Балалар конъюнктивиті
P-S-015
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Конъюнктивит неуточненный (H10.9)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Конъюнктивит – конъюнктиваның түрлі əсерлерге шырыштық қабықтың гиперемиясы мен ісінуімен, қабақтардың ісініп, қышуымен сипатталатын қабынулық реакциясы. Кейде ол қасаң қабықтың зақымдалуына асқынып, көру қызметінің төмендеуіне алып келеді. Конъюнктивиттер көз ауруларының 30% құрайды. Балаларда көбінесе бактериялық конъюнктивиттер кездеседі.
Хаттама коды: P-S-015 "Балалар конъюнктивиті"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): H10 Конъюнктивит.
Жіктемесі
Жіктемесі
Ағымы бойынша:
- жедел;
- созылмалы.
Ағымы бойынша:
- жедел;
- созылмалы.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар: инфекциялық агентпен контакт.
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез: ауру əдетте жедел басталып, айқын субъективтік сезімдермен көрініс табады: көздің ашуы, қышуы (əдетте аллергиялық реакцияларға байланысты), конъюнктива қуысынан шырыштық-іріңдік бөлунідің көп болуы, кейде жарықтан қорқу. Көбінесе екі көз қатар зақымдалады (алдымен біреуі, одан кейін үрдіс екіншісіне таралады).
Физикалық тексеру: блефароспазм, ісіну, конъюнктиваның қалыңдауы, гиперемиясы.
Инструменталдық зерттеулер: тəне емес.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
Негізгі жəне диагностикалық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Көру жітілігін қабылдау.
2. Сыртқы қарап-тексеру.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.
Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеулер: диагностикалық тесттер, культураға сүртінді, биопсия.
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз:
аллергиялық конъюнктивитті ажырату антибиотиктерді қажетсіз қабылдаудан сақтайды.
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: симптомдарды жою, қоздырғышты жою, асқынулар мен үрдістің жайылуын алдын алу.
Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.
Дəрі-дəрмектік ем
- Таңғышты салуға тыйым салынады (таңғыштың астында кератит дамуы мүмкіндігі күрт жоғарылайды).
- Конъюнктивалық қуысты механикалық тазарту үшін оны антисептикалық ерітінділермен (нитрофурал (фурациллин) немесе калий перманганатының 1:5000) жуып-шаяды.
- Іріңдік бөліндімен жүретін конъюнктивитті емдеу үшін 3-7 күнге антибиотиктер тағайындалады. Конъюнктивалық қапқа антибиотиктер ерітіндісін алғашқы күндері əр 2-4 сағат сайын, үрдіс бəсеңдеген сайын дəрілік затты күніне 3-6 тамызуға дейін азайтады. Емдеу курсы 7-10 күн.
Антибактериялық терапия: хлорамфеникол 0,25% көз тамшылары – бірінші қатардағы антибиотик болып табылады, нитрофурал 0,02% көз тамшылары, натрий сульфацетамиді 30% көз тамшылары, неомицин сульфаты 0,5% көз тамшылары.
Аллергиялық конъюнктивит кезінде – антигистаминдік препараттар, мысалы, дифенгидрамин 0,3% - көз тамшылары, сонымен қатар таблетка түрінде. Емдеудің тиімділігі болмаса аллерголог консультациясы.
Дистрофиялық процесстер, Ширмер сынамасының көрсеткіштері төмендегенде – жасанды жас препараттары.
Вирустық үрдіс кезінде вирусқа қарсы терапия (интерферон-альфа).
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Фурацилин 1: 5000 фл.
2. *Калий перманганаты сулы ерітінді 1: 10 000.
3. *Хлорамфеникол көз тамшылары.
4. Нитрофурал көз тамшылары.
5. Сульфацетамид көз тамшылары.
6. Неомицин көз тамшылары.
7. Дифенгидрамин сыртқа қолдануға арналған 20 г.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
Ем тиімділігінің индикаторлары: симптомдарды жою, қоздырғыштар элиминациясы, асқынулар мен процесс таралуының профилактикасы.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер: 3 күн ішінде терапия тиімсіздігі.
Алдын алуы
Біріншілік профилактика: емхана мен стационардағы көз аурулары бөлмесіндегі профилактика.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1.American Academy of Ophthalmology. Guideline. Conjunctivitis. 2003 2.Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance. Conjunctivitis- infective. 2004 3. Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance. Conjunctivitis- allergic. 2004 4.International Council of Ophthalmology. Guideline. Conjunctivitis (Initial evaluation) 2005 5.EBM Guidelines. Conjunctivitis. 2004 6.Sheikh A., Hurvitz B, Cave J. Antibiotics versus placebo for acute bacterial conjunctivitis. In: Cochrane Library. 7.Доказательная медицина. Ежегодный справочник. 2003 - Часть 7. - С. 2314-2321.
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Кобцева В.Ю., ҚР ДСМ Көз аурулары ҒЗИ
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.