Войти

Басқа бейинфекциялық гастриттер жəне колиттер

H-T-006

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Радиационный гастроэнтерит и колит (K52.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Созылмалы энтерит - ас ішектің қабынбалы дистрофиялы ауруы. Бұл патологияның ерекшелігі - дистрофиялық өзгерістермен қатар дегенеративті өзгерістер, əсіресе, атрофиялық өзгерістердің болуы.

Аллергиялық гастроэнтерит (эозинофильді гастроэнтерит) - негізінен асқазан жоғары бөлігі сілемейлі қабығы жеке пластинасының, эпителийдің, эозонофильді абсцесске айналған шұңқыр бездерінің эозонофиль инфильтрациясымен сипатталатын созылмалы ауруы; аш жəне тоқ ішектің, өңештің зақымдануымен сипатталады; аллергиялық аурулармен, соның ішінде тағамдардық аллергияға жиі қабаттасады.
 
Хаттама коды: H-T-006 "Басқа бейинфекциялық гастриттер жəне колиттер"
Терапевтиялық саладғы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
K52 Жұқпалы емес гастроэнтериттер мен колиттердің басқа түрлері
K52.2 Аллергиялық жəне алиментарлық гастроэнтерит жəне колит
K52.1 Уыттық гастроэнтерит жəне колит
K52.0 Радиациялық гастроэнтерит жəне колит
 
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

 
Ішек созылмалы ауруларының жіктемесі (А.Р.Златкина, А.В.Фролькис бойынша, 1985 ж.)

1. Ішекте ас қорытылуы жəне сіңірілуінің бастапқы бұзылулары.
2. Ішектің қабынбалы жəне дистрофиялық аурулары:
2.1. Созылмалы телімсіз энтерит.
2.2. Эозинофилді гастроэнтерит.
2.3. Радиациялық энтерит.
2.4. Экссудативті энтеропатия синдромы.
2.5. Ішек туберкулезі.
2.6. Уиппл ауруы.
2.7. Созылмады телімсіз ойық жаралы колит.
2.8. Крон ауруы.
2.9. Псевдомембраналық колит (энтероколит).
3. Иммунитет тапшылығы жағдайындағы ішек аурулары.
4. Операциядан кейінгі ішек аурулары.
5. Ішектің функциялық аурулары.
6. Тоқ ішектің дивертикулезі.
7. Ішектің қан тамырлары аурулары.
8. Тоқ жəне тік ішектің жайылған полипозы.
9. Ішектің ісіктері.
10. Ішек дамуының аномалиялары.
11. Аноректальдық аурулар.
12. Ішектің сирек кездесетін аурулары.

Созылмалы телімсіз энтериттердің жіктемесі

I. Этиологиясы бойынша:
1. Жұқпалы (жұқпадан кейінгі).
2. Паразитарлық.
3. Уыттық.
4. Дəрілік.
5. Алиментарлық.
6. Екіншілікті.

II. Анатомия-морфологиялық белгілері бойынша:

1. Орналасуы бойынша:
- созылмалы еюнит;
- созылмалы илеит;
- созылмалы тұтас энтерит.

2. Аш ішектің морфологиялық өзгерістеріне қарай:
- атрофиясыз (сембейтін) еюнит;
- орташа парциалды түкті еюнит;
- айқындалған парциалды түкті атрофиялы еюнит;
- тұтас түкті атрофиялы еюнит.

III. Клиникалық ағымына қарай:
1. Жеңіл ағым.
2. Ауырлығы орташа.
3. Ауыр ағым.
4. Өршу немесе ремиссия фазалары.

IV. Аш ішек қызметінің өзгерістеріне қарай:
1. Ас қорыту жетіспеушілігі синдромы (малдигестия).
2. Ішек сіңіру қызметінің жетіспеушілігі синдромы (малабсорбция).
3. Экссудативті энтеропатия синдромы.
4. Бірнеше қызмет жетіспеушілігі синдромы (энтеральная недостаточность).

V. Тоқ ішектің қатысу дəрежесіне қарай:
1. Ілеспе колитсіз.
2. Ілеспе колитпен (тоқ ішек зақымының таралуы, тоқ ішек морфологиялық өзгерістерінің сипаты есепке алынады).

VI. Экстринтестиналды бұзылулардың сипатына қарай
 

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар: интоксикация, радиациялық сəулелену, аллергия болуы, дəрі-дəрмек (антибиотиктер - неомицин, канамицин, тетрациклин жəне т.б.) қабылдау. Тамақтанудың бұзылуы, дисбактериоз, ішімдік ішу. Атопиялық дерматит, астма, отбасылық анамнездегі атопиялық аурулар.

Диагностика

 
Диагностика критерийлері

Тағамдық аллергияны диагностикалау үшін клиникалық жəне лабораториялық əдістер қолданады:
1. Анамнез.
2. Науқасты қарап шығу жəне клиникалық симптомдарға баға беру.
3. Терінің прик- сынағы.
4. Тағамдану күнделігі.
5. Элиминациялы-провокациялық сынақ.
6. Қан сарысуы құрамындағы тағамдық аллергендерге жалпы жəне спецификалық IgE-нің антиденелерін анықтау.
7. Радиоаллергосорбенттік сынақ.
8. Эзофагогастродуоденоскопия барысында аш ішек биопсиясын жасау.
9. Ішектің сілемейлі қабығының өтімділігіне баға беру.
10. Қосымша тəсілдер (триптаза жəне эозинофильдік катиондық нəруызды анықтау, лимфоциттердің бласстрансформациялану сынағы, ішектің базофилдары жəне толық жасушаларының гистаминді шығаруын анықтау сынағы).
11. Нəжіс анализі (лейкоциттер, эозинофилдар).

Тағамдық аллергияның гастроинтестинальдық əйгіленімдеріне сынақ қою үшін келесі критерийлерді есепке алу керек:
1. Гастроинтестиналдық симптомдардың пайда болуы тағамның белгілі бір түрлерін қабылдаумен байланысты (сиыр сүті, дəнді дақылдар, көкөністер, жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар жəне т.б.).
2. Анамнезде аллергияның болуы.
3. Аллергенді тағамды қабылдауды тоқтатқан кезде симптомдардың жойылуы.
4. Нəжісте ақшыл сілемейдің болуы.
5. Антигистаминдік дəрілерді қабылдаудың оң əсері.
6. Жалпы жəне спецификалық IgE антиденелерінің тағамдық аллергендерге жоғары деңгейі.

Диагноз қоюға асқазан-ішек жолдарын эндоскопиялық зерттеу барысында аш ішектің төменгі бөлімінің биопсия жасау көмек береді.
Уыттық гастроэнтерит уытталуға байланысты болуы керек.
Радиациалық түрінде – гастроэнтерит клиникасы сəулеленуден соң 10-14 күннен немесе 6-12 айдан кейін дамиды.

Шағымдар мен анамнез: іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, сұйық стул.

Физикалық тексеру: гастроэнтериттің клиникалық көрінісі - созылмалы диарея (іш өту), іштің ауруы, жүрек лобылуы, құсу, қорытылмаған тамақ қалдығы бар сұйық дəрет, кейде қан, салмағын жоғалту (арықтау), еріксіз күшену, іштің бүріп ауруы, нəруыз көп жоғалтқан кезде - ісіну, қаназдық.

Лабораторлық зерттеулер
Қанды тексеру кезінде: 30-80% дейін эозинофилия, нəжісте - жасырын қан, Шарко-Лейден кристалдары.
Гистологиялық тексеру кезінде: қабыну əйгіленістері - жасушалық инфильтрация мен криптілерде эозинофилдардың шоғырлануы.

Инструменталдық зерттеулер: рентгендік зерттеу кезінде - нəжістің тоқтамауы немесе сілемейлі қабықтың ісіну белгілері.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 көрсеткіш).
2. Нəжістегі жасырын қанды анықтау.
3. Нəжісті копрологиялық зерттеу.
4. Эзофагогастродуоденоскопия.
5. Ректоскопия.
6. Тінді гистологиялық зерттеу.
7. Жалпы нəруызды анықтау.
8. Нəруыздық фракцияларды анықтау.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Билирубинді анықтау.
2. Холестеринді анықтау.
3. Қантты анықтау.
4. АЛТ-ны анықтау.
5. С-реактивті нəруызды анықтау.
6. Асқазан рентгеноскопиясы.
7. Темірді анықтау (қан құрамындағы мөлшерін).
8. АСТ-ні анықтау.
9. Колоноскопия.

Дифференциалды диагноз



Белгілері Созылмалы энтерит 
Созылмалы жаралық емес
колит
Диарея кезіндегі үлкен
дəреттің жиілігі
Тəулігіне 6-8 рет Тəулігіне 10-15 рет
Іш қатудың жиілігі
20% науқастарда жəне
одан да сирек
50% науқастарда
Іштегі ауру сезінің
орналасуы
Көбіне кіндік маңында
Мықын аймақтарда жəне
іштің бүйір аймақтарында
Трофикалық бұзылыстар Тəн Тəн емес
Анемия  Тəн  Тəн емес
Тоқ ішектегі пальпаторлы
ауру сезімдері
Тəн емес Тəн
Копрограмма 
Қорытылмаған клетчатка,
крахмал, бұлшық еттік
талшықтар
Шырыш, лейкоциттер, ішек
эпителиилерінің
клеткалары, кейде
эритроциттер

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Ремиссияны қамтамасыз ету.
2. Асқынудың алдын алу.

Дəрі-дəрмексіз ем 
Емдік тамақтандырудың негізгі мақсаты ішекті механикалық, химиялық жəне термиялық тазалау. Стол №4, 4б, 4в. Фитотерапия.

Дəрі-дəрмектік ем

Аллергиялық гастроэнтерит жəне колит:
1. Асқазанды жуу (тамақты соңғы қабылдаудан соң 3-5 сағат аспаса). 1-2 тəулік ашығу, кейін гипоаллергенді диета (аллергияға себеп болатын тағамдарды қабылдамау).
2. Адсорбенттер: смектит* 10-15 күн бойы, тəулігіне 4 рет 4 г, активацияланған көмір*.
3. Н1-гистаминоблокаторлары: лоратидин* 10 мг/тəу. немесе цетиризин* 10 мг/тəул.
Аллергиялық реакциялардың жүйелік əйгіленуінде – преднизолон* 60-120 мг венаға.
4. Сөлденуге қарсы (антисекреторлық) препараттар (Н2-антигистаминдік дəрілер: ранитидин* 300 мг/тəу. немесе фамотидин* 40-80 мг/тəул. Протондық помпа ингибиторлары: омепразол* 20-40 мг/тəу. немесе рабепразол* 30-60 мг/тəу.) – 10-15 күн.
5. Спазмолитиктер (гипермоторикалық дискинезия кезінде): пинавериум бромид* тəулігіне 3 рет 50-100 мг-нан немесе дротаверин* 10-15 күн бойы, тəулігіне 2-3 рет 40 мг-нан бұлшық етке.
6. Прокинетиктер (асқазанның гипомоторикалық дискинезиясы жəне рефлюкс): метоклопрамид* немесе домперидон* 10-15 күн, 30-40 мг/тəу.
7. Іш тоқтаусыз өткенде – лоперамид* 2 таб./аптасына.

Уытты гастрит жəне колит:
1. Асқазанды жуу, тазарту клизмасы (қарсы көрсетілім болмағанда). Диеталық тəртіп.
2. Адсорбенттар: смектит* тəулігіне 4 рет 4 г – 10-15 күн, активацияланған көмір*.
3. Сөлденуге қарсы (антисекреторлық) препараттар - Н2-антигистаминдік дəрілер: ранитидин* 300 мг/тəу. немесе фамотидин* 40-80 мг/тəулігіне. Протондық помпа ингибиторлары: омепразол* 20-40 мг/тəу. немесе рабепразол* 30-60 мг/тəу.
4. Спазмолитиктер (гипермоторикалық дискинезия кезінде): пинавериум бромид* тəулігіне 3 рет 50-100 мг-нан немесе бускопан* тəулігіне 10 мг-нан немесе дротаверин* 10-15 күн бойы, тəулігіне 2-3 рет 40 мг-нан бұлшық етке егіледі.
5. Прокинетиктер ( гипомоторикалық дискинезия жəне рефлюкс кезінде): метоклопрамид*  немесе домперидон* 30-40 мг/тəулігіне, 10-15 күн ішіледі.
6. Инфузиялы терапия (натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі* 5-10% декстроза ерітіндісі*) тəулігіне 1-2 литр венаға құйылады.
7. Пребиотиктер: хилак форте* 60 тамшыдан, 3 рет.
8. Дезинтоксикациялық терапия: эссенциалдық фосфолипидтер* 10 күн 10 мл-ден венаға, кейін капсула түрінде 1-2 ай бойы(6).

Радиациялық гастрит жəне колит:
1. Диеталық тəртіп.
2. Адсорбенттер: смектит* тəулігіне 4 рет 4 г-нан – 10-15 күн, активацияланған көмір.*
3. Сөлденуге қарсы (антисекреторлық) препараттар (Н2-антигистаминдік: ранитидин* 300 мг/тəу. немесе фамотидин* 40-80 мг/тəу. Протондық помпа ингибиторлары: омепразол* 20-40 мг/тəу. немесе рабепразол* 30-60 мг/тəу.  
4. Хилак-форте тəулігіне 3 рет, 50 тамшыдан.
5. Токоферола ацетат* 1-2 ай бойы, 200-300 мг/тəулігіне.
6. Спазмолитиктер (гипермоторикалық дискинезия кезінде): пинавериум бромид* тəулігіне 3 рет 50-100 мг-нан немесе бускопан* тəулігіне 10 мг-нан немесе дротаверин* 10-15 күн бойы, тəулігіне 2-3 рет 40 мг-нан бұлшық етке егіледі.
7. Прокинетиктер (гипомоторикалық дискинезия жəне рефлюкс кезінде): метоклопрамид* немесе домперидон* 30-40 мг/тəулігіне, 10-15 күн.
8. Инфузиялы терапия (натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі * 5-10% декстроза ерітіндісі*) тəулігіне 1-2 литр венага құйылады.
9. Кальций препараттары, электролиттер, цианокобаламин* 1000 гамма, аскорбин қышқылы 5% мл венаға.
10. Қабынуға қарсы терапия: сульфасалазин (5-АСК)* 250 мг/кг салмағына əсері болмаған жағдайда – кортикостероидтар*, эссенциалдық фосфолипидтер* (5,6).

Профилактикалық шаралар: емдік тамақтану, поливитаминотерапия, физиотерапия, ЕДШ, дəрілік препараттарды кезеңді пайдалану.

Әрі қарай жүргізу: диспансеризация. Санаторлық-курорттық ем жəне минералды сумен емделу.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Дротаверин 40 мг, ампулада
2. *Преднизолон 30 мг, ампулада
3. *Домперидон 10 мг, таблеткада
4. *Смектит 3,0 г пак., суспензияға арналған ұнтақ
5. *Омепразол 20 мг, таблеткада
6. *Фамотидин 40 мг, таблеткада
7. *Пинаверия бромид 50 мг, табл.
8. *Хилак форте, тамшы фл. 100 мл
9. *Токоферола ацетат 0,2 г, капсулада
10. *Лоратадин 10 мг, таблеткада
11. *Цетиризин 10 мг, таблеткада
12. *Ранитидин 300 мг, таблеткада
13. Рабепразол 10-20 мг, таблеткада

Қосымша дəрі-дəрмектер тізбесі:
1. Ішке құйылуға арналған ерітінділер (полиглюкин 100, 200, 400 мл жəне б.).

Ем тиімділігінің индикаторлары: ауырсыну, диспепсиялық синдромдарды, жүйелік əйгіленімдерді тыю.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- амбулаторлық емнің əсері болмауы;
- асқынуы: анемия, малабсорбция, малдигестия, ауыр ағымы.

Жоспарлы госпитализация алдында жасалуға тиісті тексерулер:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Несептің жалпы анализі.
3. Фиброгастродуоденоскопия барысында биопсия жасау.
4. Нəжістегі ішек құрттарды, клостридияларды тексеру.
5. Копрограмма.
6. Нəжістегі жасырын қанды тексеру.
7. Флюорография.
8. Гастроэнтеролог, аллерголог кеңесі (көрсетім бойынша).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. American Gastroenterological Association medical position statement: guidelines for the evaluation of food allergy.2000. 2. http://www.medafarm.ru/php/content.php?group=5&id=3496 Пищевая аллергия. 3. Клинические рекомендации для практикующих врачей. М.2002. 4. Побочная реакция на пищу. Аллергическая ли это реакция? Wesley Burks, MD It's an adverse food reaction--but is it allergy? Wesley Burks. It's an adverse food reaction--but is it allergy? Contemporary Pediatrics 2002;5:71. (перевод с английского). 5. Gastrointestinal food allergy: New insights into pathphysiology and clinical perspectives. Gastroenterology. The American gastroenterological association. Volume 128, Issue 4, Pages 1089-1113 (April 2005)

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі: Жұмашева Б.Б., ҚР ДСМ Кардиология жəне ішкі аурулар ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх