Балалардың ревматоид артриті

H-P-015

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Юношеский ревматоидный артрит (M08.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Ювенилді ревматоидты артрит – бұл, көбінесе эрозивті-деструктивті полиартрит түрі бойынша буындардың перифиялық (синовиалды) үдемелі зақымдануымен жəне бірқатар науқастарда буынның сыртқы айқын көріністерімен үйлесетін клиникалық тұрғыдан көрінетін дəнекер тіннің жүйелік ауруы.


Хаттама коды: H-P-015 "Балалардың ревматоид артриті"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
М05 Серопозитивті ревматоидты артрит
М06 Басқа ревматоидты артриттер
М08 Жасөспірім (ювенилді) артрит

Жіктемесі

 
Жіктемесі

Клиникалық-анатомиялық сипаттамасы:
1. Көбінесе буындық түрі (көзді зақымдаумен немесе зақымдаусыз): моноартрит, олигоартрит (2-3 буын), полиартрит.
2. Буындық-висцералды түрі: шектелген висцериттермен (ретикулды эндотелиалды жүйе, жүрек, қан тамырлар, бүйрек, өкпе, сірлі қабықтар, тері, көздің зақымдалулары, ішкі ағзалардың амилоидозы), Стилл синдромы, аллергосептикалық синдром (Висслер-Фанкони). 
3. Ревматоидты артрит төмендегілермен үйлесуде:
- ревматизммен;
- дəнекер тіннің диффузиялық ауруларымен.

Клиникалық-иммунологиялық сипаттама:
- серопозитивті (ревматоидты фактор – оң) ;
- серонегативті (ревматоидты фактор – теріс).

Ауру ағымы:
- тез үдейтін;
- жайлап үдейтін;
- үдеуі байқалмайтын.

Процесс белсенділігінің сатысы:
- белсенділіктің І II, III сатысы;
- ремиссия (оңалу).

Артриттің рентгенологиялық сатысы:
- I - буын жанындағы остеопороз, буын қуысында жалқық болуының белгілері, периартикулярлы тіндердің тығыздануы, зақымдалған буындардыің эпифиз өсуін
жылдамдату;
- II - сол өзгерістер, буын саңылауының тарылуы, сүйектік жалқы узуралар;
- III - таралған остеопороз, сүйектік-айқын, сүйектік-шеміршекті деструкция (құрылымсыздану), буынның шығуы, буынның таюы, сүйектің өсуінің бұзылыстары;
- IV - өзгерістер 1-2 сатыларға жəне анкилозға тəн.

Науқастың функциялық қабілеті:
I - өзіне -өзі қызмет көрсету қабілеті сақталған;
II - тірек-қимыл аппаратының жағдайымен өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті жойылған:
- сақталған;
- жартылай жойылған;
- толық жойылған.
III - көз немесе ішкі ағзалар жағдайымен өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті бұзылған.

Диагностикасы

 
Диагностика критерийлері
 
Физикалық тексеру:
- 3 жəне одан да көп айға созылған артрит;
- 3 айдан жəне одан да кейінірек уақытта пайда болған екінші буынның артриті;
- ұсақ буынның зақымдалу симметриялығы;
- контрактура;
- тендосиновит немесе бурсит;
- бұлшықеттің семуі (атрофия);
- таңертеңгілік қозғала алмаушылық;
- көздің ревматоидты зақымдалуы;
- ревматоидты түйіндер;
- буын қуысындағы жалқық.

Лабораторлық зерттеулер:
- оң ревматоидты фактор;
- синовиалды қабық биопсиясының оң көрсеткіштері;
- классикалық ЮРА кезіндегі жалпы оң белгілер саны - 8, ЮРА анықталған - 4 белгі, болжамды ЮРА - 3 белгі.

Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық белгілер:
- остеопороз, эпифиздің сүйектік құрылымның ұсақ кистозды (жылауық) қайта құрылуы;
- буындық саңылаулардың тарылуы, сүйектік эрозиялар, буындар анкилозы;
- сүйек өсуінің бұзылуы;
- омыртқаның мойын бөлімінің зақымдалуы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Электрокардиография.
2. Эхокардиография.
3. Кеуде клеткасының рентгенографиясы (бір кескін).
4. Зақымдалған буындар рентгенографиясы (ауруханаға жатқызылу алдында жүргізілмесе).
5. Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ.
6. Иммунограмма.
7. С-реактивтік белокты анықтау.
8. Ревматоидты факторды анықтау.
9. LE - жасушаларын анықтау.
10. Жалпы белок пен белоктық фракцияларды анықтау.
11. Жалпы зəр анализі.
12. Сиалды сынаманы анықтау.
13. Тимолды сынаманы анықтау.
14. АЛТ анықтау.
15. АСТ анықтау.
16. Билирубинді анықтау.
17. Глюкозаны анықтау.
18. Несепнəрді анықтау.
19. Креатининді анықтау.
20. Офтальмолог консультациясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Эзофагогастроскопия.
2. Буын УДЗ.
3. Холтер бойынша ЭКГ тəуліктік мониторлеу.
4. Нативті ДНК-ге антиденелерді анықтау.
5. Коагулограмма.
6. Қанның стерилдігі.
7. Аддис-Каковский бойынша зəрдің анализі.
8. Зимницкий бойынша зəр анализі.
9. Белоктың зəрмен тəуліктік экскрециясы.
10. Тұздардың зəрмен тəуліктік экскрециясы.
11. ПЦР буындық сұйықтықты зерттеу.
12. Буын сұйықтығын, эксудаттар мен транссудаттарды цитологиялық зерттеу.
13. Биологиялық сұйықтықтарды колонияларға таңдаумен себінді жасау.
14. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау.
15. Вирустар, хламидиялар, микоплазмаларға ИФА жүргізу.
16. Зооноздарға ИФА жүргізу.
17. Гепатит маркерлеріне ИФА жүргізу.
18. Миелограмма.
19. Амилоидозға биопсия жасау.
20. Буындардың магнитті резонансты томографиясы.
21. Синовиалды қабық биопсиясымен артроскопия жасау.
22. Электролиттер - калий, натрийді анықтау.
23. Тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясы.
24. Лактатдегидрогеназа, креатинфосфокиназаны анықтау.
25. Диастазаны анықтау.
26. Холестеринді анықтау.
27. Туберкулин сынамасы.
28. Хирург-ортопед консультациясы.
29. Фтизиатр (фтизиоостеолог) консультациясы.

Дифференциалды диагноз


Белгі   Ревматоидты артрит Остеоартроз
Ауру басталғандағы жас
 
Негізінен 40 жастан кіші  Жиірек 40 жастан жоғары
Дене бітімінің ерекшелігі
 
Жиірек астениялық тип Жиірек гиперстениялық
Басталуы   Жиірек жіті Біртіндеп
Дене температурасы   Субфебрильді Қалыпты
Таңертеңгілік құрысу 
Жалпы 
Басым жағдайда зақымдалған буын
аумағында
Дебюттегі қабынбалық процесстің мінезі
 
 
Экссудативті құбылыстар басымырақ
Пролиферативнті құбылыстар басымырақ
Қабынбалық процесс мінезі
 
Тұрақты Тұрақсыз
Тері асты ревматоидты түйіндері
 
25% науқастарда Жоқ
Рентгенологиялық деректер
 
 
Остеопороз, эрозия, остеолиз
жəне анкилоздар
Остеосклероз, остеофиттер
Қан сарысуындағы жəне синовиалды сұйықтықтағы РФ
 
80-90% науқастарда  Жоқ
Синовия биопсиясы
 
Жабынды клеткалардың пролиферациясы,
плазмоклеткалық инфильтрация,
гиперплазия
Фиброздық немесе
синовиалды қабықтың
майлық дистрофиясы
Синовиалды сұйықтық  
Қабынбалық мінезде
Қабынбалық емес мінез

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: процестің белсенділігін төмендету (тоқтату), дене қызуын қалыпқа келтіру, буындардың жіті қабынулық өзгерістерін, висцералдық өзгерістерді қайтару, ЭТЖ төмендету, таңертеңгілік буындар қимылсыздығын (ауыр қимылдау) азайту, буындардың функционалдық белсенділігін жақсарту.

Дəрі-дəрмексіз ем: емдеу - қозғалыс режимін жасау, толыққанды диета.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Стероидты емес қабынуға қарсы дəрі-дəрмектер - диклофенак* тəулігіне 0,015-0,025-0,05 г - 2 -3 рет қабылдауға; индометацин 2- 2,5-3 мг/кг/тəу.; нимесулид - 5 г/кг/тəу.; ибупрофен* 30-40 мг/кг/тəу.; напроксен 10-20 мг/кг/тəу.

2. Глюкокортикостероидтар: преднизолонды* тəуліктік дозада кг-ға 1-2 мг (20-30-60 мг) емдік нəтиже алғанға дейін, 2-3 апта бойы, əрі қарай дозаны азайтуменен (1,22-2,5 мг, əр 5-7 күн) қолдаушы доза тəулігіне 12,5-15 мг - ұзақ мерзімге.

3. Иммуносупрессивті дəрі-дəрмектер - буындық аурудың ауыр емес түрінде аминохинолиндік өнімдер: хингамин* (хлорохин) 4 мг/кг/тəу. (тəулігіне 250 мг-нен артық емес) - тəулігіне 1 рет (түнге); гидроксихлорохин (плаквенил) 8 мг./кг/тəу. дозада (бірақ тəулігіне 400 мг-нан артық емес) - тəулігіне 1 рет (түнге), 6-8 айдан кем емес курсымен. Аурудың ауыр ағымында, буындық-висцеральдық түрінде иммунды супрессивті ем тағайындалады - метотрексат* таңдалатын дəрі-дəрмек - аптасына 2,5-5-7,5-10-15 мг, дене жабындысына байланысты; азатиоприн* 1,5-2,0 мг/кг/тəу. 1-2 рет қабылдауға, циклоспорин А* 2,5-4 мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, венаішілік адам иммуноглобулині - 0,4-0,5 г/кг курсқа (күнара үш мəрте енгізу), циклофосфамид* 1,0-2,5 мг/кг/тəулігіне.

4. Буындық-висцеральдық түрінің өте жоғары белсенділігінде, аллергосептикалық түрінде қарқынды емдеу əдістеріне жүгінеді: экстракорпоралды емдеу əдістері - гемосорбция, плазмоферез, пульс-терапия - метилпреднизолон* бір рет 20- 30 мг/кг есебінен (1000 мг), циклофосфамид* - тəулігіне 1 рет 1,0 гр венаға, 3 күн бойы.

5. Локалды терапия:
Буын ішіне бетаметазон дипропонатын немесе триамцинолон ацетонид сулы суспензиясын майда буындарға дəрі-дəрмектің 0,1-0,2 мл, ал едəуір ірісіне 0,5-1,0 мл-ге дейін аптасына 1 рет енгізу керек, 2-3 аппликация пункциясынан артық емес (диметилсульфоксид 50% ертіндісі, бейстероидты қабынуға қарсы құрамында май бар дəрі-дəрмектер).
Процесс белсенділігінің төмендеуінде физиоем тағайындалады- преднизолон* жəне диметилсульфоксидпен электрофорез жасалады, массаж, ЕДШ.

6. Остеопорозды емдеу жəне алдын алу: 
- Д3 витаминімен бірге кальций дəрі-дəрмегі - тəулігіне 0,5-2,0 гр;
- оссеилі-гидроксиапатитті кешен күніне 1-2 таб., ретаболил венаға 5-20 мг 1 рет, 2-3 апта бойы.

7. Висцериттерді синдромнан кейінгі емдеу (көрсетілім бойынша): 
- кардиотрофикалық дəрі-дəрмектер: рибоксин тəулігіне 0,4-0,8 г; кокарбоксилаза гидрохлориді 0,025-0,05-0,1 г бұлшықетке немесе венаға - күніне 1 рет; карнитин хлориді 20% ертінді, 10-40 тамшыдан - күніне 3 рет; милдронат күніне 0,25 г-нан 2-4 рет;
- диуретиктер - фуросемид* күніне 1-3 мг/кг; спиронолактон* 3,3 мг/кг/тəу. 2-3 қабылдауға;
- гепатопротекторлар - урсодезоксихол қышқылы* тəулігіне 10 мг/кг; эссенциале 1-2 капс. күніне 3 рет.
 
8. Микроэлементтер, витаминдер жəне басқа топтар дəрі-дəрмегі:
- калий дəрі-дəрмегі (панангин, аспаркам) тəулігіне 1-3 таблетка;
- аскорбин қышқылы* 0,05-0,250 г/тəу.; токоферол ацетаты* 50-100 мг/тəу.;
- фолий қышқылы* 0,001 г күніне 2-3 рет;
- құрамында алюминий гидрототығы жəне магний тотығы бар комбинирленген дəрі-дəрмегі - 2,0-5 мл күніне 4 рет;
- бүйрек үсті бездерінің қызметін ынталандыру үшін: этимизол 0,1 г күніне 2-3 рет, глицирам 0,025-0,05 г күніне 2-3 рет.

9. Антикоагулянттар, дезагреганттар жəне микроайналымды жақсартатын дəрі-дəрмектер (көрсетілім бойынша):
- натрий гепарині* 40 000-80 000 Бірл., күніне 4 рет, венаға немесе тері астына; 
- дипиридамол 1,5-5 мг/кг/тəу. 2-3 қабылдауға;
- декстран* 10-15 мл/кг.

10. Вирустар, хламидиялар, микоплазмалар персистенциясы анықталғанда, бактериалдық жəне саңырауқұлақты асқынуларда - сезімталдығы бойынша вирусқа қарсы жəне бактерияға қарсы ем:
- ацикловир* күніне 0,1-0,2 г 5 рет;
- эндогенді интерферон индукторы: циклоферон - 12,5% 6-10 мг/кг/тəу., бұлшықетке, күнара; 
- эритромицин* 0,4-1,0 г тəулігіне 4 рет қабылдауға;
- азитромицин*10 мг/кг күніне 1 рет, 3 күндік курспен;
- спирамицин* тəулігіне 1,5-9,0 млн Бірл.;
- рокситоромицин 5 мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, 10 күн;
- кларитромицин* 15/мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, 10 күн;
- доксициклин* 0,1 г/тəу.;
- сульфаметоксазол+триметоприм* 30 мк/кг/тəу. сульфаметоксазон бойынша;
- ципрофлоксацин* 0,125-0,25 г - күніне 2 рет;
- амоксициллин+клавулон қышқылы* 0,125-0,5 г күніне 3 рет;
- цефазолин* 20-50-100 мг/кг/тəу.;
- цефтриаксон* 50-100 мг/кг/тəу.;
- метронидазол* тəулігіне 250-500 мг;
- флуконазол* 6-12 мг/кг/тəу.

Профилактикалық шаралар: буындарды жүйелі тексеру.

Әрі қарай жүргізу: диспансерлік бақылау, кейбір жағдайда МƏСК жолдау.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Диклофенак калия 12,5 мг, 25 мг, 100 мг, 150 мг, табл.; 75 мг/3 мл инъекцияларға арналған ертінді; 50 мг ректалды суппозиториялар, 100 мг май
2. *Ибупрофен 200 мг, 400 мг, табл.
3. *Преднизолон 30 мг/мл, инъекцияларға арналған ертінді; 5 мг табл.
4. *Хлорохин 100 мг, 150 мг, табл.
5. *Азатиоприн 50 мг, табл.
6. *Циклоспорин А 25 мг, 100 мг, капс.
7. *Метилпреднизолон 4 мг, таблеткалар; 40 мг, 125 мг, 250 мг, 500 мг, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
8. *Бетаметазон дипропонаты 1 мл, амп.
9. *Фуросемид 40 мг, табл.; 20 мг/2 мл, амп.
10. *Урсодезоксихол қышқылы 250 мг, табл.
11. *Аскорбин қышқылы 50 мг, 100 мг, 500 мг, табл.; 5%, 10% ампулада 2 мл, 5 мл инъекцияларға арналған ертінді
12. *Токоферол ацетаты 1 мл 5%, 10%, 30% ампуладағы майлы ертінді; 50% 1 мл капсуладағы майлы ертінді
13. *Декстран 200 мл, 400 мл флаконда, инфузияларға арналған ерінді
14. Ацикловир 200 мг, 800 мг, табл.
15. *Эритромицин 250 мг, 500 мг, табл.; 250 мг/5 мл, пероралды суспензия
16. *Азитромицин 125 мг, 500 мг, табл.; 250 мг, капс.; 200 мг/100 мл флаконда, инфузияларға арналған ертінді
17. *Сульфаметоксазол+ триметоприм 480 мг/5 мл амп.; 120 мг, 480 мг, табл.
18. *Ципрофлоксацин 250 мг, 500 мг, табл.
19. * Амоксициллин+клавулан қышқылы, қапталған таблеткалар, 250 мг/125 мг, 500 мг/125 мг, ішуге тағайындалған суспензияларды дайындауға арналған ұнтақ 125 мг/31,25 мг/5 мл, 200 мг/28,5 мг/5 мл, 400 мг/57 мг/5 мл
20. *Цефазолин 1000 мг, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
21. *Цефтриаксон 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
22. *Цефуроксим 750 мг, 1.5 гр, флаконда, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
23. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2 г, флаконда, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
24. Диклофенак натрия, сыртқы пайдалану 1% гель

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Индометацин 25 мг, табл.
2. Напроксен мг, табл.
3. *Метотрексат 2,5 мг, табл.
4. *Циклофосфамид, драже 50 мг; 200 мг, 500 мг флаконда, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
5. Д3 витамині 10 мл майлы ертінді; 10 мл сулы ертінді;
6. Кокарбоксилаза гидрохлориді 50 мг, амп.
7. *Спиронолактон 25 мг; капсула түрінде 50 мг табл.
8. *Фолий қышқылы 1 мг, табл.
9. *Гепарин натрийі 5 000, 25 000 Бірл., инъекцияға арналған натрий тұзы ертіндісі
10. Циклоферон - 12,5% 1000 мгамп.
11. *Спирамицин 1,5 млн Бірл., 375 мың Бірл., 750 мың Бірл., суспензияларға арналған гранулалар; 1,5 млн Бірл. инфузияларға арналған ұнтақ
12. *Кларитромицин 250 мг, 500 мг, табл.
13. *Доксициклин 100 мг, капс.
14. *Метронидазол 250 мг, табл.; 0,5 мг/100 мл флаконда, инфузияларға арналған ертінді
15. *Флуконазол 50 мг, 150 мг, капс.; 100 мл венаға енгізуге арналған ертінді, флаконда

Ем тиімділігінің индикаторлары: процесс белсенділігінің төмендеуі.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- 1-2 сатылы белсенділікті орташа ауырлықты жəне ауыр түрлері;
- жүйелік көріністермен буындық-висцералдық түрлері (Стилл синдромы, аллергосептикалық синдром (Висслер - Фанкон);
- буындық симптоматика ауырлығы (артроздар, контрактура, буынның таюының дамуы);
- аурудың үздіксіз қайталамалы ағымы.

Жоспарлы госпитализация алдындағы қажетті зерттеулер көлемі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Кардиоревматолог кеңесі.
3. Зақымдалған буындардың рентгенографиясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Клинические рекомендации плюс фармакологический справочник. М, 2004 год. 2. Клинические рекомендации для практикующих врачей. М, 2002 год. 3. Management of early rheumatoid arhtitis, National clinical guideline, Scottish Intergollegiate Guidelines Network, December 2000. 4. Clinical practice guideline for the management of rheumatoid arthritis. Spanish society of Rheumatology. 2001. 5. Н.Н.Кузьмина, А.В.Шайков «Ювенильный ревматоидный артрит: терминологические и классификационные аспекты», Ж. Научно-практическая ревматология, №1, 2000 г. 6. В.А. Насонова, Н.В.Бунчук. Ревматические болезни, М., 1997 г. 7. Е.В.Шекшина, Р.М. Балабанова, “Суставной синдром при вирусных гепатитах В и С и ревматоидный артрит: проблемы диагностики и лечения”, Научно-практическая ревматология, №2, 2005 г. 8. American College of Rheumatology Ad Hoc Commitee on Clinical Guidelines for the management of rheumatoid arthritis.Atrhtr. Rheum., 1996, 39, 713-722. 9. Рациональная фармакотерпия ревматических заболеваний. Рук-во для практикующих врачей.Под редакцией В.А.Насоновой, Е.Л. Насонова, Москва, 2003 г.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Нусипбекова С.С., ҚР ДСМ ПжБХ ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх