Баспа

PN-T-001

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый тонзиллит неуточненный (J03.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Жіті тонзиллит (баспа) – стрептококктар, стафилококктар, сирек басқа 
микроорганизмдер туындататын жұтқыншақтық лимфалық сақина компоненттерінің, көбінесе таңдай бадамшаларының жедел қабынуы түріндегі жергілікті көріністермен өтетін жедел инфекциялық ауру.

 
Хаттама коды: PN-T-001 "Баспа"
Терапевтикалық саладағы медициналық пункттар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J03    Жіті тонзиллит.
J03.9 Жіті тонзиллит, анықталмаған.

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Жіті
1. Біріншілік:
- катаральді;
- лакунарлы;
- фолликулярлы;
- ойықжаралы;
- пленкалы.

 
2. Екіншілік:
- жіті инфекциялық аурулар кезінде - күл, жəншау, туляремия, үш сүзегі;
- қан жүйесінің аурулары кезінде – инфекциялық мононуклеозда, агранулоцитозда, лейкоздарда, алиментарлық – уыттық алейкиялар.
 
Созылмалы
1. Спецификалық емес:
- компенсацияланған;
- компенсацияланбаған.
 
2. Спецификалық: инфекциялық гранулемада - туберкулезде, мерезде.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп қатерлі факторлар: мұздау, ЖРА, ЖРВИ, анамнезде саңырауқұлақтық аурулар, созылмалы тонзиллит жəне мұрынжұтқыншақтың өзге аурулары, мұрындық тыныс алу  бұзылатын аденоидтар, ауыз қуысы мен қосалқы қойнаулардың (гайморит) іріңді қабынбалы процесстері, тіс жегісі. Иммунитеттің төмендеуі, тітіркендіргіш заттардың (түтін, шаң, алкоголь) жүйелі жүйелі түсуі, жалпы жəне жергілікті уыттану, рационалды емес тамақтану, тұрмыс пен еңбектің қолайсыз жағдайы.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Тамақтың ауыруы, жоғары температура, жалпы əлсіздік, уыттану, жақасты л/түйіндерінің ұлғаюы.
Біріншілік баспаның міндетті симптомдары – ауырсынулы регионарлық лимфадениттің пайда болуы: төменгіжақ бұрышы деңгейіндегі бұлшықеттің алдында орналасқан лимфа түйіндерінің ұлғаюы, (тонзиллярлы, ангулярлы), пальпация кезінде олар жылжымалы.
 
Фарингоскопиялық өзгерістер жұтқыншақтың лимфаденоидты тіндерінде байқалады, қабынбалық көріністер əсіресе таңдай бадамшаларында көрінеді. Катаральді баспа кезінде медиальді бадамшалардың беткейін жауып тұратын сілемейлі қабаттың жеңіл ісінуі жəне гиперемиясы байқалады.

Фолликулярлы баспа кезінде гиперемия жəне сілемейлі қабаттың 
ісіну фонында эпителидің ар жағынан дұрыс формалы, нүктелік жарғыш түзілістер байқалады, олар түйреуіш басынан үлкен емес іріңдеген фолликулалар түрінде.

Лакунарлы баспа кезінде сілемейлі қабаттың айқын гиперемиясы фонында қуыстардың барлық саңылауларында пинцетпен жеңіл алынатын, дұрыс емес формалы сарғыштау фибринозды іріңді жабындылар көрінеді. Жабындыларды абайлап алған кезде беткей қанамайды.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез жинау (науқастармен қатынас, анамнездегі созылмалы тонзиллит).
2. Объективті тексеру: науқастың жалпы жағдайы, аңқаны тексеру жəне басқа.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: диагностикалық мақсатта аңқадан сүртінді алу.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы: тамақтағы ауыруды басу жəне дене температурасын қалыпқа келтіру, жалпы ахуалын жақсарту.
 
Аурудың алғашқы күндері төсек режимін сақтау қажет,  жеңіл сіңірілетін, тітіркендірмейтін, сүтті диета.

Дезинтоксикация үшін көп мөлшерде сұйықтық ішу: лимон 
қосылған жылы тəтті шай, жылытылған жемістік сусындар, минералды су. Ауырсынуды басатын жəне қабынуға қарсы препараттар (парацетамол 500 мг таблеткада немесе сироп 2,4% күніне 2-3 рет, ибупрофен 0,2 г күніне 3-4 рет қысқа курспен)

Пенициллин тобының антибиотиктері А тобындағы β-гемолиздік стрептококктар туындатқан инфекциялар кезінде таңдау препараттары болып табылады. Ішке ампициллин 500 мг күніне 2-3 рет, 7 күн бойы тағайындайды. Таңдау препараттары болып сонымен қатар эритромицин табылады 500 мг күніне 2-3 рет, ішке.

Пенициллин 
қатарындағы препараттарға аллергия болған кезде цефалоспориндер тобының антибиотиктерін тағайындайды: цефалексин 750 мг күніне 2 рет 7- күн бойы. Таңдау препаратына, сонымен қатар, эритромицин 400 мг күніне 2-4 рет. жергілікті антибиотик – грамицидин жəне/немесе комбинирленген препарат грамицидин лидокаинмен қосып 3 мг күніне 4 рет, курс – 5-6 күн.
 
Гипосенсибилиздеуші терапия: кетотифен 0,5-1 мг капсула немесе таблетка күніне 2 рет, сублингвальді таблеткалар: фарингосепт, шаю.
 
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. **Парацетамол сироп 2,4% флаконда; суспензия; суппозиторий 80 мг.
2.  *Ибупрофен 0,2 г, табл.
3.  *Ампициллин 500 мг, табл.
4.  *Эритромицин 500 мг, табл.
5. **Цефалексин ішке қабылдау үшін суспензия 125 мг; 250 мг/5 мл.
6.   Фурациллин, фарингосепт ерітіндісі.
 
Қармаушы заттар (шаю үшін зверобой, шалфей қайнатпалары).
 
Қосымша дəрі дəрмектер тізімі:
1. **Бензатин бензилпенициллин суспензия дайындау үшін ұнтақ, инъекцияға арналған флаконда 1 200 000БІР, 2 400 000 БІР.
2.  *Амоксициллин + клавулан қышқылы, қапталған таблетка 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг.
3.   Грамицидин табл. сору үшін 1,5 мг.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: тамақтағы ауыруды басу жəне дене температурасын қалыпқа келтіру, жалпы ахуалын жақсаруы

* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance-Sore Throat Acute. 2004. 2.Institute For Clinical System Improvement. Health Care Guideline. Acute Pharyngitis. May 2005. 3.EBM Guideline. Sore Throat and Tonsillitis. 2004. 4.National Guideline Clearinghouse. Guideline. Sore Throat and Tonsillitis. December 2005. 5. National Guideline Clearinghouse. Guideline. Acute Pharyngitis. December 2005. 6.Scottish Intercollegiate Guidelines Network. National Clinical Guideline. Management of Sore Throat and Indications for Tonsillectomy. January 1999. 7.Alberta Medical Association. Guideline. The Diagnosis and Treatment of Acute Pharyngitis. November 2001. 8.American Society of Infection Diseases. A Practice Guideline. Diagnosis and Management of Group A Streptococcal Pharyngitis.1997. 9.University of Michigan Health System. Guidelines for Clinical Care. Pharyngitis. December 2000. 10.Advisory Committee. Guidelines & Protocols. Diagnosis and Management of Sore Throat. 2003. 11. American Society of Infection Diseases. Practice Guidelines for the Diagnosis and Management of Group A Streptococcal Pharyngitis.2002.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Татибекова А.М., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх