Бассүйекішілік жарақат зардаптары

H-Т-037

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Последствия внутричерепной травмы (T90.5)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

«Зардап» түсінігі жарақаттан кейін бір жыл немесе одан көп уақыт 
сақталатын жағдайлар мен қалдықты көріністерді анықтайды. Бассүйек-ми жарақатының зардабын (БМЖ) резидуальді жəне үдемелі деп бөлуге болады.
 
Резидуальді зардаптарға «жарақаттан кейінгі энцефалопатия» терминіне біріккен неврологиялық жəне нейропсихологиялық бұзылулар кешені жатады, олар когнитивті бұзылулар, вестибулоатактикалық бұзылулар, жалғанбульбарлы синдром, парездермен, экстрапирамидалық синдромдармен, эпилепсиялық талмалармен көрініс табады.
 
Үдемелі зардаптарға нормотензивті гидроцефалия, жарақаттан кейінгі арахноидит, созылмалы субдуральді гематома, жарақаттан кейінгі үдемелі энцефалопатия («боксшылар энцефалопатиясы») жатады. АХЖ-10 бассүйек-ми жарақаты S.06 бөлімінде беріледі.

 
Код протокола: H-Т-037 "Бассүйекішілік жарақат зардаптары"
Терапевтикалық саладағы стационарлар үшін
Код (коды) по АХЖ-10:
Т90 Бас жарақатының зардаптары
S06 Бассүйекішілік жарақат

Жіктемесі


Жіктемесі

Диагнозды қою кезінде, жарақаттың ауырлығы мен күні, неврологиялық 
бұзылулардың айқындылық дəрежесі көрсетіліп жетекші клиникалық синдромдар көрсетілуі керек; бірқатар жағдайларда сонымен қатар компенсация жағдайы (компенсация, субкомпенсация, аздаған немесе айқын декомпенсация), орталық жəне перифериялық нерв жүйесі жарақаттарының зардаптары көрсетілуі қажет.

БМЖ 
ағымында үш кезеңді бөледі:
- жіті (2 ден 10 аптаға дейін), осы аралықта асқынулар туындауы жəне мидың екіншілік зақымдалуы мүмкін;
- аралық (2 ден 6 айға дейін) – аса белсенді қалпына келу кезеңі;
- кейінгі – бір жыл немесе одан да көп (жарақаттан кейінгі қайтымсыз қалдықты құбылыстар немесе үдемелі асқынулар болса).

Мұнан басқа бөледі:
- тыртықтық-атрофиялық; 
- ликвородинамикалық;
- нейродинамикалық;
- гемодинамикалық;
- бассүйек-ми жарақатының басқа зардаптары.

 
Бас миының жарақаттық ауруының ағым кезеңдерін бөлу мына критерилердің соммасында құрылады:
- клиникалық (жалпымилық, жалпыорганизмдік, бағаналық, 
жартышар белгілері мен олардың динамикасы);
- патофизиологиялық (ісіну, 
қантамырлық, нейрофизиологиялық, нейромедиаторлық, гормональдық, иммундық реакциялар мен олардың динамикасы);
- морфологиялық (жарақаттық субстрат пен оның 
санация динамикасы).

Диагностикасы


Диагностикалық критерилер: бассүйек-ми жарақатын анамнезде көрсету.
 
Шағымдар мен анамнез:
- жарақаттан кейін пайда болатын жəне бір жыл немесе одан көп жылдар бойы сақталатын;
- жүрек айнумен, құсумен бірге, үдемелі бас ауыру;
- бас айналу, құлақтағы шу, жүрген кезде шайқалу;
- шаршау, тітіркенгіштік, ой жинақтау мен ойлы жаттығуларды шешудің қиындауы, есте сақтаудың төмендеуі;
- стресске, эмоционалды қозуға жəне алкоголге тұрақтылықтың төмендеуі;
- естудің төмендеуі;
- ұйқының бұзылуы;
- құрысу синдромы.
 
Физикалық тексерулер
 
Неврологиялық статуста:
- жалпымилық синдром;
- менингиальді синдром;
- аккомодация 
жəне конвергенция бұзылулары;
- нистагм, жұтынудың; 
- сөйлеудің бұзылуы;
- сіңірлік 
рефлекстердің өзгеруі; 
- сезімталдылықтың бұзылуы; 
- патологиялық белгілер;
- парездер;
- параличтер;
- когнитивтік бұзылыстар;
- экстрапирамидалық бұзылулар;
- мишықтық 
бұзылулар;
- вегетативтік бұзылулар; 
- эпилепсиялық талмалар.

 
Лабораторлық зерттеулер - қалыпта.
 
Инструменталдық зерттеулер
 
Офтальмологиялық тексеру кезінде іркілмелік, атрофиялық өзгерістер, көру нерві дискілерінің өзгерістер анықтамасы мүмкін.
 
ЭЭГ сурет клиникалық көріністерге сəйкес: негізгі ырғақтардың дезорганизация фонында баяу толқындар, пайда болады, уақытша туындайтын эпилепсия формалы разрядтар тіркеледі.

Бастың КТ жəне МРТ кезінде, бас миының корикалы жəне субкортикалы атрофиясына сəйкес, симметриялы көптеген ошақтық өзгерістер немесе қосылған гиподенситивті алаңдар анықталады. Дəл осындай өзгерістер мишықта, ми бағанасында, үлкен жартышардың басқа облысында анықталады. Аздаған айқын белгілерді, кейде – бүйірлік қарыншалардың компрессиясын табуға болады. Бастың МРТ нейровизуализация əдісінің өзектісі болып табылады.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
Офтальмолог консультациясы – көз нервінің атрофиясы.
Нейрохирург – созылмалы субдуральді гематома.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз:

Белгілер
Жарақаттан кейінгі
энцефалопатия
Бас миының ісігі
Неврологиялық симптоматика
Көптеген жылдар бойы үдейтін
Ошақтық, апта, айлар ішінде
өсетін
Анамнез Бұрынға жарақат Ерекшеліксіз
Лабораторлық деректер
Физиологиялық норма деңгейінде
Эритроциттердің тұну
жылдамдығының артуы
Инструменталдық деректер
ЭЭГ-диффуздық өзгерістер
Локалды пароксизмалды
белсенділік
Диагнозды растау
МРТ деректері КТ деректері

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы: мейлінше неврологиялық госпитализациялау.

Ем мақсаты:
- ликвородинамиканы қалпына келтіру жəне ұстап тұру;
- нейропротекция.
 
Дəрі-дəрмексіз ем: бос режим, №15 диета.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
- энцефабол (пиритинол) 1 таблетке 100 мг 3 рет;
- маннит 200 мл вена ішінен тамшылатып, (диакарб 1 таблетка аш қарынға 1 рет);
- аспаркам 1 таблетка күніне 3 рет.

Əрі қарай жүргізу: жылына 1 рет диспансерлік бақылау (невролог, офтальмолог тексеруі, ЭЭГ тексеру).
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі препараттар:
1. Маннитол 15% 200 - 400 мл
2. Этимиван 2мл вена ішіне физиологиялық ерітіндімен араластырп тəулігіне 1 рет 10 күн бойы; сонан соң 1 таблетке форте күніне 3 рет 6 апта бойы

Қосымша препараттар:
1. Диазепам 10 мг
2. Пентоксифиллин 5 мл
3. Дексаметазон 4 мг
4. Реополиглюкин 200 - 400 мл флаконда
5. Винпоцитин 10 мг - 3 раза/тəулігіне
6. Флуоксетин 20 мг
7. Зопиклон 7,5 мг/тəулігіне 4 аптадан көп емес (басқа препараттармен əрекеттестігін ескеріп, антидепрессантармен, транквилизатормен қоса тағайындауға болмайды)
8. Натрий метамизолы 50% – 1 мл
9. Дифенгидрамин 1% - 1мл
10. Толперизон 150 мг/тəулігіне
11. Карбамазепин 200 мг
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: неврологиялық тапшылық компенсациясы, шағымдардың болмауы.

Ауруханаға жатқызу


Шұғыл госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- жүрек айну, құсумен бірге, үдемелі бас ауыру;
- сананың өзгеруі, сергектік деңгейінің төмендеуін қоса;
құрысулық синдром;
- неврологиялық бұзылулар (аяқ пен қол рефлекстерінің диссоциациясы, көз алмасының нистагмоидты қозғалуы).

Жоспарлы госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- жиі ұстамалар, бас ауыру;
- «шашыранды» дөрекі емес неврологиялық симптоматиканың пайда болуы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.Веинер Г., Левитт Л., Неврология М. Гэотар Медицина, 1999г. 2. Гусев Е. И., Сосудистые заболевания головного мозга, Москва Медицина 1999г. 3. Карлов В.А., Лечение нервных болезней, Медицина1997г. 4. Неврология под редакцией М. Самуэльса, Практика,Москва1998г. 5. Нейротравматология под редакцией А.Н.Коновалова, Л.Б. Лихтермана, А.А.Потапова, Москва 1994г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
Каменова С.У., АМДБЖИ неврология кафедрасының меңгерушісі
Кужибаева К.К., АМДБЖИ неврология кафедрасының доценті

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх