Войти

Баспа жəне ауыздың, жұтқыншақтың өзге қабынбалы аурулары

P-S-003

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый тонзиллит неуточненный (J03.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Жіті тонзиллит (баспа)
– стрептококктар, стафилококктар, сирек басқа 
микроорганизмдер туындататын жұтқыншақтық лимфалық сақина компоненттерінің, көбінесе таңдай бадамшаларының жедел қабынуы түріндегі жергілікті көріністермен өтетін жедел инфекциялық ауру.

 
Хаттама коды: P-S-003 "Баспа жəне ауыздың, жұтқыншақтың өзге қабынбалы аурулары"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J03    Жіті тонзиллит
J03.9 Анықталмаған жіті тонзиллит

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі: жоқ.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: иммунтапшылық жағдайлар, мұздау.

Диагностика


Диагнстика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: тамақтың ауыруы, жоғары температура, жалпы əлсіздік, интоксикация.
 
Физикалық тексеру

Біріншілік баспаның міндетті симптомдары – регионарлық 
лимфадениттің ауырсынуы: лимфа түйіндерінің ұлғаюы, иілгіш бұлшықеттердің алдында төменгі жақ сүйегінің деңгейінде орналасуы (тонзиллярлы, ангулярлы), пальпация кезінде олар жылжымалы.

Фарингоскопиялық өзгерістер жұтқыншақтың лимфаденоидты тінінде анықталады, қабынбалық көріністер негізінен таңдайда болады.

Катаральді баспа кезінде жеңіл 
ісінулер жəне бадамшаның медиальді беткейін жауып тұратын сілемейлі қабат гиперемиясы байқалады, бұл кезде қуыс саңылаулары аздап тарылады.
 
Фолликулярлы 
баспа кезінде гиперемия жəне бадамшаның сілемейлі қабатының ісіну фонында эпителидің арғы жағынан түйрегіштің басындай көлемде іріңдеген фоликула тəрізді, жеке сарғыштау түзілістер көрінеді.

Лакунарлы баспа кезінде сілемейлі қабаттың айқын 
гиперемиясы фонында қуыстардың барлық саңылауларында пинцетпен жеңіл алынатын, дұрыс емес формалы сарғыштау фибринозды іріңді жабындылар көрінеді. Жабындыларды абайлап алған кезде беткей қанамайды.
 
Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.
 
Инструменталдық зерттеулер: тəн емес.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Отоларинголог консультациясы.
2. Қанның жалпы талдауы (6 көрсеткіш).
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз: жəншаумен, қызылша, дифтериямен жүргізеді.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: ауру сезімін басу, дене температурасын қалыптандыру, жалпы жағдайдың жақсаруы.

Дəрі-дəрмексіз ем: төсек режимі, рационалды тамақтану.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
 
1. Тиімділігі дəлелденген: А тобының бета-гемолитикалық стрептокогы туындатқан фарингит кезінде дамуы мүмкін асқынулардың (өте сирек) алдын алу үшін антибиотиктерді қолдану, ауыру сезімін басатын жəне қабынуға қарсы (парацетамол, ибупрофен) препараттарды симптоматиканы басу үшін қолдану.
 
2. Тиімділігі болжанады: Haemophilus influenzae, Moraxella catarrhalis немесе Streptococcus pneumoniae туындатқан инфекциялық аурулар кезінде тез жазылу үшін антибиотиктерді (феноксиметилпенициллин, эритромицин), жөтелді тез жою үшін бета-антагонисттерді, С витаминін қолдану, симптоматиканы азайту үшін цинкті гель түрінде мұрын ішіне жағу, шырыштық қабықтардың ісінуіне байланысты симптомдарды уақытша басу үшін ісінуге қарсы препараттар, антигистаминдік препараттар қолданылады.

3. Тиімділігі анықталмады: цинк препараттары бар, соруға арналған таблеткалар, емдік жəне алдын алу мақсатында қолданылатын Echinacea препараттары, бумен ингаляциялар. 

4. Тиімсіз немесе кері əсері дəлелденген: суық тигенде, тамақ ауруы жəне жөтел кезінде антибиотиктерді қоздырғыш түрін анықтап алмай қолдану, шырыштық қабықтардың ісінуіне байланысты симптомдарды уақытша басу үшін, ісінуге қарсы препараттарды ұзақ қолдану.

А тобының бета-гемолитикалық стрептокогы туындатқан инфекциялар кезінде пенициллин тобының антибиотиктері таңдау препараттарына жатады. Пенициллинді V 250-500 мг. күніне екі-үш рет 7-10 күнге немесе пенициллин G 600.000 - 1.200.000- Бірл. б/і бір рет. Пенициллин тобының препараттарына аллергия кезінде цефалоспориндер тобының - цефалексин 750 мг күніне екі-үш рет 7-10 күн немесе клиндамицин 450 мг күніне үш рет 7-10 күн немесе амоксициллин+клавулан қышқылы препараттары тағайындалады.
Таңдау препаратына, сонымен қатар, эритромицин 400 мг 
күніне 2-4 рет, жергілікті антибиотик – грамицидин жəне/немесе комбинирленген препарат грамицидин лидокаинмен қосып 3 мг күніне 4 рет, курс – 5-6 күн.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Парацетамол 200 мг, 500 мг табл; флакондағы сироп 2,4%; суппозиторийлер 80 мг.
2. *Ибупрофен 200 мг, 400 мг табл.
3.  Феноксиметилпенициллин 500 мг табл.
4. Амоксициллин+клавулан қышқылы қабықпен қапталған табл., 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, тамыр ішіне енгізу үшін ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ –флаконда 500 мг/100 мг, 1000 мг/ 200 мг.
5. *Эритромицин 250 мг, 500 мг табл; пероралдық суспензия 250 мг/5 мл.
6. *Цефалексин 250 мг, 500 мг табл.
7.  Грамицидин соруға арналған табл. 1,5мг.
8.  Клиндамицин 150 мг, 300 мг капс.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: паратонзиллит жəне паратонзиллярлық абсцесс клиникасы болған жағдайда.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация


Госпитализациялауға көрсетімдер: паратонзиллит жəне паратонзиллярлы абсцесс клиникасы болған кезде.

Профилактика


Біріншілік профилактика: емделуші организмінің регуляторлық, адаптоциялық жəне компенсаторлық мүмкіндіктерін арттыру, инфекция таралуының алдын алу.

Профилактикалық шаралар: рационалды режим, гимнастика, шынығу, жоғарғы тыныс жолдарын санациялау.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: жоқ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance-Sore Throat Acute. 2004. 2.Institute For Clinical System Improvement. Health Care Guideline. Acute Pharyngitis. May 2005. 3.EBM Guideline. Sore Throat and Tonsillitis. 2004. 4.National Guideline Clearinghouse. Guideline. Sore Throat and Tonsillitis. December 2005. 5. National Guideline Clearinghouse. Guideline. Acute Pharyngitis. December 2005. 6.Scottish Intercollegiate Guidelines Network. National Clinical Guideline. Management of Sore Throat and Indications for Tonsillectomy. January 1999. 7.Alberta Medical Association. Guideline. The Diagnosis and Treatment of Acute Pharyngitis. November 2001. 8.American Society of Infection Diseases. A Practice Guideline. Diagnosis and Management of Group A Streptococcal Pharyngitis.1997. 9.University of Michigan Health System. Guidelines for Clinical Care. Pharyngitis. December 2000. 10.Advisory Committee. Guidelines & Protocols. Diagnosis and Management of Sore Throat. 2003. 11. American Society of Infection Diseases. Practice Guidelines for the Diagnosis and Management of Group A Streptococcal Pharyngitis.2002.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сағатова Г.С., Алматы қ. №5 ҚКА.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх