Балалардың церебралдық параличі (салдануы)

H-P-005

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другой вид детского церебрального паралича (G80.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Балалардың церебралдық параличі – туылғанға дейінгі, туу кезінде жəне 
ерте неонатальды кезеңде мидың зақымдалуынан пайда болатын, клиникалық тұрғыдан қимылдау бұзылыстарының (шала салдану, салдану, гиперкинездер, қимыл-қозғалыстың бұзылуы) көрінуімен, психика, сөйлеу, көру, естудің өзгеруі, құрысқақтық жəне құрысқақсыз талмалармен қатар келген полиэтиологиялық ауру.
 
БЦП – қозғалыс қызметі мен дене қалпының бұзылуы, ол статистикалық ақау мен жетілмеген мидың зақымдалуымен негізделген. (Palmer, Hoon ,1995).

 
Хаттама коды: H-P-005 "Балалардың церебралдық параличі (салдануы)"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
G80      Балалардағы ми салдануы
G80.1  Спастикалық диплегия
G80.2  Балалар гемиплегиясы
G80.3  Дискинетикалық ми салдануы
G80.4  Атаксикалық ми салдануы
G80.9  Балалардағы айқындалмаған ми салдануы
G81     Гемиплегия
G82    Параплегия мен тетраплегия
G83    Басқа салдану синдромдары

Жіктемесі


Жіктемесі

Л.О.Бадалян (1988) мынандай топтарға бөледі:

 
Емшек жасындағы БЦП:
1. Спастикалық түрлер- гемиплегия,  диплегия,  екі жақты гемиплегия.
2. Дистониялық.
3. Гипотониялық түрі.
 
Ересек жастағы БЦП:
1. Спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия.
2. Гиперкинетикалық түр.
3. Атактикалық түр.
4. Атоникалық-астатикалық түр.
5. Аралас түрлері (спастикалық-атактикалық, спастикалық-гиперкинетикалық, атактикалық- гиперкинетикалық).

К.А.Семенова сатысы бойынша (1990) төмендегілерді белгілейді:
1. Ерте саты (4 айға дейін).
2. Бастапқы созылмалы-резидуалдық сатылар (5-6 айдан 3-4 жасқа дейін).
3. Кеш резидуалды (3 жастан кейін).

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
- нəрестелер бірқатар рефлекстері регресінің кешігуі;
психологиялық - моторлық жəне сөйлеу дамуының кешігуі;
- гиперкинездер, бұлшықет 
тонусының өзгеруі (гипо- немесе гипертония);
- когнитивтік, қимыл-əрекеттік, ортопедтік 
аурулармен үйлескен неврологиялық статустағы ауытқулар;
- танымдық бұзылыстар;
- мишықтық синдром.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зəр анализі.
3. Невролог консультациясы.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Мидың компьютерлік томографиясы.
2. Психотерапевтің кеңесі.
3. Логопедтің кеңесі.
4. Окулисттің кеңесі.
 
Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылу алдындағы қажетті зерттеулер тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зəр анализі.
3. Неврологтың кеңес.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы: невролог, логопед, физиотерапевт, ортопед, психолог, емдік дене шынықтыру мамандар күшінің үйлесімлігін талап етеді, онтогенетикалық рефлекторлық жəне аналитикалық қағидаларда негізделген (Бобат, Войт, Кэбот, Фелпса, К.А. Семенова жəне т.б. əдістемелері) бұзылған функциялар дамуына бағытталған.
 
Ем мақсаты:
1. Бұлшықет тонусын жақсарту.
2. Рефлекторлық жағының жақсаруы.
3. Буындардың қиын қозғалуын азайту мен баланың қимылдау мүмкіндігін арттыру.
4. Жасқа сəйкес машықтарды игеру.
5. Әлеуметтік бейімділікті жақсарту.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:  жоқ.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Пирацетам 1 табл. күніне 3 рет немесе 5 мл-ден күніне 1 рет.
2. Энцефабол 1 табл. күніне 2 рет 2 ай бойы.
3. Медокалм 1 табл. күніне 2 рет 2 ай бойы.
4. Шошқа миынан алынған пептидтер кешені.
5. Тырыспаға қарсы ем. (балалар эпилепсиясы).

Тəжірибеде жиі түрде аралас түрлер 
кездеседі. БЦП тұқым қуалайтын нервтік - бұлшықеттік аурулармен, нейротерілік синдромдармен, алмасу бұзылыстарымен, туа біткен гипотиреозбен нақтылау қажет. БЦП бар балаларға контрактура, патологиялық қалып пен қондырғыларды дамытудың алдын алу үшін үнемі реабилитиция жүргізу қажет (стационар, амбулаторлы, санаторлы-курортты ем).
 
Негізгі дəрі- дəрмектер тізімі:
1. Пирацетам 200мг табл., 20% 5 мл амп.
2. Мидокалм 0,25 таб.2 рет 2 ай бойы.
3. Энцефабол 0,25 мг табл.
 
Қосымша дəрі- дəрмектер тізімі: * Шошқа миынан алынған пептидтер кешені иньекцияларға арналған ерітінді 5 мл, 10 мл, 20 мл.

Ем тиімділігінің индикаторлары: емдеу курсын өткеннен соң - учаскелік невропатологтың бақылауына алынады.

* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Дифференциалдық диагностика.
2. Баланың психомоторлық жəне сөйлеу қабілетінің дамуының кешігуі.
3. Қозғалу белсенділігінің нашарлауы.
4. Тырыспалар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Palmer F .B., Hoon A.Н.Cerebral palsy//Behavioral and developmental pediatrics/Boston, 1995.Р.88-94. 2. Л.О.Бадалян с соавт.Детские церебральные параличи.-Киев,1988. 3. К.А.Семенова. Детские церебральные параличи.// Неврология детского возраста: Под ред. Г.Г.Шанько. Минск,1990.С.165-206. 4. К.А.Семенова,Н.М.Махмудова.Медицинская реабилитация и социальная адаптация больных ДЦП.Ташкент.1979. 5. Ш.Ш.Шамансуров, В.М. Трошин, Ю.И.Кравцов.Детская неврология. Руководство для врачей. Ташкент,1995. С.204-213. 6. Детская психоневрология под ред. проф.Л.А.Булаховой. Киев, 2001.С.178-184. 7. А.В.Руцкий, Г.Г.Шанько. Нейро-ортопедические и ортопедо-неврологические синдромы у детей и подростков. Минск,1998.С.135-179. 8. Справочник по неврологии детского возраста. Под ред. проф.Лебедева Б.В. Москва.1995.С.105-108. 9. Пальчик А.Б.Эволюционная неврология.С.-П.,2002.С.266-285. 10. Альманах «Исцеление»,№3.Москва,1997.С.87-90. 11. Е.Т. Лильин, О.В. Степанченко, А.Г. Бриль Современные технологии восстановительного лечения и реабилитации больных. Детский доктор, № 2, 1999, http://medi.ru/. 12. American academy of pediatrics clinical report. Guidance for the Clinician in Rendering Pediatric Care W. Carl Cooley, MD; and the Committee on Children With Disabilities Providinga Primary Care Medical Home for Children and Youth With Cerebral Palsy. http://www.clinicalevidence.com 13. Cerebral palsy program the Alfred I. dupont institute Wilmington. Cerebral Palsy a guide for care. ttp://www.prodigy.nhs. 14. National Centr on Birth defects and Developmental disabilities. Metropolitan Atlanta Developmental Disabilities Surveillance Program. http://www.medlinks.ru/nosolog/ped/ru.htm/ 15. Clinical Practice. The origins of cerebral palsy -- a consensus statement. The Australian and New Zealand Perinatal Societies. http://www.g-i-n.net/

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:  м.ғ.д., профессор Лепесова М.М., АМДБЖИ балалар неврологиясы кафедрасының меңгерушісі

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх