Войти

Балалардың гипертрофиялы, дилятациялы кардиомиопатиясы

H-P-008

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Дилатационная кардиомиопатия (I42.0)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Кардиомиопатия – басты белгілері кардиомегалия, миокардтың жиырылу қабілетінің бұзылуы мен қан айналу бұзылысы болып табылатын этиологиясы белгісіз миокард ауруы.

Миокардта өзгерістер тұрақтылығы, бірқатар жағдайларда олардың үдеуі бұнымен бірге эндокард, перикард процесіне кіруі, қабыну белгілерінің болмауы, барлық жастағы балалардың ауруға бірдей шалдығуы аталған патологиялық процестің сипатты белгілері болып табылады.

Гипертрофиялық кардиомиопатия айқын миокард гипертрофиясымен, көбінесе сол жақ қарыншада, қарыншааралық қалқаның, қуыстар дилятациясыз сипатталады. Дилятациялық кардиомиопатия қарыншалар қабырғасының аздаған гипертрофиясы кезінде айқын дилятациясымен (жиі жағдайда сол жақ қарыншада), миокард жиырылуының кенеттенгі төмендеуі мен жүрек жеткіліксіздігінің үдеуі, жүрек ырғағының бұзылуы мен тромбоэмболияға ұшырауымен сипатталады.


Хаттама коды: H-P-008 "Балалардың гипертрофиялы, дилятациялы кардиомиопатиясы"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
I42.0 Дилатациялық кардиомиопатия
I42.1 Обструктивтік гипертрофиялық кардиомиопатия
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID 

Жіктемесі

 
Жіктемесі (ДДҰ, 1996):
I. Идиопатиялық кардиомиопатиялар (белгісіз генез):
- гипертрофиялық (обструктивтік, обструктивті емес);
- дилятациялық;
- рестриктивтік;
- оң жақ қарыншаның аритмогендік дисплазиясы;
- перипарталды.

II. Спецификалық кардиомиопатиялар:
1. Жұқпалы (вирустық, бактериалды, риккетсиозды, саңырауқұлақты, протозойлы).

2. Метаболикалық:
- эндокриндік (акромегалия, гипокортицизм, тиреотоксикоз, микседема, семіру, қант диабеті, феохромоцитома кезінде);
- инфильтративті жəне гранулематозды процестерде, жиналу ауруларында (амилоидоз, гемохрамотоз, саркоидоз, лейкоз, мукополисахаридоз, гликогеноз, липидоз);
- микроэлемент тапшылығында (калий, магний, селен жəне т.б), витаминдер мен қоректі заттар, қан аздығы.

3. Дəнекер тіндердің жүйелік ауруларында.

4. Жүйелі нейро-бұлшықеттік ауруларда:
- нейро-бұлшықеттік бұзылуларда (Фридрейх атаксиясы, Нунан синдромы, лентигиноз);
- бұлшықеттік дистрофияларда (Дюшенн, Беккер, миотония).

5. Улы жəне физикалық факторлардың əсер етуінен (ішімдік, кокаин, кобальт, қорғасын, сынап, антрациклиндік антибиотиктер, циклофосфамид, уремия, енетін (иондайтын) радиация);

III. Миокардтың жіктелмейтін аурулары (фиброэластоз, Фидлердің идиопатиялық миокардиті).

Диагностика

 
Диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: кардиомиопатияның отбасында жəне жақын туған-туыстарда, кенеттенгі өлім немесе туыстар арасында, əсіресе, жас шағында рефрактерлік іркілген СН болуы.

Физикалық тексеру:
1. Сол жақ қарынша түрі бойынша іркілген жүрек жеткіліксіздігінің (III-IV ФК), процесс белсенділігінің жіті фазалық көрсеткіштерінің айқындылығының болмауында өтетін емге рефрактерлі ауру манифестациясы.

2. Іркілген жүрек жеткіліксіздігінің жүрек ырғағының айқын бұзылыстарымен жəне тромбтүзушілік пен тромбоэмболиялық асқынуларға бейімділігімен қатарласуы.

3. Жүрек шекарасының сол жаққа жоғары қарай айқын кеңеюі, протодиастолалық шоқырақтың үшмүшелік ырғағы мен жүрек декомпенсациясы өсуі кезінде күшейетін митралды немесе митралды-трикуспидалды жеткіліксіздігінің регургитациялық шуы.

Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.

Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық зерттеу:
1. Кіші қан айналымдағы айқын іркілу белгілері, жүректің шар тəрізді, «митралды» немесе трапеция тəрізді пішіні, КТИ 0,60-0,65 артық.

Электрокардиография:
1. Сол жақ қарынша мен сол жақ жүрекше гипертрофиясының аздаған белгілері, RV6/RV max > 3 индексінің жоғарылуы.
2. Гис буда сол жақ тармақтарының немесе алдыңғы жоғары бұтағының блокадасы.
3. Жүрек ырғағының əртүрлі бұзылыстары, əсіресе, жыпылықтағыш аритмия мен қарыншалық аритмиялар.

Эхокардиография:
1. Жүрек қуыстарының, əсіресе, қабырғаларының аздап қалыңдауы бар, сол жақ қарыншасы мен сол жақ жүрекшенің айқын дилатациясы.
2. Сол жақ қарыншаның соңғы диастолалық көлемінің едəуір үлкеюі.
3. Сол жақ қарыншаның артқы қабырғасы мен қарыншааралық қалқаның айқын гипокинезисы, шығарылу фракциясының едəуір азаюы (30-40% төмен).

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.

Дифференциалды диагноз: жоқ.

Гипертрофиялық кардиомиопатияның диагностика критерилері

Шағымдар мен анамнез: сикопальды күй, ерте инфаркттар, жүрек ырғағының ауыр бұзылыстары немесе əсіресе қарқынды дене жүктемелерінен кейін, науқастың туған туыстарының арасында кенеттен ерте жүректен өлу.

Физикалық тексеру:
1. Жүректің қағуы, жүрек жұмысындағы «іркілістер», демігу, бас айналу мен қарқынды дене жүктемелерін орындағанда, əсіресе дене қалпын шұғыл ауыстырғанда талу.

2. Екі мəрте жоғары жақтық көтерулер, перистоликалық шоқырақ ырғағы, V нүктеде аралық мезо- немесе телесистолалық айдалу «шуы» жəне жүрек ұшы мен аксиллярлы аймақта митралды регургитацияның қайтып бара жатқан протосистолалық шуы, шулар жүрекке веналық қайтуды азайтатын функциялық сынамалар кезінде күшейеді.

3. Жүректің ұзақ компенсациясы, мұнан кейін дамитын декомпенсация, диастолалық (релаксациялық) жеткіліксіздік түрінде сол жақ қарыншалық түрі бойынша өтеді.

Лабораторлық зерттеулер: тəн емес.

Инструменталдық зерттеулер
Рентгенологиялық зерттеу:
1. Жүрек бойлап аздап кеңейген, кейде көкет үстінде сəл көтерілген, ұшы дөңес, сол жақ жүрекшенің бейнесі, əсіресе, бүйірлік кескіні ұлғайған, соңғы сатыда кіші қан айналым шеңберінде аздаған іркілуден өкпе көрінісі күшейген.

Электрокардиография:
1. Сол жақ QRS тармақтарда жоғары амплитудалық кешендер, əсіресе, терең əрі тар Q иректері.
2. ST сегментінің тежелуі мен «алып» Т теріс иректерге дейінгі (асиметриялық жүрек ұшы ГКМП сипаты тəн) Т иректерінің айқын инверсиясы.
3. Сол жақ жүрекшенің гипертрофия белгілері.
4. Гис будасы сол жақ тармағы алдыңғы жоғары бұтағының блокадасының (бөгелісі) жиі анықтамасы.
5. Жүрек ырғағының əр түрлі бұзылыстары мен өткізгіштік бұзылыстары, əсіресе,  суправентикулярлы артимиялар, WPW феномені.

Эхокардиография:
1. Cол жақ қарынша қабырғасының қалыңдауы> 13-15 мм; қарыншааралық қалқаның диспропорционалық қалыңдауы (ТМЖП/ТЗСЛЖ қатысының ұлғаюы> 1,3-1,5); гипертрофирленген МЖП шығу жолының жабу визуализациясы.

2. Cол жақ қарынша қуысының кішіреюі, сол жақ жүрекше қуысының үлкеюі, митралды қақпақша жармаларының систола алды қозғалысы мен митралды –септалды байланыс, əртүрлі дəрежеде айқындалған митралды регургитация.

3. Қолқа жармаларының ерте немесе орта систолалық жабылуы, əртүрлі дəрежеде айқындалған миралды регургитация, 20 мм сб. ст. жоғары, өршіту сынамаларында 30 мм сб. ст. дейін жəне одан да əрі жоғарылайтын субқолқалық қысым градиенті.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.

Дифференциалды диагноз: кардиттермен жүргізеді.

Негізгі диагностикалық шараларды тізімі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. Электрокардиография.
3. Эхокардиография, доплеров зерттеуімен.
4. Жұтқыншақпен салыстыру кескіндерінде жүректі рентгендік зерттеу.
5. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
6. Электролиттерді анықтау (калий, натрий).
7. Жалпы қан анализі.
8. Билирубинді анықтау.
9. АЛТ анықтау.
10. АСТ анықтау.
11. Тимолдық сынама.
12. Жалпы белокты анықтау.
13. Белоктық фракцияларды анықтау.
14. Несепнəрін анықтау.
15. Креатининді анықтау.
16. Коагулограмма.
17. Иммунограмма.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Эхоэнцефалография.
2. Мидың компьютерлік томографиясы.
3. Қантамырларды УДЗ (қантамырлар патологиясын анықтау үшін).
4. Протромбиновтік индексі.
5. Қанда жүректік антиген мен антикардиалды антиденелерді анықтау.
6. Қанда лактатдегидрогеназа, малатдегидрогеназа, креатинфосфокиназа изоферменттердің кардиологиялық спецификалық фракцияларын анықтау.
7. Кардиохирург консультациясы.
8. Невропатолог консультациясы.
9. Нейрохирург консультациясы.
10. Көз түбін қарау.
11. Окулист консультациясы.
12. Гепатит маркерлеріне ИФА.
13. Эзофагогастроскопия.
14. Холтер бойынша ЭКГ тəуліктік мониторлау.
15. Колонияларды таңдаумен биологиялық сұйықтықтарды себу.
16. Микробтардың антибиотиктерге сезгіштігін талдау.
17. Зимницкий бойынша сынама жасау.
18. Жүректің магнитті резонансты томографиясы.
19. Генетик консультациясы.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тəсілі

Ем мақсаты:
- қан айналу жеткіліксіздігі белгілерінің азаюы;
- гемодинамиканың тұрақтануы;
- базистік қолдаушы емнің жасалуы;
- кардиттермен дифференциалдық диагностика.
- жүрек қызметінің клиникалық жəне аспаптық критерилері бойынша жақсаруы (ЭКГ, рентгенография, ЭхоКГ).

Дəрі-дəрмексіз ем: төсекте жатып емделу тəртібі, диета. Оксигенотерапия.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Кардиотоникалық дəрі-дəрмектер: қан айналым жеткіліксіздігінің ІІ- жəне одан жоғары сатысындағы жүрек гликозидтері дигоксин қолдаулық мөлшер ретінде 0,008-0,01 мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға; коргликон 0,01 мг/кг тəулігіне 1 рет.

2. Қан айналу жеткіліксізідігі кезінде диуретиктер – фуросемид 1-3 мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға немесе спиронолактон 3,3 мг/кг/тəу. 2-3 рет қабылдауға ауысуға болады.

3. АПФ ингибиторлары: эналаприл 2,5-5-10 мг/тəу. 2 рет қабылдауға немесе каптоприл (дозасы жеке түрде таңдалады) 0,3-1,0 мг/кг/тəу. 3 рет қабылдауға.

4. β-адреноблокаторлары мен басқа да аритмияға қарсы дəрі-дəрмектер (көрсеткіштер бойынша): пропранолол 0,25-0,5 мг/кг/тəу., 3 рет қабылдауға немесе атенолол 50-100 мг тəулігіне бір рет; амиодарон 5-9 мг/кг/тəу., 3 рет қабылдауға; лидокаин 1-2 мг/кг бір рет венаға; верапамил 1-3 мг/кг/тəу., 2-3 рет қабылдауға; аденозин фосфат 50 мкг/кг, бір рет венаға.

5. Кардиометаболикалық дəрі-дəрмектер – поляриздейтін қоспа (глюкозаның 10% ерітіндісі 10-15 мг 1 кг-ға, инсулиннің 1 бірлігін еңгізілетін қанттың 3 гр., панангин 1,0 мл 1 жасқа), хлорид карнитині 75-100 мг тəулігіне, депротеинизирленген гемодериват сиыр қанынан 200-400- 800 мг/тəу. венаға немесе бұлшықетке, инозин 0,4-0,8 г тəулігіне, гидрохлорид кокорбоксилазасы 0,025 -0,05 -0,1 г бұлшықетке немесе венаға – күніне 1 рет, калий оротаты 10-20 мг/кг/тəу., 3 рет қабылдауға; магний оротаты күніне 1 таб. 3 рет; калий дəрі-дəрмектері тəулігіне 1-3 таблетка экзогенді фосфокреатинин 1-2 г венаға – күніне 1-2 рет, триметазидин тəулігіне 20-60 мг 3 рет қабыладуға.

Осы уақытта кардиометаболикалық қатардағы 2 дəрі-дəрмектен асыртпай, оны келесіде басқа дəрі-дəрмекке ауыстыру қажет. Антикоагулянттар мен антиагреганттар (көрсетілім бойынша): варфарин 2,5-5,0 мг/тəу., 3 күн ішінде 2 рет қабыладауға, əрі қарай дозаны протромбинирленген уақыт бойынша үйлестіреді (ол қалыптан 1,5-2 есе жоғары болуы керек), фениндион (фенилин) 1 мг/кг/тəу., 4 рет қабылдауға; декстран.

6. Антибактериалдық, вирусқа қарсы жəне саңырауқұлақтарға қарсы ем (көрсетілім бойынша) – амоксициллин 0,125-0,5 г күніне 3 рет, 10 күн, амоксициллин/клавуланат 1,875 г 3 рет қабылдауға, 10 күн; эритромицин тəулігіне 0,4-1,0 г 4 рет қабылдауға 10 күн; азитромицин 10 мг/кг күніне 1 рет, 3 күн емделу курсымен; спирамицин тəулігіне 1,5-9,0 млн. МЕ, 10 күн; рокситромицин 5 мг/кг/тəу. 2 рет қабылдауға, 10 күн; кларитромицин 15/мг/кг/тəу. 2 рет қабыладауға, 10 күн; цефазолин 20- 50-100 мг/кг/тəу.; цефалексин 50-100 мг/кг/тəу. 4 рет қабылдауға, 10-14 күн; цефуроксим 50-100 мг/кг/тəу. 3-4 рет, 10-14 күн; цефтриаксон 50-100 мг/кг/тəу.; ацикловир 0,1-0,2 г күніне 5 рет, флуконазол 6-12 мг/кг/тəу.

7. Антиоксиданттар мен витаминдер - эссенциале 5-10 мл/в/в тəулігіне, аскорбин қышқылы 0,05-0,250 гр/тəу., токоферол ацетаты 50-100 мг/тəу.

8. Қабынуға қарсы ем – НПВС (көрсетілім бойынша): ацетилсалицил қышқылы 60-100 мг кг-ға, бірақ тəулігіне 2,0 гр-нан артық емес, немесе индометацин 2-2,5-3 мг/кг/тəу., немесе диклофенак 2-3 мг/кг/тəу., немесе ибупрофен 30-40 мг/кг/тəу., немесе напроксен 10-20 мг/кг/тəу., немесе нимесулид 5 мг/кг/тəу.

9. Глюкокортикостероидтар – (көрсетілім бойынша) преднизолон 0,5-1,0 мг/кг/тəу. 2-3 апта мерзіміне əрі қарай аптасына 2,5 мг–нан жайлап төмендетіп, күннің бірінші жартысында бүйрек үсті бездері қыртысының физиологиялық ырғағына сəйкес тəулік бойына бөлу.

Метаболизм мен ми қан айналымын жақсартатын дəрі-дəрмектер, седативтік дəрі-дəрмектер - пион, сасық шөп тұндырмасы, шүйіншөп сығындысы, диазепам 2,5-1,5 мг, тəулігіне 2-3 рет қабылдауға; ноотропты ем – пантогам 250 мг 3 г/тəу., пирацетам 200-400 мг тəулігіне 2 рет, глутамин қышқылы тəулігіне 0,5-1,0 г, глицин 100 мг тəулігіне 3 рет, фенибут 0,15-0,25 г. күніне 3 рет, В тобы витаминдер кешенін ішуге 1 таб.-дан күніне 2-3 рет, шошқа миынан алынған пептидтер кешені, инъекция ерітіндісі 5, 10 жəне 20 мл тəулігіне 50-75 мг, винпоцетин тəулігіне 10-15 мг.

Профилактикалық шаралар: инфекциялық эндокардиттің профилактикасы үшін антибактериалды терапия жүргізеді.

Әрі қарай жүргізу: кейбір жағдайларда операция жүргізеді - қарыншааралық бөгеттің гипертрофияланған бұлшықеттерін кесу, митраль қақпақшасы протездеу жəне жүрек трансплантациясы.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Дигоксин 62,5 мкг, 250 мкг, табл.; 0,025% 1 мл, амп.
2. *Фуросемид 40 мг, табл.; 20 мг/2 мл, амп.
3. *Эналаприл 2,5 мг, 10 мг, табл.; 1,25 мг/1 мл, амп.
4. *Пропранолол 40 мг, табл.
5. *Амиодарон 200 мг, табл.; 150 мг/3 мл, амп.
6. *Лидокаин 1%, 2%, 10% (гидрохлорид) 2 мл, 10 мл, инъекция үшін ерітінді
7. *Верапамил 40 мг, 80 мг, табл.
8. Глюкоза 5%, 10% 400 мл, 500 мл флаконда; 40% 5 мл, 10 мл, амп.
9. Панангин 1,0 мл, амп.
10. *Варфарин 2,5 мг, табл.
11. *Амоксициллин 500 мг, 1000 мг, табл.; 250 мг; 500 мг, капс.; 250 мг/5 мл пероралды суспензия
12. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл., оның қабықшасын жабу 250 мг/125 мг, 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, 125 мг/31 мг, 25 мг/5 мл, 200 мг/28,5 мг/5 мл, 400 мг/57 мг/5 мл, ұнтақтан суспензия дайындайды
13. *Эритромицин 250 мг, 500 мг, табл.; 250 мг/5 мл, пероралды суспензия
14. *Азитромицин 125 мг, 500 мг, табл.; 250 мг капс.; 200 мг/100 мл флаконда
15. *Цефазолин 1000 мг, инъекциялық ерітіндіні əзірлеуге арналған ұнтақ
16. *Цефалексин 250 мг, 500 мг табл. және капс.; 125 мг, 250 мг/5 мл суспензия жəне сироп
17. *Ацикловир 200 мг, 800 мг табл.
18. *Флуконазол 50 мг, 150 мг капс.; 100 мл раствор во флаконе для в/в введения
19. *Аскорбин қышқылы 50 мг, 100 мг, 500 мг табл.; 5%, 10%  ампулада 2 мл, 5 мл инъекцияларға арналған ерітінді
20. *Ацетилсалицил қышқылы 100 мг, 250 мг, 325 мг, 500 мг таблетка
21. *Преднизолон 5 мг табл.; 30 мг/мл инъекцияларға арналған ерітінді
22. *Диазепам 2 мг, 5 мг, табл.
23. *Пирацетам 200 мг табл.; 20% 5 мл, амп.
24. *Шошқа миынан алынған пептидтер кешені 5, 10 жəне 20 мл инъекцияларға арналған ерітінді

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Спиронолактон 25 мг, 50 мг, табл.
2. *Каптоприл 50 мг, табл.
3. *Атенолол 50 мг, 100 мг, табл.
4. *Аденозина фосфат 1% 1 мл, ерітінді
5. Карнитин хлориді 75-100 мг, табл.
6. Кокарбоксилаза гидрохлориді инъекцияларға арналған ерітіндіні дайындауға арналған 50 мл ұнтағы
7. Калий оротаты 100 мг, 200 мг, таблетка
8. Фосфокреатинин 100-200 мг, табл.
9. *Спирамицин 1,5 млн БІРЛ., 375 мың БІРЛ., 750 мың БІРЛ. Суспензияға арналған гранула (түйіршік); 1,5 млн БІРЛ., инфузияға арналған ұнтақ
10. *Кларитромицин 250 мг, 500 мг, табл.
11. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг, табл.; 750 мг, инъекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ флаконда
12. *Цефтриаксон 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, иньекциялық ертіндіні дайындауға арналған ұнтақ
13. *Диклофенак 25 мг, 100 мг, 150 мг, табл.; 75 мг/3 мл инъекцияларға арналған ерітінді; 50 мг ректалды суппозиториялар; 100 мг май
14. Пион, сасықшөп тұндырмасы, шүйіншөп сығындысы 50 мл
15. *Винпоцетин 5 мг, 10 мг табл.; 2 мл амп.
16. Пантогам 250 мг

Ем тиімділігінің индикаторлары
Қан айналу жетіспеушілігі белгілерін азайту, клиникалық жəне аспаптық критерийлер бойынша (ЭКГ, рентгенография, Эхо КГ) жүрек қызметін жақсарту, гемодинамиканы тұрақтандыру, цереброваскулярлы асқынулар кезінде жіті кезеңнің аяқталуы, базистік қолдау емін жасау, емдеудің амбулаторлық этапына ауысудың критерийі болып табылады.

Күй-жағдай ауырлығының күшеюі, жүрек-қантамырлық жəне тыныс алу жеткіліксізідігі белгілерінің үдеуі, өмірге қауіпті жүрек ырғағының бұзылуы, бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі белгілері, ми қан айналымының бұзылуы белгілері, қарқынды емдеу жүргізуге ОРИТ-ке ауыстыру кезінде.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Госпитализация

 
Госпитализациялауға көрсетімдер:
- диагнозды қою үшін бірінші рет ауруханаға жатқызылуы;
- жүрек ырғағы мен жүрек өткізгіштігінің өмірге қауіпті бұзылулары;
- цереброваскулярлық асқынулар (ишемиялық инсульттар);
- жүрек қан тамырлық (НК IIB-III сат.) жəне тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілері.

Жоспарлы госпитализация алдындағы қажетті зерттеулер көлемі:
1. Жалпы қан анализі (6 параметр).
2. ЭКГ.
3. ЭхоКГ.
4. Рентгенограмма.
5. Кардиоревматолог консультациясы.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Шлопова В.Г. Кардиомиопатии. 2005. http://www.infarktu.net/catalog/professional/13/articles/ 2. Бершова Т.В. и др. Некоторые патогенетические аспекты возникновения кардиомиопатий у детей. РАМН, г.Москва. 2001. http://www.ortho.ru 3. Gewllig M, Mertens L, Moerman P, et al. Idiopathic restrictive cardiomyopathy in childhood. Eur Heart J 1996; 4. СG. Cardiomyopathy. Dilated. 2005. http://www.clinicalevidence.com 5. R. E. Manzur, G. Barbieri Chronical Chagas Illnes: Controversial aspects about its ethiological treatment. Center of Chagas Illness and Regional Pathology "Dr. Humberto Lugones" , Santiago del Estero, Argentina. 2003. http://www.yahoo.com 6. Е.Е. Гуляева и др. Эффективность лечения дилатационных кардиомиопатий у детей раннего возраста. Российский вестник перинатологии и педиатрии, 1999. http://www.kid.ru/ 7. Страхова О.С., Белозеров Ю.М. Темин П.А. Кардиомиопатия при прогрессирующей мышечной дистрофии Дюшенна. Динамика процесса. 2001. www.infarktu.net

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Нусипбекова С.С., ҚР ДСМ ПжБХҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх