Бронхылық демікпелік статус

E-002

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Астматический статус [status asthmaticus] (J46)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Демікпелік жағдай
– бронхының демікпе ұстамасының 6 сағатқа дейін 
басылмайтын жəне симпатомиметикалық дəрілерге көнбейтін жағдай дамуымен, бронхылардың дренаждық функциясының бұзылуымен, сонымен қатар гипоксемия, гиперкапния пайда болуымен сипатталады.

 
Хаттама коды: Е-002 "Бронхылық демікпелік статус"
Жедел медициналық көмек
Кезеңдік ем мақсаты:
1. Өкпеде газ алмасу бұзылысын (гипоксемия жəне гиперкапния) қалпына келтіру.
2. Тыныс жолдары өткізгіштігін қалпына келтіру.
3. Бронхылардың β2 – адренорецепторларының сезімталдығын қалпына келтіру.
4. Ішкі ағзалық ортаның жұмысын реттеу.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J46 – Демікпелік статус. (status asthmaticus)

Жіктемесі


Демікпелік жағдайдың (ДЖ) жіктелуі
 
Демікпелік жағдай түрлері:
 
1. Анафилаксиялық түрі: (ДЖ дереу, дамитын түрі) Иммунологиялық емес немесе псевдоаллергиялық реакциялармен аллергиялық реакция медиаторларының көп мөлшерде бөлінуімен сипатталады. Бұл түрінде гипоксия үдемелі түрде дамиды, сондықтан барлық клиникалық көріністері қарқынды жəне тасқынды түрде бір-бірін тез алмастырып отырады. Жедел жəне ауыр тұншығу ұстамасы комалық жағдайға туындатады.
 
2. Метаболизмдік түрі: (ДЖ баяу дамитын түрі) – β-адренергиялық рецепторларының функциональды блокадасы маңызды орын алады. Демікпелік жағдайдың бұл түрі аяқ астынан, кейде бірнеше тəуліктен немесе аптадан соң пайда болады. Науқастар белгілі бір көлемде жүріп-тұра алады (бөлмеде қимылдау, əжетханаға бару), бірақ өте қиналады, ентігумен қатар жалпы жағдайы нашарлайды.
 
ДЖ ағымының ауырлығына байланысты бөлінуі:

I кезеңі – салыстырмалы 
компенсация кезеңі. 
Симпатомиметиктерге жəне басқа да бронходилятаторлық емге 
көнбейтін, бронхылық демікпенің ұзақ уақыт басылмайтын ұстамасы.
Келесі 
клиникалық симптомдар мен синдромдар байқалады:
- тыныс алу мен тыныс шығарудың айқын қиындауымен, қашықтан естілетін сырылдар мен минутына 30 жəне одан көп тыныс жиілігімен жүретін тахипноэ;
- науқастың екі иық тұсы көтеріңкі фиксацияланған, демін алу үшін көкіректің қосымша бұлшықеттерін іске қосуға мəжбүрлі қалыпта болады;
- тері жəне сілемейлі қабаттарда жайылған цианоз;
- перкуссия жасағанда қораб дыбысы естіледі;
- аускультация жасағанда өкпенің төменгі бөлігінде əлсіз везикулярлық тыныс, жоғарғы бөлігінде қатқыл, жайылған құрғақ сырылдар естіледі;
- əлсіз тахикардия;
- артериялық қысым қалыпты немесе жоғары;
- ЭКГ-де оң жақ қарынша мен жүрекшеге жүктеме түсу белгілері;
- ұзаққа созылған гипервентиляция қақырықтың тұтқырлығын артырады, ол бронхылардың саңылауын толығымен бітеп гиперкапния мен гипоксемияны көбейтеді.
 
II кезең – декомпенсация немесе «үнсіз» өкпе кезеңі:
- қашықтан естілетін сырылдардың өкпе аускультациясында естілмеуі («үнсіз өкпе»);
- жалпы жағдайы тез нашарлайды, сөйлеуі қиындайды, өте ауыр жағдай дамиды;
- науқас керует жиегін қолымен тіреп отырады;
- есі ауыспайды, бірақ кейде апатиялы қозу болады;
- аса терлегіштік нəтижесінде тері жабындылары ылғалды, диффузиялы цианоз;
- көкірегі эмфизематозды керілген, экскурсиясы анықталмайды, өкпеде қорап дыбысы естіледі;
- тынысы əлсіз, сырылдар өкпенің тек жоғарғы бөлігінде естіледі, бронхылардың толық бітелуінен кей жерінде тыныс шуылдары мүлдем естілмейді («үнсіз өкпе»);
- парадоксальды пульс – тыныс алу кезінде пульс толуының азаюы (pulsus paradozus), жүрек жиырылуының минутына 120- дан артуы байқалады;
- ЭКГ-де жүректің оң жақ бөлігінің жүктемелену белгілері, аритмия болуы мүмкін;
- артериялық қысым жоғары;
- бауырдың фиброзды капсуласының кеңеюінен оң жақ қабырға тұсында ауырсыну сезімі күшейеді;
- артериялық қанның газдық құрамы өзгереді - айқын гипоксия (Ро2 50-60 мм.рт.ст.) жəне гиперкапния (Рсо2 50-70 мм.рт.ст.) респираторлы немесе аралас типті ацидоз дамиды.
 
III кезең – гипоксиялық гиперкапниялық кома кезеңі.
Егер «үнсіз өкпе» синдромы 
шешілуі болмаса, онда гипоксиялық қозу, венаішілік енгізулерге белсенді түрде қозу пайда болады:
- науқастың жағдайы өте ауыр, нервтік-психикалық бұзылыстар, есінен тану ұстамамен алмасады;
- сирек, үстіртін, аритмиялы тыныс;
- диффузиялы сұрғылт цианоз, тершеңдік, сілекейдің көп ағуы;
- жіпше тəрізді пульс, гипотония, коллапс;
- артериялық қанда – гипоксемия (РО2 40-50 мм.рт.ст.), жоғары гиперкапния (РСО80-90 мм.рт.ст.). Айқын вентиляциялық бұзылыс. Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік жағдай метаболизмдік алкалозға, ал демікпе жағдайы ауырлығының күшеюінен метаболизмдік ацидоз дамиды;
- жауша сыртылық сұйықтықтың жəне қан көлемінің азаюы (дегидратация белгілері). Дегидратация, сонымен қатар созылмалы гипоксемияға, гематокриттің жоғарылауына жəне қанның қоюлауына алып келеді.
 
Кей науқастарда антидиуретик гормондардың секрециясы жоғарылап гиперволемия, гипернатриемия дамиды. Өкпеде сұйықтықтың көбеюі газ алмасудың нашарлауына жəне ұсақ бронхыларда обструкция дамуына алып келеді. Мұндай өзгерістерге бүйрекүстібездің функциясының төмендеуі əсер етеді.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар

Демікпелік жағдайға бронхы-өкпелік инфекцияның 
қосылуы немесе өршуі, ЖРВИ, себепкер аллергендер, глюкокортикоидты жетіспеушіліктің дамуы, емді уақытынан кеш бастау, симпатомиметик препараттарды көп мөлшерде жəне ұзақ уақыт қолдану, антибиотиктерді, протеолиздік ферменттерді қолдану, егулер, сарысу құю, ауыр стресс əсер етеді.

Диагностикасы

Диагностика критерилері:
- қақырық түсуінің қиындауынан көп сағатқа кейде бірнеше тəулікке созылатын тұншығу;
- айқын əлсіздік;
- өлімнен қорқу;
- көп ретті симпатомиметикалық ингаляция қолдану жəне пуринді қатардағы препараттарды (тəулігіне 15-20 рет) қолданудың əсерінен бронх кеңейтуші əсерінің болмауы немесе бронхоспазмның күшеюі («рикошет синдромы»).
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы жағдайын жəне тіршілік үшін маңызды: есі дұрыстығын, тыныс алуын, қан айналым жүйесі жұмысын бағалау.
2. Науқастың қалпын бағалау: ортопноэ тəн.
3. Қарап тексеру:
- бөшке тəрізді кеуде;
- демін алу актісіне көкіректің қосымша бұлшықеттерінің қатысуы;
- тыныс шығарудың ұзаруы ;
- цианоз;
- мойын веналарының ісінуі;
- гипергидроз.
4. Тыныс қозғалыстарының жиілігін есептеу (тахипноэ).
5. Пульсті анықтау (парадоксальды болуы мүмкін), жүрек соғуының жиілігін есептеу (тахикардия, ауыр жағдайда брадикардия).
6. Артериялық қысымды өлшеу (артериялық гипертензия, ауыр жағдайда артериялық гипотензия).
7. Өкпе перкуссиясы: қораб дыбысы.
8. Өкпе аускультациясы: қатқыл үнді тыныс, дем шығарғанда əртүрлі құрғақ-ысқырықты сырыл; əртүрлі калибрлы ылғалды сырылдар естілуі мүмкін.

ДЖ 
кезінде өкпенің төменгі бөлігінде айқын əлсіз тыныс, ал ауыр жағдайда - бронх өткізгіштігінің жəне сырылдардың мүлдем болмауы «үнсіз өкпе».

Емдеу тактикасы


Медициналық көмек көрсету тактикасы

Жедел жəрдем:
- анафилаксиялық түрінде: 0,3-0,5мл 0,18 % эпинефрин ертіндісін 0,9 % натрий хлорид ерітіндісіне қосып көк тамырға құю;
- маска арқылы ылғалды оттек;
- көк тамырға кортикостероидтар жіберу: глюкокортикоидтық гормондар – преднизолон көк тамырға 90-150 мг (300 мг дейін), 120-180 мг метилпреднизолонға шағып есептегенде;
- β2-адреномиметиктерді ингаляция арқылы – сальбутамол 100 мкг/мөлшерін небулайзер арқылы 5-10 минут беру. Əсері болмаған жағдайда 20 минуттан кейін ингаляцияны қайталау; немесе сальметерол + флутиказон аэрозоль түрінде 25/50 мкг, 25/125 мкг, 25/250 мкг немесе будесонид 1000-2000 мкг небулайзер арқылы 5-10 минут беру;
- аминофиллиннің бастапқы мөлшері дене салмағына 5,6 мг/кг (10-15 мл 2,4% ерітіндісін 5-7 минут баяу енгізу), сүйемелдеуші мөлшері- 2-3,5 мл ерітіндісін  науқастың клиникалық жағдайын жақсарту үшін фракционды немесе тамшылатып енгізіледі;
- гепарин 5000-10000 БІР көк тамырға;
- инфузиялы терапия, сұйықтықтың орнын толықтыру мақсатымен гемоконцентрацияны реттеу, жəне бронхыдағы қақырықты, сілемейді сұйылту үшін - көк тамырға 4% гидрокарбонат натрий ерітіндісі, 0,9% натрия хлорид ерітіндісі, 5% декстроза ерітіндісі;
- өкпе вентиляциясының үдемелі бұзылысында жасанды вентиляция қолданылады (ИВЛ).
 
Коматозды жағдай кезінде:
- кеңірдекті шұғыл интубациялау;
- өкпеге жасанды вентиляция жасау;
- қажет жағдайда – жүрек-өкпелік реанимация;
- дəрі-дəрмектік ем жүргізу.
 
Кеңірдек интубациясы мен ӨЖВ жасау үшін көрсетімдері:
- гипоксиялық жəне гиперкапниялық кома;
- жүрек-қантамырлық коллапс;
- 1 минут ішінде тыныс алу жиілігі 50- ден артық;

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Оттек, м3
2. *Преднизолон 30 мг, амп.
3. *Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл.
4. *Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.
5. *Аминофиллин 2,4% - 5,0 мл, амп.
6. *Эпинефрин 0,18% - 1,0 мл, амп.
7. *Декстроза 5% - 400,0 мл, фл.
8. *Гепарин 5000 БІР., фл.
9. Будесонид 1000-2000 мкг
10. *Сальметерол + флутиказон аэрозоль 25/50 мкг, 25/125 мкг, 25/250 мкг
11. *Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; небулайзерге ерітінді түрінде 20 мл
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: * Натрий гидрокарбонаты 4% - 400,0 мл, фл.

Ем тиімділігінің индикаторы: науқас жағдайының бір қалыпқа келуі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: демікпе жағдайымен ауыратын барлық науқастар міндетті түрде реанимация бөлімшесіне жатқызылады.
 
Шұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдер: өткізілетін терапия негізінде стационарға жеткізу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Вып.2. 4.1. Медиа Сфера.2003 г. 2 .Неотложная терапия в пульмонологии. И.Г. Фомина, В.Ф. Маринин, М.: Медицина, 2003.-248 с. 3.Рациональная фармакотерапия заболеваний органов дыхания. Под ред. А.Г. Чучалина. Москва, 2004 4. Федеральное руководство по использованию лекарственных средств (формулярная система) под редакцией А.Г.Чучалина, Ю.Б.Белоусова, В.В.Яснецова. Выпуск VI. Москва 2005 5. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 22 декабря 2004 года № 883 «Об утверждении Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств». 6. Приказ Министра Здравоохранения Республики Казахстан от 30 ноября 2005 года №542 «О внесении изменений и дополнений в приказ МЗ РК от 7 декабря 2004 года № 854 «Об утверждении Инструкции по формированию Списка основных (жизненно важных) лекарственных средств».

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі - м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 
«Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.
Алматы мемлекеттік дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының меңгерушісі – м.ғ.к., доцент Рахымбаев Р.С.
Алматы мемлекеттік 
дəрігерлер біліміг жетілдіру институтыеың «Шұғыл медицина» кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к., доцент Силачев Ю.Я.; Волкова Н.В.; Хайрулин Р.З.; Седенко В.А.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх