Войти

Балалардың созылмалы бронхит

H-P-020

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Хронический бронхит неуточненный (J42)
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы 

Созылмалы бронхит - 2 жыл бойы, 3 айдан кем емес мерзімде, басқа органикалық себепке негізделмеген қақырықты жөтелмен сипатталатын ауру.
 
Хаттама коды: H-P-020 "Балалардың созылмалы бронхит"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
J40 Жіті немесе созылмалы түрінде анықталмаған бронхит
J41.0 Созылмалы жəй бронхит
J41.1 Сілемейлі-іріңді созылмалы бронхит
J41.8 Аралас, жəй, сілемейлі-іріңді созылмалы бронхит
J42 Созылмалы анықталмаған бронхит

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
- обструктивті;
- обструктивсіз;
- жəй;
- сілемейлі-іріңді;
- аралас.

Диагностика

 
Диагностика критерийлері

Шағымдар мен анамнез: қақырық секрециясының ұлғаюы; диспноэ, тыныс алудың жиілеуі.

Физикалық тексеру: ысқырықты жəне/немесе диффузиялық сырылдар.

Лабораторлық зерттеулер: қан газдарының зерттеу кезіндегі өзгерістері.

Инструменталдық зерттеулер: сыртқы тыныс алу қызметі параметрлерінің, пиклоуметрия көрсеткіштерінің өзгеруі.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- оториноларинголог (инфекцияның созылмалы ошақтарын санациялау);
- стоматолог (инфекцияның созылмалы ошақтарын санациялау);
- пульмонолог (ішкі тыныс алу функциясын зерттеу);
- кардиолог (өкпелік-жүректік жеткіліксіздік даму кезінде).

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. Жалпы зəр анализі.
3. Жалпы қақырық анализі.
4. Антибиотиктерге сезімталдық анализі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Кеуде клеткасы ағзаларының рентгенографиясы.
2. Колонияларды таңдаумен биол. сұйықтықтар себіндісін алу.
3. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу.
4. Бронхоскопия.
5. Электрокардиография.
6. Оториноларинголог консультациясы.

Дифференциалды диагноз


Диагноз немесе
ауру себебі
Диагноз пайдасына
Туберкулез
- Салмақ жоғалуы немесе дамудың бөгелуі
- Тəбеттің болмауы, түндегі қатты терлегіштік
- Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы
- Созылмалы немесе ауыспалы қызба
- Анамнездегі ашық формалы туберкулез науқасымен жанасу
- Көкірек клеткасында сұйықтықтың болу белгілері (перкуторлық  дыбыстың тұйықталуы/аускультация кезіндегі əлсіздеген тыныс)
Демікпе
- Анамнездегі қайталамалы демікпелік тыныс, кей жағдайда ЖРВИ-ға байланыссыз
- Көкірек клеткасының кеңеюі
- Ұзарған тыныс шығару
- Аускультация - əлсіздеген тыныс (егер күшті айқын болса - тыныс жолдарының бітелуін алып тастау)
- Бронхолитиктерге жақсы реакция
Бөгде дене
- Тыныс жолдарының механикалық обструкциясының кенеттен дамуы (нəресте «түйілді») немесе стридор
- Кейде демікпелік тыныс немесе кеуде клеткасының бір жағынан
патологиялық кеңеюі
- Өкпе бөлігінің рецидивті тығыздалуы
- Өкпе коллапсының белгілері: əлсіздеген тыныс жəне перкуторлық дыбыстың тұйықталуы
- Дəрі-дəрмектік емге нашар реакция
Көкжөтел
- Дірілді өзіне тəн ысқырмалы тыныспен, құсумен, цианоз немесе
апноэмен қатар жүретін жөтел үстамалары
- Қызбаның болмауы
- Субконъюнктивальді қан құйылулар
- Анамнезінде АКДС вакцинасының болмауы
ВИЧ-инфекция
- Анасында немесе əпке-ағаларында расталған немесе күмəнді ВИЧ-инфекция статусының болуы
- Анамнездегі қан құюлар
- Дамудың бөгелуі
- Ауыз қуысының кандидозы
- Созылмалы паротит
- Терілік ұшықтық инфекция (анамнезінде немесе тексеру уақытында)
- Генерализацияланған лимфаденопатия
- Созылмалы қызбалар
- Созылмалы диарея
- «Барабан таяқшалары» тəрізді саусақтар
Бронхоэктазы
- Туберкулез немесе анамнезде бөгде дене аспирациясы
- Салмақты аз қосу
- Іріңді қақырық, ауыздан жағымсыз иіс
- «Барабан таяқшалары» тəрізді саусақтар
- Рентгенограммадағы локальді белгілер
Абсцесс
- Абсцесс үстіндегі əлсіздеген тыныс
- Салмақты аз қосу/үнемі науқас нəресте
- Көкірек клеткасының рентгенограммасында - өкпедегі қуыстық түзілістер (оның ішінде сұйықтықпен)

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты:
- диагнозды анықтау жəне бронхтардағы қабыну процесін жою;
- тыныс алу жеткіліксіздігі, жалпы уыттану белгілерін тоқтату;
- ОФВ 1 қалпына келтіру.

Дəрі-дəрмексіз ем: көкірек клеткасының массажы (дренажды).

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Бронхолитикалық ем (көрсетілімдер бойынша): холинолитиктер (ипратропиум бромиді*, b2-агонисттер (фенотерол*, сальбутамол) жəне метилксантиндер - теофиллин*. Ингаляциялық түрлері таңдалады.
2. Муколитикалық ем (мукалтин*, амброксол*, ацетилцистеин*, карбоцистеин*).
3. Оксигенотерапия (көрсетілім бойынша).
4. Антибактериалды ем.
5. Қабынуға қарсы ем (көрсетілім бойынша): кортикостероидтар, кромондар (ингаляциялық).
6. Иммундық түзету (көрсетілім бойынша).
7. Реабилитациялық ем.

Жұқпаға қарсы ем
Антибиотиктерді қақырықты бөлінуілер көбейгенде жəне қақырықта іріңді элементтердің пайда болуында тағайындайды. Көбінесе ем эмпириялық тағайындалып, 7-14 күнге созылады. Антибиотикті таңдау in vitro флорасының сезімталдығы бойынша жəне эмпириялық антибиотиктік емдеудің нəтижесіздігінде жүргізіледі. Антибиотиктерді ингаляциялық түрде тағайындамау керек. Антибиотиктерді аурудың алдын алу ретінде де қолданылмайды.

Таңдалатын дəрі-дəрмектер - жартылай синтетикалық пенициллиндер, альтернативтілері - ІІ-ІІІ буындағы цефалоспориндер, макролидтер.

Амоксициллин* 15 мг/кг күніне 3 рет, 5 күн бойы немесе қорғалған пенициллиндер (амоксициллин + клавулан қышқылы* 20-40 мг/кг күніе 3 рет).

Азитромицин* 10 мг/кг 1 күн, күніне 5 мг/кг, келесі 4 күні пероралды немесе кларитромицин* - 15 мг кг-ға бөлшекті 10-14 күн пероралды немесе эритромицин* - 40 мг кг-ға бөлшекті, 10-14 күн пероралды.

Цефуроксим* 40 мг/кг/тəулігіне, бөлшекті 2 рет қабыладуға, 10-14 күн пероралды. Цефуроксимнің ең жоғары қабылдау балаларға 1,5 г-нан. Ұзақ мерзім бойы массивті антибиотикпен емдеу кезінде микозды алдын алу жəне емдеуде - итраконазол оралды ертінді, 5 жастан үлкен балаларға күніне 5 мг\кг есебінен беріледі.

Профилактикалық шаралар:
1. Науқастармен жəне вирус тасымалдаушылармен жанасуды шектеу, əсіресе мезгілдік респираторлық аурушаңдықтың өршуі кезінде.
2. Бетперде кию жəне ЖРВИ ауруымен жанұя мүшелерінің қол жууы.
3. Бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстау.
4. Белсенді, сонымен қатар пассивті темекі тартуды шектеу, мұнай өнімдерін пеште жағу үшін пайдалану.
5. Үйде гипоаллергендік жағдай құру.
6. Шынығу шараларын жүргізу.
7. ЕДШ.
8. Барабар тамақтану.
9. Тұмауға қарсы вакцинация.

Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
1. Егер нəресте нашарласа, іше алмаса немесе емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс жиілесе немесе қиындаса (анасына қандай жағдайда жедел арада дəрігерге келуін түсіндіру) учаскелік дəрігердің 2 күн немесе одан бұрын қайта қарауы.
2. Тоқсан сайын диспансерлік бақылау.
3. Оториноларинголог жəне стоматолог - жылына 2 рет (инфекцияның созылмалы ошағын анықтау жəне санациялау).
4. Санаторлық жағдайда реабилитация.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ипратропия бромид 100 мл, аэрозоль
2. *Сальбутамол 100 мкг/доза, аэрозоль; 2 мг, 4 мг табл.; 20 мл небулайзерге арналған ертінді
3. *Теофиллин 100 мг, 200 мг, 300 мг табл/; 350 мг табл. ретард
4. *Амброксол 30 мг табл; инъекцияларға арналған ертінді 15 мг/2 мл, амп.; 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл сироп
5. *Амоксициллин 500 мг, 1000 мг табл.; 250 мг; 500 мг капс.; 250 мг/5 мл пероралды суспензия
6. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг; 125 мг/31, 25 мг/5 мл, 200 мг/28,5 мг/5 мл, 400 мг/57 мг/5 мл ұнтақтан суспензия дайындайды
7. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг табл., инъекцияларға арналған ертінді, флаконда 750 мг, 1.5 гр
8. *Азитромицин 125 мг, 500 мг табл.; 250 мг капс.; инфузияларға арналған ертінді, флаконда 200 мг/100 мл
9. *Итраконазол оралды ертінді 150 мл - 10 мг\мл

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Фенотерол аэрозоль, 200 доз.
2. *Цетилцистеин, инъекцияларға арналған ертінді 2% 2 мл; 100 мг, 200 мг табл.
3. *Карбоцистеин 250 мг, 500 мг, табл.
4. *Кларитромицин 250 мг, 500 мг табл.
5. *Эритромицин 250 мг, 500 мг, табл.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Тыныс алу жеткіліксіздігі белгілерін, жөтелді, жалпы уыттануын тоқтату, ОФВ 1 қалпына келуі, өзін-өзі жақсы сезінуі.
2. Санаторлық жағдайда реабилитация.


* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
 
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
Өршу кезеңі:
- кеуде клеткасы төменгі бөлігінің дем тарту кезіндегі тыныс алу жеткіліксізідігі;
- токсикоз белгілері (тамақ пен судан, емшек емуден бас тарту, сананың бұзылуы);
- тырыспалар;
- диагноз бен емдеу тəсілін анықтау үшін.

Жоспарлы госпитализация алдындағы қажетті зерттеулер көлемі:
- жалпы қан анализі (6 параметр);
- жалпы зəр анализі;
- кеуде клеткасы ағзаларының R-графиясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Cincinnati Children's Hospital Medical Center. Evidence based clinical practice guideline for infant with bronchiolitis. Cincinnati (OH): Cincinnati Children's Hospital Medical Center; 2001 Nov 28. 9 p. 2. Bronchitis. Philadelphia (PA): Intracorp; 2005. Various p. 3. Guideline For The Management Of Acute Exacerbation Of Chronic Bronchitis (AECB), Alberta medical Association, 2001 4. Ведение ребенка с серьезной инфекцией или тяжелым нарушением питания. Руководство по уходу в стационарах первого уровня в Казахстане. ВОЗ, МЗ РК, 2003 5. Доказательная медицина. Ежегодный краткий справочник. Выпуск 3. Москва, Медиа Сфера, 2004. 6. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине: Пер с англ./ Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова.- 2-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – 1248с.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Наурызбаева М.С., м.ғ.к., ҚР ДСМ ПжБХ ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх