Балалардың созылмалы панкреатиті

H-P-023

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие хронические панкреатиты (K86.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы 

Созылмалы панкреатит (СП) – 6 айдан жəне одан да көпке созылатын, паренхима фиброзының дамуы жəне функциялық жеткіліксіздікпен сипатталатын ұйқыбезінің қабынулық-дегенеративтік ауруы.
 
 
Хаттама коды: H-P-023 "Балалардың созылмалы панкреатиті"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
K86.0 Алкогольдік этиологиялы созылмалы панкреатит
K86.1 Өзге созылмалы панкреатиттер
K86.2 Ұйқыбезі жылауығы
K86.3 Ұйқыбезінің жалған кистасы
K86.8 Ұйқыбезінің басқа айқындалған аурулары
K86.9 Ұйқыбезінің айқындалмаған ауруы

Жіктемесі

 
Жіктемесі: (Г. В. Римарчук)
Осы классификацияға сəйкес, созылмалы панкреатит келесідей параметрлермен белгіленеді:
1. Пайда болуы - біріншілік жəне екіншілік.
2. Ауру ағымы бойынша - қайталанатын, бір сарынды.
3. Ауырлығы бойынша - жеңіл, орташа, ауыр.
4. Ұйқы безінің функциялық жағдайы бойынша:
- сыртқы бөліністік функция - гипобөліністі, гипербөліністі обтурациялы, панкреатиттік бөліністің қалыпты түрі;
- ішкібөліністік функция - инсулярлы аппараттың гиперфункция, гипофункциясы.
5. Асқынулар бойынша - жалған жалауық, панкреолитиаз, қант диабеті, плеврит жəне т.б.
6. Ілеспелі аурулар бойынша - асқазанның ойық жарасы, гастродуоденит, холецистохолангит, гепатит, энтерит, колит, бейспецификалық асқазанның ойық жарасының колиті жəне т.б.

Диагностикасы

 
Диагностика критерийлері

Шағымдар мен анамнез: тамақ ішкеннен кейін пайда болатын арқа аймағына берілетін эпигастральды байламды ауру сезімі; диспепсиялық бұзылыстар: тəбеттің бұзылуы, кекіру, жүректің айнуы, құсу, метеоризм, сілекейдің көп бөлінуі. Іш қату, іш қатудың іш өтумен кезектесуі, дене салмағының азаюы, сондай-ақ, айқын астеновегетативтік көріністер.

Физикалық тексеру
1. Ауыру синдромы. Ішті пальпациялау кезінде келесі ауырсыну зоналары мен нүктелері анықталады:
- Шоффар зонасы;
- Губергриц-Скульский зонасы;
- Дежарден нүктесі;
- Губергриц нүктесі;
- Мейо-Робсон нүктесі.
2. Диспепсиялық синдром.
3. Жүдеу.
4. Панкреатогенді іш өтулер жəне жеткіліксіз ас қорыту жəне сіңірілу синдромы.

Лабораторлық зерттеулер: гиперферментемия и гиперферментурия.
 
Инструменталды зерттеулер
Ұйқы безін УДЗ: жоғары эхогенді учаскелермен ұйқы безінің біркелкі емес құрылымы, темір кальцинозы жəне панкреаттық жолдағы тас, ұйқы безі көлемінің ұлғаюы/кішіреюі, ұйқы безінің біркелкі емес контуры.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. Жалпы зəр анализі.
3. АСТ анықтау.
4. АЛТ анықтау.
5. Билирубинді анықтау.
6. Нəжістік 1-эластазаны анықтау (енгізуді қажет етеді).
7. Рентгендік үлбірлік тесті.
8. Нəжісті копрологияға зерттеу.
9. Глюкозамен провокациялық тесті жасау.
10. Диастазаны анықтау.
11. Глюкозаны анықтау.
12. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.
13. Эзофагогастродуоденоскопия.
14. Отоларинголог кеңесі.
15. Стоматолог кеңесі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Холангиопанкреатография (компьютерлік, магниттік-резонансты томография).
2. Ретроградты панкреатохолангиография.
3. АІЖ жоғарғы бөлімінің рентгеноскопиясы.
4. Қырынды.
5. Холестеринді анықтау.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
- клиникалық-лабораторлық ремиссияға қол жеткізу;
- ауру сезімі, диспепсиялық, диареялық синдромдарды тоқтату;
- қан жəне зəрдегі ферменттер деңгейін қалыпқа келтіру.

Дəрі-дəрмексіз ем: диетамен емдеу.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Спазмолитикалық ем.
2. Антисекреторлық терапия.
4. Қабынуға қарсы терапия.
5. Алмастырғылық ферменттік ем.

Аурудың өршуін стационарда емдеу жүргізіледі. Айқын өршуде бірінші күндері тамақ ішуден бас тарту керек. Ауру белгілері басылғанда, бөлшектік тамақтану қағидасын сақтай отырып, пероралды түрде тамақ ішуге ауысады. Диета белоктың физиологиялық құрамымен сипатталады, майлар мен көмірсуларды шектеу жəне экстрабелсенді заттектер мен шырын айдайтын (шикі көкөністер мен жеміcтер, шырындар) азық-түлікке тиым салынатын - №5 диета «панкреатиттік» -
үгіттелген түрі. 1-1,5 айдан кейін бала үгітілмеген диетаға ауысады.
 
Ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің тонусын, оның жиырылу белсенділігін төмендету, экзокринді бездер бөлінісін азайту мақсатында - гиосцин бутилбромид (инъекциялар ертіндісі 10 мг 1 мл, драже 10 мг-нан, свечалар 10 мг-нан) немесе фенпивериний бромиді немесе платифиллин* 0,5-3,0 мл күніне 2-3 рет анальгетиктермен үйлестіріледі (баралгин, триган).

Асқазан сөлінің бөлінісін басу мақсатында протонды помп ингибиторларын қолданады (рабепразол* 20 мг, омепразол* 20мг, эзомепразол 20мг) - түнге, жатар алдында, 2-3 апта бойы. Пероралды қабылдау мүмкіндігі болмағанында, парентералды түрде Н2-гистаминді рецепторларының тежегіштері (блокаторлары) (фамотидин*) енгізіледі. 3-4 аптаға ішуге антацидті дəрі-дəрмектер тағайындалады: пероралды қолдануға алюминий фосфаты гелі мен пектин, немесе магний жəне алюминий силикаты, немесе алюминий жəне магнийдің гидрототығы, кремнеқышқыл сулы алюминий-магний.

Қажеттілік туғанда, инфузиялық ем - гемодез, декстрандар тағайындалады. Ферментемия жəне/немесе ферментурия жоғары болғанда, антиферментті дəрі-дəрмектер - протеаз ингибиторлары (контрикал, гордокс, трасилол) тағайындалады.

Жылауық жəне жыланкөздердің перитониттің, екіншілік инфицирлену қаупінің қалыптасуы антибактериалды емнің: цефалоспориндер*, кларитромицин* тағайындалуын қажет етеді.

Ауру өршуінің клиникалық белгілері басылуында: біртіндеп анальгетиктерді қолдану тоқтатылады. Ұлтабар, өт жолдарының қозғалыстық қызметін қалыпқа келтіру үшін прокинетиктер - домперидон* 0,25-1,0 мг/кг күніне 3-4 рет, тамақ ішуден 20-30 мин. бұрын қабылдау тағайындау ұсынылады. Жоғары ферментемия жəне/немесе ферментурия болмаса - тамақ ішкен сайын ферментті комбинирленбеген панкреатин* дəрі-дəрмегі (1-2 капсуладан) тағайындалады. Ферменттік ем ұзақ мерзімді, 3 айдан - 6 айға дейін созылады.

Созылмалы панкреатитпен науқастанғандар стационардан шығарылғаннан кейін жылына екі рет диспансерлік бақылауда болады (қайта қарап тексеру жəне амбулаторлы-емханалық жағдайда зерттеу).

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1.*Рабепразол 20 мг, 40 мг табл.
2.*Омепразол 20 мг табл.
3.*Алгелдрат+магния гидроксид 15 мл
4.*Панкреатин 4500 ЕД, капс.
5.*Домперидон 10 мг табл.
6.*Цефалексин 250 мг, 500 мг табл. және капс.; 125 мг, 250 мг/5 мл суспензия жəне сироп
7.*Дротаверин 40 мг, 80 мг табл.; 40 мг/2 мл инъекцияларға арналған ертінді

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Гиосцин бутилбромид 10 мг драже; 1 мл амп.; 10 мг свечалары
2. *Кларитромицин 250 мг, 500 мг табл.
3. *Цефуроксим аксетил 125 мг табл.
4. *Амоксициллин+клавулан қышқылы, қапталған таблеткалар 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, ішуге, суспензиялар дайындауға арналған ұнтақ 125 мг/31,25 мг/5 мл, 200 мг/28,5 мг/5 мл, 400 мг/57 мг/5 мл
5. *Платифиллин 0,2% амп.

Ем тиімділігінің индикаторлары: ауру сезімі, диспепсиялық жəне диареялық синдромдарды тоқтату.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- айқын ауру сезімі мен диспепсия;
- арықтау;
- жиі аурулардың қайталануы;
- амбулаторлық емнің нəтижесіздігі.

Жоспарлы госпитализация алдындағы қажетті зерттеулер тізімі:
- жалпы қан анализі (6 параметр);
- АЛТ, АСТ, билирубин;
- жалпы зəр анализі;
- қырынды;
- нəжісті копрологиға зерттеу;
- диастазды анықтау;
- құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Chronic pancreatitis. EBM Guidelines. 4.3.2005 Author: Pauli Puolakkainen. Article ID: ebm00209 (009.031) 2. American Gastroenterological Association Medical Position Statement: treatment of pain in chronic pancreatitis. Gastroenterology 1998 Sep;115(3):763-4. 3. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. — 2-е изд., испр. — М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. —1248 с.: ил. 4. Детская гастртоэнтерология / под ред.Баранова А.А., - М.2002

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі: Шарипова М.Н., ҚР ДСМ Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх