Войти

Балалар циститі

P-P-014

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие циститы (N30.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Цистит – шырышты қабықтың басым көпшілігінің зақымдануымен бірге 
несеп қуығының қабынулық ауруы.

 
Хаттама коды: P-P-014 "Балалар циститі"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N30 Цистит

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі
 
1. Аурудың ағымы бойынша:
- жіті;
-созылмалы.
 
2. Шығу тегі бойынша:
- біріншілік;
- екіншілік.
 
3. Этиологиясы мен патогенезі бойынша:
- жұқпалы;
- химиялық;
- сəулелік;
- паразитарлық;
- қант диабетінде;
- жұлындық ауруы бар науқастар;
- аллергиялық;
- алмасулық;
- ятрогенді;
- нейрогенді.
 
4. Қабыну процесінің шоғырлануы мен таралуы бойынша:
- диффузды;
- мойындық;
- тригонит.
 
5. Морфологиялық өзгерістер сипаты бойынша:
- катаралды;
- геморрагиялық;
- ойық жаралық жəне фиброзды-ойық жаралы;
- гангренозды;
- ісікті;
- интерстициалды.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Иммунды тапшылықты жағдайлар.
2. Несеп қуығының шырыштысына кейбір дəрі-дəрмектредің ұзақ əсер етуі (цитостатика).
3. Несеп шығару жүйесінің туа біткен ақаулары, қуықтағы тастар.
4. Несеп қуығының нейрогендік дисфункциясы.
5. Несеп қуығы шырышты қабығының жарақаттануы.

Диагностика


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез:
1. Жиі ауырсынған несеп шығару.
2. Зəрдің жіті іркілуі.

Физикалық тексеру:
1. Жиі ауырсынған несеп шығару.
2. Қасаға үсті аймағын пальпациялағанда ауру сезімінің болуы.
3. Зəрағар сыртқы тесігінің гиперемиясы (жиі жағдайда уретрит).
 
Инструменталдық зерттеулер:
1. Қуық УДЗ: қабырғалары қалыңдаған, қуықта үлкен көлемдегі қалдық, микциядан соң қалдық зəр.
2. Бүйрек УДЗ: гиперрефлекторлы қуық есебінен жинаушы жүйенің кеңеюі.
3. Цистография көрсетімдер бойынша.
4. Цистоскопия көрсетімдер бойынша.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
1. ЛОР - дəрігер, стоматолог, гинеколог -  ауыз қуысы, мұрынжұтқыншақ жəне сыртқы жыныс ағзаларын санациялау үшін.
2. Аллерголог - аллергия көріністері кезінде.
3. Уролог - зəр шығару жолдары аномалиясына күдік болса.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зəр анализі.
3. Емге дейін, емнен кейін жəне диспансерлік бақылау кезеңінде бактериурияны, антибактериалды дəрі-дəрмекке сезімталдықты анықтаумен бірге зəрдің себіндісін алу.
4. Бүйрек жəне қуықты УДЗ.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Бүйрек, несеп қуығын УДЗ;
2. Уролог консультациясы;
3. Нефролог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер

 
Лабораторлық зерттеулер:
1. Зəрдің анализде өзгеруі – лейкоцитурия, гематурия болуы мүмкін, белок – тəн емес (тек пішіндік элементтердің есебінен).
2. Бактериурия 105 м.т./мл жəне одан да жоғары вирустық этиологиядан басқа.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Белгі Цистит Пиелонефрит
Қызба Сирек, фебрильді емес Жіті фазасында, фебрильді
Уыттану - +
УДЗ
Қабырғалар қалыңдаған, қуықта үлкен көлемдегі қалдық, микциядан соң қалдық зəр
Обструктивті өзгерістер (тостағаншаның кеңеюі, зəр жолдарының аномалиясы)
Дизурия + +/-
Қан анализдері Тəн емес ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз
Лейкоцитурия + +
Протеинурия -
+ микроальбуминурия, бета 2 микроглобулинемия
Эритроцитурия + -
Бактериурия + +
Цилиндрурия - +
Зəрдің бак.себіндісі + +
Концентрация функциясының төмендеуі
- +

 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Науқастың жалпы жағдайын тұрақтандыру.
2. Бактериурия жоғалуымен бірге, зəр анализдерінің оң динамикасы.
3. Несеп шығаруды қалпына келтіру.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Обильный питьевой режим.
2. Режим частых мочеиспуканий.
3. Тепловые процедуры.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Антибактериалды ем: негізгі курс – амоксициллин per os: 2 жасқа дейін – 20 мг/кг/тəулігіне. Бір реттік доза: 2-5 жас - 125 мг күніне 2 рет, 7-10 күн бойы; 5-10 жас аралығында – 250 мг күніне 2 рет, 7-10 күн бойы; 10 жастан жоғары – 500 мг күніне 2 рет, 7-10 күн бойы.
Альтернативті дəрі-дəрмектер: ІІ-ІІІ буынды цефалоспориндер: 7-10 күн бойы; қорғалған аминопенициллиндер (амоксицилин + клавулон қышқылы, ампициллин + сульбактам), 7- 10 күн бойы; сульфаметоксазол+триметоприм*, 7-10 күн; цефаклор 250/5,0 немесе капс. 500,0 - ден 5 жастан жоғары балаларға 7 күн бойы жүргізіледі.
2. Ұзақ мерзімді жəне көптеп антибиотикпен емдеуде микозды емдеу жəне алдын алу үшін итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 5 мг\кг\күн есебінен, 5 жастан жоғары балаларға беріледі.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Амоксициллин 500 мг, 1000 мг, табл.; 250 мг; 500 мг, капс.; 250 мг / 5 мл, пероралды суспензия;
2. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/ 125 мг, 875 мг / 125 мг; флаконда 500 мл/ 100 мг, 1000 мг / 200 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік ендіруге;
3.  Цефуроксим иньекцияларға арналған ұнатқ, флаконда, 750 мг, 1.5 гр;
4.  Цефуроксим аксетил - супензияны дайындауға арналған гранулалар, ішуге, флаконда 125 мг / 5 мл, қапталған таблеткалар 125 мг, 250 мг.;
5. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2г флаконда иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ;
6. *Нитрофуран 20 мг, табл., фурагин, 50 мг, табл.;
7. *Итраконазол ауыз арқылы қабылданатын ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ампициллин 250 мг табл.; 250 мг, 500 мг капс.; 500 мг, 1000 мг иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ; 125/5 мл, флаконда, суспензия;
2.  Ампициллин/сульбактам 750 мг инъекцияларға.;
3. *Сульфаметоксазол+триметоприм 120 мг, 480 мг, табл.; 480 мг / 5 мл, амп.; 240 мг / 5мл. пероралды суспензия;
4.  Цефаклор 250 мг / 5мл, амп.  немесе капс.;

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Дизурияны, поллакиурияны басу.
2. Лейкоцитурия, бактериурияның жоғалуы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация

 
Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Тоқтатылмайтын ауру сезімдері.
2. Зəрдің жіті кідіруі.
3. Геморрагиялық цистит.
4. Созылмалы асқынған цистит.

Профилактика


Біріншілік профилактика
1. Мұздаудан сақ болу.
2. Жиі зəр шығару режимі.
3. Жеткілікті сұйықтық режим.
4. Іш қатуларды болдырмау.
5. Сыртқы жыныс ағзаларының гигиенасы.

Профилактикалық шаралар:
- жеткілікті сұйықтық режимі жəне жиі зəр шығару режимі;
- интеркурренттік аурулар профилактикасы;
- іш қатулар профилактикасы;
- зəр анализін жəне бак,себіндіні кезеңдік бақылау;
- сыртқы жыныс ағзаларының гигиенасы.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
Қайталанатын ағымда негізгі курстан соң – қолдаушы ем нитрофурандар 2 мг/кг 1 рет түнде, ұйқыға жатар алдында, қайталанбаған жағдайда 4 аптаға дейін қабылданады.
Туабіткен даму аномалиясына күдік болса – цистография, уролог консультациясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Л.С. Страчунский, С.Н. Козлов. Современная антимикробная химиотерапия. Руководство для врачей http://pdateam.ru/ 2. Н. А. Коровина, И. Н. Захарова, Э. Б. Мумладзе острый цистит у детей: клиника, диагностика, лечение. www.osp.ru 3. Назарова Л.С.Циститы. Методическое руководство. www.med2000.ru/mps/cistit4.htm 4. Н.А.Коровина, И.Н.Захарова, Э.Б.Мумладзе, О.В.Савельева, Аль Макрамани Али Ахмед. Современные подходы к лечению инфекции мочевой системы у детей. Consilium Medicus. Т. 6. 2004. http://www.rbc.ru/ 5. Medical Library. Cystitis/ October 1, 2005. http://www.yahoo.com 6. ICA. Treament options ic and children. 2005. http://www.clinicalevidence.com/ceweb/conditions/dsd/0406/0406.jsp 7. Extensive Inflammatory Eosinophilic Bladder Tumors in Children: Experience With Three Cases http://www.medscape.com/viewarticle/442895 8. Л.С. Страчунский, А.Н. Шевелев. Антибактериальная терапия инфекций.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
1. Қанатбаева А.Б.,  профессор, КазҰМУ, емдеу факультетінің балалар аурулары кафедрасы.
2. Кабулбаев К.А.,     консультант, №7 ҚКА, нефрология жəне гемодиализ бөлімшесі.
3. Наушабаева А.Е., докторант, ҚР ДСМ ПжБХҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх