Балалар жіті бронхиті жəне ЖРВИ

Р-Р-010

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острая респираторная инфекция нижних дыхательных путей неуточненная (J22)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Шырышты қабықтың қабынуымен сипатталатын, қабынудың 
альвеоладан басқа мұрын қуысынан бастап, тыныс алу жүйесінің төменгі бөлімдеріне дейін тарала алатын тыныс алудың жоғарғы жолдарының жұқпалық ауруы.
Жалпы ауырсынудан басқа, əртүрлі синдромдарға тəн: мұрынның бітуі, бет аймағында қысып ауру сезімі, жөтел сияқты жергілікті белгілер пайда болады. Қоздырғыштарға 200 топтан жоғары вирустар (риновирустардың 100 түрін қосқанда) жəне бактериялардың бірнеше түрлері жатады.

Тұмау – жалпы уыттану, жоғарғы тыныс алу жолдарының талаураған қабынуы жəне трахеяның басым бөлігінің зақымдалуымен бірге респираторлық синдромдарымен өтетін жоғары контагиозды жіті вирустық жұқпа.

 
Хаттама коды: Р-Р-010 "Балалар жіті бронхиті жəне ЖРВИ (<15)"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J20 Жіті бронхит.
J22 Тыныс алудың төменгі жолдарының жіті респираторлық анықталмаған инфекциясы.

Жіктемесі


Жіктемесі

ЖРВИ: ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа, ауыр, гипертоксикалық.
Жіті бронхит: обструктивті, обструктивсіз.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Шала туылу.
2. Тамақтанудың айқын бұзылыстары.
3. Демікпе.
4. Иммунды тапшылықты жағдайлар.
5. Созылмалы аурулар.
6. Пассивті түрде шылым тарту.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез:
1. Дене қызуының жоғарылауы.
2. Талаурау (мұрынның бітелуі, түшкіру).
3. Қан кернеуі жəне мұрын-жұтқыншақ шырышты қабығының ісінуі.
4. Жөтел.
 
Физикалық тексеру:
1. Мұрын  жұтқыншақ сілемейінің гиперемиясы жəне ісінуі.
2. Бронхит кезінде аускультативтік көрсеткіштер: ыдыраған сырылдардың болуы, бронхиалды (ысқырық) дем.
3. Уыттану белгілері.
 
Инструменталдық зерттеулер:  қажеттілік жоқ.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- оториноларинголог (асқынулар дамуына күдік болса, мысалы жіті ортаңғы отит);
- пульмонолог, созылмалы ағымда жəне демікпелік тыныстың болуында.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы зəр анализі.
2. Жалпы қан анализі.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  Оториноларинголог консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: қанның жалпы анализі (лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы).

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Диагноз немесе ауру себебі
Диагноз пайдасына
Жіті бронхит
- Тыныс алу жиіленуінсіз жөтел;
- Мұрын бітелу;
- Температураның жоғарылауы, қызба;
Пневмония
- Жөтел жəне жиілеген тыныс:
жасы < 2 ай >  60/мин,
жасы 2 – 11 ай > 50/мин,
жас 1 – 5 жас > 40/мин.
- Көкірек клеткасы төменгі бөлігінің ішке тартылуы;
- Қызба;
- Аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, ылғалды сырылдар;
- Мұрын қанатының кебуі;
- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде).
Стеноздаушы ларинготрахеит
(жалған бітелу)
- Үрмелі жөтел;
- Тыныс жеткіліксіздігі;
- Бəсеңсіген дауыс;
- Егер қызылша салдарынан болса – қызылша белгілері.
Көкжөтел
- Дірілді өзіне тəн ысқырмалы тыныспен, құсумен, цианоз немесе апноэмен қатар жүретін пароксизмальді жөтел;
- Жөтел ұстамалары арасында өзін-өзі жақсы сезіну;
- Қызбаның болмауы;
- Анамнезінде АКДС вакцинасының болмауы.
Обструктивті бронхит
- Анамнезде демікпелік тынысе салқындаумен байланысты;
- Нəрестеде жəне жанұя мүшелерінде демікпенің / экземаның / поллиноздың болмауы;
- Ұзарған тыныс шығару;
- Аускультативті – құрғақ сырылдар, əлсіздеген тыныс (егер анық болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Бронхолитиктерге жақсы реакция;
- Демікпе кезіндегіден көріністер аз екені айқын.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты:
1. Ауыру клиникасын жою жəне асқынуды алдын алу.
2. Уыттану, бас ауру белгілерін жою, жалпы жағдайды жақсарту, тəбетті жəне дене температурасын қалпына келтіру.
3. Асқынулардың болмауы.

Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Мол жылы сұйықтық ішу.
2. Сəйкес бөлмелік жылуды сақтау.
3. Дене қызуының көтерілу кезеңіне – төсек режимі.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Құрғақ жөтелді жұмсартуға – қақырық түсіретін дəрі-дəрмектерді тағайындайды (амброксол**). 38,5 градустан жоғары темперетурада бір мəрте –парацетамол* * 10-15 мг/кг.
2. ЖРВИ жəне жіті бронхиті бар балаларға антибиотиктерді тағайындамау керек, ол бактериалды жұқпаны емдеуге нəтиже береді. Жөтел - антибиотикпен негізсіз емдеуде жиі тағайындалатындардың бірі. Жөтелді басатын дəрі-дəрмекті тағайындамау керек.
3. Құрамында атропин, кодеин жəне оның туындылары немесе спирт бар дəрі-дəрмекті  тағайындамау керек (баланың денсаулығына қауіпті болуы керек).
4. Мұрынға медициналық тамшыларды қолданбау керек.
5. Құрамында аспирин бар дəрі-дəрмекті қолданбау керек.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. **Парацетамол 500 мг, табл;
2. **Амброксол 30 мг, табл.; 15 мг / 2 мл, амп., иньекцияларға арналған ерітінді, 15 мг / 5 мл, 30 мг / 5 мл, сироп.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:   **Оксолин майы 0,25%.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- дене температурасының тұрақтануы;
- уыттанудың жоғалуы (тəбеттің қалпына келуі, өзін-өзі жақсы сезіну);
- жөтелдің жоғалуы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
Кеуде клеткасының төменгі бөлігімен дем тартуда тыныс алу жеткіліксіздігі жəне тыныс алудың жиілеуі, тырыспалар, айқын токсикоз ( тамақтан, су ішуден, емшек емуден бас тарту, сананың бұзылуы) тарылатын ларингиттің (II-IV дəрежедегі тарылу) түрінде асқынудың пайда болуы.

Алдын алуы


Профилактикалық шаралар
· Науқастармен жəне вирус тасымалдағыштармен қатынасты шектеу;
· Бетперде кию жəне ЖРВИ мен жанұя мүшелерінің қол жууы;
· Бөлмеде оптималды ауа режимін сақтау;
· шынығу шараларын жүргізу;
· қауіп тобындағы балаларға тұмауға қарсы вакцинация.
 
Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
Егер жөтел 1 айдан астам уақытта немесе қызба 7 күн бойы жəне одан да көп уақытта болса, басқа мүмкін болатын себепетрді анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізіңіз  (туберкулез, демікпе, көкжөтел, бөгде дене, АИВ, бронхоэктаз, өкпе абсцесі, менингит, құлақтың немесе несеп шығару жолдарының инфекциясы жəне т.б.).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Fahey T, Stocks N, Thomas T. Systematic review of the treatment of upper respiratory tractinfection. Archives of Diseases in Childhood 1998;79:225-230 2. The Database of Abstracts of Reviews of Effectiveness (University of York), Database no.: DARE-981666. In: The Cochrane Library, Issue 3, 2000. Oxford: Update Software 3. Institute for Clinical Systems Improvement (ICSI). Viral upper respiratory infection (VURI) in adults and children. Bloomington (MN): Institute for Clinical Systems Improvement (ICSI); 2004 May. 29 p. 4. HEALTHCARE GUIDELINE, Viral Upper Respiratory Infection in adults and children, 9th edition, may 2004, ICSI 5. Cough and cold remedies for the treatment of acute respiratory infections in young children, Department of child and adolescent health and development, world health organization, 2001 6. Ведение ребенка с серьезной инфекцией или тяжелым нарушением питания. Руководство по уходу в стационарах первого уровня в Казахстане. ВОЗ, МЗ РК, 2003 7. Доказательная медицина. Ежегодный краткий справочник. Выпуск 3. Москва, Медиа Сфера, 2004. 8. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине: Пер с англ./ Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова.- 2-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – 1248с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Наурызбаева М.С., м.ғ.к., ҚР ДСМ Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх