Войти

Басқа инфекциялық емес гастроэнтериттер мен колиттер (педиатрия)

ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014
Неинфекционный гастроэнтерит и колит неуточненный (K52.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
 № 10 хаттамасымен
бекітілген

Созылмалы энтерит – ащы ішектің қабыну–дистрофиялық аурулуары. Бұл патологияда дистрофиялық өзгерістермен қатар дегенеративті және атрофиялық өзгерістер пайда болады.
Аллергиялық гастроэнтерит (эозинофильді гастроэнтерит) – асқазанның антральды бөлігінің, эпителиінің, шұңқыр бездерінің эозинофильді кабынуларының қалыптасуымен өзіндік пластинкасының шырышты қабатында, негізі эозинофильдермен инфильтрацияланатын созылмалы ауру; ащы және тоқішектердің, өңештің зақымдануы тән; жиі аллергиялық аурулармен, сондай-ақ тағамдық заттарға реакциялармен қоса болады.
 Колит - тоқ ішектің ішкі (шырышты) қабатының қабынуы.

Хаттама атауы - Басқа инфекциялық емес гастроэнтериттер мен колиттер.
 
Хаттама коды –
 
ХАЖ -10  бойынша кодтары :
К52.0  Радиациялық гастроэнтерит және колит
К52.1  Уытты гастоэнтерит және колит
К52.2  Аллергиялық және әлеуметтік гастроэнтерит және колит
К52.8  Анықталған басқа бейинфекциялық гастроэнтериттер және колиттер
К52.9  Нақтыланбаған бейинфекциялық гастроэнтерит және колит
 
Хаттамадағы қолданылатын қысқартулар
АЛТ – аланинаминотрансфераза
АСТ – аспартатаминотрансфераза
ИФТ – иммуноферментативті талдау
КТ – компьютерлі томография
ХҚҚ - халықаралық қалыптандырылған катынас
МРТ - магниттік–резонансты томография
ЖҚТ - жалпы қан талдау
ЖНТ - жалпы несеп талдау
ПУ - протромбинді уақыт
ПТИ - протромбинді индекс
МСАК - медициналық –санитариялық алғашқы көмек
ЭШЖ - эритроциттің шөгу жылдамдығы
СРБ - С – реактивті ақуыз
УДЗ - ультрдыбысты тексеру
ФГДС – фиброэзофагогастродуоденоскопия
ЭКГ – электрокардиография
 
Хаттаманы дайындау күні- 2014жыл
 
Пациенттер санаты - балалар
 
Хаттаманы пайдаланушылар - педиатрлар, балалар гастроэнтерологы, жалпы тәжірибе дәрігерлер, медициналық жедел жәрдем дәрігерлері және фельдшерлер.
 

Жіктемесі


Клиникалық жіктелуі.
 
Басқа инфекциялық емес гастроэнтерит және колиттердің  жіктелуі [5]
1) Асқорытудың және ішектегі сіңуінің алғашқы бұзылыстары.
2) Ішектің қабыну және дистрофиялық аурулары:
·     Созылмалы бейспецификалық энтерит
·     Эозинофильді гастроэнтерит
·     Радиациялық энтерит
·     Экссудативті энтеропатия синдромы
·     Ішек туберкулезі
·     Уиппл ауруы
·     Созылмалы бейспецификалық жаралы колит
·     Крон ауруы
·     Жалған мембранозды колит (энтероколит)
3) Иммун тапшылық жағдайдайындағы ішек аурулары:
4) Отадан кейінгі ішек аурулары
5) Ішектің функциялық аурулары
6) Тоқішектің дивертикулезі
7) Ішектің қантамырлық аурулары
8) Тоқ және тікішектің таралған түйінщектері (полипозы)
9) Ішек ісігі
10) Ішектің даму ақаулары
11) Аноректалдьды аурулар
12) Ішектің сирек кездесетін аурулары
 
Созылмалы бейспецификалық энтероколиттердің жіктелуі:

Этиологиясы бойынша:
Инфекциялық (инфекциялардан кейінгі)
Паразитарлы
Уытты
Дәрі-дәрмектік
Алиментарлы
Қайталама

Анатомия–морфологиялық белгілер бойынша:

Оқшаулануы бойынша :
Созылмалы еюнит
Созылмалы илеит
Созылмалы тотальді энтерит

Тоқ ішектегі морфологиялық өзгерістеріне қарай:
Атрофиясыз еюнит
Әлсіз парциальды түкті атрофиялы еюнит
Анық парциальды түкті атрофиялы еюнит
Субтотальды түкті атрофиялы еюнит

Клиникалық ағымы бойынша :
жеңіл ағым
орташа ағым
ауыр ағым
өршу немесе ремиссия (қалпына келу) фазасы

Ащы ішектің функциялық бұзылыстары бойынша:
ас қорытудың жеткілксіздік синдромы (мальдигестия )
ішектің сіңу жеткіліксіздік синдромы (мальабсорбция)
экссудативті энтеропатия синдромы
көп фунциялы жеткіліксіздік синдромы (энтеральды жеткіліксіздік)

Тоқ ішектің қосылу дәрежесі бойынша:
қоса болатын колитсіз
қоса болатын колитпен (тоқішекте зақымданудың таралуына және морфологиялық өзгерістеріне қарай )
 

Диагностика


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі диагностикалық   тексерулер :
·     ЖҚТ (6 параметрде)
·      Биохимиялық қан талдау ( АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, билирубин)
·     ЖНТ
·     Нәжісті гельминттерге және қарапайымдарға тексеру
·     Нәжісте жасырын қанның болуы
·     Нәжісті патогенді және шартты-патогенді микрофлораға бактериологиялық тексеру
·     Капрограмма
·     ФГДС
·      іш қуысы ағзаларының УДЗ
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін  қосымша диагностикалық  тексерулер :
·     Биохимиялық қан талдауы (холестерин, жалпы ақуыз, ақуыздық фракция, глюкоза, СРБ, сарысулық темір);
·     ИФТ-әдісі арқылы қан сарысуындағы АИВ р 24 антигенін анықтау;
·     Нәжісті гельминтке және қарапайымдарға тексеру;
·     Биологиялық материалды Candida туыстығы зеңдерге бактериологиялық тексеру;
·     ЭКГ
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі :
·     ЖҚТ (6 параметрде )
·     ЖНТ
·     Биохимиялық қан талдауы (АЛТ, АСТ, тимол сынамасы, билирубин)
·     Коагулограмма (ПВ-ПТИ-МНО);
·     Нәжісті гельминттерге және қарапайымдарға тексеру
·     Нәжісте жасырын қанның болуы
·     Капрограмма
·     ФГДС
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі диагностикалық  тексерулер :
·     ЖҚТ (6 параметрде)
·     ЖНТ
·     Биохимиялық қан талдау (жалпы ақуыз, ақуыз фракциясы, СРБ, сарысулық темір, калий, натрий, кальций анықтау)
·     Нәжісте жасырын қанға тексеру
·     ФГДC гистологиялық тексерумен
·     УДЗ
·     КТ
·     Фиброректосигмоидоскопия;
·     Фиброколоноскопия.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер :
·     Биохимиялық қан талдау
·     ИФТ–әдісі арқылы қан сарысуындағы Ig E анықтау
·     Нәжісті гельминттерге және қарапайымдарға тексеру
·     Іш қуысының рентгеноскопиясы
·     ФГДС
·     ЭКГ
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:  өткізілмейді
 
Диагностикалық критерийлер.

Шағымдар және анамнез

Шағымдар:
·     іштің  ауыруы
·     жүрек айну
·     құсу
·     созылмалы диарея, сұйық нәжіс,  қорытылмаған тамақ  құрамымен,  кейде қанмен
·     арықтау
·     үлкен дәреттен кейін тоқтамайтын тенезмдер, іштің ұстама тәрізді ауыруы
·     іштегі құрыл
·     колитте - іш қату, қой құмалағы тәрізді нәжіс

Анамнез:

Аллергиялық гастроэнтерит және колит анамнезінде болса :
·     анамнезінде аллергологиялық бейімділік
·     кейбір тағамдық заттарды (сиыр сүті, жеміс, жаңғақ, саңырауқұлақ және т.б ) қабылдағанда пайда болатын гастроинтестинальды  симптомдар
аллергиялық тағамдарды қабылдауды тоқтатқан соң жойылатын симптомдар
[5,7].
Уытты гастроэнтерит және колитте: сапасыз тағамды тұтынғанда

Физикальды  зерттеулер [2, 3, 5, 7]:
·     іш пальпациясында және күштеп қысым түсіргенде, кіндік аймағындағы ауыру сезімі (кіндіктен жоғары және шамалы солға қарай – Поргес симптомы); ащы ішек шажырқайы бойынша (кіндіктен оң сегізгөз мықын қосылуна қарай -Штернберг симптомы); денені дірілдеткенде, жаяу жүргенде  ауыру сезімі перивисцерит көрінісі  болуы мүмкін.
·     тікішекті саусақпен басып көргенде, құрыл және шылпылдың анықталуы (Образцов симптомы)
·     бауырдың ұлғайуы
·     соқыр ішекті саусақпен басып көргенде, қорыл және көп мөлшердегі газдың  шығуы
·     жиі (тәулігіне 15- 20 ретке дейін) үлкен дәретке отыру, нәжіс жиі ботқа тәрізді, қорытылмаған ас қалдықтарымен, бірақ шырышсыз, газдық көпіршіктермен
 
Зертханалық зерттеулер [2, 3,5,7]:
·     ЖҚТ: анемия, эозинофилия 30-80%-ға дейін
·     БҚА: гипопротеинемия
·     Нәжісті жасырын қанға зерттеу: оң
·     Копрограмма: шырыш, өзгермеген бұлшықет талшықтары, нейтральды май және көп мөлшердегі май қышқылы, Шарко-Лейден кристаллдары
 
Аспаптық зерттеу  [2, 3,5,7]:
·     ФГДС: шырыштың өзгерістері (ұзақ ағымдағы ішектің шырышты қабатының  гиперемиясы мен ісінуінен эрозия аумағы көрінуі мүмкін )
·     Бариймен рентгеноскопия: ащы және тоқішектің шырышты қабат рельефінің өзгерістері
·     Ректороманоскопия: тікішектің шырышты қабаты гиперемиялы, бозғылт және атрофиялық өзгерген, эрозия және геморрагиялы
·     Колонофиброскопия: катаральды, сирек катаральды – жаралы колит көрінісі
·     Гистология: қабыну реакциясының көрінісі (жасушалар инфильтрациясы мен бүрлерде эозинофильдердің жиналуы)
·     КТ: шырышты қабатының жұқаруы
·     УДЗ: іш қуысы ағзаларының функциялық және органикалық патологиялардың  анықталуы;
 
Мамандар кеңесіне көрсетулер:
·     ЛОР кеңесі – созылмалы инфекция ошақтарын санациялау мақсатында
·     Стоматологтың кеңесі - созылмалы инфекция ошақтарын санациялау мақсатында
·     аллерголог - патологияның аллергиялық генезін анықтау үшін
 

Дифференциалды диагноз

Ауру атауы Клиникалық критерийлер Зертханалық көрсеткіштер
 Созылмалы гастродуоденит  Эпигастридегі ауру сезімінің  кіндік және пилородуоденальды аймаққа оқшаулануы: диспепсиялық көріністер
(жүрек айну, кекіру, қыжыл, кейде құсу); ерте және кеш аурулар
 
Асқазан шырышты қабатының эндоскопиялық өзгерістері және ДК (ісіну, гиперемия, қан құйылу,
эрозия , атрофия, гипертрофия). Н.pylari – цитологиялық зерттеуде, ИФА және т.б
Созылмалы панкреатит Ауыру сезімінің кіндіктен жоғары оқшаулануы, солға қарай берілуі және белді айналатын ауру Қанда және несепте амилазаның жоғарылауы, нәжісте трипсиннің белсенділігі, стеаторий, креаторий. УДЗ – без өлшемі ұлғайған және эхолагиялық тығыздығы өзгерген.
Созылмалы холецистит Саусақпен басып көргенде, ауыру сезімі оң жақ қабырға астында, өт қапшығы кескінінде аумағындағы ауырсыну, субфебрилитет не дене температурасының фебрильдіге дейін жоғарылауы, уыттану Қанда – лейкоцитоз , нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы. УДЗ- өт қабының қалыңдауы,  шырышты үлпектердің болуы, өт іркілуі, периваскулярлы  реакция .
Ойық – жара ауруы Ауыру сезімі тамақтан кейін  2-3 сағаттан соң пайда болады. жіті басталады,  саусақпен басып көргенде, іш қуысы бұлшықеттерінің құрысуы, Мендель симптомының оң болуы.  Эндоскопияда  -  шырышты қабатының терең ақаулары, айналасында гиперемирияның болуы.

Емдеу тактикасы

Емдеу мақсаты :
·     қабынуға қарсы терапия
·     ауыру синдромын жою
·     ішектің маторлы функциясын қалпына келтіру
·     патогенді, шартты-патогенді флораның селективті деконтаминациясы
 
Емдеу тәсілі:

Дәрі-дәрмексіз емдеу
Қорғау тәртібі
 №4 диета: ақуызға бай, көмірсу құрамы аз жаңадан әзірленген бейтарап тағамдар; талшыққа бай, ащы, тұзды, қуырылған және сүрленген, сүт өнімдерін шектеу .
 №4Б, 4В диеталары: 3-5 күннен соң диетаны ақырындап ұлғайтады да, оны 4-6 аптаға тағайындайды .
 №15 диета: жалпы стол

Дәрі-дәрмекпен емдеу:
 

Қағидат Препараттар тобы Препараттар атауы Мөлшері және  қабылдау  ұзақтығы
Бактерияға қарсы терапия 8- оксихинолин туындылары Энтеросептол 0,5г.
 
1 ж дейін-  0,125 г-нан 1 рет
1-3 жас- 0,125 г 2 рет ,
4-6 жас - 0,125 г 3 реттен,
7-10 жас  0,125 г 4 рет,
11–14 жас- 0,25 г 2–3 рет,  14 жастан жоғары - 0,5г тәулігіне  2-3 реттен.
Хинолин тобы Налидиксин қышқылы туындылары 0,5 г 1г нан  тәулігіне 4 реттен  қабылдайды. Курс -5-14 күн
Нитроимидазол топ препараттары Метронидазол 0,5 г 1-2 табл. күніне 3 реттен
Триметоприм+Сульфаметоксазол,
 
Ко-тримоксазол 120,240,480
 
Күніне 2 реттен 1- 2 табл.
Зең флорасын егуде Зеңге қарсы препараттар Флуконазол
 
1г-12 жас
3-6мг/кг, 12 жастан бастап 50 мг/тәулігіне. 1 реттен, курс 7-14 күн
 
Секрецияға қарсы  препараттар                    
 
 ПП ингибиторлары Омепразол 10-20кг  балалар 10мг  -нан   күніне 1 рет. Дене массасы 20 кг көп болса – 20 мг–нан  күніне 1 рет;
Лансопразол  10 мг Күніне 1 рет 20-30 мг – нан
Эзомеразол 10мг Күніне 1 рет тен 10-20 мг
Пантопрозол 40мг Күніне 1 реттен 40 г
Моторлы бұзылысты түзету Спазмолитиктер Дротаверин 1мл-20мг  2-6 жас -10-20 мг –нан  тәулігіне 2 реттен
6-12 ж -20мг –нан тәулігіне  2 реттен
12 ж асқан балаларға -40-80 мг  тәулігіне  2-3 рет. Ең жоғары мөлшер 240 мг .
Бутилбромид гиосцині
 
1 жасқа дейінгі балаларда –суспензия түрінде 5мг күніне 2-3
 Реттен  немесе  1 балауыз, 6 жастан асқан балаларға 1-2  табл.  күніне 3-5 реттен
Прокинетиктер Домперидон 10 мг,  20мг Жаңа туылған нәрестелерге  100-300 мкг /кг 4-6 реттен  тамақтану алдында,1 ай- 12 ж-100-400мкг/кг   тәулігіне 3-4 реттен  тамақтану алдында, 12-18 ж 10-20 мг 3-4 реттен тамақтану алдында
Метоклопрамид 10мг.
 
1 ай- 12 ж-100-400мкг/кг   тәулігіне 3-4 реттен  тамақтан алдын, 12-18 ж 10-20 мг 3-4 реттен тамақтан алдын
Диареяда Диареяға қарсы препараттар Лоперамид 1ай- 1 жас   100-200 мкг /кг 2 рет тамақтан алдын, 1ж- 12 ж100-200мкг/кг  3реттен ,12-18 ж -2-4 мг 2-3  реттен  тамақтану алдында
Су –тұз балансын қалпына келтіру үшін 
 
Инфузиялық терапия Натрий хлор 0,9 %  20-30 мг /кг  3-4 күн сусыздану дәрежесіне қарай
5-10 % декстроза ерітіндісі 2-10кг  -100-165 мл/кг/тәу, 10-40 кг -45 -100 мл/кг/тәу
Иммунды мәртебені арттыру үшін Дәрумендер пальмитат ретинолы    
ацетат альфа-токоферол 1т күніне 3 рет 10 күн
Тиамин бромиді 5%,. 1мл 10 күн
Пиридоксин гидрохлориді 5% 1мл 10 күн
Асқазан – ішектік препарат
тар
Ферментативті препараттар Панкреатин – 500-1000 ЕД/липаза дене салмағына 6 ж дейінгі  балаларға 125мг 3 реттен   тамақтану алдында, 6 ж асқан балаларға 250 мг  3 реттен  тамақтан бұрын
Адсорбенттер Белсендірілген көмір 250мг 1-2 таб  күніне 3-4 реттен 6-7 күн бойы
Метеоризмді  төмендетін препараттар  
Симетикон 40мг
 
1-2 ш.қ  эмульсия немесе  тамшы, не 1-2 табл., балаларға 40 мг  тағамнан соң  және  ұйықтар алдында
Аллергиялық гастроэнтерит және колит
Аллергияға қарсы препарат
тар
Горманальды препараттар Преднизолон 2,5% и 3,0%  инъекцияға арналған  ампуладағы ерітінді 1мл
 
Бір реттік – 0,015г , тәулігіне – 0,1 г, ауыр жағдайда  0,3-1,2 г дейін жоғарылатады , 4 ж дейінгі балаларда  0,001 г/кг  тәулігіне ,5-6 ж-0,02 г,      7-9 ж- 0,025-0,03г,10-14ж-0,025-0,4г тәулігіне
Н1 гистаминоблокаторлар Клемастин  2мг/тәулігіне
Фексофенадин 60-120 мг/тәулігіне
Лоратидин 10мг/тәулігіне
Цетиризин 10мг /тәулігіне
Эбастин 10-20  мг / тәулігіне
 
Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен емдеу:
 
Негізгі препараттар тізімі:
• Триметоприм+Сульфаметоксазол 240-480 мг. таблеткасы;
• 8-оксихинолин туындылары 50 мг. таблеткасы;
• Налидиксин қышқылы туындылары 500 мг. таблеткасы;
• Дротаверин, 40 мг таблеткасы;
• Домперидон, 10 мг, 20 мг таблеткасы;
• Метоклопрамид 10мг., таблеткасы;
• Омепразол, 20 мг. таблеткасы;
•  Бутилбромид геосцин, 10 мг таблеткасы;
• Клемастин 1мг., таблеткасы;
• Лоратидин 10 мг., таблетка;
• Цетиризин 10 мг., таблеткасы;
• Фексофенамид 30 мг., таблеткасы;
• Эбастин 10мг., 20 мг., таблеткасы;
• Преднизолон 1 мл (25мг.) ампула.
 
Қосымша препараттар тізімі:
• Нитроимидазол топ препараттары 250-500 мг., таблеткасы;
• Флуконазол 10 мг., капсула;
• Лансопразол 30 мг.,капсула;
• Эзомеразол 20 мг., капсула;
• Лоперамид 2 мг., капсула, таблетка;
• Симетикон тамшылары 40 мг/мл;.
• Панкреатин 250,125 мг., таблетка;.
• Белсендірілген көмір 250, таблеткасы;
• Пантопрозол 40мг., капсула;
• Альфа-токоферил ацетат100 мг., капсула;
• Пиридоксин гидрохлориді  0,01;0,02г.,таблетка;
• Тиамина бромид 40 мг., таблетка;
• Токоферола ацетат капсулада 100 мың.МЕ
 
Стационарлық  деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:  
 
Негізгі препараттар тізімі :
Натрий хлордың изотоникалық ерітіндісі 0,9%, - 20-30мл/кг
• Декстроза 5%, ерітінді;
• Триметоприм+Сульфаметоксазол 240-480мг., таблетка;
• 8-оксихинолин туындысы 50мг таблетка;
•  Налидиксин қышқылы туындысы 500мг., таблетка;
• Дротаверин, 40 мг ампула;
• Домперидон, 10 мг, 20мг таблетка;
• Метоклопрамид 10 мг, таблетка;
• Омепразол, 20 мг таблетка;
• Бутилбромид гиосцині, 10 мг таблетка ;
• Преднизолон 2,5% и 3,0% ампуладағы инъекцияға арналған ерітінді 1мл;
• Клемастин, 1 мг таблеткиа;
• Лоратидин 10 мг таблетка;
• Цетиризин 10 мг таблетка, тамшы;
• Фексофенамид 30 мг., таблетка;
• Эбастин 10мг., 20 мг., таблетка.
 
Қосымша препараттар тізімі:
•  Нитроимидазол  топты препараттары 250-500 мг., таблеткалар;
• Флуконазол 10мг., капсула;
• Лансопразол 30мг., капсула;
• Эзомеразол 20мг.,капсула;
• Лоперамид 2мг., капсула;
• Метронидазол 250-500мг., таблетка;
• Симетикон  ішке арналған тамшылар 40 мг/мл;  ішке арналған эмульсия 40 мг/мл; капсула 40 мг.;
• Панкреатин 250,125мг., таблетка;
• Пантопрозол 40мг., капсула;
• Диметинден  ішке арналған тамшылар, 1 мл – 1 мг.
•  Белсендірілген көмір 250, таблетка;
• Токоферол ацетаты капсуладағы 0,2 г;
• Альфа-токоферил ацетат 100мг,капсулы;
• Пиридоксина гидрохлорид 0,01г, 0,002г.,таблеткалар;
• Тиамина бромиді 40мг., таблетка.
 
Жедел  шұғыл жәрдем  кезеңіндегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
Натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі  0,9 %
бутилбромид гиосцині, 10 мг драже;
·     Дротаверин, 40 мг ампула;
·     Преднизолон 2,5% и 3,0%  ампуладағы инъекцияға арналған ерітінді 1 мл
 
Емдеудің басқа түрлері : жоқ
 Амбулаториялық деңгейде  жүргізілетін емдеудің басқа түрлері
 Стационарлық  деңгейде жүргізілетін емдеуің басқа түрлері
 
Хирургиялық араласулар: жоқ
амбулаториялық деңгейде жүргізілетін хирургиялық оталар: жоқ
стационарлық деңгейде жүргізілетін  хирургиялық оталар: жоқ

Профилактика


Профилактикалық іс-шаралар:
Жедел колиттің профилактикасы мен уақтылы емі:
·     реконвалесценттерді диспансерлеу
·     орынды тамақтану тәртібі
·     ауыз қуысын уақтылы санациялау

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Қолданылған әдебиеттер тізімі : 1. Побочная реакция на пищу. Аллергическая ли это реакция? Wesley Burks, MD It's an adverse food reaction--but is it allergy? Wesley Burks. It's an adverse food reaction- but is it allergy? Contemporary Pediatrics 2002;5:71. (перевод с английского). 2. Gastrointestinal food allergy: New insights into pathphysiology and clinical perspectives. Gastroenterology.The American gastroenterological association.Volume 128, Issue 4, Pages 1089-1113 (April 2005) 3. Rome III: The Functional Gastrointestinal Disorders. Douglas A. Drossman (Editor). Degnon Associates, Inc.; 3 rd edition.2006. - 1048 p. 4. Мельникова И.Ю., Новикова В.П. Диспансеризация детей и подростков с патологией пищеварительной системы: учебно-методическое пособие //Санкт-Петербург, 2011 г., с.26-36. 5. Авдеева Т.Г., Рябухин Ю.В., Парменова Л.И. и др. Детская гастроэнтерология: руководство. - М.:ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 210с. 6. Рациональная фармакотерапия заболеваний органов пищеварения: руководство для практических врачей //под общей ред. В.Т. Ивашкина. – М., Литтерра. 2003. – 1046с. 7. Практическое руководство по детским болезням. Под общей редакцией проф. В. Ф. Коколиной и А. Г. Румянцева. Том II. Гастроэнтерология детского возраста. Под ред. С. В. Бельмера, А. И. Хавкина, П. Л. Щербакова. Изд. 2-е, перераб. и доп. М.: Медпрактика-М. 2010.

Ақпарат


Әзірлеушілер:
1. Орынбасарова К.К. – м.ғ.д., «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық  медицина  университеті»  ШЖҚ РМК «Балалар аурулары» кафедрасының меңгерушісі.
2. Смағұлова А.Б. –  м.ғ.к., «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық  медицина университеті» ШЖҚ РМК «Амбулаториялық-емханалық педиатрия» кафедрасының  доценті.
3. Құдайберегенова М.С. –  «Ұлттық ғылымы медициналық  орталық» АҚ клиникалық  фармакологы.
 
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ
 
Пікір иесі: Оразова С.Н., м.ғ.д. - « Астана медицина университеті» АҚ
«№ 2  жалпы тәжірибе дәрігерлері»  кафедрасының  меңгерушісі
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары :  3 жылдан кейін не  жаңа диагностикалық әдістер  пайда болғанда  немесе жоғары дәрежелі  дәлелденген емдеу шаралары пайда болғанда  қайта қаралады .



Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную Меню
Наверх