Бассүйек-миды тесіп өткен балалардың ашық жарақаты

H-S-018

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Травмы головного мозга и черепных нервов в сочетании с травмами спинного мозга и других нервов на уровне шеи (T06.0)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Бастың жұмсақ тіндері мен мидың қатты қабығын зақымдайтын бас пен мидың жарақаты - тесіп өткен болып саналады.

Хаттама коды: H-S-018 "Бассүйек-миды тесіп өткен балалардың ашық жарақаты"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
S06 Бассүйекішілік жарақат
T06.0 Мидың жəне бассүйек нервтерінің жұлын мен басқа нервтердің жарақаттарымен қосарланған мойын деңгейіндегі жарақаты
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі 
Бас пен мидың жарақатының (БМЖ) ауырлық дəрежесін бағалайтын басты критерий санасының деңгейі (Глазго комасының шкаласы) болып табылады. Тəжірибеде мына деңгейлерге бөлген ыңғайлы:
- зардап шегушінің санасы бар;
- зардап шегушіде ориентация жоқ;
- зардап шегуші айқай мен сілкілеуге көңіл аударады;
- зардап шегуші ауырсынуға жауап береді;
- ауырсынуға реакция жоқ.

Тесіп өткен БМТ ауырлық дəрежесі бойынша жеңіл, орташа жəне ауыр. Ми заты зақымдалған жəне зақымдалмаған. Оқ атудан болған болып бөлінеді.
 

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар: жол-транспорттық оқиға, қылмыстық жағдай, қажет кезінде қорғаныш шлемнің болмауы, балабақшада, мектепте, үйде балалардың қараусыз қалуынан жарақат болу қаупінің жоғары болуы.

Диагностикасы

 
Диагностика критерилері: бассүйектің тесіп өткен жарасынан езілген ми тінінің қалдықтары (детрит) ағуы, пальпация кезінде бассүйектің сынығы ішке кіріп тұруы, бассүйектің күрделі сынығында құлақ пен мұрыннан сұйықтық ағуы. Балалардағы ашық тесіп өткен БМТ кезінде шокқа қарсы жəне ми ісігіне қарсы ем жүргізе отырып, ми тініне кіріп кеткен бассүйек сүйектерінің сынықтарын, контузиялық ошақтарды жəне интракраниалдық гематомаларды анықтау мақсатында жедел диагностикалық шаралар жасалады.
Егер компьютерлік томография (КТ) жасалмаған болса, бассүйекке рентгендік зерттеу, өмірлік бұзылыстарды жəне бассүйек ішіне қан кетулерді ерте анықтау үшін клиникалық-неврологиялық динамикалық бақылау жүргізе отырып эхоэнцефалоскопия жасайды.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Гемоглобинді анықтау.
2. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
3. Гематокрит.
4. Жалпы несеп анализі.
5. Жалпы ликвор анализі.
6. Көз түбін тексеру.
7. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фибриноген, тромбиндік уақыт, ачтв, плазманың фибринолитикалық белсенділігі, гематокрит).
8. Қалдық азотты анықтау.
9. Жалпы белокты анықтау.
10. Компьютерлік томография.
11. Бассүйек рентгенографиясы.
12. ЭКГ.
13. HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Кеуде торының рентгенографиясы (бір проекция).
2. Электроэнцефалография.
3. Нəжісті құрт жұмыртқаларына тексеру.
4. Нəжіске копрологиялық зерттеу жасау.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы
Емдеу əдісі (консервативтік немесе хирургиялық) бассүйек негізінде ашық тесіп өткен сынығы бар жəне ликворея мен пневмоцефалия қосарланып жүретін балаларға əрқайсысына жеке таңдалады. Көбінесе консервативтік ем тағайындалады, бұл науқастарды операцияға алуға жағдайының төмендеуі, дислокациялық синдромның күшеюі негіз болады.

Ем мақсаты 

Кезеңдік ем мақсаты: өмірлік маңызды қызметтерін қалыптастыру, патологиялық менингеалдық симптомдардың, температураның болмауы, жараның біріншілік жазылуы; науқастың өзін жақсы сезінуі, жарақаттың ауырлық дəрежесіне байланысты ошақтық жəне жалпы милық симптомдардың кері дамуы (регресс).

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмекті ем 

Операциялар - сүйек-пластикалық трепанация, ашық репозиция, резекциялық трепанация.

Бассүйектің ашық жарықшақтық тесіп өткен сынықтарында кіріп кеткен сүйек сынықтарын алып қана қоймай, мидың қатты қабығының бүтіндігін қалпына келтіру талап етіледі. Мидың қатты қабығының веналық қойнауларының зақымдалуы бассүйектің батық сынықтарының қауіпті асқынуы болып табылады. Қойнау зақымдалғанына күдік болған кезде, батық сүйектерді алып тастау үшін сүйек кесіндісін жасай отырып ферздік тесік салады. Ең соңында қойнаудың қабырғасына еніп тұрған сүйек бөлігі ақырын алынады.

Балаларда оқтан болған тесіп өткен бас пен ми жарақаттары сирек кездеседі (Қазақстанда). Кіру тесігін өңдеу көбіне сүйектің зақымдалу сипатына байланысты анықталады. Сүйектің үлкен емес кіру тесіктерінде жиі сүйек-пластикалық трепанация қолданылады (қолдан жасалған жəне пневматикалық қарудан жарақаттанғанда). Бұл біріншілік пластика жасау мүмкіндігі жоғары болуымен байланысты. Оқтан болған ауқымды көп жарықшақты сүйек сынықтарында резекциялық трепанация қолданылады.

Бассүйек ішіне қан кету жалғаса берсе, санасының деңгейі төмендеуіне əкеледі (мысалы, Глазго комасы шкаласы бойынша 15 тен 3 баллға дейін), бради- жəне тахиаритмия, дем алыстың сиреуі. Осы көрсетілген симптомдар байқалғанда гематоманың жоқ екенін анықтау үшін КТ жасау мүмкін болмағанда емдік-диагностикалық фрездік тесіктер салынады. Интракраниалдық гематома болғанда операция жасау гематоманы алып тастауға ең ыңғайлы жағдай жасауы тиіс.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Рингер ацетаты ерітіндісі
2. *Пирацетам инъекцияға арналған ерітінді ампулада 20% 5 мл
3. *Винпоцетин 5 мг, 10 мг табл.
4. *Дротаверин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/2мл
5. *Тиамин инъекцияға арналған ерітінді 5% ампулада 1 мл
6. *Пиридоксин таблетка 10 мг, 20 мг; инъекцияға арналған ерітінді 1%, 5% ампулада 1 мл
7. *Аскорбин қышқылы инъекцияға арналған ерітінді 5%, 10% ампуладае 2 мл, 5 мл
8. *Токоферол ацетаты майлы ерітінді ампулада 1 мл 5%, 10%, 30% майлы ерітінді 50% капсулада
9. *Цианокобаламин инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1 мл (500 мкг)
10. *Дифенгидрамин инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл
11. *Бензилпенициллин-натрий* 1000000 ЕД фл.
12. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл ампулада
13. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда
14. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
15. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
16. Тикарциллин+клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг
17. *Натрий хлориді, ерітінді д/и фл. д/кровезам 200 мл
18. *Декстроза ерітінді д/и 5% 10% фл. 400 мл, 500 мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: жарақаттың ауырлық дəрежесіне байланысты ошақтық жəне жалпы ми симптомдарының кері кетуі (регресс).


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: жіті.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Справочник врача общей практики. Дж. Мерта. Практика, М., 1998 2. Клинические рекомендации. Фармакологический справочник. ГЭОТАР-МЕД, М., 2004 3. Pediatrics at a glance. Ed S.M. Altschuler, S. Ludwig 4. Маnagement of children with head trauma. Canadian Paediatric Society (CPS) Canadian Medical Association Journal, 1990, 149, 949. Reaffirmed January 2002. 5. Early management of patients with a head injury. SIGN, 2000 6. Руководство по диагностике и лечению черепно-мозговой травмы у детей. Орлов Ю.А.,Киев.2002.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Надиров Б.Н., Алматы қ. №1 ҚКБА.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх