Балалардың іріңді баспасы

P-P-004

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый тонзиллит, вызванный другими уточненными возбудителями (J03.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Жіті тонзиллит (баспа)
- лимфатикалық жұтқыншақтық сақина 
компоненттерінің, жиі жағдайда таңдай бадамша бездерінің стрептококктар немесе стафилококктардан туатын жіті қабыну түріндегі жергілікті көріністері бар жұқпалы ауру.  Жалпы аурушылықтың 28% жағдайында кезедеседі.

 
Хаттама коды: P-P-004 "Балалардың іріңді баспасы"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J02  Жіті фарингит.
J03  Жіті тонзиллит.
 

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Біріншілік баспалар: катаралды, лакунарлық, фолликулярлы.
2. Екіншілік баспалар: жіті жұқпалы ауруларда бадамша бездердің зақымдалуы (күлауруы, жəншау, туляремия, іш сүзегі, жұқпалы мононуклеоз), қан айналым жүйесінің ауруларында (агранулоцитоз, алиментарлы-токсикалық алейкия, лейкоз).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп- қатерлі факторлар:
1. Стрептококкты немесе стафилококкты жұқпаның кез келген түрімен ауыратын адам немесе жұқпаны тасымалдаушы.
2. Әр түрлі жас топтарындағы жоғары қабылдаушылық.
3. Жиі ЖРВИ (жіті респираторлы вирустық инфекциялар).
4. Ауырлаған преморбидті фон.
5. Бір жасар балалар.

Диагностикасы


Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: стрептококкты немесе стафилококкты жұқпамен ауырған науқаспен қатынас.

Физикалық тексеру:
1. Уыттану синдромы.
2. Дене қызуының жоғарылауы.
3. Тамақта ауру сезімінің болуы.
4. Бадамша бездер тіндеріндегі іріңді өңез.
5. Регионарлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
 
Инструменталдық зерттеулер:
1. Фарингоскопия:  
- Жергілікті белгілердің болуы – сұйық ірің немесе казеозды тығындар;
- Гизе белгісі – алдыңғы доғашық шетіндегі гиперемия;
- Зака белгісі – таңдай доғашығының жоғарғы бөлігі шетінің ісінуі;
- Преображенский белгісі – алдыңғы доғашық шетінің инфильтрациясы, сонымен қатар бадамшалардың доғашықтармен бірігіп өсуі.

Мамандар консультациясы үшін көрсетілімдер:
1. Қосарланған аурулар белгісінің дамуында, кардиолог, нефролог консультациясы.
2. Хирург консультациясы жұтқыншақ арты абсцессі, медиастенит кезінде.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зəр анализі.
3. Оториноларинголог консультациясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Кардиолог консультациясы (көрсетілімдер бойынша).
2. Нефролог консультациясы (көрсетілімдер бойынша).
3. BL- ға аңқадан жағынды алу.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер:
1. ҚЖА – ЭТЖ аздап жоғарылауы.
2. Бактериологиялық зерттеу – патогенді жəне шартты патогенді микроорганизмдер мен А тобындағы бета-гемолиздік стрептококктар қоздырғышының табылуы.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз

Диагноз немесе ауру себебі Диагноз пайдасына
Іріңді баспа
- бадамша тіндеріндегі іріңді жабындылар;
- таңдай доғашасы мен бадамшалардың гиперемиясы жəне ісінуі, алдыңғы доғаша шетінің инфильтрациясы;
- регионарлық лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
- қызба.
Жіті фарингит
- жұтқыншақ артқы қабырғасының гипермиясы жəне қалыңдауы (гипертрофиялық фарингит кезінде);
- жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы жеке түйіршіктер түріндегі гиперплазирленген лимфоидты фолликулалар (гранулезді фарингит кезінде);
- қызба.
Жұтқыншақарты абсцессі
- жұмсақ тіндердің ісінуі;
- жұтудың қиындауы;
- қызба.
Мастоидит
- қызба;
- құлақ қалқанының артындағы ауырсынулы ісіну.
 

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: Бадамша бездерінде іріңнің болмауы, дене қызуын қалпына келтіру жəне айығу.

Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Бүкіл жіті кезең бойына төсекте жатып емделу режимі.
2. Жас мөлшеріне сəйкес диета.
3. Сұйықтықты мол ішу.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Антибиотиктік ем:
- Жеңіл түрлерінде – амоксициллин + клавулан қышқылы** 20-40 мг/кг тəулігіне 3 рет, энтералды түрде, цефуроксим;
- Отраша/ауыр жəне ауыр түрінде – бензилпенициллин натрий тұзы** 100-150 мың. Бірлік/кг/тəу 4 рет, 7-10 күн бойы. Бициллин – 1 мынандай дозамен: 5000-10 000 Бірлік 1 кг дене салмағына аптасына 1 рет;
- Пенициллинмен емдеу мүмкін болмаса, макролидтер қолданылады: эритромицин* 50 мг/кг/тəу 4 рет қабыладуға, 1-2 буынды цефалоспориндер* 1-2: цефтриаксон* - 20-75 мг/кг/тəу 1 - 2 енгізуге, цефепим *– 2 айдан жоғары балаларға 50 мг/кг/тəу 3 рет енгізу тағайындалады.
 
2. Аллантоинмен комбинирленген поливидон-йод ерітіндісімен, гексетидин, метилсалицилат жəне эфир майлары қоспаларымен комбинирленген құрамның фурациллиннің 0,02% ерітіндісімен аңқаны суландыру.
 
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. **Амоксициллин + клавулан қышқылы 500 мг/125 мг, 875 мг/ 125 мг, табл.; 250 мг; 500 мг, капс.; 500 мг /100мг, 1000 мг / 200мг пероралды суспензия.
2. **Бензилпенициллин натрий тұзы 500 000 Бірл, 1 000 000 Бірл, иньекцияларға арналған ұнтақ, флаконда.
3. * Фурациллиннің 0,02% ерітіндісі 200 мл, ерітінді флаконда.
4.    Цефепим 1 000 мг, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
5. * Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 гр флаконда иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.
6.    Цефуроксим иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ, флаконда 750 мг, 1.5 гр.
7.    Цефуроксим аксетил - суспензияны дайындауға аранлған гранулалар, ішуге, флаконда 125мг / 5мл, таблетки, покрытые оболочкой 125 мг, 250 мг.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1.  Бициллин – 1 5000-10 000 Бірлік иньекцияларға арналған ұнтақ, флаконда.
2. *Эритромицин 250 мг, 500 мг, таблетка; 250 мг / 5 мл пероралды суспензия.
3.  Цефтриаксон 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Жергілікті қабынбалы процессті жою (бадамшаларда іріңнің болмауы).
2. Уыттану симптомдарын басу.
3. Өзін өзі жақсы сезіну, температураның қалыпқа түсуі.
4. Асқынулардың болмауы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Жаңа туған нəрестелер.
2. Асқынулар - ревматизм (құздама), сепсис, нефрит, эндокардит, паратонзиллярлы абсцесс.
3. Ауыр уыттану.
4. Отбасының нашар əлеуметтік жағдайы.
5. Эпидемиологиялық көрсеткіштер.

Алдын алуы

 
Профилактикалық шаралар:
1. Стрептококкты немесе стафилококкты инфекцияның кез келген формасымен науқастармен жəне жоғары респираторлық аурушаңдық мезгілінде вирус тасымалдағыштармен қатынасты шектеу.
2. Жалпы гигиеналық шаралар:
· Бетперде кию жəне стрептококкты немесе стафилококкты инфекцияның кез келген формасымен жанұя мүшелерінің қол жууы;
· Үй жəне жұмыс орнында гигиеналық ережелерді сақтау;
· Бактериалды ластануды, шаңдануды жəне ауаның газдалуын жою.
3. Инфекцияның созылмалы ошағын санациялау.

Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
1. Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс алу жиілесе немесе қиындаса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігердің қарауы (қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тез арада қаралу керек екендігін анасына үйрету).
2. Егер температура түспесе жəне тамақтағы ауырсыну сақталса, баланы оториноларинголог консультациясына жолдау қажет.
3. Егер температура төмендесе жəне тамақтағы ауыру басылса, емді 5 күн бойы жалғастыру.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Tonsillitis, Search date November 2004, Clinical evidence, BMJ 2. Tonsillitis, Search date November 2004, Tonsillectomy versus antibiotics, Clinical evidence, BMJ 3. Sore throat and tonsillitis, EBM Guidelines, 13.5.2004 4. Tonsillitis and pharyngitis in children, EBM Guidelines, 21.4.2004

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:  Идрисова Р.С., АМДБЖИ балалар инфекциясы кафедрасының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх