Балалардың жіті ларинготрахеиті

H-P-035

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Острый ларингит (J04.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы 

Круп (көмейдегі қабынулы қабық) - жинаушы термин, инфекциялық ауру кезінде жіті ларингитті немесе ларинготрахеитті белгіленеді, ол көмей тарылуымен еріп жүреді.

Жіті көмей тарылуы - тез туатын (бірнеше секунд, минут, сағат, күн ішінде) көмей арқылы тыныс алуда қиындайтын, оның саңлауларының тарылуымен байланысты пайда болады.
 
 
Хаттама коды: H-P-035 "Балалардың жіті ларинготрахеиті"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды:
J04 Жіті ларингит ( көмейдің қабынуы) жəне трахеит (кеңірдектің қабынуы)
J04.0 Жіті ларингит
J04.2 Жіті ларинготрахеит
J05. Тарылған ларингит жəне эпиглотит ( көмей қалтқысы қабынуы)
J05.0 Жіті тарылған ларингит

Жіктемесі


Жіктемесі (Учайкин В.Ф; 1998)

Атопияның өршу дəрежесіне қарай:
- бірінші;
- қайталаушы (3 ретке дейін);
- қайталанатын (рецидивирующий) (3 реттен көп).

Көмейдің тарылу дəржесіне қарай:
- 1-дəрежелі (теңгерілу);
- 2-дəрежелі (шамалы теңгерілу);
- 3-дəрежелі (теңгерілусіз);
- 4-дəрежелі (асфиксия).

Диагностикасы

 
Диагностика критерийлері

Шағымдар мен анамнез: құрғақ, дөрекі жөтел, дауыстың қырылдауы.

Физикалық тексеру: аускультацияда - өкпе өткізгіштігінің бұзылысы, өкпенің “дəрменсіздік” симптомы.

Лабораторлық зерттеулер:
- ҚЖА ( лейкопения, ЭТЖ жылдамдауы);
- ЖЗА ерекшеліксіз;
- ерекшеліксіз копрограмма;
- глист жұмыртқаларына қырынды, теріс көрсеткіші;
- қақырықтың бак. екпесі.

Инструменталдық зерттеулер: пневмония жоқтығын анықтайтын кеуденің ретгенографиясы.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:
- отолариголог;
- пульмонолог;
- аллерголог.

Қосымша жəне негізгі диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Дифференциалды диагноз


Диагноз Симптомдар
Жалған көмей қабынуы (круп) 
- үретін жөтел
- тыныс алу жетімсіздігі
- қарлыққан дауыс
- қызылшадан кейін болса, қызылша белгілері
Жұтқыншақ артындағы іріңдік
- жұмсақ ткань ісігі
- жұтынудың қиындауы
- қызба
Дифтерия (күл ауруы)
- мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюымен жəне ісігі жуан мойын симптомы
- тамақ гиперемиясы
- жұтқыншақтық сілемейлі қабығының сұр өңезі
- мұрыннан қанды бөліну
- АҚДС-ға вакцинация дəлелденбеген
Бөгде зат
- тыныс жолдарының кенеттен тарылып дамуы (бала қақалуы)
- тыныс алу жеткіліксіздігі
Туа біткен ақаулық - туғаннан сырылдаған дыбыс

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: тыныс жеткіліксіздігін тию (көмей қабынуын синдромы мен уыттануын).

Дəрі-дəрмексіз ем: аялау режимі, диета (жылы жүру, тоя ішу), психофизикалық тыныштық, оттегіне мұқтаждықты азайту жəне қозуды басу (баланы қолға алу, ойыншыққа алаңдату, кітап оқу) (А), бу жəне аэрозольді ингаляциясы (мин. су  “Боржоми”)

Дəрі-дəрмектік ем

1. І-дəрежелі тарылуда: ингаляцияны оттегі беретін палаткада немесе бетперде арқылы (тəулігіне 4-6 есе, рет ұзақтығы 10-15 мин.; нафозолин 0,5% ертінді қоспасы, 30 мг преднизолонмен). Ингаляция жүргізген соң - жөтелді жатқызып ширату.

2. II-дəрежелі тарылуда:
- I-дəрежеде жасалғандарды жасау;
- тері-ет (макс.10 мл) арасына дексаметазон дозасы 0,6 мг/кг реr оs немесе кортикостероидты препараттың эквиваленті дозасын ендіру (А). Доза мүмкін, кештеу болса да 2-3 рет қайталанады.Тиімділігі кеш білінеді;
- ингаляциялық кортикостероид - бекламетазон дипропионат 50-100 мкг, тəулігіне 2-4 рет [А];
- ингаляцияны оттегі берілетін палаткада немесе бет перде арқылы 10-15 минут (адреналиннің 1:1000 ертінді), тиімді қажеттілік болса қайталайды [А];
- инфузионды терапияда диуретиктер қолданылады: ет-тері арасына 1 рет лазикс;
- қажеттілігіне қарай посиндромды терапия (гипертермияны, селкілдеп тырысқақ синдромында, жіті жүрек-қантамыры жеткіліксіздігінде) - соған сəйкес хаттаманы қараңыз;
- кеңірдекке түтік енгізу уыттану кезінде, ОДН-ың 3-дəрежесі, жіті жүрек қан-тамыры жетімсіздігінде.

3. III-дəрежелі тарылуда:
- дəрі-дəрмексіз емдеу, I-II-дəрежедігідей;
- преднизолон 3-5 мг/кг вена ішіне [А];
- оксигенотерапия [А];
- шұғыл кеңірдекке түтік енгізу жоқ болғанда ингаляция (30 мин. кем емес), соңынан - кататер мен венаға енгізу (А);
- кеңірдікке түтік енгізудің абсолюттік көрсеткіші жəне ОЖИ (өкпе желдеткіш ингаляциясы).

4. IV- дəрежелі көмекей тарылуы:
- 30 минут ішінде ем доммен емдеуде тиімсіз болса, III-дəрежелі көмекей тарылуы;
- уыттану кезінде II-дəрежелі стеноз,ОДН 3дəрежелісі, ОССН;
- бронхтың тарылудың өсу өрши түсуі жəне өкпенің “дəрменсіздік” синдромы;
- қандағы оттегінің үлестік кернеуінің түсуі 50 мм с.б кем болса, 60 мм с.б-нан СО2-ң үлестік қысымының жоғары болса;
- антибиотиктердің максимальды дозасы, сульфаниамидтер;
- ұзақ көлемді микоз туындағанда алдын алу жəне емдеу;
- антибиотикотерапия - интраконазол.

Профилактикалық шаралар:
- лейкоцитарлы интеферонды-5 тамшыдан күніне 3 рет мұрын жолдарына жіберу;
- вирус тасушы аурулар мен араласуды шектеу;
- бөлмедегі қолайлы ауа режимін сақтау;
- таза ауада ұзағырақ жүру;
- шынықтыру, витаминотерапия.

Әрі қарай жүргізу: жоғарыда көрсетілген клиникалық белгілер жоқ болғанда, ауруханадан шығару.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Преднизолон.
2. Дексаметазон.
3. Бекламетазон дипропионат.
4. Лазикс.
5. Адреналин.
6. Интраконазол ауыз арқылы берілетін 150 мл - 10мг/мл ертінді.
7. Интраконазол 100 мг, капс.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Нафазолин.
2. Парацетамол.
3. Диазенам.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- ентігудің жоғалуы;
- жөтелудің жоғалуы;
- қабырғасымен демалудың жоғалуы;
- қалыпты дауысының қалпына келуі;
- дене температурасының қалыптылығы;
- сезінуінің жақсаруы;
- тəбетінің ашылуы;
- уыттанудың тиылуы.

Ауруханаға жатқызу

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
- құрғақ, дөрекі ”үретін” жөтел;
- дауыс өзгеруі - қырылдау, қарлығу;
- қабырғаралық тыныс алу - терең жəне қиындау кешігіп, төс, қабырға аралық дем алу.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Тимченко В.Н. Леванович В.В., Михайлов И.Б. «Диагностика, дифференциальная диагностика и лечение детских инфекций» С-П. 2005 г. 2. Стандарты ведения медицинской документации и лечения больных в отделении реанимации и интенсивной терапии детского инфекционного стационара под редакцией Идрисовой Р.С. Алматы, 2000 г. 3. Учайкин В.Ф. «Детские инфекции» М. 2004 г. 4. Оказание стационарной помощи детям. Руководство по ведению наиболее распространенных заболеваний. ВОЗ.2005 г. 5. EBM Guidelines 21.3.2005 Laryngitis in children http://www.terveysportti.fi/ltk.naytaartikkeli?p_artikkeli=ebm00615 6.Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ. / Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. – 2-е издание, исп. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2002. – 1248 стр.: ил 866-867 7. Cruz MN, Stewart G, Rosenberg N. use of dexamethasone in the out-patient manegment of acute lryngotracheitis. Pediatrics 1995;96:220-3

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі:
Оспанова З.М., балалар инфекциясы кафедрасының доценті.
Кұттыкұжанова Г.Г., м.ғ.д., проф., Қаз ҰМУ балалар инфекциясы кафедрасының меңгерушісі.
Чекмезова О.Б., м.ғ.к.
Умарова Р.А., бірінші санаттағы дəрігер.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх