Войти

Балалар флегмонасы

H-S-031

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Флегмона (L03)

Анықтамасы

Анықтамасы

 
Анықтамасы:

Тері асты шелмайының флегмонасы - кейін некрозға немесе абсцеске айналатын жайылған іріңді қабыну, оның борпылдақ шелмай кеңістігі арқылы барлық бағытта таралуға бейімділігі бар.

Аурудың ауырлығы баланың жасына, аурудың қоздырушысына жəне оның вируленттілігіне байланысты. Процестің орналасқан жеріне байланысты бөлінуі: теріастылық, шандырастылық, бұлшықетішілік, ішастардан тыс, көкірекаралықтық (медиастиналдық) флегмоналар.

Клиникалық көрінісі процестің тез пайда болып таралуымен сипатталады: ісіну, ауыру, гиперемия, дененің зақымдалған бөлігінің қызметі бұзылуы, жергілікті гипертермия. Ерте кезеңінде - тығыз инфильтрат, асқынып кеткенде - флюктуация анықталады. Қарқынды флегмонаның болжамы жағымсыз.

Хаттама коды: H-S-031 "Балалар флегмонасы"
Хирургиялық саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): L03 Флегмона
 
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
- некроздық флегмонаның қарапайым формасы (39-45%);
- некроздық флегмонаның токсико-сепсистік формасы (55-61 %).

Формалары: шектелген жəне қарқынды.

Қауіп-қатерлі факторлар

 
Қауіп-қатерлі факторлар: зақымдалған терінің инфекциялану белгілері болуы, басқа іріңді-қабыну процестері.

Диагностика

 
Диагностика критерилері 
Ауру температураның 38-40оС-қа жоғарылауымен жедел басталады. Тез интоксикация белгілері басталады. Баланың мазасыздығы əлсіздікке ауысады, ол тамақтан бас тартады. Терісі сұр түске енеді, мəрмəр суреті пайда болады. Жиі беткей дем алу, тахикардия, жүрек тондарының тұйықталуы, қанда лейкоцитоздың жоғарылауы байқалады. Аурудың алғашқы сағаттарында-ақ теріде қызарған жəне тығыздалып шектелген, пальпация жасағанда ауыратын аймақ пайда болады. Зақымдалған ошақтың терісі ыстық жəне қыртыстанбайды. 8-12 сағаттан кейін зақымдалған аймақ 2-3 есе үлкейеді, сол жердің терісі көгереді, қоршаған тіндердің ісінуі пайда болады.

Біртіндеп инфильтрация ошағының ортасында жұмсару пайда болады. Кейбір жағдайда тері некрозы пайда болып, ауқымды жаралық кемістік түзе отырып терісі түсіп қалады. Жараның түбі сұр түсті, некрозданған шелмай қалдықтары көрінеді, жиектері тесілген, тегіс емес, түйіршіктер жоқ. Жараның мұндай түрі жағымсыз болжам туралы ойлауға итермелейді. Жағымды ағым кезінде некрозданған тері түсіп қалғаннан кейін өлшемі үлкен емес (диаметрі 3-6 см) жаралар пайда болады, олар біртіндеп түйіршікке толып, жиектері эпителилене бастайды. Əрі қарай жаралық кемістіктің орнында көбінесе дөрекі тыртық пайда болады, ол кеуде торының деформациясына, бел лордозы мен кифозына əкеледі де, баланың жасы өскен сайын үдей береді.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметрі).
2. Жалпы несеп анализі.
3. Флораны жəне оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
4. Қан тобы мен резус факторды анықтау.
5. Дифенил, тимол, глюкоза сынамаларын анықтау.
6. АЛТ анықтау.
7. ЭКГ.
8. Өкпе рентгенографиясы.
9. Сальмонелла қоздырушысын анықтау.
10. Нəжісті құрт жұмыртқаларына тексеру.
11. 3-реттік қырынды алу.
12. HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: ірің ошақтарын операциялық емдеу жəне санация жүргізу, терінің бұрынғы жағдайын қалпына келтіру, рецидивтің алдын алу.

Емі
Жалпы жансыздандыру арқылы теріде зақымдалу ошағы үстінде жəне сау терімен шекарасында шахмат тəртібімен көптеген тіліктер жасайды. Тіліктің ұзындығы 1-1,5 см, тереңдігі теріасты шелмай қабатына дейін жетуі тиіс. Кейін натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісімен немесе антисептикпен (фурацилин, диоксидин, хлоргексидинтиоглюконат, калий перманганаты) 2-3 сағатқа таңғыш салады. Келесі таңу кездерінде процестің таралуын бақылап отырады, қажет болса қосымша тіліктер жасайды. 

Тері некрозында жəне шекаралық (демаркациялық) сызықтар пайда болғанда некрэктомия жүргізеді. Жараны некроздық массалардан жəне іріңнен тазалағаннан кейін жақпа маймен таңғыш салады. Емдеу барысында физиотерапиялық шаралар жүргізіледі (УФО, УВЧ жəне т.б.), сонымен қатар түйіршіктердің өсуі мен эпителиленуі консервіленген плацента, фибринді пленка, жараны ультрадыбыспен, лазер сəулесімен өңдеу арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті еммен параллель интенсивті ем жүргізіледі, оның құрамында дезинтоксикациялық, антибактериялық жəне иммуностимулдеуші шаралар болуы тиіс. Ұзақ уақыт массивті антибиотикотерапия қолданғанда микоз пайда болуының алдын алу жəне емдеу үшін итраконазол оралді ерітіндісі 5 мг\кг\күніне, 10 күн бойы тағайындалады. Жаңа туылған нəрестелерде флегмонаның болжамы əрқашан ауыр болады. Диагноз неғұрлым ерте қойылып емдеу шаралары ерте басталса, соғұрлым аурудың болжамы жақсы болу мүмкіндігі жоғары болады.

Əртүрлі көрсеткіштер бойынша летальдылық - 15-30%.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Дифенгидрамин инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл
2. *Тримепиридин гидрохлориді инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1% 1 мл
3. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда
4. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; флаконда 500 мл/100 мг, 1000 мг/200 мг дайындауға арналған ұнтақ
5. Тикарциллин+клавулонды қышқыл, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған лиофилиздаған ұнтақ 3000 мг/200 мг
6. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
7. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г флаконда иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
8.*Лидокаин гидрохлориді инъекцияға арналған ерітінді 10% 2 мл
9. *Прокаин 0,25 мг табл.
10. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл ампулада
11. *Итраконазол оралдық ерітінді 150 мл - 10 мг\мл
12. *Флуконазол капсула 50 мг, 150 мг; флакондағы ерітінді в/і енгізуге арналған 100 мл
13. *Повидон-йод ерітіндісі 1% флаконда
14. *Глюкоза инфузияға арналған ерітінді 5%, 10% флаконда 400 мл, 500 мл; 40% ерітінді ампулада 5 мл, 10 мл
15. *Гангренаға қарсы сарысу инъекцияға арналған ерітінді, амп.
16. *Сіреспеге қарсы сарысу инъекцияға арналған ерітінді 2 мл, 3 мл, 5 мл, амп.
17. * Дифтериялық-сіреспелік анатоксин инъекцияға арналған ерітінді, амп 1 мл
18. * Стафилакокке қарсы иммуноглобулин сулы ерітінді 3 мл ампулада
19. *Тиамин инъекцияға арналған ерітінді 5% ампулада 1 мл
20. *Пиридоксин таблетка 10 мг, 20 мг; инъекцияға арналған ерітінді 1%, 5% ампулада 1 мл
21. *Цианокобаламин инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1 мл (500 мкг)
22. *Хлоропирамин таблетка 25 мг; инъекцияға арналған ерітінді 20 мг/мл ампулада
23. *Сутегінің асқын тотығы ерітіндісі 3% флаконда 25 мл, 40 мл
24. *Магний сульфаты инъекцияға арналған ерітінді 25% ампулада 20 мл
25. *Нитрофурал 20 мг табл.
26. *Диазепам 2 мг, 5 мг табл.
27. *Қаннан алынатын препараттар, плазма орнына қолданылатын жəне парентералді қоректенуге арналған заттар
28. *Натрий хлориді, ерітінді д/и фл. д/кровезам 200 мл
29. * Калий перманганаты сулы ерітінді 1:10 000

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.

Ем тиімділігінің индикаторлары: теріні бұрынғы қалпына қайта келтіру, рецидивтердің алдын алу.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Баиров Г.А. « Неотложная хирургия новорожденных» 2. Баиров Г.А., Рошаль Л.М. « Гнойная хирургия детей» 3. Димитров С.Т., Баев Б., Тошев Ю., Аврамов А. « Детская хирургия» 4. Исаков Ю.Ф., Долецкий С.Я. « Детская хирургия»

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Березко Н.А., Алматы қ. №1 ҚКБА.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх