Балалардың желшешегі

P-P-002

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Ветряная оспа без осложнений (B01.9)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы
Желшешек – орташа айқындалған уыттануы ментері жəне шырышты 
қабықтарда полиморфты сулы бөрпемен сипатталатын жоғары контагиозды жіті жұқпалы ауру.

 
Хаттама коды: P-P-002 "Балалардың желшешегі"
Педиатрия саладағы поликлиникалар үшін.
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
В01     Желшешек.
В 01.9 Асқынусыз желшешек.

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Түрі бойынша:
- типтік;
- атиптік (рудиментарлы, пустулезді, буллезді, геморрагиялық, гангренозды, жайылма).
2. Ауырлығы бойынша: жеңіл түрі, орташа, ауыр түрі.
3. Ағымы бойынша;
- біркелкі;
- біркелкі емес (асқынулармен, екіншілік жұқпаның қосылуымен, созылмалы аурулардың асқынуымен).

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар:
1. Таралу көзі – желшешек жəне белдеуленген герпеспен (ұшық) сырқаттанған науқас.
2. Ауруды қабылдаушылығы өте жоғары, көбінесе мектепке дейінгі жастағы балалар ауырады.
3. Иммундық тапшылықты немесе иммунды супрессиялы адамдар жəне анасының иммунитеті болмаған кездегі нəрестелер.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
Ауру жіті басталады. Уыттану симптомдары дамиды, 
олардың интенсивтілігі инфекция ағымының ауырлығына байланысты.
 
Шағымдар мен анамнез:
Кейбір науқастарда шаршағыштық, тітіркенгіштік, 
жылағыштық, тəбеттің нашарлауы жəне уыттанудың өзге симптомдары байқалады.
Негізінен бөртпелер мен дене температурасының аздап жоғарылауы инфекцияның алғашқы симптомдар болып табылады (кейде температура қалыпты болады).
 
Физикалық тексеру:
Бөртпе элементтері заңды эволюциядан өтеді: қызғылт дақ 
(розеола) - папула – везикула – қыртыс. Бөртпе, негізінен қышумен бірге жүреді терінің қалыпты фонында тəртіпсіз орналасады. Бөртпе элементтерінің саны əртүрлі – біреуден, оншақты, жүзге дейін.
Экзантема теріде, денеде, бетте аяқ қол терісінде орналасады, 
алақан мен табанда өте сирек. Бастың түкті бөлігінде бөртпелік эелементтер өте тəн.
 
Мұнымен қоса бөртпелер ауыздың сілемейлі қабатында, ал кейде жыныс ағзаларында, əсіресе қаздарда.
 
Инструменталдық зерттеулер:  тəн емес.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: тəн емес.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:  жалпы қан анализі (3 параметр).
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:  сəйкес асқынуларда жеке мамандардың консультациясы.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: лейкопения, нейтропения, ЭТЖ қалыпта кезінде салыстырмалы лимфоцитоз.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз
Бастың түкті бөлігіндегі бөртпелік элементтердің болуы 
– желшешектің маңызды дифференциалды-диагностикалық белгісі.
 

 Диагноз немесе ауру себебі
Диагноз пайдасына
Желшешек
- терідегі везикулезді бөртпе, оның ішінде бастың түкті бөлігінде жəне сілемейде;
- бөртпенің жалған полиморфизмі;
- желшешек жəне бедеулік ұшық науқастармен қатынас.
Жəншау
- гиперемирленген фонда ұсақнүктелік бөртпе;
- бозғылт мұрын еріндік үшбұрыш;
- уыттану синдромы;
- «ісінген аңқа»;
- «малина тəрізді тіл»;
- қол жəне аяқ саусақтары терісінің іріпластинкалы қабыршақтануы.
Менингококкты инфекция
- қосылуға бейім ортада орналасқан некроздық компоненттермен геморрагиялық «жұлдызды» бөртпе;
- экхимоздар;
- қатты бас ауыру;
- менингеальді симптомдар;
- шок.
Қызылша
- қосылуға жəне пигментацияғак бейім дақтық-папулезді бөртпелер;
- бөртпе пайда болуының кезеңдігі;
- ұрт сілемейіндегі Филатов-Коплик дақтары;
- жөтел, салқындау, көздің қызаруы;
- қызылшамен ауру адаммен қатынас;
- қызылшаға қарсы құжатты расталған егулердің болмауы.
Асқынулар:
- ауыз қуысының жарылуы;
- мүйізді қабаттың бұлыңғырлануы (көздің көрмей қалуына дейін);
- неврологиялық асқынулар (қызылшалық энцефалит);
- пневмония (иммунитет төмендеу салдарынан).
Қызамық
- ұсақдақты тез кететін бөртпе;
- артқы жəне шүйделік лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
- қызамықпен аурған аурумен қатынас.

 


Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты:
1. Аурудың клиникалық көріністерін тоқтату.
2. Асқынулардың бомауы.
 
Дəрі дəрмексіз ем: теріні, тырнақты таза күту, төсек жабдықтарын, киімді таза ұстау негізгі ем болып табылады. Бөртпе кезінде баланы шомылдыруға болмайды.
 
Дəрі-дəрмектік ем:
1)  Жеңіл түрі – тері жəне шырышты қабықты күту (бриллиант жасылы 1% ерітіндісімен өңдеу), сұйықтықты көп ішу.
2) Орташа ауырлықты түрі – тері жəне шырышты қабықты күту, сұйықтықты көп ішу, дененің жоғары қызуында ( 38,5 С-ден жоғары) парацетамол* тағайындалады: 3 айға дейін – 10мг/кг, 3 айдан – 1 жасқа дейін – 60-120 мг, 1 жастан – 5 жасқа дейін– 120-250 мг, 6 – 12 жас аралығында – 250-500 мг, 12 жастан жоғары (дене салмағы 60 кг жоғары) – 500 мг. Бұл бір реттік дозалар.
3) Ацикловир аурудың ауыр түрінде қолданылады 200-800 мг/ кг (тəуліктік доза) – тəулікте 4 ретке бөлініп, қабылданады.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Парацетамол 300-500 мг, табл.
2. *Бриллиант жасылы 1% ерітіндісі 10 мл, 20 мл флаконда.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. Ацикловир 200 мг, 800 мг; 5% май-2,0.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- дене температурасының қалыпқа келуі;
- уыттанудың жоғалуы (тəбеттік қалпына келуі, өзін-өзі жақсы сезіну);
- асқынулардың болмауы.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. PRODIGY Guidance – Chickenpox Last revised in November 2004 2. Клинические рекомендации, основанные на доказательной медицине: Пер. с англ./ Под ред. Ю.Л. Шевченко, И.Н. Денисова, В.И. Кулакова, Р.М. Хаитова. – 2-е изд., испр. – М.: ГЭОТАР – МЕД, 2002. – 1248 с.: ил. 3. Доказательная медицина. Ежегодный справочник. Под ред. Бащинского С.Е., Москва, Медиа-Сфера, 2003г., выпуск 2, часть 1, с. 522-528. 4. Chickenpox EBM Guidelines 02.08.2001

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Джаксон Н.Л., республикалық медициналық колледж.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх