Войти

Балалардың зəр шығару жүйесінің өзге аурулары

H-P-006

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Непроизвольное мочеиспускание (N39.3)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Еріксіз зəр шығару – тəуліктің əртүрлі уақытында байқалатын (түнгі, күндізгі,  қосарласқан) зəр шығарудың əртүрлі генезді бұзылысы.


Хаттама коды: H-P-006 "Балалардың зəр шығару жүйесінің өзге аурулары"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
N39     Зəр шығару жүйесінің басқа арулары.
N39.3  Еріксіз зəр шығару.

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Біріншілік.
2. Екіншілік:
- зəр шығару жолдарының жұқпасы кезінде;
- зəр шығару жолдары дамуының ақауы кезінде;
- қуық пен зəр шығару өзегінің сфинктерінің нейрогендік дисфункциясы кезінде;
- жүйке жүйесінің патологиясы кезінде;
- психиканың бұзылуларында.

Диагностика


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: тəуліктің кез-келген уақытында қуықтың еріксіз босауы.
 
Физикалық тексеру:
1. Жиі немесе сирек зəр шығару.
2. Түнгі жəне/немесе күндізгі зəрді ұстай алмау.
3. Құймышақ, сыртқы жыныс ағзалары, тік ішек дамуында аномалиялардың болуы.

И
нструменталдық зерттеулер:
1. Бүйрек жəне қуық УДЗ.
2. Цистография – нейрогенді қуық, рефлюкстер мүмкін.
2. Урофлоуметрия – детрузор тонусының жоғарылауы.
3. Кенеттен зəр шығару ритмі – жиілеу немесе керісінше зəр шығарудың сиреуі, қуықтың орташа тиімді көлемінен ауытқуы.
4. Көрсетімдер бойынша зəрағардың профилометриясы.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
1. ЛОР-дəрігер, окулист, стоматолог, гинеколог – ауыз қуысы, мұрын-жұтқыншақ жəне сыртқы жыныс ағзаларының инфекциясын санациялау үшін.
2. Психоневролог.
3. Уролог – зəр шығару жолдарының аномалиясына күдік болған кезде.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Зимницкий сынамасы.
3. Шварц бойынша СКФ есебі.
4. Зəрдің бак. себіндісі.
5. УДЗ (қалдық зəрдің көлемі мен қуық қабырғасының қалыңдығын анықтау, зəр шығарудың жоғарғы жолдарын зерттеу).
6. Кенеттен зəр шығару ритмі.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Урофлоуметрия.
2. Микционды цистоуретрография.
3. Қажет жағдайда зəр шығару жолдарының рентгенокинематографиясымен бірге, уродинамиканы зерттеу.
4. Экскреторлы урография.
5. Инвазивтік зерттеулер – уретроцистоскопия, зəр шығару өзегін сүмбілеу.
6. Кеңейтілген психиатриялық жəне неврологиялық зерттеу (соның ішінде, жұлын миының магниттік-резонансты томографиясы).
7. Бүйректің сцинтиграфиясы.
8. Реберг сынамасы.

Ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылу алдында қажетті зерттеулер тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы зəр анализі.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты: еріксіз зəр шығару жиілігін азайту,  зəр шығару кезінде ауырсынуды жою,  зəр анализін қалыпқа келтіру,  зəр шығаруды қалыпқа келтіру,  еріксіз зəр шығару жиілігін азайту.
 
Дəрі-дəрмексіз ем:
1. Жалпы шаралар: психикалық жарақаттаушы жағдайларды жоюмен 
сақтау режимі, қосымша ұйықтап демалумен (1 – 2 сағат), ұйықтау алдында түнгі шыжыңдықты тудыратын қызулы ойындар ойнауға тиым салу, таза ауада серуендеу.
2. Диетамен емдеу: сұйықтықты ішуді шектеумен бірге (құрамында суы көп азық-түлік) осмотикалық қан қысымының көтерілуі мен тіндерде судың іркілуін тудыратын диета қолданылады.
3. Гипносуггестивтік жəне бихевиоралды əсер етумен қолдану 
психотерапиясы. Сендіру мен өз-өзін сендіру қолдануды қарастырады ( зəр шығару басталғанда немесе кіші дəретке отырғысы келгенде формулаларды айта бастаумен өз бетінше ояну).
4. Бальнеотерапия (тұзды-қылқанды немесе шөпті былаулар) жəне ЕДШ 
жатады.
5. Біріншілік түнгі энурезде органикалық зақымдауларсыз - «ояту сағаты» 
(«будильник»).
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1. Зəр шығару жолдарының жұқпасында – антибактериалдық ем.
2. Десмопрессин* – вазопрессиннің антидиуретикалық гормонының аналогы – емді 0,2 мг мөлшерінен бір мəрте (кешкі уақытта) бастау ұсынылады, қажет жағдайда (5–6 күннен кейін) дозаны 0,3 мг дейін ұлғайтып, бір мəрте, əрі қарай, 0,4 мг дейін (ең жоғары доза) бір мəрте қабылдайды.
3. Пролонгирленген əсерлі антидепрессанттар: амитриптилин* 12,5- 25 мг.
4. Аминқышқылдар: глутамин қышқылы* – 0,25 – 1 г күніне 2 рет; глицин* – күніне 3 рет 0,05 – 0,1 г.
5. Ноотроптар: пирацетам *– 5 жасқа дейін – по 0,2 г-нан күніне 3 рет, 5 жастан жоғары – күніне 0,4 г-нан 3 рет немесе 20% ерітіндіні күніне 8 мл-ден 2 рет.
6. Тыныштандыратын дəрі-дəрмектер:
- Диазепам* – 0,0025 – 0,005 г-нан күніне 2 рет;
- Гиперрефлексия кезінде – дриптан 7 жасқа дейін 2 ай бойы түнде 1 таб, 7 жастан жоғары – 1 таб х 2 р 1 ай, əрі қарай 1 ай бойы түнге 1 таб.
7. В тобының витаминдері.
8. Физиотерапия:
- Гиперрефлексии кезінде жергілікті емшаралар тағайындалады 
(синусоидалды модулданған тоқтар – СМТ, озокерит, парафин, оң сынамада атропинмен эктрофорез, аралықты немесе анальдық сфинктерді электрлік стимуляция жасау жəне т.б.).
- Гипорефлекторлы қуық СМТ емделеді (басқа режимде),  дəруменді,  прозеринмен, 
кальций немес броммен электрофорез жасалады.
 
Әрі қарай жүргізу: энурез күнтізбесін жүргізу, зəр анализі жəне бак. себіндіні кезеңдік бақылау.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Десмопрессин 0,1 мг, 0,2 мг, табл.; 0,2 мг/1 мл амп.
2. *Амитриптилин 250 мг, табл.
3. *Атропин 0,1%, 0,5%, 1% ерітіндісі 1 мл-ден (көз тамшылары).
4.  Мезокарб 5 мг,табл.
5. *Пирацетам 200 мг, табл.; 20% 5 мл, амп.
6. *Диазепам 5 мг, 10 мг, табл.; 10 мг/2 мл, амп.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Адиурекрин 0,01 -0,02 мг, табл.
2. Амитриптилин 25мг, табл.; 2мг/20 мл амп.
3. *Глутамин қышқылы 500 мл/1000 мл флаконда.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
1. Зəрді ұстай алмаудың болмауы.
2. Кенеттен зəр шығару ритмінің қалыпқа келуі.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Госпитализация


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Негізгі ауруды анықтау.
2. Емдеу тактикасын таңдау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Диагностика и лечение урологических заболеваний у детей. Рекомендации Европейской урологической ассоциации, 2001. http://pdateam.ru/ 2. F.A.M. van Balen; P.J.A.M. Baselier; Е. van Pienbroek; R.A.G. Winkens. Инфекция мочевых путей. Стандарт Голландского сообщества семейных врачей. 2004. http://www.drsex.ru 3. ИМС НЕВРОНЕТ. Дифференциально-диагностические признаки заболеваний, при которых развивается синдром дизурических расстройств. 2000. http://www.osdm.org/ 4. В.М. Трошин, Т.М. Радаева, С.А. Куркина. Расстройства мочеиспускания у детей. Методическое пособие для врачей. 1998. http://www.osdm.org/ 5. V.I. Kirilov, N.G. Kireyeva. NEUROGENIC BLADDER DYSFUNCTIONS IN CHILDREN. РМЖ, Т. 6 № 9, 1998. http://www.rmj.ru/main.htm 6. В.М.Студеникин. Лечение первичного ночного энуреза у детей. Cjnsilium Meicus. http://www.consilium-medicum.com

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі:
1. Қанатбаева А.Б., профессор, ҚазҰМУ, емдеу факультетінің балалар ауруы кафедрасы.
2. Кабулбаев К.А., консультант, №7 ҚКА, нефрология жəне гемодиализ бөлімшесі.
3. Наушабаева А.Е., докторант, ҚР ДСМ ПжБХҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх