Балалар синуситі

P-S-020

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый синусит неуточненный (J01.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Себебі аллергиялық, вирустық, бактериялық, сирек жағдайда 
саңырауқұлақтық болатын мұрынның бір немесе бірнеше қосалқы қойнауларының шырыштық қабықтарының қабынуы.

 
Хаттама коды: P-S-020 "Балалар синуситі"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J01    Жедел синусит
J01.0 Жедел жоғарғы жақсүйектік синусит
J01.9 Жедел синусит анықталмаған
J32    Созылмалы синусит
J32.0 Созылмалы жоғарғы жақсүйектік синусит
J32.4 Созылмалы пансинусит
J32.8 Басқа созылмалы синуситы
J32.9 Созылмалы синусит анықталмаған

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Жедел (катаралдық, іріңдік).
2. Созылмалы (іріңдік, одонтогендік, гиперпластикалық, полиноздық-кистоздық).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: Аллергия. Жиі қабыну аурулары.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Бактериялық синусит диагнозы анамнез мəліметтеріне, объективтік зерттеулерге сүйеніп қойылғанымен, ең маңызды диагностикалық шара қойнаулардың аспирациясы болып табылады.

Шағымдар мен анамнез: мұрынмен тыныс алудың бұзылуы, іріңдік бөлінуілер.
 
Физикалық тексеру: көзұяастылық (гайморит), қасүстілік (фронтит), шүйделік (сфеноидит) аймақтар мен кеңсірік (этмоидит). Балаларда көп жағдайда кеңсірік қойнауларының (туылған сəтте толық дамыған жалғыз қойнаулар) қабынуы – этмоидит дамиды. Жоғарғы жақсүйектік қойнаулардың зақымдалуы мүмкін (18-айлық жасқа дейін). Бала 10 жасқа жеткенше басқа қойнаулардың зақымдалуы сирек кездеседі.
 
Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.
 
Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық зерттеулер: сұйықтық деңгейінің болуы – қабынудың шынайы белгісі. Қойнаулар көлемін алдыңғы рентгенограммалармен салыстыру.
УДЗ: зерттеудің алғашқы нүктесінен кем дегенде 3 см қашықтықта алынған біреулік эхосигналдың болуы.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз: бактериялық жəне вирустық синуситтер ауру ұзақтығына, симптомдардың айқындылығына қарап ажыратылады.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру, мұрыннан іріңдік бөліндінің тоқтауы.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем
 
Антибактериалдық терапия тез жазылу үшін өте қажет. Антибиотиктерді қажетсіз қолданбау үшін оны жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруы симптомдарының персистенциясы жағдайларында немесе аурудың ауыр ағымында, клиникасы айқын кезде тағайындау қажет. Антибиотикотерапияны тағайындаудың тиімділігі емдеу нəтижелерін алтын стандарт əдісімен бағалауға негізделген зерттеулердің мета-талдауымен дəлелденген (А).

2 жасқа дейінгі балалардағы бактериялық синуситтің асқынбаған түрінде, аурудың ағымы жеңіл немесе орташа дəрежеде болса, амоксицилиннің əдеттегі 45 мг/кг тəул. немесе 90 мг/кг/тəул., астам мөлшерлері тағайындалады.

Егер науқаста антибиотиктерге аллергия болса, цефалоспориндерді:
- цефдинир (14 мг/кг/тəул күніне 1-2 рет);
- цефуроксим (30 мг/кг/тəул. күніне 2 рет);
- цефаклор немесе цефподоксим (10 мг/кг/тəул).

Аллергиялық реакциялар айқын болған жағдайда кларитромициннің 15 мг/кг/тəул. мөлшерін күніне 2 рет немесе азитромициннің 10 мг/кг/тəулігіне 2 рет бірінші күні, одан кейін 5 мг/кг/тəул. күніне 1 рет 4 күнге тағайындалады.

Альтернативтік вариант – қоздырғыш St. Pneumoniae пенициллинге 
тұрақты штаммдары болған жағдайда клиндамицин 30-40 мг/кг/тəул. күніне 3 рет тағайындалады.

Егер науқастың жағдайында жақсару байқалмаса, терапияны 
амоксициллин-клавуланаттың үлкен мөлшерлерін - амоксициллин 80-90 мг/кг/тəул. жəне клавуланат 6,4 мг/кг/тəул. күніне 2 реттен тағайындауған тиімді. Сонымен қатар цефдинир, цефуроксим, цефподоксим дəрілері альтернативтік ем үшін қолданылады.
Егер 
науқаста қайталанатын құсулар аясында препаратты ішке тағайындауға мүмкіндік болмаса, Цефтриаксонның (50 мг/кг/тəул.) бірреттік мөлшері тамыр ішіне немесе бұлшықетішіне тағайындалады.

Науқастың клиникалық жағдайы жақсарғаннан кейін 24 
сағаттан соң препаратты ішке қабылдауға көшеді. Егер науқастың жағдайы антибиотикті ауыстырғаннан кейін, жүргізілудегі емге қарамастан жақсармаса немесе аурудың ағымы өте ауыр болса, науқастың жүргізудің екі жолы бар - Гаймор қойнауының пункциясын орындап, бактериологиялық зерттеулер нəтижесінде қоздырғыштың антибиотиктерге сезімталдығын анықтап, емнің тиімділігін арттыру үшін науқасқа отоларинголог консультациясы ұсынылады.

 
Альтернативтік вариант – цефотаксим немесе цефтриаксонды тамырішіне тағайындап, отоларингологқа осы терапия нəтиже бермесе ғана жолдау. Ұзақ антибиотикотерапия кезінде микоздың дамуын алдын алу үшін итраконазолдың ішке қабылдауға арналған ерітіндісі 5 мг\кг\тəул. 5 күнге тағайындалады.
 
Қосымша терапия антибиотиктермен қатар жүргізіледі. Бұл терапияға құрамында түрлі тұздары бар спрейлер (гипертониялық жəне изотониялық), антигистаминдік препараттар; секрецияны төмендететін жəне тамыртарылтатын препараттар (жергілікті жəне орталыққа əсер ететін), муколитикалық препараттар, жергілікті қолданылатын стероидтар
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Амоксициллин 250 мг табл; 250 мг, 500 мг капс; инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 500 мг, 1000 мг; суспензия 125/5 флаконда.
2. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл; инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ флаконда 750 мг.
3.  Цефтазидим инъекция ерітіндісін дайындау үшін ұнтақ, флаконда 500 мг, 1 гр, 2  гр.
4.  Кларитромицин 250 мг, 500 мг табл.
5.  Клиндамицин инъекцияға арналған ерітінді 300 мг/2 мл, амп.
6. *Амоксициллин+клавулан қышқылы 625 мг табл; инъекцияға арналған ерітінді 600 мг флаконда.
7.  Цефотаксим инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ флаконда.
8. *Цефтриаксон инъекцияға арналған ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1 000 мг флаконда.
9. *Итраконазол ішке қабылдауға арналған ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: мұрынмен тыныс алудың қалпына келуі, ауыру синдромының жойылуы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: бір аптаның ішінде емнің нəтижесі болмаса, асқынулардың дамуы.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: жоғарғы тыныс жолдарындағы ошақты санациялау.

Профилактикалық шаралар: мұрын қуысын санациялау.

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принципі: тұрғылықты жері бойынша ЛОР дəрігерінде бақылауда болу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Ведение пациентов с синуситами в общей врачебной практике. Клиническое руководство. Дубикайтис Т.А.. 2. The diagnosis and management of acute bacterial sinusitis. Guideline. Alberta Medical Association. November 2001. 3. Acute sinusitis: A cost-effective approach to diagnosis and treatment. Guideline. American Family Physician. November 1998. 4. Sinusitis in children. EBM Guidelines. 2004. 5. AAP Issues Recommendations for the Management of Sinusitis in Children. Practice Guidelines. American Family Physician. 2002. 6. Clinical Practice Guideline: Management of Sinusitis. American Academy of Pediatrics. 2001. 7. Acute Bacterial Sinusitis in Children 1 to 18 years of age. Evidence Based Clinical Practice Guideline. Children s Hospital Medical Center Cincinnati. 2001. 8. Prodigy Guidance-Sinusitis. 2004.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сағатова Г.С.,  Алматы қ. №5 ҚКА

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх