Войти

Бедеулік

P-O-004

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Женское бесплодие неуточненное (N97.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы: 

Бедеулік  деген етеккірдің 12 орлымында немесе сақтану құралдарын қолданбай 1 жыл тұрақты жыныстық қатынаста  жүктіліктің болмауы.
 
Хаттама коды: P-O-004  "Бедеулік"
Акушерлік-гинекологиялық саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N97 Əйелдердегі бедеулігі.
N97.0 Овуляцияның жоқтығына байланысты əйелдердегі бедеулік
N97.1 Əйелдердегі түтіктік бедеулік
N97.2 Əйелдердегі жатырлық бедеулік
N97.3 Əйелдердегі жатыр мойындық бедеулік
N97.4 Əйелдердегі ерлер ықпалынан болған бедеулік
N97.8 Əйелдердегі бедеуліктің басқа түрлері
N97.9 Əйелдердегі анықталмаған бедеулік

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Алдында жүктіліктің болуына қарай:
- алғашқы – анамнезінде бұрын бір де бір жүктілік болмаған;
- екінші – қалай аяқталғанына қарамай, анмнезінде əйтеуір бір жүктілік болған
2. Себебіне қарай:
- эндокриндік себеп;
- жүре пайда болған патология (жатыр, аналық без ісіктері);
- іншектің туа біткен патологиясы;
- жыныс мүшелерінің түбіркүлезі;
- жыныстық қатынастан кейінгі тестің теріс болуы;
- емқателік себептер;
- жыныстық жарамсыздық;
- нақтыланбаған (ауруы анықталмаған,эндоскопиялық зерттеулер жасалмаған);
- түсініксіз(эндоскопиялықты қоса, барлық əдістермен тексер-генде көпе-көрнеу себебі жоқ) .
3.Табиғи жолмен ұрықтану мүмкіндігіне (жүкті болуына ) қарай:
- үзілді-кесілді (еш мүмкіндіксіз) – табиғи жолмен (өздігінен) ұрықтануы мүмкін емес;
- салыстырмалы – фертилдік қызметі төмен болса да, табиғи ұрықтануы мүмкін.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- Овуляция үрдісінің бұзылуы (27%);
- Шəуһеттер санының немесе олардың қозғалғыштығының төмендеуі (19%);
- Жатыр түтіктерінің зақымдануы (14%);
- Эндометриоз болуы (5%);
- Басқа факторлар (5%).

Диагностика


Диагностика критерилері:   Жүктіліктің 1 жыл жəне одан да ұзақ болмауы.

Шағымдар мен анамнез:
Клиникалық -анамнездік мəліметтер:
- шағымдар;
- жанұялық анамнез жəне тұқым қуалаушылық ерекшеліктер;
- бұрынғы аурулар;
- етеккір қызметінің сипаты;
- алдыңғы жүктіліктерінің ағымы мен нəтижесі (босануы);
- бұрын қолданған жүктіліктен сақтану əдістері;
- анамнезінде жұқпалы аурулардың болуы;
- іштің төменгі жағының ауыруы (эндометриоз);
- жасалынған гинекологиялық жəне басқа оталар (операция);
- жыныстық қатынас (өмір) ырғағы.

Физикалық тексеру:
Клиникалық зерттеу:
- дене бітімі;
- салмақ-бой коэффициенті (салмақ-бой2), норма – 23;
- түктену дəрежесі – Ferriman et Gallwey шкаласы бойынша норма – 4,5;
- сүт бездерінің даму дəрежесі – Tanner шкаласы бойынша;
- галактореяның болуы.
Гинекологиялық тексеру:
- гинекологиялық тексеру барысында жатыр-жыныс (репродуктивтік) жолдарында түрлі анатомиялық өзгерістер анықталады;
- кольпоскопия көмегімен жатыр мойнының күйі бағаланады.

Инструменталдық зерттеулер:
- Кіші жамбас ағзаларына УДЗ жасау;
- Гистеросальпингография;
- Сүт бездерін көрсетімге қарай УДЗ;
- Маммография –көрсетімдерге қарай;
- Бас сүйегін жəне түрік ершігін қажетіне қарай рентгенограмма;
- Компьютерлік томография жəне ядролық-магниттік резонанс –көрсетіміне қарай;
- Қалқанша безді УДЗ –көрсетіміне қарай;

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Инфекциялық скрининг:
- іншек қабырғасының тазалығын бағалау үшін іншектік сүртінді.
- ПЦР əдісімен хламидий, уреаплазма, микоплазма, жай теміреткі вирусын, цитомегаловирусты анықтау үшін цервикаль каналынан сүртінді алу;
- анамнезде көтере алмайтын жүктілік кезінде токсоплазмозға қан алу.
2. Гормоналды скрининг:
Тұрақты етеккір оралымымен əйелдерді зерттеу:
- етеккір оралымының 5-7 күні қан плазмасында келесі гормаондардың базальді секреция деңгейін анықтайды: пролактин, тестостерон жəне дегидроэпиандростерон (ДЭАС).
- 20-22-ші күні – прогестерон.
Етеккір оралымы бұзылған əйелдерді зерттеу:
Циклдің 5-7 күні жеке немесе индуцирленген гестагендермен анықтайды:
- пролактин;
- фолликулостимулдеуші гормон (ФСГ);
- лютеинизирлеуші гормон (ЛГ);
- тиреотропты гормон (ТТГ);
- эстрадиол;
- тестостерон, кортизол, ДЭАС
- трийодтиронин (Т3);
- тироксин.
- 20-22-ші күні – прогестерон.
3. Иммунологиялық скрининг: посткоитальді тест (ПКТ).
4. Күйеуінің спермограммасы.
5. ЖЖБА тексеру
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Кіші жамбас ағзаларын УДЗ
2. Гистеросальпингография
3. Емшекті көрсетім бойынша УДЗ
4. Маммография көрсетім бойынша
5. Қажет жағдайда бассүйек жəне түрік ершігінің рентгенограммасы
6. Көрсетімдер бойынша компьютерлік томография жəне ядерлік-магниттік резонанс
7. Көрсетімдер бойынша қалқанша безді УДЗ
8. Генетик консультациясы
9. Сексопатолог консультациясы

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер

Инфекциялық скрининг:
- іншек тазалығының деңгейін бағалау үшін іншектен жақпа алу;
- ПЦР əдісімен хламидия,уреплазма,микоплазма,қарапайым ұшық вирусы,
цитомегаловирустарды анықтау үшінжатыр мойны каналынан жағынды алу;
- Анамнезінде дағдылы түсік болса,қанды токсоплазмозға тексеру.

Гормондық скрининг:
Етеккір оралымы тұрақты əйелдерді тексеру:
- етеккір оралымының 5-7-күні қан сарысуындағы келесі гормондардың:пролактин,тестостерон жəне дегидроэпиандростерон(ДЭАС) базалдық секрециясы деңгейін анықтайды.
- 20-22-күні – прогестерон .
Етеккір оралымы бұзылған əйелдерді тексеру:өзздігінен немесе гестаген ендірілгеннен кейінгі оралымның 5-7-күні:
- пролактин;
- фолликуланы ынталандыратын гормон (ФГС);
- лютеиндеуші гормон (ЛГ);
- тиреотроптық гормон (ТТГ);
- эстрадиол;
- тестостерон,кортизол, ДЭАС;
- трийодтиронин (ТЗ);
- тироксин анықталады.
- 20-22-күні – прогестерон.

Иммунологиялық скрининг: коитустан кейінгі тест (ПКТ).

Күйеуінің спермограммасы.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: 1 дені сау бала туылуына қол жеткізу; бедеулікпен байланысты психологиялық стресстің айқындылығын азайту.

Дəрі-дəрмексіз ем:
Етеккірдің қалыпты тоқтауынан басқа (50 жасқа таман) бедеулікті емдеуге жасына қарай шектеу қойылмайды.
1. Психотерапевт консультациясы.
2. Бедеулікке əкелген патогенетикалық себептерді емдеу:
- эндокриндік патология(гиперпролактинемия,гиперандрогения, лютеиндік фазаның жетіспеушілігі);
- жыныс-зəр шығару ағзаларының жұқпасын (соз, трихомониаз, ВПГ, ЦМВ, хламидиоз, микоплазмоз, уреаплазмоз т.б.);
- эндометриозды;
- басқа себептерді.

Дəрі-дəрмектік ем:
Овуляцияның индукциясы:
- кламифен цитраты 50 мг(1 табл) етеккір оралымының 5-9-күндері арасында; тиімсіз болғанда,мөлшері 100-150 мг дейін көбейтіледі;
- гонадотропиндер (ФГС адамның менопаузалық гонадотропині таңдалынады) – мөлшері əр адамға жеке таңдалады;
- гонадотропин- рилизинг гормондарының агонистері мен антогонистері көмегімен жасалады.
Бала көтеруге (репродукцияға) көмектесетін өдістер.
- жатыр ішіне шəуһетті себу,көбінесе овуляциямен əрекеттестірумен қатар.
- экстракорпоралдық  ұрықтандыру (ЭКҰ): донордың ұрығын пайдалануға болады;
- жатырдың қызметке жарамсыздығы жағдайында сурогат анасын пайдалану.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Кломифен 50 мг. табл.
2. Голодотропины (ФСГ мелопаузаның голодотропині таңдалылады)
3. Голодотропин-рилизнг гормондардың агонистері мен антогонистері.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- жүктіліктің болу жиілігі;
- тірі нəрестенің туылуы;
- өзіндік аборттар;
- көпұрықты жүктіліктің болуы;
- анабез гиперстимуляциясы синдромының даму жиілігі;
- медициналық жəрдем сапасына жəне ем нəтижесіне көңілі толуы;
- ем тиімсіздігі жағдайында бала көтере алмау фактін психологиялық қабылдау;
- овуляция жиілігі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялауға көрсетімдер:  Репродуктивтік функцияның қалпына келуінің болмауы. Емханада тексеру жəне емдеу үшін жағдайдың болмауында емделуші əрі қарай тексерілуге жəне емделуге мамандандырылған клиникаға жіберіледі.

Профилактика


Біріншілік профилактика: ауру дамуына əсер ететін қауіп-қатерлі факторларды жою бойынша профилактикалық шаралар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Institute for Clinical Systems Improvement (ICSI). Diagnosis and management of basic infertility. Bloomington (MN): Institute for Clinical Systems Improvement (ICSI); 2004 Jul. 47 p. 2. Brigham and Women's Hospital. Infertility. A guide to evaluation, treatment, and counseling. Boston (MA): Brigham and Women's Hospital; 2003. 11 p. 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил.

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі: Рослякова А.В., Алматы қаласы Адам репродукциясы орталығының дəрігер акушер-гинекологы.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх