Войти

Бастапқы жегі (педиатрия)

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Кариес эмали (K02.0)
Педиатрия, Стоматология детская

Анықтамасы

Анықтамасы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің
«Денсаулық сақтауды дамыту
республикалық орталығы» ШЖҚ РМК
Сараптама кеңесі ұсынған
2014 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 9 хаттама

Жегі – бұл эмальді ошақты минералсызданумен сипатталатын патологиялық процесс. Бастапқы жегі – (дақ сатысы) симптомсыз болады. Көбіне тексеріп-қарау кезінде анықталады [1,2].


Атауы: Бастапқы жегі


АХЖ-10 кодтары: 

К02.0.-Эмаль жегісі


Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар: мкА


Хаттаманың әзірленген күні: 2014 жыл


Пациенттер санаты: балалар


Хаттаманы пайдаланушылар: балалар стоматологтері.

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жегінің клиникалық жіктемесі [1]:

Туындау кезеңділігі бойынша
Бастапқы
Екінші/қайталанған.

Орналасуы бойынша

Фиссурлы
Апроксималды
Мойын маңы

Жегінің тереңдігі бойынша

Бастапқы
Беткі
орташа
терең

Белсенділік дәрежесі бойынша:

компенсацияланған пішіні
субкомпенсацияланған пішіні
декомпенсацияланған пішіні

Патоморфологиялық өзгерістері бойынша

дақ сатысындағы жегі
эмаль жегісі
орташа жегі
орташа тереңдетілген жегі
терең перфорациялық жегі

Диагностика


Негізгі және қосымша диагностикалық іс-шаралардың тізбесі:

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі диагностикалық іс-шаралар:
шағымдар мен анамнездерді жинау;
физикалық тексеріп-қарау.

Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексеріп-қарау:
электроодонтометрия;
тісті зондтау.

Жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдау кезінде жүргізілуі қажет тексеріп-қараудың ең аз тізбесі: Жүргізілмейді.

Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексеріп-қарау (шұғыл емдеуге жатқызу кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексеріп-қараулар жүргізіледі):

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық зерттеп-қарау (шұғыл емдеуге жатқызу кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексеріп-қараулар жүргізіледі):
Жедел кезек күттірмейтін көмек кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:

Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар мен анамнез: шағымдар жоқ.

Анамнезінде: балансталмаған тамақ, көміртегілі тамақтың басым   болуы, ауыз қуысы гигиенасын сақтамау.

Физикалық тексеріп-қарау:

көмескі эмалі, бор тәріздес/пигментті түсті бұлыңғыр бояуы бар дақ, беті тегіс, қалың ауырмайды.
 температуралық тітіркендіргішке реакция жоқ.
 
Зертханалық зерттеулер.
 
Аспаптық зерттеулер.
Тісті зондтау:   зақымдалған жердің айналасын ауыртпай зондтау.

Электроодонтометрия:     электрооднометрия көрсеткіштерінің деңгейі 1,8 – 4,0 мкА

 

Дифференциалды диагноз


Сараланған диагноз [4,5]:


1-кесте. Гипоплазия мен флюороза бар сараланған диагноз

Диагноз Шағымдар Анамнез Объективті дәрежесі
Бастапқы жегі жоқ балансталмаған тамақ, көміртегілі тамақтың басым   болуы, ауыз қуысы  гигиенасын сақтамау. көмескі эмалі, бор тәріздес немесе пигментті түсті бұлыңғыр бояуы бар дақ, беті тегіс, қалың ауырмайды.
Температуралық тітіркендіргішке реакция жоқ.
Тіс гипоплазиясының теңбіл пішіні тістегі ақауға және аяқталмаған эстетикалық түрге шағымдар. жүктіліктің қолайсыз ағымы;
баланың жиі ауруы;
эмаль зақымдары шығып келе жатқан тістерде бірден пайда болды.
нақты шекаралары және бір тектес тістердегі бірдей шектері бар жиі ақ түстегі, сирек сары түстегі дақ түрінде эмальдің жетілмеуі.
Флюорозаның  теңбіл пішіні косметикалық ақауға, әртүрлі қарқынды тістердегі қоңыр дақтарға шағымдар. ауызсу құрамында жоғары фтор бар аудандарда тұру. Көбіне күрек тістер мен иттістердің вестибулярлы беттерінде кездесетін бор тәрізді, қоңыр-сары дақ. Сондай-ақ дақ бояуы орталық бөлікте анағұрлым айқын.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:

тістің анатомиялық пішіні мен функциясын қалпына келтіру;
асқынудың дамуының алдын алу;
тіс қатарларының эстетикасын қалпына келтіру.


Емдеу тактикасы:

Дәрі-дәрмексіз емдеу:

балансталған және ұтымды тамақтану;
гигиеналық тәрбие, ауыз қуысы гигиенасына оқыту.

Дәрі-дәрмекпен емдеу
Стероидрезистентті жасушалық ауыр ажыратылу терапиясы кезінде таңдалған әдіс – антитимоциттік антиденелерді тағайындау. Жіті ажыратылудың қайталанған эпизоды – поликлоналды  антиденелер препараттарын тағайындауды талап ететін ауыр стероидрезистентті жіті жасушалық ажыратылу. Шамамен 50% жағдайда жіті гуморальды ажыратылу белгілері анықталады. Қайталанған ажыратылудың дамуы трансплантаттың келешекте тірі қалу болжамымен қатар жүреді.
Қайта жасалған ГКС пульс-терапиясы жіті ажыратылуды емдеуде нәтижелі болуы мүмкін, бірақ антиденелерді қолдану алдында пульс-терапияны екі курстан артық тағайындамаған жөн. Көптеген хаттамалар қайталанған бүкіл ажыратылулар кезінде ағымы қолайлы немесе кем дегенде бірінші эпизодтан кейін бірнеше апта өткен соң дами бастағандарды есептемегенде, антиденелермен емдеуді ұсынады.
Егер пульс-терапияға тез арада жауап болмаса, антиденелермен емдеуді бірден бастап кеткен жақсы, басқа хаттамалар бірнеше күн тосуды жөн көреді. Пульс-терапияға қарамастан, бүйрек функциясы жылдам нашарлай бастаса, тез арада антитимоцитті иммуноглобулинмен емдеуді бастау керек.
Ажыратылуды емдеуде антитимоцитарлы иммуноглобулиннің дозасы индукциялықпен салыстырғанда жоғары болуы мүмкін, ал емдеу ұзақтығы 5-7 күннен кем болмауы тиіс. Емдеу курсы бойы гематологиялық көрсеткіштерді бақылап, профилактика үшін 2-3 апта ганцикловирді қолдану қажет. Сондай-ақ циклоспориннен такролимусқа ауысу немесе микофенолаттарды қосу, бұған дейін оларды алып көрмеген пациенттерге ажыратылудың қайталанған эпизодтарында да көрсетілуі мүмкін.


Бастапқы жегіні емдеу [2,3]:

Тегіс бетке орналасу кезінде ем 2 кезеңде жүргізіледі:
тіс эмалінің зақымдалған жерін өңдеу;
реминералдайтын терапия – кальций глюконаты ерітіндісі 10% 10 мл бар электрофорез №10;
Басқа беттерде орналасуы кезінде (шайнау бұдырларының, тіліктердің, тіс мойнының айналасында) емдеу 3 кезеңде жүргізіледі:
препарациялау;
жегілі қуысты қалыптастыру;
пломбалау.
 
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:

Негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар):

Шыныиономерлі цементтер:
Кетак Моляр - 12,5г ұнтақ, 8,5 мл сұйықтық,
Глассин Рест - 10 г ұнтақ 8 мл сұйықтық,
Цемион – ұнтақ 20г, сұйықтық 10мл, кондиционер 10мл, лак 10мл.
Химиялық қатайту композиттері:
КомпоЛайф Плюс:
базалық паста -14г,
катализациялайтын паста -14г,
бонд-6 мл,
катализациялайтын гель -7 мл.
Харизма ППФ:
базалық паста -12г
катализациялайтын паста 12г,
бонд-6 мл,
дәрілейтін гель -2,5 мл.
кальций глюконаты ерітіндісі 10% 10 мл;
кальций глюконаты 500 мг, таблеткалар.
 
Қосымша дәрі-дәрмектер тізбесі (қолданылу мүмкіндігі 100%-дан төмен):
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем:

негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар) жүргізілмейді
  
Хирургиялық араласу (егер мұндай негізгі болып табылмаса, онда оның негіздемесін сипаттау қажет: белгіленген кезең ішінде дәрі-дәрмектік емдеудің тиімсіздігі кезінде, емдеу тиімділігінің негізгі индикаторларының оң динамикасы болмаған кезде) және басқалары):
 
Амбулаториялық жағдайда көрсетілетін хирургиялық араласу:
Стационар жағдайында көрсетілетін хирургиялық араласу:

Диспансерлеудің одан әрі бақылау қағидаттары:

Тіс жегісінің белсенділігі дәрежесіне қарай жылына 1-3 рет тексеріп-қарау.

Ем тиімділігінің индикаторлары.

патологиялық процесті тоқтату (тістің анатомиялық түрін, функциясын және тіс қатарының эстетикасын қалпына келтіру);
асқынулардың дамуының болмауы.

Профилактика

Профилактикалық іс-шаралар:
Ұтымды тамақтану – құрамында жеңіл ферменттелетін көміртегілер, бірінші кезекте қант бар өнімдерді рационда азайту;
Нәруыз қуысының өз бетінше тазаруына ықпал ететін шикі көкөністер мен жемістерді күн сайын тұтыну.
Гигиеналық тәрбие және ауыз қуысы гигиенасына оқыту (қосымша);
Құрамында фтор бар тіс пасталарын (суда фтор тапшы болған кезде) қолдану;
Реминералдайтын терапияны жүргізу:
кальций глюконат 500мг, 2 апта бойы күніне 3 рет 1 таблеткадан;
фиссурларды және көрінбейтін шұңқырларды профилактикалық бітеу.
 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Хаттаманың дайындау кезінде пайдалынылған әдебиеттер: 1. Лекции по стоматологии детского возраста. авт. проф.Т.К. Супиев г Алматы 2013г. 2. Терапевтическая стоматология детского возраста. Л.А.Хомченко. г.Москва, 2007г. 3. Терапевтическая стоматология детского возраста. Н.В.Курякина Новгород, 2004г. 4. Некариозные поражения твердых тканей зуба. М.Т.Копбаева, гАлматы,2001г. 5. Профилактика стоматологических заболеваний. Т.К.Супиев, С.Б.Улитковский, О.М.Мирзабеков, Э.Т.Супиева.гАлматы, 2009г.

Ақпарат

Әзірлеушілер:
1. Негаметзянов Нурислам Гарифзянович – м.ғ.д., ҚР ДСӘМ штаттан тыс бас балалар стоматологі. Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігері.
2. Сұршанов Ертай Қызырұлы - Алматы қаласы ДСБ «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ МҚК бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.
3. Ахмадьяр Нұржамал Садырқызы - м.ғ.д., «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері.

Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
 
Рецензенттер:
1. Супиев Тұрған Құрбанұлы - м.ғ.д., «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» ШЖҚ РМК, ДБИ стоматология және ЖБХ кафедрасының профессоры.
 
Қосымша.
 

Ауыз қуысын гигиеналық күту техникасы.


Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх