Балалардың жіті гастроэнтериті

PN-P-003

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Диарея и гастроэнтерит предположительно инфекционного происхождения (A09)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Көбінесе диарея деп – 24 сағат ішінде үш жəне одан да көп рет жиілікпен, 
үлкен дəрет көлемінің 200 мл/тəулігіне дейін жəне одан да көпке артатын сұйық жəне сулы үлкен дəретті атайды.

Жіті гастроэнтерит - симптомдарымен немесе белгілермен жəне де 
симптомдар жəне белгілерсіз диареямен мінезделеді: жүрек айну, құсу, уыттану симптомдары, дене температурасның жоғарылауы жəне іштің ауыруы. Балаларда, əсіресе кіші жастағы барлық диареялардың клиникалық көрінісі гастроэнтерит типі бойынша жүреді, жиірек спецификалық симптомдар болмайды, сондықтан да диарея сұйық үлкен дəрет жəне оның жиілігі пассажымен анықталады, кем дегенде күніне 3 рет.
 
Хаттама коды: PN-P-003 "Балалардың жіті гастроэнтериті"
Педиатрия саладағы медециналық пункттар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
A09 Болжалды инфекциялар туындатқан диарея жəне гастроэнтерит.
A02 Өзге сальмонеллездік инфекциялар.
A03 Шигеллез.
A08 Вирустық жəне өзге де анықталған ішек инфекциялары.
A05 Өзге бактериалдық тағамдық уланулар.
 

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Секреторлық диарея (үлкен дəретте қан жоқ).
2. Инвазивті (үлкен дəретте қан).
3. Сусыздану дəрежесі бойынша:
- сусыздану жоқ;
- аздаған сусыздану;
- ауыр сусыздану.

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Инфекциялық агенттер: вирустар, campylobacter, salmonella, shigella, colli, yersinia, қарапайым.
2. Санитарлық-гигиеналық режим бұзылыстары.
3. Ерте жстағы балалар.
4. Жасанды тамақтандыру.
5. Фондық патологиямен балалар.
6. Иммунотапшылықты жағдайлар.
7. Шала туылу.
8. Бактерия шығарушылар.

Диагностикасы


Диагностика критерилері:
1. Ауру анамнезі (тамақтандыру түрі, диареяның болуы, үлкен дəретте қанның болуы, жуық арадағы антибактериалды препараттармен емдеу).
2. Эпиданамнез.
3. Сусыздану белгілері:
· ауыр сусыздану (тынышсыздық, естің летаргия/шатасуы; көзі шүңірейген; іше алмайды немесе нашар ішеді; тері қатпарлары өте баяу жазылады);
· аздаған сусыздану (тынышсыз, тітіркенгіш; көзі шүңірейген; сараңдықпен ішеді, шөл; тері қатпарлары баяу жазылады);
· сусыздануы жоқ (аздаған немесе ауыр сусыздануды анықтау үшін белгілер жеткіліксіз).
3. Үлкен дəреттегі қан.
4. Тамақтану ауыр бұзылыстарының белгілері.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Анамнез.
2. Емделушіні қарау.
3. Үлкен дəретті бағалау.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  копрологиялық анализ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы: оралдық регидратациялық терапия (ОРТ) сусыздану дəрежесіне байланысты жүргізіледі.
 
1. Диарея бар, сусыздану жоқ баланы А жоспары бойынша емдеу:
- сұйықтықты қосымша беру (бала қанша ішем десе, сонша) оралдық регидратациялық заттар (ОРЗ)** түрінде: 2 жасқа дейін – 50-100 мл, əр сұйық үлкен дəреттен соң; 2 жастан үлкен – 100-200 мл, əр сұйық үлкен дəреттен соң;
- емшекпен тамақтандыруды жалғастыру;
- егер бала іше алмаса немесе емшек сора алмаса, ахуал нашарласа, қызба пайда болса, емге түзетулер енгізу үшін бала қайта тексерілуі қажет.
 
2. Диарея бар жəне аздаған сусыздану бар баланың емі Б жоспары бойынша:
- 4 сағат бойы ОРЗ** беру қажет: 4 айға дейін – 200-400 мл; 4 тен12 айға дейін – 400-700 мл; 12 ден 2 жылға дейін – 700-900 мл; 2 ден 5 жылға дейін – 900-1400 мл;
- емшекпен жиі жəне ұзақ уақыт тамақтандыру, емшектегі балаларға;
- ішу үшін қосымша сұйықтықтар беру;
- баланың ахуалын қайта бағалау жəне4 сағат өткеннен соң сусыздануды жіктеу, емді жалғастыру үшін сай жоспарды таңдау.
 
3. Егер баланың ахуалы нашарласа, диареядан басқа ауыр сусыздану белгілері болса, шұғыл госпитализация қажет.
 
4. Цинк препараттарын ауыз арқылы жалпы курспен 14 күннен кем емес: 
- 6 айға дейін күніне 0,5 таблетка (10 мг); 
- 6 ай жəне одан үлкен күніне 1 таблетка (20 мг);
 
5. Гемоколит кезіндегі антибактериалды препараттар:
 
Препарат Тəуліктік доза
Ципрофлоксацин* 10-15 мг/кг дозаға 2 қабылдауға энтералды 3 тен 5 күнге дейін

Негізгі диагностикалық дəрі-дəрмектер тізімі:
1.**ОРЗ ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға ұнтақ.
2. *Ципрофлоксацин 250мг.

Ем тиімділігінің индикаторлары:  диареялық синдромды, дегидратацияны басу, өзін-өзі жақсы сезіну жəне тəбетті жақсарту.

** - амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.
 

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Кез келген тағам немесе сусыннан кейін көп рет құсу.
2. Ауыр сусыздану (летаргиялы немесе ес түссіз, шүңірейген көз, іше алмайды, тері қатпарлары баяу жазылады).
3. Естің тұмандануы.
4. Нəресте іше алмайды немесе емшек сора алмайды.
5. Ұзаққа созылған (14 күн жəне одан көп) сусызданудың кез келген белгілері.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Часть 3. М. Медиа Сфера, 2004, с 479-481. 2. Технические обновления руководств по Интегрированному ведению болезней детского возраста. Женева, ВОЗ, 2007г. 3. Реализация новых рекомендаций по клиническому ведению диареи. Женева, ВОЗ, 2006г. 4. Лечение диареи. Учебное пособие для врачей. Женева, ВОЗ, 2006г 5. Cincinnati Children's Hospital Medical Center. Evidence based clinical practice guideline for children with acute gastroenteritis (AGE). Cincinnati (OH); 2001 Apr. 13 p. 6. Morbidity and Mortality Weekly Report, Recommendations and Reports November 21, 2003 / Vol. 52 / No. RR-16 Managing Acute Gastroenteritis Among Children Oral Rehydration, Maintenance, and Nutritional Therapy. 7. Gastroenteritis in children, Search date August 2004, Clinical Evidence, BMJ. 8. King CK, Glass R, Bresee JS, Duggan C. Managing acute gastroenteritis among children: oral rehydration, maintenance, and nutritional therapy. MMWR Recomm Rep 2003 Nov 21;52 (RR-16):1-16.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Джаксон Н.Л., республикалық медициналық колледж

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх