диурезді қалпына келтіру мақсатында фуросемид 1-2 мг\кг есебінен, 
қажет жағдайда, жіті кезеңде - 5-10 мг\кг дейін;
- Реконвалесценция кезінде зəр анализіне бақылау жүргізіледі, қажет жағдайда зəр инфекциясының профилактикасы жəне емі.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
Антибактериалды терапияВ:
Амбулаторлық жағдайда эмпириялық. Антибактериалды заттар in vitro флорасына сезімталдылық бойынша жүргізілу қажет. Таңдау препараттары болып жартылай синтетикалық пенициллиндер, макролидтер, альтернативті – II-III буындағы цефалоспориндер табылады. Зəр жүйесінің жіті инфекциялары кезінде жіті тубулоинтерстициальді нефрит хаттамасындағыдай.
Амоксициллин 15 мг/кг х 3 рет, 5 күн бойы, немесе қорғалған пенициллиндер (амоксициллин + клавулан қышқылы 20-40 мг/кг күніне 3 рет).
ЦефуроксимВ 40 мг/кг/тəулігіне, 2 қабылдауға бөліп, 10-14 күн пероралды.
Цефуроксимнің максималды дозасы балаларда 1,5 г.
УросептикС – фурагин\фуродонин 5-8 мг\кг есебінен 10-14 күн бойы.
Бүйректің созылмалы ауруына көшу кезде - АПФ ингибиторлары – фозиноприлВ 5-10 мг/тəу.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер:
1.  АмоксициллинВ 500 мг, 1000 мг табл.; 250 мг, 500 мг капсула; 250 мг/5 мл пероралды суспензия.
2. *Амоксициллин + клавулан қышқылы, қапталған таблетка, 500 мг/ 125 мг, 875 мг/ 125 мг, вена ішіне енгізуге арналған ерітінді дайындау үшін флакондағы ұнтақ
500 мг/ 100 мг, 1000 мг / 200 мг.
3. ЦефуроксимВ 250 мг, 500 мг таблетка; 750 мг флаконда, инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ.
4. ФурагинС 50 мг таб; фуродонин 50 мг, 100 мг таб.
5. ФуросемидВ, 20 мг амп; 40 мг таб.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Дипиридамол, 25 мг таб.
2. Гепарин, р-р д/и 5000 БІР/мл 5 мл.
3. Фозиноприл, 10 мг таб.
4. Атенолол, 50 мг таб.
5. Нифедипин, 10 мг таб.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Диурезді қалпына келуі.
2. Гемодинамиканың қалыпқа келуі.
3. Ацидоздың төмендеуі, мочевина мен креатининнің төмендеуі.
4. Электролиттік бұзылыстардың қалпына келуі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер: зəрдің болмауы, ісіну, азотемия, гиперкреатиниемия, ацидоз, электролиттік бұзылыстар. Госпитализациялау шұғыл түрде.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: біріншілік аурудың барабар терапиясы, нефроуытты препараттар, аллергендер қабылдамау.

Профилактикалық шаралар (өршу мен асқынулар профилактикасы):
- вирусты, бактериалды, саңырауқұлақты инфекциялар профилактикасы;
- электролиттік баланс жəне КОС профилактикасы;
- ми ісінуінің, өкпе ісінуінің, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің, ДВС-синдром профилактикасы.
 
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
- тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есеп жəне бақылану;
- 1 ай, сонан соң 3 ай, əрі қарай - əр 6 ай сайын ҚЖА, ҚБА, бүйректің функцияоналды жағдайын бақылаумен тексерілу (Зимницкий сынамасы, креатинин бойынша СКФ Шварц формуласы бойынша сарысу);
- егулерден босату, γ-глобулин енгізу;
- физикалық жүктемелерді шектеу;
- инфекцияның созылмалы ошағын емдеу;
- зəрдің жалпы анализі 10 күнде 1 рет;
- қанның функционалдық сынамалары жəне биохимиялық зерттеуі – 6 айда 1 рет жəне көрсетімдер бойынша.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Папаян А.В., Савенкова Н.А Нефрология детского возраста, С-П., 1997. 2. Папаян А.В., Цыбулькин Э.К. Острая почечная недостаточность \\ Клиническая нефрология детского возраста. Руководство для врачей. С-П., 1997, С. 589-594. 3. Лукичев Б.Г., Федотова И.В. Острая почечная недостаточность: современное состояние проблемы\\ Нефрология. 1999. том.2, С. 21-30. 4. Клиническая нефрология: В 2 т. / Под ред. Е. М. Тареева. М., 1983. 5. Клинические рекомендации для практических врачей, основанные на доказательной медицине. 2-е издание, ГЕОТАР, 2002. 6. Grabensee B. Nephrologie. 2005. Stuttgart. New-York 7. K/DOQI clinical practice guidelines for chronic disease: evaluation, classification, and stratification. Kidney Disease Outcome Initiative. Am J Kidney Dis 2002 Feb; 39 (2 Suppl 1): S1-246. 8. Haematuria EBM Guidelines 26.8.2004; 9. Grabensee B. Nephrologie. 2005. Stuttgart. New-York

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Қанатбаева Асия Бакишевна,     ҚазММУ, емдеу факультетінің балалар аурулары кафедрасы, профессор.
Наушабаева Асия Еркиновна,    ҚР ДСМ ПжБХ ҒО, докторант.
Чингаева Гульнара Нуртасовна, ҚазММУ, емдеу факультетінің балалар аурулары кафедрасы, ассистент.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх