Балалар неврозы

P-P-008

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Невротическое расстройство неуточненное (F48.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Невроздар
 – арып-жүдеу, ашушаңдық, əлсіздік, психотикалық белгілердің болмауы түрінде эмоционалды - аффективті, сомавегетативті бұзылыстардың басым болуымен көрінетін функционалды нервтік - психикалық аурулардың тобы.
Невроздар эмоционалдық жəне соматовегетативтік бұзылыстардың басым болуымен нервтік жүйенің кері бейпсихотикалық түрінде көрінеді.


Хаттама коды: P-P-008 "Балалар неврозы"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F44 Диссоциативті (конверсионды) бұзылыстар.
F48 Басқа невротикалы бұзылыстар.
F50 Ас ішудегі бұзылыстар.
F95 Тартылулар.
F98 Басқа да бала жəне жасөспірім кезіндегі эмоционалдық бұзылыстар мен мінез-құлқының бұзылыстары.    
 

Жіктемесі

 
Жіктемесі

Невроздар жалпы жəне жүйелік (моносимптомды)

 
Жалпы:
1. Неврастения - F 48.
2. Үрей неврозы - F 40.2.
3. Истериялық невроз - F 44.82.
4. Депрессивті невроз - F 41.2.
5. Жабысқақ жағдай неврозы- F42:
а) жабысқақ іс-қимыл неврозы - F42.1;
б) жабысқақ ойлар мен қорқыныш неврозы - F42.0;
в) аралас түрлі жабысқақ жағдайлар неврозы - F42.2.
 
Жүйелік (аз симптомды):
- невротикалық кекештену;
- тартылулар;
- ұйқының бұзылуы;
- тəбеттің бұзылуы;
- шыжыңдық;
- энкопрез;
- патологиялық əдеттік іс-қимыл.

Қауіп-қатерлі факторлар



Қауіп- қатер факторлары:
1. Биологиялық (жүктілік ағымы мен босанудың асқынуы, нервтік-психикалық жəне физикалық күштің шамадан тыс түсуі, жарақаттар, отбасылық келеңсіздік, психожарақаттық қозғыштық, тұлғаның жеке ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, баланы тəрбиелеудегі ауытқушылықтар, церебральды органикалық жеткіліксіздік).
2. Психологиялық.
3. Әлеуметтік.
4. Генетикалық бейімділік.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез:
1. Болбырлық, енжарлық, ашушаңдық, эмоциялардың əлсіреуі.
2. Абыржушылықпен бірге қимылдық мазасыздық (астазия, абазия, истериялық соқырлық, истериялық шала салданулар, салдану, құсу, талу, сезімталдықтың бұзылуы, талмалар, ымырттық бұзылыстар).
3. Көңіл ауушылық, зейіннің əлсіреуі, көңіл-күйдің төмендеуі.
4. Күннің аяғында немесе аптаның аяғында шаршағандықтың күшеюі.
5. Негізсіз үрейленулер (қараңғылық, жалғыздық, мал-жануарлар, жабық жайлар, мектеп, ауру).
6. Жабысқақ қимылдар, əуестік, ойлар, қайта-қайта бет-аузын қисайту мен қимылдар, тартылулар.
7. Кекештену.
8. Шыжыңдық.
9. Энкопрез.
10. Ұйқының, тəбеттің бұзылуы.
11. «Жағымсыз əдеттер».
 
Физикалық тексеру:  патологияны анықтамайды.

Инструменталдық зерттеулер:  ЭЭГ да диффузды өзгерістер, мидың диэнцефальдік құрылымының дифункция белгілері, РЭГ аздаған қантамырлық бұзылыстарды көрсетеді, ерекшеліксіз болуы мүмкін.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:  невропатолог, ауыр жағдайларда психиатр, психотерапевт, қажет жағдайда – кардиолог, гастроэнтеролог.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалп зəр анализі.
3. Невролог консультациясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Эхоэнцефалография.
2. Мидың компьютерлік томографиясы.
3. Психиатр консультациясы.
4. Психолог.
5. Окулист консультациясы.
6. Сурдолог консультациясы.
7. Уролог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:  жоқ.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Диагноз Клиникалық симптомдар Анамнез
ОНЖ тарапынан
ошақтық симптомдар
Ем тиімділігі
Неврастения
Тітіркенгіштік, жоғары жаршағыштық, ызалы шыңғыру, жылағыштық, жайсыздық, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, назар аударудың төмендеуі, шуды көтере алмау, есте сақтаудың төмендеуі, ұйқының бұзылуы, сыртқы тітіркендіргіштерге жіті сезімталдылық, осыған байланысты бас ауырулар, жүректің ауыруы, арқадағы ауырсынулар.
Психикалық жарақаттану, нерв жүйесінің ұзақ ширығуы.
жоқ Оң
Соматогенді тəртіптегі астениялық синдром
Жоғары физикалық шаршағыштық, апатия, тітіргенгіштік, ұйқының бұзылуы, бастың ауыруы жəне айналуы.
Аз уақыт бұрынғы соматикалық немесе инфекциялық аурулар
Жоқ Оң
Бас миының органикалық
аурулары (үдемелі паралич, церебральді атеросклероз, энцефалиттер, ми ісігі).
Жоғарыда айтылғандармен қатар критиканың төмендеуі, есте сақтаудың объективті бұзылыстары, бастағы шу, талмалар, АҚ ауытқулары.
ОНЖ бұған дейінгі органикалық зақымдалу өзге белгілеріне сілтеу.
Жиірек жағдай да болады.
Тиімділік жоқ

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
1. Аурудың клиникалық белгілерінің төмендеуі.
2. Ұзақ мерзімді оңалу.

Дəрі дəрмексіз ем: тұрақты тамақтану, қатаң ұйқы режимі, 1-2 сағат бойы таза ауада жүру. Ауруға ықпал жасайтын ортадан тыс жүру. Жеке жəне топтық психотерапия. Сабақтан 1-2 апта босау. Физиотерапия: жылы тұзды-еменді ванналар, ұйқы алдында аяққа ванналар, Шарко, веерлі душ.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Нейролептиктер: галоперидол* 1,5 мг., 5 мг, 10 мл. дозасында 0,25 табл мг/тəу, ішке, содан кейін 0,25 мг/тəу апта сайын немесе 2 аптада бір рет қосады, жасөспірмдерге алғашқыда 0,5 мг/тəу, кейіннен 0,5 мг-нан апта сайын немесе 2 аптада 1 рет; көп жағдайда 5 мг/тəу дозасында жағдай жақсара бастайды; пимозид - балаларға алғашқы дозасы - 0,5-1 мг/тəу, ішуге, жасөспірімдерге - 1 мг/тəу, ішуге; көп жағдайда 10 мг/ тəу дозасынан артық қажет емес.
2. Психологиялық ынталандырғыштар: метилфенидат 0,1-0,5 мг/кг дозасымен.
3. Адаптол 300 мг таблетка түрінде, per os, тамақ қабыладауына байланыссыз, емдік курсы бірнен күннен 2-3 айға дейін созылады , жасына байланыссыз күніне 3 рет 1 таблеткадан қабылдайды.
4. Энцефабол күніне 3 рет 1 табл.
5. Ноофен 250 мг таблетка түрінде, per os, тамақтануға дейін. Емдік курсы 4-6 апта бойы. 8 – жасқа дейінгі балаларға- 50-100 мг-нан күніне 3 рет, 8 жастан 14 жасқа дейін – 250 мг-нан күніне 3 рет қабылдайды.
6. Павлов микстурасы 1 ас қасықпен күніне 3 рет.,

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Галоперидол 1,5 мг, 5 мг, 10 мг табл. 5 мг/мл амп.
2. Адаптол 300 мг табл.
3. Пимозид  0,5-1 мг табл.
4. Энцефабол 0,25 мг табл.
5. Ноофен 250 мг табл.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Метилфенидат 100 мг, 500 мг табл.
2. Павлов микстурасы 200 мл, флаконда.
3. Фито дəрі-дəрмегі тыныштандыратын əсерімен (сасықшөп, пассифлора, шай қурай, долана, мелиса, құлмақ, аю бадам) 5,0 мл, флаконда.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- невроз белгілерін азайту;
- ұзақ мерзімді оңалу;
- психологиялық реабилитация;
- отбасы жəне қоғамда əлеуметтік реабилитация.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

Госпитализациялауға көрсетімдер
Көптеген невроздарды амбулаторлы емдеуге 
болады, əрі қарай санаторлық-курорттық жағдайда реабилитациямен. Шұғыл госпитализациялауға көрсетім болып табылады: истерияның ауыр клиникалық көріністері, жоспарлы госпитализация – амбулаторлық емнің тиімсіздігі.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар: дəрі дəрмектік витаминотерапимен профилактикалық курстар, ұйқы жəне демалыс режимі, клиникалық көріністерсіз, ықпал ететін жағдайларда седативті шөптер. Қайталамалы стресс, қажу, шаршауды болдырмау.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: 12 ай бойы диспансерлеу, 3 ай сайын невропатолог тексеруі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. «Справочник по неврологии детского возраста». Под ред. Лебедева Б.В. М., 1995 г.; 2. «Справочник врача общей практики». Дж. Мерта,1998 г.; 3. «Детская психоневрология». Под ред. Булаховой Л.А. Киев, 2001 г.; 4. «Лечение заболеваний нервной системы». Учебное пособие Российская Медицинская 5. Академия Последипломного Образования. Москва, 2002 г.; 6. «Клиническая психиатрия». Руководство для врачей. Каплан Г., Седок Б. М., 1998 г.; 7. Tonge B. Behavioral emotional and psychosomatic disordes in children and adolec. Sydney 1991- 92; 8. Jarman R. Sleep problems. In Australian Paediatric Review 1992. 2(2): 1-2; 9. Robinson M. Practical Paediatrics (2nd edition) Melbourne:1990; 10. Шамансуров Ш.Шс соавт. «Детская неврология». Ташкент, 1995 г.; 11. «Клинические рекомендации для практических врачей». Глав. ред. академик РАМН Денисов И.Н. с соавт., 2002 г.; 12. Доскин В.А,.Тонкова–Ямпольская Р.В. Новый метод реабилитации детей с различными нарушениями поведения. Вопросы современной педиатрии. №2. 2003. http://pdateam.ru/ 13. Зыков В.П. Клиническая систематизация тиков у детей. http://pdateam.ru/ 14. Коффи Б., Шейдер Р. Тик.Пер. с англ. – М., Практика, 1998. http://pdateam.ru/ 15. Dr. IRENA KAFFEMANIENE. THE EMOTIONAL DEVELOPMENT OF VISUALLY 16. IMPAIRED CHILDREN. SIAULIAI UNIVERSITY. http://www.icevi-europe.org/ 17. Merced L. A. The Treatment of Female Hysteria in Fin-de-Siecle Spain: The Discipline of Medical Control. University of Illinois, Urbana-Champaign. http://www.history.uiuc.edu/hist. 18. В кн. Основы клинической психологии. Ч . 1 . , р . 5. www.bookap.net 19. Patrick D McGorry. Evidence based reform of mental health care. September, 2005. www.bmj.com 20. Шкловский В.М. Психотерапия в комплексной системе лечения неврозов. 21. info2005logoped.info 22. Д. де Масо, Л. Раппопорт. Расстройства поведения. Пер. с англ. – М., Практика, 1997. 23. http://pdateam.ru/

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: м.ғ.д., проф. Лепесова М.М., АМДБЖИ балалар неврологиясы кафедрасының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх