Білек сүйектерінің сынуы

H-S-021

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Сочетанный перелом диафизов локтевой и лучевой костей (S52.4)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Білек сүйектерінің денелерінің (диафиздерінің) жылжып кеткен сынығы – жарақат немесе патологиялық процесс салдарынан білек сүйектерінің сүйек тінінің бүтіндігі бұзылуы.
 
Хаттама коды: H-S-021 "Білек сүйектерінің сынуы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
S52.2 Шынтақ жілік денесінің [диафизінің] сынығы
S52.4 Кəрі жілік пен шынтақ жіліктің қатар келген сынығы
S52.3 Кəрі жілік денесінің [диафизінің] сынығы
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
1. Ашық (инфекцияланған сынық).
2. Жабық сынық.

Сынық жазықтығы бойынша:
- көлденең;
- қиғаш;
- бұранда тəрізді;
- бойлық;
- жарықшақтық (сегменттік).

Бөлшектерінің жылжу түріне байланысты:
- ені бойынша;
- ұзындығы бойынша;
- бұрыш жасап;
- ротациялық.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- шынықпағандық;
- байқамай оқыс қимылдау;
- кəрілік.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері:
1. Жарақат болған сегменттегі ауыру синдромы.
2. Қолда қимылдың шектелуі немесе мүлдем болмауы.
3. Сынық болған жердегі жұмсақ тіндердің өзгерісі (ісіну, гематома, деформация жəне басқалары).
4. Білек сүйектеріне пальпация жасағанда сүйек сынықтарының сықырлауы, патологиялық қозғалғыштық.
5. Білек сүйектері диафиздерінің жылжып кеткен сынығының рентгендік белгілері.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жарақат болған білекті 2 проекцияда рентгендік тексеру.
2. Электрокадиография.
3. Жалпы қан анализі.
4. Жалпы несеп анализі.
5. Коагулограмма.
6. Қанның биохимиялық анализі.
7. Мерезді анықтау үшін серологиялық тексеру.
8. ВИЧ.
9.HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: білек сүйектерінің сынығын дер кезінде анықтау, операциялық ем, мүмкін болатын асқынулардың алдын алу, қалпына келтіру шараларын жүргізу, қолдың қызметін қалпына келтіру.

Емі: жылжып кету орнына келмесе, сүйек сынықтары тұрақсыз тұрса операциялық ем - кəрі жілік пен шынтақ жіліктің остеосинтезі қолданылады.

Операция: кəрі жілік пен шынтақ жіліктің сүйек сынықтарына ішкі бекіткіш сала отырып ашық репозиция жасау.

Басқа операция түрлері:
1. Кəрі жілік пен шынтақ жіліктің сүйек сынықтарына сыртқы бекіткіш сала отырып ашық репозиция жасау.
2. Кəрі жілік пен шынтақ жіліктің сүйек сынықтарына сыртқы бекіткіш сала отырып жабық репозиция жасау.
3. Кəрі жілік пен шынтақ жіліктің сүйек сынықтарына сыртқы жəне ішкі бекіткіштер салмай ашық репозиция жасау.

Сынықтар репозициясын тексеру операциядан кейінгі 2 тəулік ішінде жəне 10 күннен соң жүргізіледі. Сынықтың бітісуін тексеру рентгендік əдіспен репозициядан кейінгі 21 тəуліктен соң, кейін ай сайын жүргізіледі. Анальгетиктер мен стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар 2 апта бойы тағайындалады. Пластиндерді шынтақ жілік остеосинтезінен кейін 8-12 айдан соң жалпы наркозбен алып тастайды.

Көптеген зерттеулер нəтижесі көрсеткендей, ашық сынығы бар науқастарға антибиотикпен алдын алу шараларын жүргізсе, іріңді-қабынулық асқынулар болу қаупінің барынша азаятыны анықталған.

Науқастарды 3 қауіп-қатер тобына бөлуге болады [3]:
1. Терісі мен жұмсақ тіндерінің зақымдалуы 1 см.-ден кем, жарасы таза ашық сынық.
2. Жақын жатқан тіндердің зақымдалуы жəне орнынан таюы айқын емес, терісінің зақымдалуы 1 см-ден жоғары ашық сынық.
3. Кез-келген сегменттік сынық, жақын жатқан тіндері айқын зақымдалған немесе жарақаттық ампутациясы бар ашық сынықтар.

1-2 қауіп-қатер тобындағы науқастарға негізінен грамоң микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктердің операцияға дайындық дозасын енгізеді (жарақаттан кейін барынша ертерек). 3 қауіп-қатер тобындағы науқастарға қосымша грамтеріс микроорганизмдерге əсер ететін антибиотиктер де тағайындалады.

Антибиотикпен алдын-алу кестесі:
1. 1-2 топтағы науқастарға - 3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0.
2. 3 топтағы науқастарға - 3-4 ұрпақтағы цефалоспориндер б\і 1,0-2,0 12 сағаттан кейін (тəулігіне 2 рет), 7 күн + метронидазол 100 мл. в/і 8 сағаттан кейін (тəулігіне 3 рет), 3-5 күн.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Метронидазол таблетка 250 мг инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл
2. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда
3. *Цефуроксим 750мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
4. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
5. *Надропарин кальция - иньекциялық ерітіндісі 2850 МЕ анти-Ха/0,3 мл; 3800 МЕ анти-анти-Ха/0,4мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8мл, 9500 МЕ анти-Ха/1,0 мл
6. *Цефазолин инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Рентгендік көрсеткіштер бойынша сыныққа дұрыс репозиция жасау.
2. Операциядан кейінгі жараның біріншілік өңденуі.
3. Емнен кейін асқынулардың болмауы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жіті.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил. 2. Blow-out fractures. EBM Guidelines.25.06.2001 Author: Antti Pihakari. Article ID: ebm00372 (018.104)© 2005 Duodecim Medical Publications Ltd 3. Work Loss Data Institute. Forearm, wrist, and hand. Corpus Christi (TX): Work Loss Data Institute; 2004. 67 p.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Мəлік Б.К., ҚР ДСМ Травматология жəне ортопедия ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх