Войти

Біржақты немесе анықталмаған түйнексіз жəне гангренасыз шап жарығы

H-S-034

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Односторонняя или неуточненная паховая грыжа без непроходимости или гангрены (K40.9)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Шаптық аймақта бұлшықет-апоневроздық қабырғадағы əлсіз жер арқылы ішкі ағзалар қабырғалық ішастармен іш қуысынан шығып тұруы.
 
Хаттама коды: H-S-034 "Біржақты немесе анықталмаған түйнексіз жəне гангренасыз шап жарығы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды: К 40 Шап жарығы
 
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

 
Жіктемесі

Туа біткен жəне жүре пайда болған болып ажыратылады.

Жүре пайда болған жарықтар қиғаш сыртқы шап жарығы жəне тура (ішкі) шап жарығы болып бөлінеді.

Диагностика

 
Диагностикалық критерилер

Шағымдар мен анамнез: физикалық еңбек кезінде жарықтың кенеттен пайда болуы немесе жарықтық томпаюдың біртіндеп дамуы, күшенгенде, вертикалдық жарықтық томпаюдың пайда болуы, ал науқас горизонталдық қалыпта болғанда томпаюдың жойылуы. Науқас ішінің шап аймағындағы ауырсынуға, жүргенде ыңғайсыздық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, алдыңғы несепқуықтың жылжымалы (скользящая) жарығы болғанда - дизуриялық бұзылыстарға шағымданады.

Физикалық зерттеу: диганостикалық негізгі критерий шаптық сыртқы өзекті саусақтық зерттеу. Қалыпты жағдайда ер адамдарда шаптық өзектің сыртқы тесігі саусақ ұшын өткізеді. Егер шаптық өзектің артқы қабырғасының əлсіздігі орын алатын болса, саусақтың ұшын қасаға сүйектің горизонталдық тармағының артына енгізуге болады. Дəрігер науқас жөтелгенде шаптық өзектегі саусағымен ішкі ағзалардың оны итергенен сезеді - жөтелулік итеру симптомы. Əйелдерде шаптық жарықты анықтау, қарау мен пальпацияға сүйенеді, себебі саусақты шаптық өзектің сыртқы тесігіне саусақты енгізген мүмкін емес. Əйелдерде шап жарығының диагностикасы тексеру жəне пальпацияға негізделген.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. ЭКГ.
4. Қан тобы, резус-фактор.
5. Қандағы қант.
6. Билирубин.
7. АЛТ, АСТ.
8. Диастаза.
9. Флюорография.
10. Вассерман реакциясы.
11. Терапевт кеңесі.

Қосымша диагностикалық шаралардың тізімі:
1. Ішкі ағзалардың қатар жүретін ауруларын анықтау үшін қуысын УДЗ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Емдеу мақсаты: шаптық өзектің пластикасы.

Дəрі-дəрмектік емес ем: төсектік тəртіп, емдім.

Дəрі-дəрмектік ем: хирургиялық ем қолданылады.
Операция кезең бойынша орындалады.
Бірінші кезең - шаптық өзекке жету жолы.
Екінші кезең - жарықтық қапты бөліп, алып тастау.
Үшінші кезең - шаптық терең сақинаны қалыпты мөлшерге дейін тігу (диаметр 0.6-0.8 см). 
Төртінші кезең – шаптық өзектің пластикасы.

Шаптық өзек пластикасының түрін таңдау үшін шаптық жарықтың дамуының бірден-бір себепшісі шаптық өзектің артқы қабырғасының əлсіздігі екендігін ұмытпау керек. Шаптық өзектің алдыңғы қабырғасын мықтап, міндетті түрде шаптық терең сақинаны қалыпты мөлшерге дейін тігу қиғаш шаптық жарықтың көлемі кішкентай болған жағдайда жас ер адамдарда орындалады. Тура жəне ауыр түрде өтетін (өзегі тура қиғаш жарықтар, жылжитын, қайталанатын жарықтар) жарықтар кезінде шаптық өзектің артқы қабырғасын нығайту жасалуы шарт.
 
Әрі қарай жүргізу; амбулаторлық жағдайда операциядан кейінгі реабилитация.
 
Негізгі дəрілік заттардың тізімі;
1. *Цефуроксим инъекцияға арналған ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ флаконда 750 мг, 1.5 гр
2. *Цефтазидим инъекцияға арналған ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ флаконда 500 мг, 1 гр, 2 г
3. Цефазолин 1 гр б/і
4. Кетопрофен 2.0 і/і

Қосымша дəрілік заттардың тізімі:

Операцияны анестезиологиялық қамтамасыз ету үшін қолданылады

Премедикация
1. Диазепам табл. 5 мг
2. Тримеперидин 2% -1,0 мл
3. Дифенгидрамин 1% - 1,0 мл
4. Атропин сульфаты 0,1% -1 мл

Анестектиктер
Негізгі тізім:
1. Диазепам 10 мг/2 мл
2. Фентанил 0,005% -2 мл
3. Кетамин 500 мг - 10 мл
4. Галотан ерітінді флаконда 250 мл
5. Лидокаин 2% - 2 мл
6. Суксаметоний хлориді 10 мг/5 мл
7. Пипекуроний бромиді 4 мг/2 мл

Қосымша тізім:
1. Мидозолам 15 мг/3 мл
2. Натрий тиопенталы инъекцияға арналған ұнтақ 1,0 г
3. Натрий оксибутираты 20% - 10,0 мл
4. Пропофол 10 мг/1 мл
5. Мидазолам 15 мг/3 мл
6. Азот тотығы баллон

Басқа да заттар
Негізгі тізім:
1. Цефазолин 1 г
2. Кетопрофен 2.0
3. Прокаин 0.5% 200

Ем тиімділігінің индикаторлары: клиникалық - жарықтық томпаюдың болмауы, жараның жазылуы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жоспарлық - шап жарығының болуы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Н.И.Кукуджанов. Паховые грыжи.-М.-1969. 2. И.Л.Иоффе. Оперативное лечение паховых грыж ,М.,1968.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Т.А. Байтілеуов, А.Н. Сызғанов атындағы ХҒО өңеш жəне асқазан бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх