Бас аурулары (педиатрия)

Версия: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалар - 2014 (Қазақстан)

Мигрень неуточненная (G43.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген

Бас ауруы бас немесе мойын аймақтарында ауыру болып табылатын, әртүрлі кеселдердің және патологиялық күйдің кең таралған бейспецификалық бір симптомы [1]. Бас ауруының жиі кездесетін себебі - ми қорабының ішкі немесе сыртқы тамырларының тартылуына немесе ұлғаюына [1] және бас сақинасына байланысты болып табылады. 

Хаттама атауы: Бас аурулары
 
Хаттама коды:
 
ХАЖ-10 коды:

Бас аурулары
• G43 Бас сақинасы
• G43.0 Ерекше күйсіз бас сақинасы (жай бас сақинасы)
• G43.1 Ерекше күймен бас сақинасы (классикалық бас сақинасы)
• G43.2 Бас сақинасы ахуалы
• G43.3 Асқынған бас сақинасы
• G43.8 Басқа да бас сақинасы
• G43.9 Анықталмаған бас сақинасы
• G44 Бас ауруының басқа да синдромдары
• G 44.0 Бас ауруының «гистаминді» синдромы
• G44.1 Басқа тарауларда жіктелмеген, тамырлы бас ауыруы
• G44.2 Кернеулілік типтегі бас ауыруы
• G44.3 Зақымданғаннан кейінгі созылмалы бас ауруы
• G44.4 Басқа тарауларда жіктелмеген, дәрі-дәрмектерді қолданумен шақырылған, бас ауруы
• G44.8 Бас ауруының басқа анықталмаған синдромы.


Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар
AЛT - аланинаминотрансфераза
 
AСT - аспартатаминотрансфераза
АҚ – артериялы ққысым
МІҚҚ– ми ішінде қан құйылу
БСІГ – бас сүйек ішіндегі гипертензия
ЭЭГбейне –электроэнцефалограмманың бейнемониторингі 
КБ А - кернеулі бас ауыруы 
КЖД – көру жүйкесінің дискі 
ДНҚ – дезоксирибонуклеи́нді кқышқыл 
АБСО - артқы бассүйек ойығы 
ПМДК – психомоторикалық дамудың кідірісі 
ӨЖВ – өкпенің жасанды вентиляциясы 
КТ – компьютерлік томография 
КФК - креатинфосфокиназа 
ҚСК – қышқылды-сілтілік күй 
ЛДГ - лактатдегидрогеназа 
ЕДШ – емдік дене шынықтыру 
БАХЖ – Бас ауруларының халықаралық жіктелуі
МР - ангиография
 
МРТ – магниттік-резонансті томография 
НСГ – нейросонография 
ЖҚТ – қанның жалпы талдауы 
НЖТ – несептің жалпы талдауы 
МҚАЖБ - ми қан айналымының жіті бұзылуы 
МСАК – медициналық-санитариялық алғышқы көмек 
МҚАӨБ – ми қан айналымының өткінші бұзылуы 
ПСГ – полисомнография 
РЭГ – реоэнцефалография 
СҚҚ – субарахноидальды қан құйылу 
ЭТЖ– эритроциттердің тұну жылдамдығы 
УДДГ – ультрадыбыстық допплерография 
УДЗ – ультрадыбыстық зерттеу 
Холтер-ЭКГ- тәуліктік электрокардиография 
БСМЖ – бассүйек-ми жүйкесі 
ҚБ – қалқанша без 
ЭКГ – электрокардиография 
ЭхоЭГ – эхоэнцефалография 
ЭЭГ – электроэнцефалография 

Хаттаманы дайындау күні: 2014 жыл
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар: балалар невропатологтары, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері, жедел жәрдем дәрігерлері, фельдшерлер.
 
 

Жіктемесі


Бас ауруының клиникалық  жіктелуі:

Шығыуна байланысты:
 
·          бастапқы бас аурулары
·          қайталама бас аурулары [2]
 
«Бас ауруларының халықаралық жіктелуі» (БАХЖ)
·          бас сақинасы;
·          кернеулі бас ауыру (КБА);
·          будалы (кластерлі) бас ауыру және басқа да тригеминальды вегетативтік (автономды) цефалгия;
·          басқа да бастапқы бас аурулары;
·          бас және/немесе мойын жарақатына байланысты бас ауырулары;
·          бас және мойын тамырларының зақымдануына байланысты бас ауырулары;
·          тамырлы емес ішкі бассүйектің зақымдануына байланысты бас ауырулары;
·          әртүрлі заттектерге немесе олардың жойылуына байланысты бас ауырулары;
·          жұқпаларға байланысты бас ауырулары;
·          гомеостаздың бұзылуына байланысты бас ауырулары;
·          бас сүйектің, мойынның, көздің, құлақтардың, мұрын қуысының, тіс қуыстарының, ауыз қуысының немесе бас сүйектің және беттің басқа да құрылысына байланысты бас ауырулары;
·          психикалық кеселге байланысты бас ауырулары;
·          краниальды невралгия және бет ауруларының орталықтандырылған себептері;
·          басқа да бас ауырулары, краниальды невралгия, орталықтандырылған немесе бастапқы бет ауырулары [2, 3].
 

Диагностикасы


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
Амбулаториялық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·          ЖҚТ;
·          Офтальмоскопия;
·          Бас және мойын тамырларының УДДГ;
·          ЭКГ.
 
Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
·          ЭхоКГ;
·          Мұрын қуысының рентгенографиясы
·          ЭхоЭГ;
·          РЭГ;
·          бас миының МРТ /КТ (түсініктеме: ошақты неврологиялық симптоматика бар болуы, жалпы милық симптоматикасы көрсетілген бас ауыруы, құсу, бас айналу);
·          1 жасқа дейінгі балалардың бас миының УДЗ;
·          ЭЭГ/бейнемониторинг;
·          бас миының контрастілеуменен МРТ;
·           Торапты тамырларды дуплексті сканерлеу;
·          ЭКГ-ні Холтер мониторінгі;
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі өткізуге қажетті тексерістің  ең қысқа тізімі:
·          Офтальмоскопия;
·          ЭхоЭГ;
·          Бас және мойын тамырларының УДДГ/РЭГ;
·          ЭКГ.
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·          Офтальмоскопия;
·          Бас және мойын тамырларының УДДГ;
·          РЭГ;
·          ЭКГ;
·          бас миының МРТ /КТ (көрсетімдер: ошақты неврологиялық симптоматика бар болуы, жалпы милық симптоматикасы көрсетліген бас ауыруы, құсу, бас айналу).
 
Стационарлық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:
·          Коагулология (қан плазмасында белсенді ішінара тромбопластинді уақытты анықтау (БІТУ), плазмадағы фибриногенді анықтау, қан плазмасының фибринолитикалық белсенділігін анықтау, тромбоциттердің адгезия және агрегация реакциясын өткізу (ГАТ), плазманың гепаринге төзімділігін зерттеу, плазмадағы антиплазминаның белсенділігін анықтау, қан кетудің уақытын анықтау, қан плазмасының тромбинді уақытын (ТУ) анықтау, ерітінді фибриномономерлер кешенің анықтау (ЕФКА), плазмадағы VIII факторын анықтау, плазмадағы  XI факторын анықтау);
·          жалпы қан талдауы (6 параметр);
·          қанның биохимиялық талдауы (несепнәрді, креатининді, сарысудағы жалпы ақуызды, кальцийды, калийді, натрийды, хлорды анықтау);
·           ЭЭГ/видеомониторинг ЭЭГ;
·          контрастілеумен МРТ;
·          екі кескіндегі сүйектің рентгенографиясы;
·          торапты тамырларды дуплексті сканерлеу;
·          ЭКГ-ні Холтерлі мониторінгілеу;
·          ми жұлынының функциясын зерттеу;
·           зарарсыздыққа қанды бактериологиялық зерттеу.
Жедел шұғыл жедел көмек деңгейінде өткізілетін диагностикалық шаралар:
·          шағымдарды жинау және анамнезі;
·          физикальды зерттеу;
·          қант деңгейін анықтауға қан.
 
Диагностикалық критерийлер***
Шағымдар және анамнез:
·бас ауыруын бір жақты оқшаулануы, көбіне маңдай-шеке-көз аймағында;
·аурудың соғып тұру сипаты;
·          аурудың қарқындауы науқастың белсенділігін төмендетеді, бірқалыпты физикалық жұмыста және жаяу жүруде күшейетін және емделушінің өз қызметін тоқтатуды талап ететін;
·          келесі симптомдардың біреуінің бар болуы: жүрек айну, құсу, жарықтан-дыбыстан қорқу.
 
Анамнез:
·          жыныстық жетілу кезінде алғашқы ұстаманың пайда болуы;
·          отбасылық анамнезде туыстарында ұстамалы бас ауыру туралы мәліметтердің бар болуы;
·          шабуылдың ұзақтығы 4-тен 72 сағатқа дейін;
·          анамнезде 5 шабуылдан кем емес.
Ерекше күймен болатын бас сақинасы үшін:
·          ерекше күйдің ешбір симптомы 60 минуттан ұзаққа созылмайды;
·          ерекше күйдің бір немесе бірнеше симптомдардың толық қайтымдылығы, фокалды мидың дисфункциясын куәләндырады;
·          ерекше күймен бас ауруының бастамасы аралығындағы айқын аралық ұзақтығы 60 мин.
 
Физикальды тексеру: іріңдеу, қарашықтың өзгеруі, эмоциональды жабырқау, интеллектуальдық қабілетінің төмендеуі, шабуылға дайын тұрушылық, сөйлеудің бұзылуы, желке бұлшықетінің ебедейсіздігі.
·          Кернеулі бас ауыру: ұзақтығы бірнеше минуттан бір күнге дейін, екі жақты тектес, орташа немесе жеңіл қарқындылықпен, жүрек айнусыз, жарықтан қорқу.
·          Ерекше күйсіз болатын бас сақинасы (жалпы бас сақинасы): көріністің ұзақтығы 72 сағатқа дейін, екіжақты бас ауыру, желке ауыруы кездеспейді.
·          Ерекше күймен болатын бас сақинасы (классикалық бас сақинасы): бас ауруынын басталуына дейін ерекше күйдің ұзақтығы 5-20 минут, әдетте көзбен шолуда (жарқылдау, жалтылдау, жарық ұшқыны, шоғырдың/иректің күшеюі, қара нүктелер, немесе соқыр дақтар, микропсия/макропсия сиректеу). Ұстама арасындағы кезеңде шаршау, шоғырлану қиындықтары байқалады.
 
Зертханалық зерттеулер:
·          Қанның жалпы талдауы: гемоглобиннің төмендеуі (90г/л аз);
·          Қанның биохимиялық талдауы: креатинин және несепнәр деңгейінің жоғарылауы;
 
Аспаптық зерттеулер:
Офтальмоскопия: көз тамыр дискісінің ісіну белгілері
 
Бейінді мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:
·          Нейрохирургтің кеңесі: бас миында ісікті және инсультты болдырмау мақсатымен;
·          Офтальмолог кеңесі: офтальмоскопия өткізу мақсатымен;
·          Психолог кеңесі – Диагностикалау, түзету және психопатологиялық күйден сақтандыру өткізу, кеңес беру мақсатымен;
·          Оториноларинголог кеңесі – жоғарғы демалу жолдарының (гаймориттер, синуситтер) патологиясын болдырмау мақсатымен;
 

Дифференциалды диагноз


1-кесте. Бас ауыруының сараланған диагностикасы:
 

  Бас ауыру қысымы Персистирленген бас ауруы
 
Кластерлі бас ауыру Бас сақинасы
Бас ауыруының жиілігі Жеңілден орташа сырқырап ауыруыға дейін немесе сыздап ауыру   Қатты ауыру Орташадан қатты ауыруға дейін
Ұзақтығы 30 минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады Күніне 4 сағатқа дейін созылады 30 минуттан 3 сағатқа дейін созылады 4 сағаттан 3 күнге дейін созылады
Еселік   Бірнеше ай бойы айына 15 күн Бірнеше ай бойы күніне бірнеше рет болуы мүмкін Мезгілімен туындау: айына бірнеше реттен жылына бірнеше рет болуы
Оқшалау Кернеу бар, бүкіл басқа қысым көрсетіледі Бір немесе екі жаққа оқшауланады Бастың бір жақ бөлігінде оқшауланады көз немесе шекеге назар аударылады Бастың бір немесе екі жақ бөлігінде оқшауланады
Өзгешілігі   Үздіксіз ауыру Қатты және шаншып ауыру Солқылдап ауыру
Жүрек айну немесе құсу симптомдары Жүрек айну немесе құсу симптомы болмауы     Жүрек айну, құсу, ерекше күй болуы мүмкін
Ерекше күйдің болуы Ерекше күй жоқ Ерекше күй жоқ   Ерекше күйі бар
Жарық- және шуыл сезімталдығы Жарық- және шуыл сезімталдығы бар   Тұмау, жас, сонымен қатар жоғарғы қабақтың түсуі (бір жағы жиі кездеседі) болуы мүмкін Жарыққа, шуылға, қозғалысқа сезімталдық бар
Араңдатушы   Парацетамолды немесе БСҚҚП жиі қолдану одан әрі ұлғайтады   КБА бірге байқалуы мүмкін

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты:
·          бас ауыруын тоқтату;
·          жалпы көңіл-күйді жақсарту.
 
Емдеу тактикасы***:
Дәрі-дәрмексіз  емдеу:
·          сақтану режимі (ұйқы және демалыс режимін қадағалау, қалжырауды шектеу).
·          тұз және сұйықтық шектелген диета.
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу:
Бас ауыруын емдеу үшін қолданылады:
·          бейспецификалық механизм әсері бар дәрілер (бейстероидты қабынуға қарсы дәрілер);
·          спецификалық механизм әсері бар дәрілер (рецепторлардың іріктемелі агонистері және рецепторлардың іріктемелі емес агонистері);
·          көмекші дәрілер: тамырлы, седативті (мазасыз күйде және бас ауыру қысымы кезінде).
 
Амбулаториялық деңгейдегі  дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрі-дәрмек құралдарының тізімі (100% қолдану мүмкіндігі бар):
Бейстероидты қабынуға қарсы дәрілер:
·          0,5 г-нан 23 дәріге дейін парацетамол;
·          парацетамол суппозитарийлерін температура жоғарылаған сайын ректалды 1 суппозитарий;
·           ибупрофен, 0,2 нан және 0,4 г №10, 20 немесе 100 таблетка;
·          диклофенак – балаларға 6 жастан және жоғары және жасөспірімдерге  2 мг/кг/тәулігіне есебінен, инъекция үшін 2,5% ерітінді ампулада 3мл №5.
·           кеторолак, құрамында 0,01 г кеторолак трометамин бар дәрілер, инъекция үшін ампулада 1 мл (0,015 немесе 0,03 г кеторолактрометамин) ерітіндісі. 15-30 мг мөлшері, әр 4-6 сағат сайын бұлшықет ішіне,  тамыр ішіне енгізеді және 5 күн ішке қабылдайды.
Серотонинді рецепторлардың іріктемелі агонистері:
·          суматриптан ішке, интраназалды. Ішке – 50 мг (100 мг қажет болғанда). Интраназальды — 20 мг (1 мөлшер) біржақ мұрын қуысына. Қайта енгізу интервалы 2 сағаттан кейін ғана мүмкін. Максималды тәуліктік мөлшер ішке қабылдауда – 300 мг, интраназалды қабылдау үшін – 20 мг нан 2 мөлшер. Дәрінің шығу пішіні, үлдір қабықшамен қапталған, 100 мг: 2, 4, 6 немесе 10 дана.
 
Қосымша дәрілік құралдардың тізімі (қолдану мүмкіндігі 100% аз):
Тамырлы дәрілер:
·          никотиноил гамма–аминомайлы қышқыл, қолдану тәсілі:
·          ішке, 0,05 г тәулігіне 3 рет;
·          кесте бойынша парентералды: таңертең т/і тамшылай, кешке б/і,  -0,1-0,2 г мөлшер (2 мл 5–10% ерітіндісі) тәулік мөлшері 0,2-0,4 г күніне 1-2  рет, емделу курсы: 10 күндей т/і, содан кейін б/і 15 - 30 күндей.
 
Седативті дәрілер:
·          натрий вальпроаты, күніне 20-30 мг/кг, 300 мг, 500мг, № 30, № 100, шәрбат 50мг/мл, 300мг/мл таблеткалар;
·          амитриптилин 12,5–25 мг нан 100 мг/тәулік дейін;
·          тизанидин, 4-6 мг/тәулік.
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер:
·          Парацетамол 0,5 г-нан 23 таблеткаға дейін;
·          Парацетамол парацетамол суппозитарийлерін: температура жоғарылаған сайын ректалды 1 парацетамол суппозитарий;
·          Ибупрофен, 0,2-нан және 0,4 г №10, 20 немесе 100 таблетка;
·          Диклофенак – балаларға 6 жастан және жоғары және жасөспірімдерге   2 мг/кг/тәулігіне есебінен, инъекция үшін 2,5% ерітінді ампулада 3мл №5.
·          Кеторолак, құрамында 0,01 г кеторолак трометамин бар таблеткалар, инъекция үшін ампулада 1 мл (0,015 немесе 0,03 г кеторолактрометамин) ерітіндісі. 15-30 мг дозасы, әр 4-6 сағат сайын бұлшықет ішіне, күре тамыр ішіне енгізеді және 5 күн ішке қабылдайды.
 
Тамырлы дәрілер:
·          никотиноил гамма – аминомайлы қышқыл, қолдану тәсілі:
·          ішке, 0,05 г тәулігіне 3 рет;
·          кесте бойынша парентералды: таңертең т/і тамшылай, кешке б/і, -0,1-0,2 г мөлшер (2 мл 5–10% ерітіндісі) тәулік мөлшері 0,2-0,4 г күніне 1-2 рет, емделу курсы: 10 күндей т/і, содан кейін б/і 15 - 30 күндей.
 
Седативті дәрілер:
·          вальпроат натрия, күніне 20-30 мг/кг, 300 мг, 500мг, № 30, № 100 дәрілер, 50мг/мл, 300мг/мл шәрбат;
·          амитриптилин 12,5–25 мг нан 100 мг/тәулік дейін;
·          тизанидин, 4-6 мг/тәулік; курс 10 күн;
·          флуоксетин, 20 мг/тәулік 1–2 қабылдау (әсіресе, күннің бірінші жартысында);
·          топирамат, 3–6 мг/кг/тәулік;
·          карбамазепиндәріде 200мг, 1тб нан түнге, курс 1 ай.

Жедел шұғыл көмек деңгейінде дәрі-дәрмекпен емдеу:
Спазмолитикалық терапия:
·          нимодипин, 0.02%-50 мл, т/і өте баяу 15 мкг/кг/сағ. 2 сағатта.
·          никотиноил гамма – аминомайлы қышқыл, т/ітамшылы, 2 мл 5–10% ерітінді
·          кеторолак 1 мл в/м;
·          диазепам 5 мг/кг
 
Емдеудің басқа түрлері: жоқ.
 Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері: Физиотерапия:
• спазмолитика мен омыртқаның мойынжақ бөлігіне электрофорез (папаверин, натрий бром);
• электросон;
• дарсонвальтерапия;
• транскранеалды магнитті стимуляция;
• омыртқаның мойынжақ бөлігін уқалау;
• ЕДШ;
• акупунктура (инетерапиясы): созылмалы цефалгия.
 
Стационар деңгейінде көрсетілетін басқа түрлері: жоқ
 
Жедел шұғыл көмек деңгейіндегі емдеудің басқа түрлері: жоқ
 
Хирургиялық араласу: өткізілмейді.
Амбулаториялық деңгейдегі  хирургиялық араласу: жоқ
 
Стационар деңгейінде хирургиялық араласу: жоқ

Алдын алуы


Профилактикалық іс-шаралар: бас сақинасының профилактикасы  мақсатында рецептордың іріктемелі агонистері:
Эрготамин: • 15 - 20 тамшыдан 0,1 % ерітінді болжамды ұстамаға бірнеше сағат бұрын;
• ұсатаманың ауыру фазасының басында тілдің астына 2 - 4 мг, содан кейін ауырудың азаюына дейін 2 ч - 2 мг, бірақ күніне 10 мг көп емес;
• бас сақинасының қатты ұстамасы кезінде 0,5 - 1 мл 0,05 % ерітіндіні бұлшықет ішіне енгізеді.
 
Ең жоғары мөлшерлер;
• ішке қабылдау кезінде: бір реттік 0,002 г (2 мг), тәуліктік 0,004 г (4 мг);
• терінің астына және бұлшықет ішіне; бір реттік 0,0005 г (0,5 мг), тәуліктік 0,002 г (2 мг), 1 мл-нан (0,5 мг в 1 мл) ампулада  0,05 % ерітінді; 10 мл (1 мг в 1 мл) дан шишада 0,1 % ерітінді; таблетка (драже) 0,001 г-нан (1 мг).
 
Бас ауыру кернеуінің профилактикасы мақсатындағы седативті дәрілер:
• амитриптилин 50-100 мг/тәулік-нан;
• флуоксетин20-40 мг/тәулік - нан;
• күніне топирамат 100 мг (бастапқы мөлшер — күніне 25 мг, әр апта сайын 25 мг қосу қажет, қабылдау тәртібі — күніне 1-2 рет; терапия ұзақтығы 2-6 ай).[13-20]
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдібиеттер тізімі: 1. Колосова О. А. Мигрень. Медицина для всех, 1998, № 4(10), стр.3-6. 2. Фокин И.В., Вейн А. М., Колосова О. А., Осипова В. В. Клинико-психологическая характеристика и терапия больных кластерной (пучковой) головной болью. Журнал неврологии и психиатрии, № 10, 2001 г., 19-21. 3. Яхно Н.Н., Штульман Д. Р. Болезни нервной системы, М., Медицина, 1995, 656 с. 4. Вейн А.М., Колосова О. А. Головная боль. (Классификация, клиника, диагностика, лечение), М., 1994 г., 280 с. 5. Вейн А.М., Колосова О. А., Фокина Н. М., Рябус М. В. Головная боль напряжения. Журнал невропатологии и психиатрии, № 11, 1997 г., стр.4-7. 6. Данилов Ал.Б. Диссертация канд. мед. наук, Психофизиологическое исследование мигрени., М., 1997 г., 148 с. 7. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Денисова И.Н., Кулакова В.И., Хаитова Р.М. — М.: ГЭОТАР_МЕД, 2001. —1248 с.: ил. ISBN 5_9231_0150_5 8. Comprehensive Review of Headache Medicine. — Oxford University Press US, 2008. — P. 60.—ISBN 0-19-536673-5 9. Международная классификация головных болей. 2-ое издание (pdf) 10. The classification and treatment of headache. Med. Clin. North Am. 35 (5): 1485–93. PMID 14862569. 11. AmalMattu; DeepiGoyal; Barrett, Jeffrey W.; Joshua Broder; DeAngelis, Michael; Peter Deblieux; Gus M. Garmel; Richard Harrigan; David Karras; Anita L'Italien; David Manthey Emergency medicine: avoiding the pitfalls and improving the outcomes. — Malden, Mass: Blackwell Pub./BMJ Books, 2007.—P. 39.—ISBN 1-4051-4166-2 12. Goadsby PJ (January 2009). «The vascular theory of migraine--a great story wrecked by the facts». Brain 132 (Pt 1): 6–7. DOI:10.1093/brain/awn321. PMID 19098031. 13. Consumer Reports & Drug Effectiveness Review Project (March 2013), «Using the Triptans to Treat: Migraine Headaches Comparing Effectiveness, Safety, and Price», consumer Reports, с. 8. 14. Detsky ME, McDonald DR, Baerlocher MO, Tomlinson GA, McCrory DC, Booth CM. Does this patient with headache have a migraine or need neuroimaging? JAMA 2006;296:1274-83 15. A Placebo-Controlled Surgical Trial of the Treatment of Migraine Headaches — Plastic and Reconstructive Surgery:August 2009—Volume 124 —Issue 2 —pp 461—468 16. Вейн А.М., Колосова О.А., Яковлев Н.А. и др. Головнаяболь. М. 1994 – 286 с 17. Rob Forsyth, Richard Newton. Pediatric Neurology/Oxford specialist handbooks in pediatrics/2012 18. BruceO.Berg. Principles of child neurology /McGraw-Hill, 1996 19. Джеральд Феничел М. Педиатрическая неврология: Основы клинической диагностики, 2004; 20. Статья размещена в номере 23/1 за декабрь 2007 года, на стр. 32-33 21. Статья размещена в номере 23/1 за декабрь 2007 года, на стр. 32-33. Применение ибупрофена для купирования головной боли различного генеза 21. Обзор данных литературы и доказательной базы статья размещена в номере 23/1 за декабрь 2007 года, на стр. 32-33 22. Применение ибупрофена для купирования головной боли различного генеза Обзор данных литературы и доказательной базы 23.Д. Молчанов Здоровье Украины. «Тематический номер: Неврология, психиатрия, психотерапия»

Ақпарат


Біліктілік деректерімен хаттаманы әзірлеушілер тізімі:
1. Жақсыбаева Алтыншаш Хайруллақызы - м.ғ.д.,  жоғары біліктілік санаты бара невропатолог-дәрігер, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ стратегиялық жоспарлау бойынша директоры, ҚР ДСӘДМ шаттан тыс бас балалар невропатологы;
2. Лепесова Маржан Махмұдқызы - м.ғ.д., жоғары біліктілік санаты бара невропатолог-дәрігері, профессор, «Қазақ үздіксіз білім беру  медициналық университеті»АҚ «Балалар неврологиясы» кафедрасының меңгерушісі;
3. Кенжеқұлова Раушан Базарғалиқызы - м.ғ.к., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ жоғары біліктілік санаты бара невропатолог-дәрігер;
4. Бақыбаев Дидар Ержомартұлы – «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ  клиникалық фармаколог-дәрігері.

Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі: Ризванова Әсия Рашитқызы – м.ғ.к., «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ медициналық директордың орынбасары.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: Хаттаманы 3 жылдан кейін қайта қарау және/немесе одан да жоғары дәлелділік деңгейіндедиагностика/емдеудің жаңа әдістері шыққан кезде.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх