Бассүйек пен бетсүйектің сынуы. Бетсүйек қаңқасының сынуы

H-S-024

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Множественные переломы черепа и лицевых костей (S02.7)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Жарақат əсерінен бет сүйектерінің тіндік бүтіндігінің бұзылуы.

Қатарласқан жарақат - бір немесе бірнеше зақымдаушы фактордан екі не одан көп анатомиялық аймақтардың зақымдануы.
Хаттама коды: H-S-024 "Бассүйек пен бетсүйектің сынуы. Бетсүйек қаңқасының сынуы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): S02 бассүйек пен бет сүйектерінің сынығы
Мыналардан басқасы - көзұя:
- жоғарғы қабырғасы (S02.1)
- түбі (S02.3)
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі: бетсүйектің жəне жоғарғы жақсүйектің сынығы, тістің сынығы, төменгі жақсүйектің сынығы, бассүйек пен бет сүйектерінің көптеген сынықтары.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
- шынықпағандық;
- байқамай оқыс қимылдау;
- кəрілік.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері:

А) Төменгі жақсүйектің сынықтары:
1. Статистикалық мəліметтер бойынша - көбінесе төменгі жақсүйектің бұрышы сынады (көбінесе сол жағы).

2. Тексеру - төменгі жақсүйекке пальпация жасау. Көп жағдайда сыну сызығын ісіну басталмас бұрын сипап анықтауға болады. Сонымен қатар ауыз қуысын да тексеру қажет. Ауыз қуысының түбінде гематома болуы əрқашан сынықтың белгісі болып табылады. Төменгі жақсүйекті жапқанда қызылиектен қан кетуіне көңіл аудару керек. Тістерді мұқият тексереді. Тістегі сызықтардың «Саты» түрінде болуы - сынықтың айқын белгісі. Тістемді бағалайды. Көбінесе науқас тістемінің өзгергенін өзі байқайды. Төменгі жақсүйек аймағындағы сезімталдық тексеріледі. Оның өзгеруі немесе жоғалуы жылжып кеткен сынықтың барлығын жəне операциялық емнің мүмкіндігін білдіреді.

3. Төменгі жақсүйек тармағының сынықтары бассүйек негізінің сынықтарына байланыссыз есту өзегінің жарылуымен жəне сыртқы есту жолынан қан кетуімен қатар жүруі мүмкін.

Б) Бассүйектің беттік бөлігінің латералдық сынықтары:
1. Тексеру: бетсүйектің орналасуына жəне төменгі жақсүйектегі қозғалыс көлемінің шектелуіне назар аудару керек. Танауларда, жоғарғы ерінде, бетсүйек аймағында сезімталдықтың жоғалуы жылжып кеткен сынықтарға тəн, бұл жағдайда операциялық ем жүргізіледі. Диплопия бар-жоғын анықтау керек. Кейде жарақат көрудің жоғалуына əкелуі мүмкін. Көбінесе көздің жанында шығып тұрған гематома (қанталау) жəне көз маңындағы гематома анықталады.

В) Лефор ІІ сынығы: беттің ортаңғы үштен бір бөлігінде жəне көзұя астында ісіну анықталады, екі жақтық қанталау, мұрыннан қан кету (өте жиі). Науқаста кейде диплопия байқалады.
Лефора III сынығы: жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа, беттің барлық ортаңғы үштен бір бөлігінің патологиялық қозғалғыштығы анықталады. Бетсүйек пен жоғарғы жақсүйек аймақтарында сезімталдық жоғалуы мүмкін. Ликвордың ағу мүмкіндігіне де назар аудару керек. Үлкен күштің əсерінен болған жарақатта беттің барлық ортаңғы үштен бір бөлігі артқа кіріп кетеді де, тістемнің айқын бұзылысы байқалады.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Бассүйектің беттік бөлігін тікелей проекцияда рентгенге түсіру.
2. Бассүйектің беттік бөлігін бүйірлік проекцияда рентгенге түсіру.
3. Бассүйектің беттік бөлігін білік бойымен (аксиалдық) жəне жартылай білік бойымен проекцияда рентгенге түсіру.
4. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
5. Жалпы несеп анализі.
6. Нəжісті құрттардың жұмыртқаларына тексеру.
7. Микрореакция.
8. Капиллярлық қанның ұю уақытын анықтау.
9. Қан тобын жəне резусфакторды анықтау.
10. Анестезиолог дəрігердің консультациясы.
11. ЭКГ.
12. Флюорография.
13.HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Бассүйектің беттік бөлігіне компьютерлік томография.
2. Ортопантомография.
3. Билирубинді анықтау.
4. Глюкозаны анықтау.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: кезеңдік ем мақсаты - жақсүйектегі ауырсынуды тежеу, репозиция, сынықтарды бекіту, тістемді қалпына келтіру.

Емі:
А) Төменгі жақсүйек сынығын емдеудің негізгі ұстанымдары:
- консервативтік ем (доғатəрізді (аркалық) планка қондыру, тіс қатарын ұстап тұру) сынық тұрақты, тістем қалыпты жəне төменгі еріннің сезімталдығы сақталған болса тағайындалады.
- бір ай бойы жұмсақ тағам түрлерін ғана жеу жəне жақсүйектерге жүктеме түсірмеу ұсынылады;
- бір аптадан кейін дəрігерге қайтадан тексерілу керек. Осы уақытта сынықты рентгенде көру оңайырақ болады;
- төменгі жақсүйекте сезімталдықтың болмауы дислокацияны білдіреді жəне операциялық емнің қажеттігін көрсетеді. Егер жылжып кеткен сынықта сынық сызықтарын басқа əдістермен сəйкестендіру мүмкін болмаса, операция жасалады. Операция - жақсүйектердің сынықтарын ортопедиялық əдіспен репозиция жəне фиксация жасау;
- көбінесе сыныққа репозиция мен бекітуді 4-5 аптаға салады;
- тұрақты фиксациямен бірге пішінін сақтайтын фиксаторлармен, минипластинкамен остеосинтез жасауға болады. Сымтемірлік остеосинтез əдісімен бекіту жеткілікті түрде тұрақты емес, сондықтан оны 4-5 аптаға жақсүйекаралық шендеуіш салу арқылы толықтыру керек.
Тəжтəрізді өсіндінің сынығы кезінде остеосинтез жасауға көбінесе қажеттілік тумайды.

Асқынулар:
- шамамен 6% жағдайда төменгі жақсүйек сынығы төменгі еріннің сезімталдығының бұзылуымен асқынады;
- зақымдалған нерв аймағында емге көнбейтін невралгиялық ауыру сезімі пайда болуы мүмкін;
- бетсүйек аймағындағы сезімталдықты қалпына келтіру үшін көзұя асты нервін тігу операциясы тиімдірек болады (мұндай операцияны тіпті жарақаттан кейінгі 6 айдан кейін де жасауға болады).

Б) Бетсүйектің дұрыс орналасуын қалпына келтіру əдісі: Лимберг ілмегі арқылы түзету. Егер бетсүйекті репозицияланған күйінде ұстап тұру мүмкін болмаса, пластинкалар, сымтемірлер немесе сыртқы фиксаторлар, пішінін сақтайтын металдар қолданылады.

В) Лефор ІІ сынығы. Лефор III сынығы: беттің ортаңғы үштен бір бөлігінің сүйектерін тікелей бассүйекке немесе төменгі жақсүйекке бекітеді. Тістемді қалпына келтіруге тырысу керек. Көп жағдайда остеосинтезді минипластинкалар, пішінін сақтайтын фиксаторлар, сымдар, сүйектік тігістер көмегімен жүргізеді.
 
Асқынулар: мұрыннан ликвордың ағуы көбінесе бірнеше күннен кейін өздігінен тоқтайды. Кейде жоғарғы жақсүйек артқа жылжыған күйінде қалады, сөйтіп бет көлемінің кішіреюіне жəне тістемнің бұзылуына əкеледі.

Г) Көзұя қабырғасын құрайтын сүйектердің сынуы: операциялық емді жарақаттан кейінгі бір (əрі кетсе 2) аптаның ішінде жүргізеді. Ең маңыздысы диплопияны қалпына келтіру болып табылады, бірақ косметикалық нəтижесі де маңызды. Егер көру қабілеті жоғалған болса, операциялық емді косметикалық мақсатта, сонымен қатар беттің терісінің сезімталдығын қалпына келтіру үшін жасайды.

Əдістер: көзұяның төменгі қабырғасын жоғарғы жақсүйектік қойнау жағынан тампон немесе баллон арқылы бекітуге болады. Қазіргі кезде коррекцияны тікелей тексеру арқылы жəне сүйек сынықтарын көтеру арқылы жүргізеді. Қажет болса көзұяның төменгі қабырғасын синтетикалық материалдар, сүйектік немесе шеміршектік аутотрансплантаттар көмегімен бекітеді.
Сезімталдықты қалпына келтіру 6 айға дейін созылуы мүмкін. Орташа диплопия көбінесе операциядан кейін біртіндеп кетіп қалады (бір немесе екі көздің компенсаторлық механизмдері іске қосылуынан болса керек).

Асқынулар: көзұя көлемінің өзгеруінен шүңірек көздік (энофтальм), диплопия байқалуы мүмкін. Алдын-алу шарасы ретінде антибиотиктер тағайындау қажет.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Метронидазол таблетка 250 мг инфузияға арналған ерітінді 0,5 флаконда 100 мл
2. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда
3. *Цефуроксим инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ флаконда 750 мг
4. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг, 1000 мг/200 мг дайындауға арналған ұнтақ
5. Тикарциллин+клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг
6. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
7. *Надропарин кальция - иньекциялық ерітіндісі 2850 МЕ анти-Ха/0,3 мл; 3800 МЕ анти-Ха/0,4 мл; 5700 МЕ анти-Ха/0,6 мл; 7600 МЕ анти-Ха/0,8 мл, 9500 МЕ анти-Ха/1,0 мл
8. *Этанол ерітіндісі 70% (денатурленген)
9. *Дифенгидрамин инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл
10 *Прокаинамид 0,25 г табл.
11. *Фурацилин 1:5000 фл.
12. *Эпинефрин инъекцияға арналған ерітінді ампулада 0,18% 1 мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: сынықтарды фиксациялау, тістемді қалпына келтіру.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жедел.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Fractures of the mandible.EBM Guidelines.29.09.2001. Author: Antti Pihakari. Article ID: ebm00369 (018.013). © 2005 Duodecim Medical Publications Ltd. 2. Facial injuries. .EBM Guidelines.29.09.2001. Author: Antti Pihakari. Article ID: ebm00390 (018.019). © 2005 Duodecim Medical Publications Ltd. 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. — 1248 с.: ил.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Мəлік Б.К., ҚР ДСМ Травматология жəне ортопедия ҒЗИ.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх