Войти

Балалар гидроцефалиясы

H-P-004

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие виды гидроцефалии (G91.8)
Медицинская выставка KIHE 2020

27-я международная выставка "Здравоохранение"

13-15 мая, Алматы, Атакент

Получить бесплатный билет  

Выставка KIHE 2020

Выставка "Здравоохранение"

13-15 мая, Алматы, Атакент

Получить бесплатный билет  

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Гидроцефалия (ми шемені) – ми сұйықтығының ми қарыншаларына, ми 
қабығының астына көп жиналуы, ликвордың циркуляциясы мен абсорциясының бұзылу себебінен олардың кеңеюімен сипатталатын ауру.
Гидроцефалия екіншілік ауру болып табылады жəне патологиялық процесс көрінісінде дамиды немесе олардың қалдықты құбылыстарын білдіреді.

 
Хаттама коды: H-P-004 "Балалар гидроцефалиясы"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
G91.0   Хабарланатын гидроцефалия
Q 0.03  Туа біткен, жүре пайда болған
P 37.1  Туа біткен токсаплазмоздан пайда болған
G91.1   Обструктивтік гидроцефалия
G91.2   Қалыпты қысымды гидроцефалия
G91.3   Жарақаттан кейінгі гидроцефалия айқындалмаған
G 91.8  Гидроцефалияның басқа түрлері
G 91.9  Анықталмаған гидроцефалия

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі


Жіктемесі
 
Пайда болуы бойынша:
1. Туа біткен.
2. Жүре пайда болған.
 
Клиникалық ағымы бойынша:
1. Үдемелі.
2. Компенсацияланған.
 
Окклюзиалық (жабық):
1. Монро саңылауы алдындағы окклюзия.
2. Сильвиев су құбыры алдындада.
3. Мажанди жəне Люшка саңылауы алдында.
 
Өзара хабарласатын (ашық):
1. Арезорбтивтік.
2. Гиперсекреторлық.
 
Субарахноидалдық кеңістіктердің қарыншалық жүйесінің кеңеюі кезінде:
1. Ішкі.
2. Сыртқы.

Диагностика


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: ұстаматəрізді бас ауыру, бас ауыру кезіндегі құсу.
 
Физикалық тексеру:
- бас көлемінің патологиялық үлкеюі;
- нəрестелердің қатты, іскен 
еңбегі;
- бассүйек тігісінің ажырауы ( Маковен симптомы);
- бастағы айқын веналық тор;
- тері веналарының жұқаруы;
- самай сүйектерінің кеңеюі (Тоблер симптомы);
- мидағы ащы 
«өткір» айқай;
- бассүйек ішілік қысымның жоғарылауы;
- ошақтық симптомдар;
- көру 
нервтерінің іркілген емізіктері + көзбен көру патологиясы;
- қолдың дірілдеуімен жалпы 
қозу;
- «псевдо (жалған)-Грефе» сипмтомы;
- «күннің батуы» феномені;
- қозғалыс жəне 
рефлекторных бұзылыстар (психомоторлық дамудың кешеуілдеуі).
 
Лабораторлық зерттеулер: тəн мес.
 
Инструменталдық зерттеулер: тəн емес.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.
 
Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зəр анализі.
3. Невропатолог кеңесі.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Ми УДЗ.
2. Мидың компьютерлік томографиясы.
3. Бас миының ядерлік магниттік резонанстық томографиясы.
4. Көздің түбін қарау.
5. Қанды биохимиялық зерттеу (қан электролиттерін анықтау).
6. Иммуноферментті анализ, полимераза-тізбекті реакция.
7. Электроэнцефалография.
8. Нейрохирург консультациясы.
 
Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызудың алдында қажетті зерттеулерден өту тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зəр анализі.
3. Мидың УДЗ-і.
4. Мидың компьютерлік томографиясы.
5. Мидың ядерлік магниттік резонансттық томографиясы.
6. Көздің түбін қарау.
7. Нейрохирур кеңесі.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы: емдеу тəсілі гидроцефалияның дамуына алып келген біріншілік патологиялық процестің белсенділігіне байланысты таңдалады.
 
Ем мақсаты: ремиссия индукциясы, асқынуларды басу.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
 
1. Қабыну кезінде антибиотикотерапия жүргізіледі: амоксоциллин+клавулондық қышқыл суспензиясы 156,0/5,0, табл. 375 мг.
 
2. Спецификалық қабынуда (токсоплазмоз) - хлоридин, сульфадимизин (табл 0,5 х 3 рет) 3 курсы 5 күннен 1 апта үзіліспен.
Консервативтік ем: жіті үдемелі процесте – маннитол в/ішіне тамш. 15% немесе 2-5 сұйықтығын 1,5 г есебінен құрғақ заттекті 1 кг дене салмағына. Фуросемидті емшектегі сəбилерге т/ішіне немесе т/ішіне (0,7 мг/кг дене салмағына). Оның əсері бір уақытта т/ішіне немеес т/ішіне 15% немесе 255 магний сульфаты сұйықтығын (0,2 г/кг дене салмағына) енгізгенде күшейеді. Шеменнің созылмалы ағымында ем (əдетте, хабарлайтын түрі) цереброспиналдық сұйықтықтың бөлінуін тежеуге бағытталады.
 
3. Ми қан айналымын жақсартатын дəрі-дəрмектер – энцефабол 100 мг  табл. түрінде.
 
4. Дегидратация - ацетазоламид, дозасы жеке тағайындалады, орташа жағдайда 1-2 таб/тəу х 2-3 рет тəулігіне 3 күн + 2 күн – сызбасы бойынша, калий дəрі-дəрмегемен. Жалпы 2 жасқа дейінгі балаларға тəулігіне 70-80 мг/кг дене салмағына, 2 жастағы балаларға дозаны 50 мг/кг дейін төмендетеді.
 
5. Ноотропты препараттар.
 
6. Аналгезия мақсатында – кетонал, димедол, трамадол.
 
7. Құрысулық синдром диагностикасы кезінде – құрысуға қарсы препараттар – седуксен, депакин.
 
Негізгі дəрі- дəрмектер тізімі:
1. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл , оның қабықшасын жабу 250 мг/ 125 мг, 500 мг/ 125мг , 875 мг/ 125 мг, 125мг/ 31 , 25 мг/ 5 мл , 200мг/ 28,5 мг/ 5мл, 400 мг/ 57 мг/ 5мл ұнтақтан суспензия дайындайды.
2. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді даярлау үшін ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда.
3.  Цефотаксим 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, инъекциялық ерітінді даярлау үшін ұнтақ.
4.  Цефтазидим - инъекциялық ерітінді даярлау үшін ұнтақ, флаконда 500 мг, 1 гр, 2г.
5. *Маннитол ерітінді 10%, 20% 100 мл, 500 мл флаконда.
6. *Фуросемид 40 мг табл.; 20 мг/2 мл амп.
7. *Ацетазоламид 250 мг табл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  Хлоридин 50 мг табл.
2.  Сульфадимизин 50 мг табл.
3. *Магний сульфаты 25% 20 мл амп.
4. *Пирацетам таблетка 400 мг, 800 мг, 1200 мг; инъекция үшін ерітінді 20%.
5. *Трамадол капсула 50 мг; ампуладағы ерітінді 50 мг/1 мл; суппозиторий 100 мг.
6.  Седуксен 0,5% ерітінді.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: Суб - жəне гидроцефалияның компенсациясы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Гидроцефалия себебі мен типін анықтау.
2. Амбулаторлық емнен тиімділік болмау (декомпенсация).
3. Бас көлемнің үдемелі ұлғаюы.
4. Неврологиялық симптоматиканың болуы.
5. Гидроцефалияның этиологиясы мен типін анықтау.
6. Терапия типін анықтау (консервативті, хирургиялық).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. «Справочник по неврологии детского возраста». Лебедев Б.В. с соавт.М.,1995 г; 2. Шамансуров Ш.Ш., Трошин В.М. «Детская неврология». Ташкент, 1995 г.; 3. Лепесова М.М. «Врожденные пороки нервной системы». Алматы, 2001 г.; 4. The Maternal and Child Health Forum. Childhood Disease. Hydrocephaly.2005. www.clinicalevidence.com 5. Ю.В. Кушель. «Частные вопросы детской нейрохирургии». НИИ нейрохирургии. 2004г. kuszel@nsi.ru 6. Management of Spina Bifida, Hydrocephalus and Shunts Last Updated. 2004. www.g-i-n.net 7. A Resource Guide for Children and Adults With Developmental Disabilities Living in King County. About Hydrocephalus. 2002. http://www.patientcenters.com/hydrocephalus 8. Артефьева И.А., Демчук М.Л., Артарян А.А. и др.«Исследование процессов свободнорадикального окисления липидов в ликворе детей с гидроцефалией». 1999. http://www.rbc.ru 9.«Повторные ликворошунтирующие операции». Хачатрян В.А.. с соавт. Алматы, С.-П., 1999 г.; 10. Burton B.K. Reccurence risks for congenital hydrocephalicus . 1979.; 11. Козлова С.И. с соавт. «Наследственные синдромы и медико-генетическое консультирование». М., 1996 г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: м.ғ.д., профессор Лепесова М.М., АМДБЖИ балалар неврологиясы кафедрасының меңгерушісі

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх