Балалар ларингиті (ларинготрахеиті)

P-P-007

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый ларинготрахеит (J04.2)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Қыспақ
– жинақтық термин, көмейдің тарылуымен жалғасатын жұқпалы 
аурулар кезінде жіті ларингит немесе ларинготрахеитті білдіреді.

Көмейдің жіті тарылуы - тез пайда болатын (бірнеше секунд, миунт, сағат немесе күн) саңылауының тарылуымен байланысты, көмей арқылы тыныс алудың қиындауы.

 
Хаттама коды: P-P-007 "Балалар ларингиті (ларинготрахеиті)"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J04.0 Жіті ларингит.
J04.1 Жіті трахеит.
J05    Жіті обструктивті ларингит (қыспақ) жəне эпиглоттит.
J04    Жіті ларингит жəне трахеит.

Облачная МИС "МедЭлемент"

Автоматизация клиники: быстро и недорого!

  • Подключено 290 клиник из 4 стран 
  • 1 место - 800 руб / 4500 тг в мес.
  • Регистратура + Касса - 15 800 руб / 79 000 тг в год

Узнать больше
+7 938 489 44 83 / +7 707 707 07 16
office@medelement.com

Облачная МИС "МедЭлемент"

Автоматизация клиники: быстро и недорого!

  • С нами работают 290 клиник из 4 стран 
  • Подключение 1 рабочего места - 800 руб / 4500 тг в месяц
  • Регистратура + Касса - 15 800 руб / 79 000 тг в год

Узнать больше / +7 938 489 44 83 / +7 707 707 07 16 / office@medelement.com

Как удобнее связаться с вами?

Жіктемесі


Жіктемесі (Учайкин В.Ф., 1998)
 
Атопияның өсу дəрежесі бойынша:
1. Біріншілік.
2. Қайталанбалы ( 3-ке дейін).
3. Оңалатын (3 реттен артық).
 
Көмейдің тарылуы дəрежесі бойынша:
1 - дəрежесі (компенсация).
2 - дəрежесі (субкомпенсации).
3 - дəрежесі (декомпенсации).
4 - дəрежесі (тұншығу).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Вирустар ларингиттерді туғызады. Parainfluenza вирусы 70% жағдайда ларингитті туғызады.
2. Ауырлаған аллергиялық анамнез.
3. Ластанған атмосфера.
4. Құрғақ климат.

Диагностика


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез:
- құрғақ, дөрекі «үрмелі» жөтел;
- дауытың қырылдауы, əлсіреуі;
- стридор – тыныс алу кезінде дөрекі дыбыс;
- ауыр ауруларда тыныштық кезінде дене 
температурасы көтеріледі.

Анамнезден. Біртіндеп дамитын ларинготрахеит, негізінен кенеттен туыдаумен салыстырғанда баяу жəне ауыр өтеді. Рецидив беретін ларингитпен науқастарда алдыңғы эпизодтар осы ауру ауырлығымен қосарланады.
 
Физикалық тексеру:
- қарлықпа жөтел;
- инспираторлы ентігу;
- қырылдау;
- стридор (ысқырықты дем).
 
Инструменталдық зерттеулер: көрсетілмеген.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: оториноларинголог, пульмонолог, аллерголог, көрсетімдер бойынша.

Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: жалпы қан анализі.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: кеуде клеткасының рентгенографиясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: ҚЖА (лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

ДИАГНОЗ Симптомдар
Жалған вирусный круп
- үрмелі жөтел;
- бəсеңдеген дауыс;
- тыныс жеткіліксіздігі;
- жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы кезінде дамиды.
Жұтқыншақартқы абсцесс
- жұмсақ тіндер ісінуі;
- жұтынудың қиындауы;
- қызба;
- бірнеше күннің ішінде біртіндеп жағдай нашарлайды.
Дифтерия (шынайы круп)
- мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы жəне ісінуі салдарынан бұқа мойын симптомы;
- аңқа гиперемиясы;
- жұтқыншақтың сілемейіндегі сұр жабындылар (пленкалар);
- мұрыннан қан аралас шығындылар;
- АКДС вакцинациясы жүргізілмеген.
Бөгде дене аспирациясы
- тыныс жолдарының механикалық обструкциясы кенеттен дамиды (баланың «шашалуы»), стридор жəне ауыр тыныс жеткіліксіздігі дамиды;
- тыныс жеткіліксіздігі;
- жайылған əлсіздеген тыныс жəне ысқырмалы сырылдар.
Туабіткен аномалия - стридор туылғаннан бастап болады.

Онлайн-консультация врача

Посоветоваться с опытным специалистом, не выходя из дома!

        Консультация по вопросам здоровья от 2500 тг / 430 руб

        Интерпретация результатов анализов, исследований

        Второе мнение относительно диагноза, лечения

        Выбрать врача

        Емдеу тактикасы


        Емдеу тəсілі

        Ем мақсаты:
        1. Тыныс алу жеткіліксіздігін (қыспақ (круп) синдромы) жəне бронхиалды обструкцияны тоқтату.
        2. Демігу, жөтел, тарылған сипаттағы тыныс алудың жоғалуы, қалыпты дауыстың қалпына келуі.
        3. Токсикозды тоқтату: дене қызуын қалыпқа келтіру, жағдайының жақсаруы, тəбеттің пайда болуы.

        Дəрі-дəрмексіз ем:
        1. Салқын, дымқыл ауа қолайлы болады: мұндай ауа-райында баланы далаға алып шығару керек.
        2. Симпоматикалық дəстүрлі ем дəрігер кабинетінде немесе жедел ем бөлімінде булы ингалятор көмегімен ингаляциялық емнен тұрады. 
        Үйде булы ингаляцияларды жуыну бөлмесінде өткізу керек, бұлауды жылы сумен сулап, ылғалды бумен толтырады. Ата-ана баламен бірге 15 мин. жуық қасында болуы тиіс.
        Бумен емдеу тəсілі бұрыннан келе жатқан ем болып табылса да, оның диспноэға оң əсер етуінің дəлелі жоқ. Сондықтан, берілген емшара бала қорықпаса ғана қолдану керек, əрі баланы зорлаудың қажеті жоқ.
         

        Дəрі-дəрмектік ем:
        Дексаметазон* спастикалық қыспақ кезінде нəтижелі (тарылатын ларингит) 0.6 мг/кг дозасында per os немесе бұлшықетке (ең жоғары дəреежсі 10 мг). Доза кейінірек 1-2 рет қайталана алады. Нəтижесі баяу көріне бастайды. Ингаляциялық кортикостероид – беклометазон дипропионат 50-100 мкг тəулігіне 2-4 рет.

        Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
         
        Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
        1. *Дексаметазон 0,5 мг, 1,5 мг, табл.
        2. *Беклометазон дипропионат 200 доза, аэрозоль.

        Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:  жоқ.
         
        Ем тиімділігінің индикаторлары:
        1. Тыныс жеткіліксіздігін басу (көкірек клеткасының төменгі бөлімінің тартылуын жəне жиілеген тынысты).
        2. Жөтелдің, стридордың жоғалуы, дауыстың қалыпқа келуі.
        3. Дене температурасының қалыпқа келуі, өзін өзі жақсы сезіну жəне тəбеттің ашылуы.

        * – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

        Госпитализация


        Госпитализациялауға көрсетімдер:
        1. Тыныс алу жеткіліксіздігі синдромының дамуы.
        2. II-III дəрежедегі тарылу белгілерінің болуы.

        Профилактика


        Профилактикалық шаралар:
        1. Науқастармен жəне жоғары респираторлық аурушаңдық мезгілінде вирустасымалдағыштармен қатынасты шектеу.
        2. Жалпы гигиеналық шаралар:
        · Бетперде кию жəне стрептококкты немесе стафилококкты инфекцияның кез келген формасымен жанұя мүшелерінің қол жууы;
        · Үй жəне жұмыс орнында гигиеналық ережелерді сақтау;
        · Бактериалды ластануды, шаңдануды жəне ауаның газдалуын жою.

        Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
        1. Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс алу жиілесе немесе қиындаса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігердің қарауы (қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тез арада қаралу керек екендігін анасына үйрету).
        2. Рецидив кезінде аллерголог, пульмонолог консультациясы.
         

        Ақпарат

        Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

        1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
          1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. EBM Guidelines 21.3.2005 Laryngitis in children http://www.terveysportti.fi/ltk.naytaartikkeli?p_artikkeli=ebm00615 2. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. – 2-е издание, исп. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. – 1248 стр.: ил 866-867 3. Cruz MN, Stewart G, Rosenberg N. use of dexamethasone in the out-patient manegment of acute lryngotracheitis. Pediatrics 1995;96:220-3

        Ақпарат


        Əзірлеушілер тізімі:  Идрисова Р.С., АМДБЖИ балалар инфекциясы кафедрасының меңгерушісі.

        Қазықтаулы файлдар

        Мобильное приложение "MedElement"
        • Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения
        • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

        Скачать приложение для ANDROID / для iOS

        Мобильное приложение "MedElement"
        • Профессиональные медицинские справочники
        • Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на приём

        Скачать приложение для ANDROID / для iOS

        Назар аударыңыз!

        • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
        • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
        • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
        • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
        • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
        На главную
        Наверх