Балалар қызылшасы

P-P-006

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Корь без осложнений (B05.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Қызылша
 – уыттанумен бірге, тыныс алу жолдарының катаралды 
қабынуымен, ауыздың шырышты қабықтары мен терінің бояутектенуіне (пигментация) ауысатын теңіблді- папулезді бөртпелердің спецификалық бөртуі болатын жоғары коконтагиозды жіті жұқпалы ауру.

 
Хаттама коды: P-P-006  "Балалар қызылшасы"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
B05.9 Асқынусыз қызылша
 

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Түрі бойынша:
- типтік;
- атиптік (митигирленген, абортивті, басылған белгілерсіз);
2. Ауырлығы бойынша: жеңіл, орташа, ауыр түрі;
3. Ағымы бойынша:
- біркелкі;
- біркелкі емес (асқынулармен, салдарлық жұқпаның қосылуымен, созылмалы аурулардың өршуімен).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
 
1. Вакцинация жəне ревакцинацияны алмағандар.
2. Иммунды тапшылығы бар балалар.
3. Қызылшамен сырқаттанған баламен қатынасу.
4. Баланың ерте жасы.
5. Күрделіленген преморбидті фон.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез
 
Катаралды кезеңде:
1. Қызылшамен ауырған науқаспен қатынасу.
2. Аурудың біртіндеп басталуы.
3. Дене қызуының көтерілуі.

Бөрту кезеңінде:  сипатты эпид. анамнез.
 
Физикалық тексеру:
1. Біртіндеп ұлғайып келе жатқан катаралды синдром (жөтел, ринит, конъюнктивит жəне т.б.).
2. Ауыз қуысы шырышты қабығының зақымдалу синдромы (энантема, болбырлық, шұбарлық, күңгірт түс).
3. Бельский-Филатов-Коплик дақтары (кезеңнің соңында).
 
Бөрту кезеңінде:
1. Бөртпенің этаптық пайда болуы.
2. Папулезд і- дақты бөртпе қосылуға жəне дақтануға ауысу бағыты бар.
3. Дене қызуының жаңадан көтерілумен бірге бөрпенің пайда болуы.
4. Үдемелі уыттану.
5. Қ ызба жəне катаралды синдром ең жоғары дəрежеде анықталады.
6. Бельский-Филатов-Коплик дақтары кезең басында.
 
Инструменталдық зерттеулер: көрсетілмеген.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- офтальмолог (офтальмологиялық асқынуларда);
- невропатолог (қыртыстық энцефалит дамуына күдік болғанда);
- стоматолог (ауыз қуысында жара пайда болса);
- оториноларинголог (жіті ортаңғы отит дамуында).
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. Жалпы зəр анализі.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  Окулист, невропатолог, ЛОР-дəрігердің консультациясы (көрсетелім бойынша).

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз: қызамықпен, жалғантуберкулезбен жəне иерсиниозбен, Коксаки жəне ЕСНО вирустары туындатқан энтеровирусты экзантемалармен, сарысулық аурумен, аллергиялық бөртпелермен жүргізеді.

Диагноз немесе ауру себебі
Диагноз пайдасына
Қызылша
- қосылуға жəне пигментацияға бейім дақтық-папулезді бөртпелер;
- бөртпе пайда болуының кезеңдігі;
- ұрт сілемейіндегі Филатов-Коплик дақтары;
- жөтел, салқындау, көздің қызаруы;
- қызылшамен ауру адаммен қатынас;
- қызылшаға қарсы құжатты расталған егулердің болмауы.
Асқынулар:
- ауыз қуысының жарылуы;
- мүйізді қабаттың бұлыңғырлануы (көздің көрмей қалуына дейін);
- неврологиялық асқынулар (қызылшалық энцефалит);
- пневмония (иммунитет төмендеу салдарынан);
Жəншау
- гиперемирленген фонда ұсақнүктелік бөртпе
- бозғылт мұрын еріндік үшбұрыш
- уыттану синдромы
- «ісінген аңқа»
- «малина тəрізді тіл»
- қол жəне аяқ саусақтары терісінің іріпластинкалы
қабыршақтануы
Менингококкты инфекция
- қосылуға бейім ортада орналасқан некроздық компоненттермен геморрагиялық «жұлдызды» бөртпе;
- экхимоздар;
- қатты бас ауыру;
- менингеальді симптомдар;
- шок.
Желшешек
- терідегі везикулезді бөртпе, оның ішінде бастың түкті бөлігінде жəне сілемейде;
- бөртпенің жалған полиморфизмі;
- желшешек жəне белдеулік ұшық науқастармен қатынас.
Қызамық
- ұсақдақты тез кететін бөртпе;
- артқы жəне шүйделік лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
- қызамықпен аурған аурумен қатынас.

 


Емдеу тактикасы


Емдеу тəсілі

Ем мақсаты:
1. Толық айығу.
2. Аурудың эпидемиялық таралуының болмауы.
3. Уақытылы нақтамалау жəне пайда болған асқынуларды емдеу.

Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Науқасты бөртпе пайда болғанға дейін 5 күнге дейін, пневония болса, 10 күнге дейін оңашаулау керек.
2. Науқаспен қатынасқандарды 21 күнге ажырату.
3. Қызбаның бүкіл кезеңі мен дене қызуының қалпына келгеніне дейін алғашқы 2 күн төсекте жатып емделу режимі сақталады.
4. Науқастың қатаң гигиенасы: жүйелі түрде жуындыру, көзін жылы, қайнатылған сумен, калий перманганат ерітіндісімен жуу.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Ретинол пальмитаты – күніне 1 рет, 2 күн бойы: 6 айға дейін -50.000 Бірл, 6-11 ай-100.000 Бірл, 12 ай жəне одан жоғары - 200.000 Бірл.
2. Қызба кезінде – парацетамол* бір реттік дозада: 3 айға дейін-10 мг/кг, 3 ай -1 жыл -60-120 мг, 1-5 жас -120-250 мг, 6-12 жас-250-500 мг, 12 жастан жоғары (слмағы 60 кг-нан көп)- 500 мг. Ара қашықтығы 6 сағатан кем емес.
3. Жөтелге қарсы амброксол қабылдайды: 12 жастан жоғары - 30 мг тəулігіне 2-3 рет, 5-12 жас - 15 мг тəулігіне 2-3 рет, 2-5 жас – 7,5 мг тəулігіне 3 рет, 2 жасқа дейін – 7,5 мг тəулігіне 2 рет.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. * Калий перманганаты сулы ертінгдісі 1:10000;
2. *Парацетамол 500 мг, табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ретинол ацетаты 1 мл амп.; 50 мг майлы ерітінді капсулада; 114 мг драже;
2. *Амброксол 30 мг табл.; 15 мг/2 мл амп.; 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл сироп.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- толық сауығу;
- аурудың эпидемиялық таралуының болмауы;
- пайда болған асқынуларды дер кезінде диагностикалау жəне емдеу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Уыттанудың айқындалған белгілері.
2. Асқынулар: пневмониялар, тарылуы (стеноз) бар ларингиттер, плевриттер, обструкциялы бронхиттер, энцефалит, менингит, энцефаломиелит, мастоидит, пиелонефрит, энтероколит, орбита флегмоналары.
3. Салдарлық жұқпаның қосарласуы.
4. Созылмалы аурулардың өршуі.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар:
- аурудын алдын алуы: қызылша, эпидемиялық партотит, қызамыққа (КЭПК) қарсы комбинирленген тірі вакцина;
- қызылшаға қарсы моновалентті тірі вакцина.

Стоматитті алдын алу үшін: жиі сұйықтық ішу ( шай, қайнаған су).

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
1. Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс алу жиілесе немесе қиындаса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігердің қарауы.
2. Қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тез арада қаралу керек екендігін анасына үйрету.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Measles, mumps, and rubella: vaccine use and strategies for elimination of measles, rubella, and congenital rubella syndrome and control of mumps. Recommendations of the Advisory Committee on Immunization Practices (ACIP). Guideline developer as of January 31, 2001 2. Recommended childhood and adolescent immunization schedule. United States, 2005 3. Institute for Clinical Systems Improvement (ICSI). Immunizations. Bloomington (MN): Institute for Clinical Systems Improvement (ICSI); 2005 Jun. 61 p.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Джаксон Н.Л., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх