Войти

Босанудан кейінгі салдарлық немесе кешелуілдеген қан кету

H-O-009

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Позднее или вторичное послеродовое кровотечение (O72.2)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы:

Босанудан кейінгі кешеуіл (екіншілік) қан кету (БКҚ) - 500 мл көлеміндегі босанудан кейінгі 24 сағаттан 6 аптаға дейінгі кезеңде туындайтын қан кету.

Босанудан кейінгі қан кету - 500,0 мл құрайтын босану кезіндегі табиғи босану жолдары арқылы және 1000 мл астам касарь тілігі кезіндегі клиникалық маңызды қан кету.

Кешеуіл қан кету себептері болатындар: жатырдың жиырылу қабілеттілігінің бұзылуы (жатыр антония), босанудың жұмсақ жолдарының (жатыр мойнының, іншектің) жыртылулары мен гематомалары, жатыр жыртылуы немесе теріс айналуы, жатырдың жалпақ байламының қан құйылуы (гематома), жатыр қуысында бала жолдасының қалдықтары фонындағы эндомиометрит, жыныс мүшелерінен тыс қан кету.


Хаттама коды: H-O-009 "Босанудан кейінгі салдарлық немесе кешелуілдеген қан кету" 
Акушерлік-гинекологиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): О72.2 Босанудан кейінгі салдарлық немесе кешелуілдеген қан кету
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі:  
Босанудан кейін кешеуіл қан кету жіктеуі:
- БК орташа Қ - қан жоғалту көлемі 500-1000 мл;
- БК ауқымды Қ -  қан жоғалту көлемі 1000 мл астам.

Диагностика


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: жоқ.

Физикалық тексеру
Қан кету белгілері (сыртқы-жыныс жолдарынан қан кету немесе ішкі).
БК екіншілік Қ себептерінің біреуі болуы (жатыр атониясы, босану жұмсақ жолдарының  (жатыр мойны, іншек) жыртылуы немесе қан құйылуы, жатыр жыртылуы немесе айналып кетуі, жатырдың жалпақ байламының қан құйылуы, жыныс мүшелерінентыс қан кету).
Геморрагиялық шок симптомдары (систолия АҚ деңгейі 80 мм с.б.төмен, тахикардия, тері жабынның бозаруы, демікпе, олигурия).

Инструменталдық зерттеулер: тән емес.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Босанушының қан тобы мен Rh - факторы.
2. Қанның жалпы анализі (жазылған: гемоглабин, гематокрит, тромбоциттер шоғырлануы).
3. Коагулограмма (протромбиндік, тромбиндік уақыт, протромбиндік индекс, фибриноген шоғырлануы, фибриноген азғындауының өнімдері).
4. Қан ұю уақыты.
5. Іш қуысы мүшелерін ультрадыбыспен зерттеу. (плаценталық тіндер қалдықтары, жатыр қуысында, іш қуысында және іш перденің сыртында қан жиналуы, гематома (қан құйылу) болуы.
6. Жүрек соғу жиілігі, артериялық қысым деңгейі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
Босанудан кейін ауқымды екіншілік қан кетуде қосымша диагностикалық шаралар болатындар:
- электрокардиография;
- фолейдің тұрақты катетері арқылы диурезді бағалау;
- орталық веналық қысым мониторингі;
- Hbs Ag;
- Анти HCV.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: тән емес

Дифференциалды диагноз


БОСАНУДАН КЕЙІНГІ ҚАН КЕТУЛЕРДІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ

Тән симптомдар Мүмкін симптомдар Болжамды диагноз
Қалдықтар шыққаннан соң жыныс
жолдарынан қан кету;
Жатырдың жұмсақ консистенциясы;
Жатыр жиырылмайды
Геморрагиялық шок симптомдары Жатыр атониясы
 
Профузды жатырлық қан кету;
Іштегі жіті ауырсыну
Геморрагиялық және жарақаттық шок симптомдары;
Пальпация кезінде жаты түбі анықталмайды;
жатыр түбі іншекте көрінеді
Жатырдың айналып кетуі
Қан кету
Айқын ауыру синдромы;
Геморрагиялық және жарақаттық шок симптомдары;
Іштің кебуі, құрсақ қуысындағы бос сұйықтық
Жатырдың жыртылуы
Қан кету
Алшақтау белгілерінің болмауы және  30 минут ішіндегі қалдықтардың шығуы 
Жатыр консистенциясы тығыз Жартылай тығыз жабысу немесе плацентаның жартылай жабысуы
Қан кету;
Қалдықты тексеру кезінде плацентарлық
тіннің немесе  қабықтың ақауы 
Жатыр консистенциясы тығыз Қалдық бөліктерінің жатырда бөгелуі
Сыртқы қан кету
Жатырдың тығыз консистенциясы
Қалдықтың бүтіндігі
  Жұмсақ босану жолдарының жыртылуы

 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
Босанудан кейін екіншілік қан кетуде ана аурулық-сырқаулығының және өлім-жітімі көбеюінің негізгі себебі айналудағы сұйықтықтың кідірісі және көлемді орынсыз толтыруы, коагуляция бұзылуы, қан кетудің жарақаттық сипаты. Босанудан кейін екіншілік қан кетуде қан жатыр қуысында, іш қуысында және ретроперитонель жиналуы мүмкіндігін ескерту қажет.

Ем мақсаты
Қан кету көлемін дәл бағалау, күттірмес шараларды уақытылы өткізу, екіншілік БКҚ себебін дәл анықтап қою, оның себебін ескеріп қан кетуді орынды емдеу, хирургиялық гемостаз жүргізу қажеттігі азаюы.

Дәрі-дәрмексіз ем: жоқ

Дәрі-дәрмектік ем

 
БОСАНУДАН КЕЙІНГІ ҚАН КЕТУЛЕРДІ ЕМДЕУ АЛГОРИТМІ
1 Қадам - бастапқы бағалау.
Сонымен бірге:
Бос персонал мобилизациясы (толық көлемде оперативті техниканы меңгерген тәжірибелі акушер-гинекологты, анестезиолог-реаниматологты, лаборантты шақыру).
Қан кету көлемін бағалау.
Ахуалды бағалау және организмнің өмірге маңызды функцияларын бақылау (АҚ, пульс, температура, тыныс жиілігі).
Қуықты катетерлеу - қуық бос болуы қажет.
Қан кетуге қатысты 3:1 көлемінде инфузияны бастау үшін 1 немесе 2 перифериялық венаны катетерлеу (№ 14-16G).
Қан тобын, Rh-факторды анықтау, үйлесімділікті анықтауға қан алу.
Себепті анықтау:
- жатырды зерттеу (тонус)
- плацентаны зерттеу (тін);
- босану жолдарын тексеру (жарақат);
- ДВС-синдромды алып тастау (тромбин).
Босанушыны жылыту (көрпемен жабу, ылғал төсеніштерді құрғаққа ауыстыру).

2 Қадам - этиотропты терапия

«Тонус»
жатырдың жиырылу функциясының бұзылыстары
«Тін»
жатыр қуысында тіндердің бөгелуі
«Жарақат»
Босану жолдарының жарақаты
«Тромбин»
Коагуляция бұзылыстары
Жатырдың сыртқы массажы
Утеротониктер
Жатыр қуысын қолмен тексеру
Жатырдың бимануальді компрессиясы

 
Жатыр қуысын
қолмен тексеру (амалсыз жағдайда кюретаж)
Плацентаның шынайы өсуі - лапаротомия, гистерэктомия
Айнада қарау
Босану жолдары жұмсақ тіндерінің жыртылуын тігу
Жатырдың айналып кетуін коррекциялау
Жатыр жыртылуындағы лапаротомия
Ұю факторларын құю (ЖМП, криопреципитат, тромбоцитарлық масса)
НовоСевен  90 мкг/кг қажет болса 1-2 сағаттан кейін қайталау
 

ЖАТЫР АТОНИЯСЫН ЕМДЕУ (ЖА)
 Гипо/атониялық қан кетуді емдеу үшін келесі топтағы утеротониктер келесі реттілікте пайдаланылуы мүмкін:

Енгізу реттілігі және препараттар

  1-ші кезекте
Окситоцин
2-ші кезекте
Эргометрин
Метилэргометрин
3-ші кезекте
Простагландин F2α
Бастапқы доза және енгізу амалы 10 БІР б/і немесе
5 БІР в/і тамшылатып, 40 тамшы/мин
0,2 мг б/і немесе в/і (жайлап) 0,25 мг б/і
бұлшықетке немесе жатыр мойнағына мүмкін
Қайталама доза 20 БІР в/і тамшылатып 1 л ерітіндіні 60 тамшы мин жылдамдықпен 0,2 мг б/і әр 15 мин сайын
(қажет болса - 0,2 мг б/і немесе в/і (жайлап) әр 4 сағат сайын    
0,25 мг әр 15 мин сайын
Максимальді доза Құрамында лкситоцин бар 60 БІР сұйықтықтан көп емес,  5 доза (1,0 мг) 8 доза (2 мг)
Қауіпті жанама әсерлер Қантамырлардың бұлшықет қабырғасының босаңсуы, ОПСС төмендеуі Перифериялық вазоконстрикция (гипертензия, инсульт, бронхоспазм), жатырдың тонустық жиырылуы Гипотония, тахикардия, тыныс жиілігінің ұлғаюы, жүрек айну, құсу, бас ауыру, гипертониялық криз түріндегі парадоксальді реакция
Қауіпті жанама әсерлер   Преэклампсия, артериалды гипертензия, жүрек аурулары Вена ішіне енгізуге болмайды.
Бронх демікпесі

 
 
Жатырдың бимануальді компрессия техникасы

1. Стерильді қолғаппен іншекке қолмен кіріп, қолды жұдырыққа түю.
2. Жұдырықты алдыңғы күмбезде орналастыру және онымен жатырдың алдыңғы қабырғасын басу.
3. Екінші қолмен алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы іншекке кірген қолдың бағыты бойынша жатырдың артқы қабырғасын басу (жатырды қол арасымен басу).
4. Қан ағу тоқтағанша және жатыр жиырылғанша басуды тоқтатпаңыз.


 
 
Әрі қарай жалғасқан қан кетулерде
 
Сонымен бірге:
Бос персонал мобилизациясы, консультанттар, басшылар, бөлімше меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог, лаборант, стационардағы қан құюға жауапты маманды.
Қан кету көлемін бағалау.
Ахуалды бағалау және организмнің өмірге маңызды функцияларын интенсивті бақылау картасын жүргізумен бақылау (АҚ гемодинамикалық мониторингі, пульс, температура, тыныс жиілігі).
Орталық венаны катетерлеу.
Инфузиялық заттарды барынша тез енгізу қан жоғалту көлеміне 3:1 қатынаста (инфузиялық-трансфузиялық хаттаманы қара). Әрі қарай инфузиялық терапия бағдарламасы анестезиолог-реаниматологпен бірлесіп құрастырылады.
Операция бөлмесін дайындау.

Лабораторлық тест жүргізу:
- қанның клиникалық анализі (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, ұю уақыты);
- коагулограмма;
- қанның ұю уақыты.
ВИВЛ, ИВЛ маскасы арқылы оттегі ингаляциясы.
Қан препараттарымен қамсыздандыру: жаңа мұздатылған плазма, қажетті көлемде эритромасса.
1000,0 мл және одан көп қан жоғалтуда және коагулопатия көрінісінде -90 мг/кг есебімен Ново-Севэн енгізу, әрі қарай қан кетуде хирургиялық әдіспен қан тоқтату көрсетімдерін анықтау.
 
3 қадам
Операция бөлмесіне тасымалдауды қамтамасыз ету үшін қан кетуді уақытша тоқтату әдісі: құрсақ аортасын басу.
 
4 қадам
Акушерлік қан кету кезіндегі хирургиялық гемостаз

Лапаротомия
Жатырға 1 доза (0,25 мг) простагландин инъекциясын қайталау. Жатырлық бұрышқа және жатыр денесіне 4 бөлікпен инъекция.
О’ Лири бойынша жатыр артериясын байлау (төменнен қара)
ДВС-синдром белгісінсіз атониялық қан кетуде, Кювелер жатырының белгісі болмағанда, жатыр мойнағының жарақаты болмағанда
Б-Линч (B-Lynch) әдісі бойынша хирургиялық компрессионды тігіс салу
 
ДВС-синдром белгісінсіз атониялық қан кетуде, Кювелер жатырының белгісі болмағанда, жатыр мойнағының жарақаты болмағанда, простагландиндерді енгізуден тиімділік болмағанда
 
1000,0 мл аспайтын қан кету кезінде, қосалқыларсыз жатыр ампутациясы ДВС-синдром белгісінсіз қан кетулерде, компрессиялық тігіс салудан тиімділік болмағанда, босану жолдарының жарақаты болмағанда
Кювелер жатырының белгісі болмағанда
Жатырдың корригирленбеген айналуында
Плацентаның шынайы ішке өсуінде
Жатыр экстирпациясы Қан кетуде, және/немесе Кювелер жатырында, және/немесе жатыр мойнағының жарақатында;
Жатыр жыртылуында
Шынайы өсуінде, плацентаның мойнақтық жабысуында
Ішкі мықын артериясын байлаумен жатыр экстирпациясы Атониялық қан кетуде және ДВС-синдромы белгісінде
Коагулопатиялық қан кетуде


Б-Линч әдісі бойынша хирургиялық компрессионды тігіс
Хирургические компрессионные швы по методике Б-Линча

БОСАНУДАН КЕЙІН МАССИВТІ (1000 мл. АСТАМ) ҚАН КЕТУ КЕЗІНДЕ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ АРАЛАСУЛАРДЫҢ МҮМКІН КӨЛЕМІ

Оперативті араласулар көлемі Орындау техникасы
О'Лири бойынша жатырлық артерияны байлау Жатырды ішкі аңқа деңгейінде жатырдың жалпақ байламы зонасы арқылы хромды кетгутпен 1/0  үлкен атравматикалық инемен тігіді. Лигатураны байламастан алдын оның зәрағарға түсіп кетпеуін байқау қажет. Байланған қантамырларды кеспейді. Жатыр артерияларын байлағаннан кейін қан ағу тоқтайды, бірақ жатыр атониясы бірнеше уақыт сақталуы мүмкін (10 минут бойы). Жатыр қантамырларын кеспегендіктен, жатырға қан келу қалпына түседі және одан әрі жүктілік болуы мүмкін. 
Ішкі мықын артериясын байлау Жатырдың домалақ байламын кеседі және жамбастың бүйірлік қабырғасын жалаңаштайды. Зәрағарды ығыстырып, жалпы мықын артериясының бифуркациясын табады. Мұнымен аты бірдей төменде жатқан венаны абайлап өтіп, ирек қысқышпен ішкі мықын артериясын шығарады және екі рет байлайды. 
Анабездік артерияны байлау Тиімділігі аз, себебі жүктілік кезінде жатыр 90% жатырлық артерия есебінен қанмен қамсызданады. Мұнан өзге, анабездік артерияны байлағаннан соң, бедеулік болы мүмкін.
Жатыр экстирпациясы Егер тамырларды байлағаннан кейін қан ағу тоқтамаса, жатыр экстирпациясы немесе іншекүстіңгі ампутация жүргізіледі. Кесарь тілігінен кейін шұғыл жатыр экстирпацисы 0,7% құрайды, ал табиғи жолмен босанудан соң— 0,02%.
 

ЖАТЫРДЫҢ АЙНАЛЫП КЕТУ КЕЗІНДЕГІ ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТМІ
 
Анықтамасы Түрлі факторлар нәтижесінде жатыр транспозициясы, ол кезде оның сыртқа сілемейлі қабатқа айналып кетуі.
 
Клиникалық варианттар Дәрежесі бойынша:
I дәреже - жатыр түбі ішкі аңқа деңгейінен жоғары;
II дәреже - жатыр түбі іншекте анықталады;
III дәреже - жатыр түбі жыныстық қуыстан төмен.

 
Клиникалық симптомдар -профузды жатырлық қан кету;
-іш аумағындағы жіті ауыру;
-ішті сыртқы пальпациялау кезінде жатыр түбі анықталмайды;
-жатыр түбі іншекте көрінеді;
-ауырулық және гиповолемиялық шок симптомы.

 
Зерттеу көлемі Гемодинамикалық көрсеткіштер және диурез мониторингі;
Жатыр пальпациясы оның орналасу орнын және әр 15 минут сайын жиырылғыштық қасиетін; анықтау мақсатында
Қан кетуді ескеру.

 
Жүргізу тактикасы Неғұрлым аталған асқынулар байқалса, соғұрлым оны емдеу қиынға соғады!
Ем миорелаксанттар фонында жалпы наркозбен анестезиолог бақылауында жүргізіледі
Жатыр түбі тез арада жатыр мойнағы арқылы кіші жамбас қуысына орналастырылады.
Көп жағдайда қалдық бөлінеді.
Жатырды орналастырғаннан кейін және қалдық бөлінгеннен кейін в/і тамшылатып 10 БІР окситоцинмен инфузия қажет.
Егер қалдық бөлінбесе, қалдықтың шынай жабысуына күдік  болады, ол кезде гистерэктомия көлемінде хирургиялық ем көрсетілген.

 
 

ЖАТЫРДЫҢ ЖЫРТЫЛУЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАН АҒУДА ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТМІ
 
Анықтамасы Массивті қан ағу себебі болатын эндогенді және экзогенді себептер нәтижесінде жатыр қабырғасы бүтіндігінің бұзылуы.
 
Клиникалық варианттар Жатыр қабырғасының зақымдалу дәрежесі бойынша:
Толық емес - жатыр қабырғасының ақауы, құрсақтың висцеральді беті немесе жатырдың жалпақ байламымен шектелген;
Толық - жатыр барлық қабаттарының жыртылуы.
Клиникалық симптомдар Массивті сыртқы және ішкі қан ағу;
Айқын ауыру синдромы;
Анасындағы айқын тахикардия;
Іштің кебуі, құрсақ қуысындағы бос сұйықтық;
Ауыру және гиповолемиялық шок симптомы.
 
Зерттеу көлемі БКҚ қауіп дәрежесін бағалау;
Гемодинамикалық көрсеткіштер және диурез мониторингі;
Жатыр пальпациясы оның орналасу орнын және әр 15 минут сайын жиырылғыштық қасиетін; анықтау мақсатында
Қан кетуді ескеру.
 
Жүргізу тактикасы Инфузиямен перифериялық және орталық веналарды катетерлеу;
Тез арадағы лапаротомия;
Жатырлық немесе түтіктік артерия байлау есебінен гемостаз;
Операция көлемі жатыр жыртылуының шетіне, емделушінің бала сүю ынтызарлығына байланысты.
Көп жағдайларда гистерэктомия жүргізіледі

 
 

ТЫҒЫЗ ЖАБЫСҚАН ҚАЛДЫҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАН КЕТУЛЕРДЕ ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТМІ
 
Анықтамасы Плацентаның жабысуы қалыптағысынан қарағанда тығыздау.
Клиникалық варианттар Өсу дәрежесі бойынша:
Қалдықтың тығыз жабысуы;
Қалдықтың шынайы өсуі

 
Клиникалық симптомдар -сыртық немесе ішкі қан кету;
-қалдықтың бөліну белгілері жоқ 30 минут ішінде ;
-жатырдың тығыз консистенциясы.

 
Зерттеу көлемі БКҚ қауіп дәрежесін бағалау;
Гемодинамикалық көрсеткіштер және диурез мониторингі;
Жатыр пальпациясы оның орналасу орнын және әр 15 минут сайын жиырылғыштық қасиетін; анықтау мақсатында
Қан кетуді ескеру.

 


БӨГЕЛГЕН ҚАЛДЫҚ КЕЗІНДЕ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ

1 қадам Қуықты босату
2 қадам Емделушінің витальді функциясын бағалау.
3 қадам Қан жоғалту дәрежесін бағалау
4 қадам Топтық және Rh-тық және гемоглобин деңгейіне қан алу (қан қоры болмаған кезде донорларды іздестіру), сонымен бірге венамен жанасу.
5 қадам В/і натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін инфузиялау, 15 минутта 1 литр жылдамдықпен 
6 қадам     Гемотрансфузия жүргізу қажеттілігін бағлағаннан кейін оны қолмен алу және бөліп шығару
7 қадам Қалдықты қолмен алып шыққаннан кейін, в/і окситоцин немесе эргометрин енгізу қажет және жатыр массажы
Қолмен қаллдықты алып шығу кезінде қалдықтың шын мәнінде ішке өсуінде хирургиялық ем - ампутация немесе жатыр экстирпациясы 


ЖҰМСАҚ БОСАНУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖАРАҚАТЫ КЕЗІНДЕГІ ҚАН КЕТУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ АЛГОРИТМІ

Анықтамасы Босану каналы арқылы өту нәтижесінде босану жолдары жұмсақ тіндерінің жыртылуы.
 
Клиникалық варианттар Жатыр мойнағының жыртылуы;
Іншек қабырғасының жыртылуы;
Бұтараның жыртылуы;
Гематомалар;
Эпизио- или перинеотомиялдар.
Клиникалық симптомдар -сыртқы қан кету (әрқашан!);
-жатырдың тығыз консистенциясы;
-қалдықтың бүтіндігі.
 
Зерттеу көлемі ПРК көлемін бағалау;
Гемодинамикалық көрсеткіштер мен диурез және т.б мониторингі;
Қан кетуді есептеу;
Айнада босану жолдарын қарау.


ЖАРАҚАТТЫҚ ГЕНЕЗДЕГІ ҚАН КЕТУЛЕРДІ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ

1 қадам Қан тобына және Rh- қан анализі және гемоглобин деңгейі.
2 қадам в/і натрий хлориді изотониялық ерітіндісімен инфузия 
3 қадам Массивті, терең жарақаттарда -консультантты шақыру.
4 қадам Қан ағып жатқан тамырларды іздеу және байлау, жыртылуларды тігу
5 қадам Қан жоғалтуды бағалау
6 қадам Витальді функцияларды бағалау
 

ГИПОВОЛЕМИЯЛЫҚ ШОК
 
Өмірге маңызды ағзалар адекватты перфузиясын қамсыздандыратын, қан айналу жүйесі функцияларының бұзылыстарымен мінезделеді. Геморрагиялық (ГШ) өмірге қатер төндіретін жағдай болып табылады және кезек күттірмейтін интенсивті терапиялық шаралар жүргізуді қажет етеді.

ГШ диагностикалық белгілері
- тахикардия, пульстің әлсіз толуы (ЖЖЖ миутына 110 соққы);
- АҚ төмен деңгейі (систолалық АҚ 90 мм.с.б. төмен)
- тері жабындыларының бозғылттығы;
- тері жабындыларының терлегіштігі және гипотермиясы;
- ентікпе (тыныс қозғалысының жиілігі минутына 30 және одан көп);
- мазасыздық, естің шатасуы;
- олигурия (сағатына 30 мл зәр).

Гиповолемиялық шоктың жіктемесі 

Ауырлық дәрежесі Симптомдар Қан жоғалту көлемі (%)
I-компенсацияланған шок Тахикардия 15% (5-10мл/кг)
қан жоғалту 650-700,0 мл аз
II-субкомпенсацияланған шок Тахикардия (100-120 соққы 1мин)
Гипотония (АҚ сист.90-100мм.с.б.)
Тері жабындыларының бозғылттығы 
15-20% (11-18 мл/кг)
қан жоғалту 650-1000,0 мл
III-некомпенсацияланған шок Тахикардия (120-130 соққы 1мин)
Гипотония (АҚ сист.80-60мм.с.б.)
Тері жабындыларының күрт бозғылтануы, суық тер
25-45% (19-30 мл/кг)
қан жоғалту 1000,0 до 2000,0мл көп
IV-декомпенсацияланған шок Тахикардия (140-160 соққы 1мин), ірі тамырлардағы пульс
Гипотония (АҚ сист.60-0 мм.с.б.)
Естің бұзылуы немесе жоқ 
45% (35 мл/кг) көп
қан жоғалту 2000,0мл көп
 

ГШ кезіндегі әрекет

Шұғыл шаралар ГШ күресу үшін медициналық персонал мобилизациясы;
Организмнің өмірге маңызды функцияларының мониторингі 
Өмірге маңызды ағзалардың қанмен толығуын жақсарту үшін жылулық режимін қамсыздандыру;
Өмірге маңызды ағзалардың қанмен толығуын жақсарту үшін емделушінің аяғын көтеру
Әрі қарайға шаралар Канюля немесе үлкен диаметрдегі инені (G №№14-16)
пайдаланумен венаішілік инфузия (2 венаға). Орталық венаны
катетерлеу
Гемоглобин деңгейін, топтық және Rh-тық және донор
қанымен үйлесімділікті, қанның ұю уақытын және
лабораторлық зерттеулерді анықтау үшін қан алу
Тұрақты катетер арқылы диурезді бақылау
Оттегіні ингаляциялау 
Себептерді анықтау және ГШ күрес тактикасы Жоғарыда көрсетілген материалдарға сәйкес, себептерге
байланысты қан кету себептері мен көздерін анықтап, оны жою;
Емделушінің ахуалын қайта бағалау Трансфузия басталғаннан кейін 30 минуттан соң жүргізіледі;
Ахуалдың жақсару критерилері болып табылады:
- пульстің тұрақтануы (ЖЖЖ минутына 90 соққы және аз);
- АҚ жоғарылауы (систолалық қысым деңгейі 90 мм.с.б.және жоғары);
- диурездің жоғарылауы (сағатына 30 мл зәр және одан көп);
Әйелдің ахуалы жақсарған кезде сұйықтық инфузиясының жылдамдығын 6 сағатта 1 л дейін төмендету;


Акушерлк қан кетулердің инфузиялы-трансфузиялық терапиясының хаттамасы

ГШ I дәреже
(<650-700 мл)
ГШ II дәреже
(700-1000 мл)
ГШ III дәреже
(1000-2000 мл)
ГШ IV дәреже
(>2000 мл)
Кристаллоидтар 1500 мл Кристаллоидтар 1000-1500 мл Кристаллоидтар 1500-2000 мл Кристаллоидтар 2000 мл
ГЭК 500 мл ГЭК 500-1000 мл ГЭК 1000 мл ГЭК 1000 мл
  Жаңа мұздатылған плазма  250-500 мл Жаңа мұздатылған плазма 1000 мл Жаңа мұздатылған плазма 1000-1500 мл
    Эритроцитарлық масса 500-1000 мл Эритроцитарлық масса 1500-2000 мл
 

Ескертпе:
1) Жаңа мұздатылған плазмамен трансфузия қан ұюының плазмалық факторын енгізумен алмастырылуы мүмкін.
2) Эритроцитарлық масса трансфузиясы -гемоглобиннің 80 г/л төмендеуінде, гематокриттің 25%- тен төмендеуі кезінде
3) Тромбоцитарлық масса транфузиясы үшін көрсетімдер -тромбоциттер санының 70х103мл-дан төмендеуінде.
 
Негізгі дәрі-дәрмектер тізімі:
1. Инфузиялар мен инъекциялар үшін бірқұрамды және құранды ерітінділер.
2. Плазмаауыстырушы заттар.
3. Окситоцин инъекциялар үшін ерітінді 5 БІРЛІК ампулада
4. Метилэргометрин инъекциялар үшін ерітінді 0,2 % ампула, . мл, 10 мл.

Қосымша дәрі-дәрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- қан кету тоқтауы;
- босанғанның өмірлік қызметтерінің қалпына келуі;
- лабораторлық көрсеткіштердің қалыпқа келуі.
 
* - Негізгі (өмірге маңызды) дәрілік заттар тізіміне кіретін препараттар 

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: шұғыл

Профилактика


Профилактикалық шаралар:
1. Бала туысымен бірден БКҚ окситоцинмен 10 бірлік б/е (бұлшық етке) рутиндік профилактика.
2. Қуықты босату.
3. Бала жолдасының шығу кезеңін белсенді жүргізу (кіндікті ерте қысу және кесу, кіндікті бақылаумен тарты, бөлінген бала жолдасын және жыныс жолдарын мұқият қарау).

Әрі қарай жүргізу: жоқ

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған әдебиеттер: 1. Scottish Obstetric Guidelines and Audit Project: The Managment of Postpartum Haemorrhage.- 2000.-p.29 2. Department of Health, NSW: Framework for Prevention, Early Recognition and Managment of Postpartum Haemorrhage.- Policy Directive.- 2005.- www.health.nsw.gov.au 3. SOGC Clinical Practice Guidelines: Prevention and Managment of Postpartum Haemorhage.- #88, 2000, p.11

Ақпарат


Әзірлеушілер тізімі: Раева Р.М. м.ғ.к., Ана мен баланы қорғау Республикалық Ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх