Балалардың обструктивті бронхиті
P-P-009
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)
Слизисто-гнойный хронический бронхит (J41.1)
Анықтамасы
Анықтамасы
Анықтамасы
Обструктивті бронхит – тыныс алу жолдарының кері обстуркциясымен өтетін əртүрлі себепті бронх шырышты қабығының диффузды жіті қабынуы.
Хаттама коды: P-P-009 "Балалардың обструктивті бронхиті"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ коды:
J40 Жіті немесе созылмалы ретінде анықталмаған бронхит.
J41.0 Жəй созылмалы бронхит.
J41.1 Сілемейлі – іріңді созылмалы бронхит.
J41.8 Аралас, жəй жəне сілемейлі-іріңді созылмалы бронхит.
J42 Анықталмаған созылмалы бронхит.
Жіктемесі
Жіктемесі:
1. Обструктивті бронхит.
2. Қайталамалы бронхит.
3. Жіті бронхит.
4. Созылмалы бронхит.
Қауіп-қатерлі факторлар
Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Қоршаған ауаның ластануы.
2. Төмен əлеуметік-экономикалық жағдай.
3. Тұқым қуалайтын бейімділік.
4. Аллергиялық ауруға бейімділігі.
5. Аденовирусты жұқпа.
Диагностикасы
Диагностика критерилері
Шағымдар мен анамнез
1. Шулы тыныс, экспираторлық ентікпе.
2. Тұрақты үдемелі жөтел, жиірек түнде пайда болады.
3. Дене температурасының жоғарылауы.
Физикалық тексеру:
1. Перкуторлы қораптық дыбыс.
2. Сырылдар мен орналасулар жөтелден соң өзгереді. Бронхолитиктерге жақсы реакция.
3. Қиындаған тыныстың болуы, осы фонда – ысқырмалы сырылдар.
Инструменталдық зерттеулер: көрсетілмеген.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер - пульмонолог (қайталанбалы обструктивті эпизодтарда).
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.
2. Жалпы қан анализі.
3. Жалпы зəр анализі.
4. Ішек құртының болуына нəжісті зерттеу.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Пикфлоуметрия.
2. Сыртқы тыныс алу қызметін зерттеу.
3. Аллерголог консультациясы.
4. Қақырық анализі жəне себіндісі.
Лабораторлық зерттеулер
Лабораторлық зерттеулер: Қанның жалпы анализі (лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы).
Дифференциалды диагноз
Дифференциалды диагноз
Диагноз немесе ауру себебі
|
Диагноз пайдасына |
Обструктивті бронхит
|
- Анамнезде демікпелік тыныс тек қана салқын тиюмен байланысты нəрестеде жəне жанұя мүшелерінде
демікпе / экзема / поллиноздың болмауы;
- Ұзарған тыныс;
- Аускультацияда – құрғақ сырылдар, əлсіздеген тыныс (егер айқын болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Бронхолитиктерге жақсы реакция;
- Көріністер демікпедегіге қарағанда негізінен аз екені айқын.
|
Демікпе |
- Анамнездегі қайталамалы демікпелік тыныс, кейбір жағдайда;
- ЖРВИ байланыссыз;
- Көкірек клеткасының кеңеюі;
- Ұзарған тыныс;
- Аускультацияда – əлсіздеген тыныс (егер айқын болса – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Бронхолитиктерге жақсы реакция.
|
Бронхиолит |
- 2 жастағы нəрестенің демікпелік тынысының бірінші жағдайы;
- Бронхиолоитпен аурушаңдықтың мезгілдік арту кезеңіндегі;
- Көкірек клеткасының кеңеюі;
- Ұзарған тыныс алу
- Аускультацияда– əлсіздеген тыныс (егер айқын болса өте күшті – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау);
- Əлсіз реакция немесе бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.
|
Бөгде дене |
- Тыныс жолдарының механикалық обструкциясының кенеттен дамуы (нəресте «түйілді») немесе стридор;
- Кейде демікпелік тыныс немесе кеуде клеткасының бір жағынан патологиялық кеңеюі;
- Перкуторлық дыбыстың күшеюімен жəне аралықтың ығысуымен ауаның тыныс жолдарында бөгеліп қалуы;
- Өкпе коллапсының белгілері: əлсіздеген тыныс жəне перкуторлық дыбыстың тұйықталуы;
- Бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы.
|
Пневмония |
- Жөтел жəне жиілеген тыныс;
- Көкірек клеткасының төменгі бөлігінің ішке кіруі;
- Қызба;
- Аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, сулы сырылдар;
- Мұрын қанаттарының кеңеюі;
- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде).
|
Емдеу тактикасы
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты:
1. Тыныс жеткіліксіздігі мен тұншығу ұстамаларының белгілерін басу, тыныс алу функцияларын қалпына келтіру.
2. Уыттану симптомдарын жою, өзін өзі сезінуді жақсарту, тəбеттің жəне дене температурасының қалпына келуі.
Дəрі дəрмексіз ем:
1. Адекватты гидратация (көлемді жылы сұйықтықтар);
2. Емшекпен тамақтандыру жəне жасқа сəйкес адекватты тамақтану;
3. Қызба жəне тыныс жеткіліксіздігі кезеңінде төсек режимі.
Дəрі-дəрмектік ем:
- Амброксол таблетка түрінде 30,0 мг-нан күніне 3 рет, 7-10 күн бойы, 1 жасқа дейінгі балаларға – күніне 3 рет 15 мг / 5 мл сироп қабылдау керек;
- Антибиотикпен емдеу тек ұзақ мерзімді қызба мен пневмонияның басқа да белгілері болғанда тағайындалады: амоксициллин 15 мг/кг күніне 3 рет 5 күн бойы немесе қорғалған пенициллиндер (амоксициллин + клавулан қышқылы 20-40 мг/кг күніне 3 рет);
- 38,5 С˚ жоғары қызбаны тоқтату (парацетамол – 10-15 мг/кг күніне 4 рет);
- Сальбутамолмен емдеу тек 1 жастан жоғары балаларға, мынадай дозамен қолданады: ингаляциялар 0,2- 0,3 мг/кг/тəу немесе 1-2 доза тəулігіне 2-4 рет, сонымен бірге. капсулада 2,0мг 1 капс. күніне 3 рет.
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. ** Амброксол 30,0 мг табл., 15 мг / 5,0 немесе 30 мг/5,0 сироп;
2. **Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл , оның қабықшасын жабу 500 мг / 125 мг, 875 мг /125 мг; флаконда 500 мл / 100 мг, 1000 мл / 200 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік ендіруге;
3. **Амоксициллин 500-1000 мг табл.; 250-500 мг капсула; 250 мг / 5 мл пероралды суспензия;
4. ** Парацетамол 500 мг табл.;
5. ** Сальбутамол 100 мкг / доза; 2 мг, 4 мг капсула; 20 мл небулайзерге арналған ерітінді;
6. **Флютиказон аэрозоль 50 мкг / 120 доза, 125 мкг / 60 доза, 250 мкг / 120 доза;
7. Сальметерол 25 мкг / 120 доза;
8. Сальметерол + флютиказон 25 мкг / 50 мкг 120 доза, 25/125 мкг / 120 доза, 25/250 мкг /120 доза аэрозоль, 50 мкг /100 мкг 60 доза, 50/250 мкг 60 доза, 50/500 мкг 60 доза ұнтақты ингалятор.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Обструктивті синдромы басылуы.
2. Дене температурасын қалпына келуі.
3. Жөтелдің жоғалуы.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.
Ауруханаға жатқызу
Госпитализациялауға көрсетімдер:
1. Демікпелік статус.
2. Бронхолитиктерді қабылдауда 3 күн ішінде нəтиже бермеуі.
3. Тыныс алудың ауыр жеткіліксіздігінін белгілері.
4. Тыныштық күйдегі стридор.
Алдын алуы
Профилактикалық шаралар:
· Науқастармен жəне вирус тасымалдағыштармен қатынасты шектеу;
· Бетперде кию жəне ЖРВИ мен жанұя мүшелерінің ауыруында - қол жууы;
· Бөлмеде оптималды ауа режимін сақтау;
· Шынығу шараларын жүргізу.
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
1. Егер баланың ахуалы нашарласа немесе ол емшек сора алмаса, қызба пайда болса, тыныс алу жиілесе немесе қиындаса, 2 күннен кейін немесе одан ерте учаскелік дəрігердің қарауы (қандай жағдайда қайтадан дəрігерге тез арада қаралу керек екендігін анасына үйрету).
2. Обструктивті синдромның рецидиві кезінде аллерголог, пульмонолог консультациясы.
Ақпарат
Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
-
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
- Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Treatment of obstructive bronchitis and acute asthma in children EBM Guidelines 12.1.2005 2. Bronchitis. Philadelphia (PA): Intracorp; 2005. Various p. 3. Guideline For The Management Of Acute Exacerbation Of Chronic Bronchitis (AECB), Alberta medical Association, 2001
Ақпарат
Əзірлеушілер тізімі: Наурызбаева М.С., м.ғ.к., ҚР ДСМ Педиатрия жəне балалар хирургиясы ҒО.
Қазықтаулы файлдар
Назар аударыңыз!
- Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.
- Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.
- Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.
- Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.
- Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.