Войти

Балалардың вегетативті (дербес) жүйке жүйесінің бұзылулары

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Расстройство вегетативной [автономной] нервной системы неуточненное (G90.9)
Неврология детская, Педиатрия

Анықтамасы

Анықтамасы


Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген

Вегетативті  жүйке жүйесінің бұзылуы [1,5] – бұл шығуы жағынан полиэтиологиялық және 3 жетекші синдром – психовегетативты, вегето-тамырлы-трофикалық және ілгерілеуші вегетативті жеткіліксізді біріктіретін өзіндік ауру болып табылады.

Перифериялық вегетативті жетіспеушілік [1,5] – себебі инфекциялық, эндокринді, жүйелі және метаболикалық ауру болып табылатын вегетативті жүйке жүйесінің перифериялық (сегментарлы) бөлімінің зақымдануынан (органикалық) туындайтын вегетативті көріністер кешені.

Пароксизмалды вегетативті жетіспеушлік[1,5]– бұл вегетатівтік криздермен (пароксизмдермен) спатталатын вегетативті жүйке жүйесінің асыра жүктелуінен және бейімделу процестерінің төмендеуінен, оның күрделі бұзылылыспен реттелуінің ауыр көрінісі болып табылатын вегетативті дисфункцияның  клиникалық-патогенетикалық формасы.

Хаттама атауы:  Балалардың вегетативті (дербес) жүйке жүйесінің бұзылулары
 
Хаттама коды:
 
Код(тар) ХАЖ-10:
G90 Вегетативті (дербес) жүйке жүйесінің бұзылулары
* G90.0 Идиопатикалық перифериялық вегетативті невропатия
* G90.1 Отбасылық дизавтономия [Райли-Дея]
* G90.2 Горнер синдромы
* G90.3 Полижүйелі дегенерация
* G90.8 Басқа да вегетативті (дербес) жүйке жүйесінің бұзылуы
* G90.9 Анықталмаған вегетативті (дербес) жүйке жүйесінің бұзылуы
 
Хаттамада пайдаланылатын қысқартулар:
АҚ – артериальды қысым
АЛаТ – аланинтрансфераза
AСаT – аспартатаминотрансфераза
ВЖЖ – вегетативті жүйке жүйесі
ТДК – туа біткен даму кемістіктері
ВТД – вегето-тамырлы дистония
АІЖ – асқазан – ішек жолдары
ИФТ – иммуноферментті талдау
КФК - креатининфосфокиназа
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
ЛДГ - лактатдегидрогеназа
МРТ – магнитті-резонанстық томография
МАО - моноаминооксидаза
НЦД – нейроциркуляторлы дистония
ЖҚТ – жалпы қан талдауы
ЖНТ – жалпы несеп талдауы
ПЖЖ – перифериялық жүйке жүйесі
ПТР – полимеразды тізбекті реакция
МСАК – медициналық –санитарлық алғашқы көмек
ПЭП – перинаталды энцефалопатия
РЭГ – реоэнцефалография
ВДС – вегатативті дистония синдромы
ЭШЖ – эритроциттердің шөгу жылдамдығы
ЖТЖ – жүрек-тамырлу жүйе
ЖМС – жұлын-ми сұйықтығы
ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылық синдромы
ЗГТС – зейін және гипербелсенділік тапшылық синдромы
УДД – ультрадыбыстық диагностика
УДДГ – ультрадыбыстық допплерография
ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі
ЖЖЖ – жүрек жиырылуының жиілігі
БМЖ – бассүйек-ми жарақаты
ТЖ – тыныс алу жиілігі
ЭКГ – электрокардиография
ЭЭГ – эхоэнцефалография
ЭЭГ- бейнемониторинг – электроэнцефалограмма бейнемониторингі
ЭНМГ – электронейромиография
 
Хаттаманы  дайындау күні: 2014 жыл.
 
Пациенттер санаты: балалар.
 
Хаттаманы пайдаланушылар:  балалар  невропатологтары,  педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлері.

Жіктемесі


Вегетативті жүйке жүйесінің бұзылуының клиникалық жіктелуі:
I. клиникалық-патогенетикалық түрлері бойынша:
1. нейроциркуляторлы дисфункция.
2. вегетативті-тамырлы дисфункция:
a. кардиалды;
b. васкулярлы (гипертензивті немесе гипотензивті).
3.вегетативті-висцеральды дисфункция.
4.  ұстамалы вегетативті жетіспеушілік:
c. таралған түрі (вагоинсулярлы, симпатоадренальды немесе араласқан кризалар);
d. оқшауланған түрі (церебралды, кардиалды, абдоминалды, тыныс алу және т.б.).
 
II. алғашқы және қайталама перифериялық вегетативті жеткіліксіздік.
Алғашқы түрлері:
1. идиопатикалық (оңашаланған, «таза»)  вегетативті жетіспеушілік
(strongradbury - Egglestone синдромы).
2. перифериялық-вегетативті жетіспеушілік плюс көптеген жүйелі атрофиялар (Shy - Drager синдромы).
3. перифериялық-вегетативті жеткіліксіздікке клиникалық паркинсонизмнің туындауын қоса
4. отбасылық дербестіліктің бұзылуымен (Raily-Dey);
5. Басқа да тұқым құған вегетативті невропатиялар (НСВН және НМСН кезінде).
Қайталама түрлері:
·          эндокриді ауру бейнесінде (қант диабеті, гипотиреоз, бүйрекүсті без жетіспеушілігі);
·          жүйелі және аутоиммунды ауру бейнесінде (амилоидоз, склеродермия,
миастения, Гийен-Барре синдромы);
·          метаболиялық бұзылу көрінісінде (порфирия, тұқым құған бета-липопротеин жетіспеушілігі, уремия);
·          дәрілік интоксикация көрінісінде (құрамында дофа дәрілері, альфа-және
бета-адреноблокаторлар, антихолинергиялық дәрілер және т.б.);
·          токсикологиялық бұзылулар көрінісінде (винкристин, күшән, қорғасын);
·          вегетативті бағандар аппараттың және жұлын миының (сирингобульбия, сирингомиелия, жұлын ми ісігі, ұмытшақтық склероз) бұзылуы көрінісінде;
·          карциноматозды бұзылу, паранеопластикалық синдромдар көрінісінде;
·          перифериялық-вегетативті жүйке жүйесінің инфекциялық бұзылу көрінісінде (ЖИТС, герпес, сифилис, алапес).

Диагностика


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі:
Амбулотриялық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·          тыныштықта, физикалық, ойлау және эмоционалды жүктеу кезінде АҚ, БТЖ, БҚ өлшеу;
·          клиноортосынама;
·          ЖҚТ (6 параметр);
·          қан сарысуында натрий, кальций, калийді анықтау;
·          қан сарысуында глюкозаны анықтау;
·          ЖНТ;
·          электрокардиографикалық зерттеу (12 бөлімінде);
 
Амбулаториялық деңгейде өткізілетін қосымша диагностикалық тексеріс:
·          биохимиялық қан талдауы: АЛаТ, АСаТ, жалпы билирубин,
тікелей билирубин, тимолов сынамасы, С – реактивті ақуызды анықтау.
 
Жоспарлы госпитальдаудағы тексерулердің ең қысқа тізімі:
·          ЖҚТ (6 параметр);
·          электрокардиографикалық зерттеу ( 12 жалғамда);
 
Стационарлық деңгейдегі негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер:
·          электрокардиограмманың холтер мониторингі;
·          АҚ тәуліктік мониторіингілеу;
·          глюкозаға төзімділік тесті;
·          ЭЭГ-бейнемониторингі.
 
Стационарлық деңгейдегі қосымша диагностикалық тексерулер:
·          коагулология (қан плазмасында белсенді ішінара тромбопластинды уақытты (ББТУ) анықтау, плазмадағы фибриногенді анықтау, қан плазмасының фибринолитикалық белсенділігін анықтау, адгезия және агрегация (ГАТ) реакцияларын өткізу, плазманың гепаринге төзімділігін зерттеу, плазмадағы антиплазминның белсенділігін анықтау, қан кету уақытын анықтау, қан плазмасындағы тромбинді уақытты (ТУ) анықтау, ерітілетін фибромономер кешенің анықтау (ЕФМК), плазмадағы VIII факторын анықтау, плазмадағы XI факторын анықтау);
·          ИФТ-әдісімен қалқанша без гормондарын анықтау;
·          бас миының МРТ;
·          бас тамырларының УДДГ;
·          кешенді ультрадыбыстық диагностика;
·          кеуде ағзаларының рентгенографиялық шолу (1 кескінде);
·          Люмбальді пункция;
·          ЖМС зерттеу.
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде жүргізілетін диагностикалық шаралар
• шағым жинау және анамнез;
• физикальды тексерулер;
• диагностикалық сынама өткізу;
• экспресс-әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау.
 
Диагностикалық критерийлер:
Шағымдар және анамнез: [2]
 

Шағымдар Вегетативті дисфункция кезінде шағымдар сипаттамасы Тексеру бағыты
Цефалгия, бас айналу бас сақинасы тектес
(бір жақ баста жүрек айнумен бірге бастың соғып ауыры, құсу, жиі тұқым қуалаушылық).
Балаларда тамырлы және ликвородинами
калық бұзылулардың болмауы. Мінез-құлықтың бұзылуы мен ВЖЖ үйлесуі мүмкін, мысалы, аутизмі бар балаларда ВД және ЗГТС болуы
 
Кардиалгия шаршағанда, қобалжығанда туындайтын, ауа-райының ауысуына, физикалық жүктемеге байланыссыз, седативті құралдарды қабылдауда  тоқтайтын жауырынға, қолға берілетін шаншып ауырулар. Балалардың жүрек тұсында жүрек  соғууды сезуіне, жүрек тұсында жағымсыздық сезінуге шағымдары. Жүрек тұсы ауруы көптеген аурудың себептері болуы мүмкін, сирек – өзіндік жүрек патологиясына байланыссыз. Кардиалгияны жоққа шығару қажет.
Тыныс алу органы жағынан
 
ваготониясы бар балалар физикалық жүктеме кезінде «демікпеге» жақын келеді, еш себепсіз терең демалу туындайды,
ауа райы қолайсыздығында күшейетін және седативті терапия алғаннан кейін кететін невротикалық жөтел
пароксизмдары
(«спазматическалық
Вирусты жөтел»).  Анамнезде осбтруктивті бронхит және бронхиалды астма байқалады.
ВД бар балаларда түнгі уақытта демікпе ұстамасы (жалған астма), қобалжығанда ауа жетіспеушілігі (демікпе) болуы мүмкін. Кейбір зерттеушілер бұл демалудың бұзылуын вегетативті дисфункцияға байланысты бронхиалды астманың бір нұсқасы деп бөледі.
Бұл бронхиалды астманың клиникалық ерекшелігі болып ірі және орта бронхтардың, бронхорея бронхиалды өтудің бұзылуы болып табылады; 
Холинолитикалық дәрілерді қолдану тиімді, ваготонияның жүйелі көрінулері
ацетилхолинның көп болуы, холинэстераздың сарысу белсенділігінің төмендеуі ВД пайдасына..
Оқшауланған процесті жоққа шығару қажет
(инфекция,
бронхиалды астма,
ТДК, онкология)
Асқазан-ішек жағынан Іштің ауыруы,  диспептикалық  синдромның туындауы
(жүрек айну, қыжыл, кекіру,
спастикалық іш қатулардың жиілігі немесе түсініксіз іш өту, рефлюксті аурудың пайда болуы). Сілекей бөлінудің жоғарылауы, жүрек айну және балаларда құсу – бұл эмоционалды уайымдаудың жиі соматовегетативті көріністері. Алғашқы қатты психогениядан (шошу) кейін туындаған, бұл симптомдар орнығып, кейінірек стресстік жүктемеге жауап ретінде қайталанады.
Диспептикалық синдромадар туындау арасында патологиялық синдромдар байқалмайды.
Синдромдар стресстен кейін, эмиционалды жүктемеге жауап ретінде туындайды.
Терморегуляцияның бұзылуы –
«термоневрозы» деп аталады
Тоңғақтық түрінде  (төмен температураны, азынауға төтеп бере алмау),тоңу, тоңу тектес гиперкинездер;  аксилярлы температураның асимметриясы, бейнедегі гипертермияға бейімділік Эмоционалды және психикалық  жүктемеге байланысты, күшею маусымдығы бар.  Пароксизмалды күйге бейімділік бар
Тері жабындысы Ваготония кезінде беттің түсі өзгереді  (балалар оңай қызарады және бозарады), майлы,  безеуге бейімделгіш, қол буынының цианотті.
Дермографизм – қызыл,
жоғарыланған, тұрақты
Симпатикотония кезінде тері құрғақ, аллергиялық бөртпе, нейродермит пайда болады.
Дермографизм - күлгін, ақ
Әртүрлі сипатты терінің зақымдануын ВД сәйкестігін жоққа шығару
Несептің шығу жүйесі жағынан Қуықтың әртүрлі нейрогенді бұзылуы, бұл несептің шығуы және энурездің бұзылуы болып табылады Несептің шығу жүйесінің нақты зерттеу органикалық зақымдануды ерекшелеу мүмкіндігін береді.
Психогенді шағымдар Симпатикотония:
ашушаңдық, жоғары  шаршағыштық,қызбалық,
жыламсырау, қобалжу, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі,
зейіннің бара бара жоғалуы, шуылға шыдамсыздық, естің төмендеуі, ұйқының бұзылуы.
Бір күнде көңіл-күйдің өзгеруі.
Ваготония: әлсіздік, апатия.
Күні бойы көңіл-күйдің  төмендеуі, күндіз ұйқысыраудың жоғарылауы.
Бас айналуды сезіну, бастағы жеңілдік немесе есінен тану күйі, болмыстан қашықтау,
дербестіліктің бұзылысы,  өлімнен қорқу.
Мінез-құлықтың бұзылуы мен ВЖЖ үйлесуі мүмкін, мысалы, аутизмі бар балаларда ВД және ЗГТС болуы
 
Сезімталдық бұзылулар Жансыздану немесе шаншу, ыстықты және суықты сезіну  
 
Физикальды тексерулер: [3, 4]
Ваготония кезінде тері жабындысының қызаруға бейімділігі, қол буынының цианозды түсті болуы, ылғалды және суық, тері жабындысының мәрмәрлығы, жалпы гипергидоз, пубертатта безеу бөртпесіне бейімделгіштік, нейродермиттің пайда болуы сирек емес, есекжем типі бойынша әртүрлі аллергиялық реакциялар, Квинке ісінуі. Бұл санаттағы балаларда өтпелі беттегі ісіну, сұйықтықтың тежелуіне бейімді болады. Балалар толысуға, гипотермияға, АҚ гипотонияға бейімді.
Симпатикотония кезінде балаларды тері жабындысы бозғылт, құрғақ, тамырлы суреті айқындалмаған болады. Қол буынының терісі құрғақ, суық, кейде экзематозды пайда болулар, қышыма пайда болуы мүмкін.  Симпатикотониясы бар балалар, тәбеттері жақсы болғанмен, көбінесе арық болып келеді. Гипертермияға АҚ жоғарлауына бейімделгіштік.
 

Себептері Симпатоадреналды Вагоинсулярлы
Туындау жиілігі Жиі сирек
Алдын ала хабаршының бар болуы Жоқ кездейсоқ басталуы Әлсіздік, қобалжу бар
Жүрек соғудың жиілігі Кенеттен тахикардия Брадикардия немесе тахикардия
Артериялық қысым Жоғарыланған Төмендетілген
Демікпе ұстамасы Жоқ бар
Тершеңдік байқалмайды кішкене
Қалшылдау, аяқ-қолының мұздауы Бар Жоқ
Ауыруды сезіну Жүрек тұсында Бас ауыру, іш ауыру
 
Зертханалық зерттеулер:
Жалпы клиникалық зертханалық зерттеулер нәтижелері - жас нормасына сәйкес.
 
Аспаптық зерттеулер:
·          Нейрорадиологиялық зерттеу - бас миының МРТ/КТ: құрылымдық өзгерістер жоқ;
·          Бас миының ультрадыбыстық зерттеу – НСГ: құрылымдық өзгерістер жоқ;
·          Офтальмологиялық зерттеу – офтальмоскопия, торқабық тамырларының ангиопатиясы өзгеріссіз.
·          ЭЭГ: ми белсенділігінің негізгі биоэлектрикалық амплитудасының төмендеуі.
·          ЭКГ: синусты тахикардия.
·          Люмбальды  пункция: патологиялық өзгеріссіз.
·          Бас тамырларының УДДГ: тонустың және тамырлардың толтырылуы. өзгерзен.
·          кешенді УДЗ: патологиялық өзгеріссіз.
·          Кеуде ағзаларының шолу рентгенографиясы: патологиялық өзгеріссіз.
 
Бейінді мамандардың кеңесі үшін көрсетімдер:
нейрохирург – ісік және қан құйылулар кезінде хирургиялық араласу мүмкіндігі мәселесін шешу; 
офтальмолог - сараланған диагностика өткізу үшін, көз патологиясын түзету және диагностикалау және асқынудың профилактикасы мақсатында, көз дискісінің ангиопатиясын немесе ісінуін айқындайды;
эндокринолог - эндокринды және метаболитикалық бұзылуларды түзету және диагностикалау және асқынудың профилактикасы мақсатында;
гастроэнтеролог – сараланған диагностика өткізу үшін гастрит, гастроэнтеритті анықтайды;
кардиолог – сараланған диагностика өткізу үшін, жүрек кемістіктерін, жүректің өрескел ақаулығын анықтайды;
психолог – психопаталогиялық күйді даигностикалау, түзету және профилактикасы мақсатында, ауруды дәрі-дәрмексіз түзету өткізуде;
физиотерапевт – физиотерапия түрін және көлемін, көрсетім/қарсы көрсетілімді анықтау мақсатымен, ЕДШ, ИРТ қоса.
оториноларинголог– сараланған диагноз үшін гаймориттер, синуситтерді айқындайды;
пульмонолог– тыныс алу жүйесінің бұзылуының сараланған диагнозын, пневмонияны анықтайды;
психиатр – психиатриялық бұзылулар, психиатриялық күйге жақындығына  сараланған диагнозды қояды. 

Дифференциалды диагноз


Ұстамалы криздерді саралап диагностикалау
 

Диагностикалық критерийлер Вегетатив
ті ұстамалар
Кардиогенді синкопа
лар
Тамырлы-церебрал
ды ұстамалар
Эпилептикалық табиғатты ұстама
ла
Синкопалды көріністер Бас айналу,
әлсіздік, 
тершеңдік,
ауаның жетіспеуші
лігі,
көз алдында елестеу,
бозғылт, құлақтағы шу,
гипо- және
ангидроздың бар болуы,
вагальды
реакциясы
ның жоқ болуы,
ұстама кезінде жүрек ырғағының баялауы
Жоқ болуы мүмкін немесе жүрек ауруын сезіну Қысқа уақытқа бас айналу, желкедегі, мойындағы ауру, жүрек айну, жалпы әлсіздікті сезіну Ерекше күй қысқа уақытқа болуы мүмкін
Синкопалды күйдің клиникалық көріністері Бозғылттану, сирек терең демалу, әлсіз жіп тәрізді жүрек соғысы, АҚ кенеттен түсуі Бозғылттану және цианоз, жиі және
үстіртін
демалу, кейде тахикардия,
АҚ төмендеген
Бозғылт акроцианоз болуы мүмкін,
Тыныс алу үстіртін, пульс соғысы сирек, АҚ әртүрлі
Акроцианоз,
Тыныс алу жиірек, шулы, тұрақты емес кезеңді апное, жүрек соғысы сирек, АҚ әртүрлі
Есін жоғалғатқан кезде құрысудың болу мүмкіндігі
 
Терең талуда Болуы мүмкін Сирек Болуы мүмкін
Қайталама синкоп сериясы
Естің оралу жылдамдығы
 
Сирек
 
Өте сирек Жиі
 
Тез және толығымен
 
Баяу, бағыт
тан адасу кезеңінде
 
Постсинкопаль
ды кезеңнің клиникалық көріністері
 
Жалпы әлсіздік, бас ауыру, бас айналуы, тершеңдік
 
Жалпы әлсіздік, жайсыздық, жүрек тұсында ауыру, бас ауыру
 
Жалпы әлсіздік, жалпы бас ауыру, мойын, желке ауыру, неврология
лық бұзылулар
дың бар болуы (дизартрия, парездер және т.б.)
 
Есеңгірегендік, ұйқысы
рау, іркілу, адина
мия, түсінік
сіз сөйлеу, бас ауыру
 
Диагности
калық
критерий
лер
 
Нейрогенді
синкопалар (вазодепрес
сорлы синкопа)
 
Кардиогенді
синкопалар
 
Тамырлы-церебральды
Синкопа
лар
Эпилептикалық синкопалар
Араңдатушы факторлар
 
Қорқыныш, шошу, қан алу, тіс емдеу, вегетатиті криз, ыстық бөлме, ұзақ тұру, аштық, шаршау   Физикалық      жүктеме,  жүктемені тоқтату,  эмоционалды  факторлар,  араңдатушы  факторлардың  жоқ болуы
Басты қатты бұру, басты жазу, еш себепсіз
 
Талу кезіндегі қалып
 
Тік
 
Жиірек тік, жатып
 
Жиірек тік, бірақ әртүрлі қалыпта болуы мүмкін
 
Тілді тістеу
 

Несеп шығару  
Жоқ  
 
Терең талғанда
Сирек
Жоқ
 
Бар
 
Аурудың анамнезі
 
Балалық шақта жиірек, пубертатты кезеңде, эмоцияда, ұзақ тұрғанда
 
Кардиологқа қаралу және емделу
 
Мойын остеохондрозы, жүйке жүйесінің органикалық бұзылуы бойынша невропатологта емделу.
 
Зерттеудің қосымша әдістері
 
Психологиялық зерттеулер-аффективті бұзылулар: вегетативті салада вегетативті дистония
ны зерттеу
 
Электрофизиологиялық зерттеу кезінде холтерлі мониторінгілеу кезінде ЭКГ өзгерістері
 
Допплерографиялық торапты тамырлардың өзгеруі, РЭГ өзгеруі, омыртқа бағанының мойын бөлігіндегі спондилограммадағы  остеохондроз
 
Дәрі-дәрмектер немесе токсикологиялық заттектер қолданған кездегі вегетотамырлы дистонияның сараланған диагнозы [7, 10]
 

Симпатикалық белсенділіктің әлсіреуі  
клонидин, метилдоптар, резерпин, барбитураттар, альфа- және бета-
адреноблокаторлар қолданған кезде
 
Симпатикалық әсердің күшеюі
 
амфетаминдер, кокаин, трициклиді антидепрессанттар, ингибиторлар МАО және бета-адреномиметиктерді қолданғанда
 
Парасимпатикалық белсенділіктің күшеюі
 
холиномиметикер (пилокарпин, бетанехол секілді), немесе ингибиторлархолинэстераз (пиридостигмин), немесефосфорорганикалық пестицидтер қолданғанда
Парасимпатикалық белсенділіктің әлсіреу
 
антидепрессанттар, фенотиазиндер, антихолинэргиялық дәрілер, ботулотоксин қолданған кезде
 

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаты [5, 6, 7, 8]:
Вегетативті дисфункция кезінде емдеу мақсаты - клиникалық көріністерді тоқтату, аурудың бетін қайтару және симптоматикалық терапияға қол жеткізіу.
Қайталама вегетативті полинейропатияда этиологиялық емдеу негізгі ауруды емдеудегі бекітілген хаттамаға сәйкес өткізіледі.
Патофизиологиялық, симптоматикалық емдеудің мақсаты ауыру синдромын төмендету, әлсіздікті азайту, моторлы, сенсорлы дефицитті шегіндіру және вегетативті реакцияны төмендету.
 
Емдеу тәсілі***:
Дәрі-дәрмексіз емдеу (тәртіп, диета және т.б.) [2, 5, 6, 7]
Режим: еңбек және демалыстың қатаң тәртібі, қосымша жүктемеден босату.
Диета: жүйке жүйесінің қайталама вегетативті бұзылуы кезінде, негізгі ауруды емдеудегі бекітілген хаттамаға сәйкес диета ұстау қажет  (қант диабеті, онкологиялық аурулар, АІЖ аурулар және т.б.).
Сегментүсті бұзылуларда емделушінің жасына байланысты үнемі тамақтану қажет, - 16, 16б, жалпы және т.б. үстел.
Иглорефлексотерапия (5 жастан асқан балаларға),
Ертерек оңалту  (уқалау, су емшаралары, ойын терапиясы,  әуен терапиясы,
жеке немесе топтық психотерапия, ЕДШ), гипноз.
Астмалық ұстамаларды CPAP көмегімен емдеу [9]
 
Дәрі-дәрмекпен емдеу [2, 3, 5, 6, 7, 8, 9]
Дәрі-дәрмекті терапия мыналардан тұрады:
- седативті және анксиолитикалық терапия (хлорпротиксен, γ-амино-β-фенилмайлы қышқыл, транквилизаторлар бензодиазипинді қатардан, карбамазепин,  амитриптилин)
- метаболиялық терапия (тиамин, пиридоксин, цианкобаламин)
Симпатоадреналды криз кезінде - карбамазепин
 
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
100% қолдану мүмкіндігіне ие, негізгі дәрі–дәрмек құралдарының тізімі:
 

 Дәрі-дәрмектер Мөлшер, шығу  нысаны
Тиамин 50мг/мл ерітінді, 125 мг б/і, тәулігіне 1 рет. 10-30 күн
Пиридоксин 2 мг таблетка, ерітінді 50 мг/мл. 0.002 г/тәулік мөлшер 10-30 күн
 
Цианкобаламин
 
200 мкг/мл инъекция үшін ерітінді, 500 мкг/мл  мөлшер
0,4- 1мл (200-500мкт)  тәулігіне,  күйдің жақсару кезінде
0,2мл, 10-30 күн
 
Карбамазепин 200 мг таблетка, 10-20 мг/кг/тәулік 2-3 қабылдау
мөлшер 10-20 мг\кг\тәулік вегетативті
пароксизмді емдеу кезінде (симпатикоадреналды криздер) 7-14 күн.
 
 
Қолдану мүмкіндігі 100%-н аз қосымша дәрі-дәрмектер тізімі:
 

 Дәрі-дәрмек Мөлшер, шығу  нысаны
Хлопротиксен 15 мг табл.мөлшер 0.5-2 мг/кг дене массасы 7-14 күн
Диазепам  5мг табл.
Диазепам 1-12 ай алғашқыда 250 микрограмм/кг күніне 2 рет
1–5 жастағы балаларға алғашқыда 2.5мг күніне 2 рет
5–12 жастағы балаларға алғашқыда 5 мг күніне 2 рет
12–18 жастағы балаларға алғашқыда 10 мг күніне 2 рет;
Тәулігіне максималды жалпы мөлшері 40 мг.
[British National Formulary for Children]
 
 
Тиамин 50мг/мл ерітінді, 125 мг б/і, тәулігіне 1 рет. 10-30 күн
Пиридоксин 2 мг табл., раствор 50 мг/мл. 0.002 г/тәулік мөлшер 10-30 күн
 
 
Цианкобаламин
 
200 мкг/мл инъекция үшін ерітінді, 500 мкг/мл  мөлшер
0,4- 1мл (200-500мкт) тәулігіне, күйдің жақсару кезінде
0,2мл, 10-30 күн
 
карбамазепин 200 мг дәрі, 10-20 мг/кг/тәулік  2-3 қабылдау
мөлшер 10-20  мг\кг\тәулік  вегетативті
пароксизмді емдеу кезінде (симпатикоадреналды криздар) 7-14 күн.
 
амитриптилин   6-10 жастағы балаларда түнгілікті энурезде - 10-20 мг/тәулік түнде, 11-16 жастағыларға - 25-50 мг/тәулік.
 
 
Стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу:
Негізгі дәрі–дәрмек құралдарының тізімі  (100% қолдану мүмкіндігіне ие)
 

 Дәрі-дәрмек Мөлшер, шығу нысаны
Диазепам  5мг табл.
Диазепам 1-12 ай алғашқыда  250 микрограмм/кг күніне 2 рет
1–5 жастағы балаларға алғашқыда 2.5мг күніне 2 рет
5–12 жастағы балаларға алғашқыда 5 мг күніне 2 рет
12–18 жастағы балаларға алғашқыда 10 мг күніне 2 рет;
Тәулігіне максималды жалпы мөлшері 40 мг.
[British National Formulary for Children]
 
 
Преднизолон 1,5 мг/кг/тәулік  1-4 апта ішінде
 
Тиамин 50мг/мл ерітінді, 125 мг б/і, тәулігіне 1 рет. 10-30 күн
Пиридоксин: 2 мг табл., ерітінді 50 мг/мл. 0.002 г/тәулік мөлшер 10-30 күн
 
Цианкобаламин
 
200 мкг/мл инъекция үшін ерітінді, 500 мкг/мл  мөлшер
0,4-1мл (200-500мкт) тәулігіне, күйдің жақсару кезінде
0,2мл, 10-30 күн
 
карбамазепин 200 мг табл., 10-20 мг/кг/тәулік 2-3 қабылдау мөлшері 10-20 мг\кг\тәулік вегетативті
пароксизмді емдеу кезінде (симпатикоадреналды криздер) 7-14 күн.
 
амитриптилин 6-10 жастағы балаларда түнгілікті энурезде - 10-20 мг/тәулік түнде, 11-16 жастағыларға - 25-50 мг/тәулік.
 
Қолдану мүмкіндігі 100%-н аз қосымша дәрі-дәрмек құралдарының тізімі
 

 Дәрі-дәрмек Мөлшер, шығу  нысаны
Хлопротиксен Дәрілер 15 мг
Диазепам  5мг дәрі
Диазепам 1-12 ай алғашқыда  250 микрограмм/кг күнене 2 рет
1–5 жастағы балаларға алғашқыда 2.5мг күніне 2 рет
5–12 жастағы балаларға алғашқыда 5 мг күніне 2 рет
12–18 жастағы балаларға алғашқыда 10 мг күніне 2 рет;
Тәулігіне максималды жалпы мөлшері 40 мг.
[British National Formulary for Children]
 
 
Преднизолон 1,5 мг/кг/тәу 1-4 жұма ішінде
 
Тиамин 50мг/мл ерітінді, 125 мг б/і, тәулігіне 1 рет. 10-30 күн
Пиридоксин: 2 мг табл., ерітінді 50 мг/мл. 0.002 г/тәулік мөлшер 10-30 күн
 
Цианкобаламин
 
200 мкг/мл инъекция үшін ерітінді, 500 мкг/мл  мөлшер
0,4- 1мл  (200-500мкт) тәулігіне, күйдің жақсару кезінде
0,2мл,  10-30 күн
 
карбамазепин 200 мг табл., 10-20 мг/кг/тәулік 2-3 қабылдау мөлшер 10-20 мг\кг\тәулік вегетативті пароксизмді емдеу кезінде (симпатикоадреналды криздер) 7-14 күн.
 
амитриптилин 6-10 жастағы балаларда түнгілікті энурезде - 10-20 мг/тәулік түнде, 11-16 жастағыларға - 25-50 мг/тәулік.
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде дәрі-дәрмекпен емдеу:
 

 Дәрі-дәрмек Мөлшер, шығу  нысаны
Диазепам  5мг табл.
Диазепам 1-12 ай алғашқыда  250 микрограмм/кг күнене 2 рет
1–5 жастағы балаларға алғашқыда 2.5мг күніне 2 рет
5–12 жастағы балаларға алғашқыда   5 мг күніне 2 рет
12–18 жастағы балаларға алғашқыда 10 мг күніне 2 рет;
Тәулігіне максималды жалпы мөлшері 40 мг.
[British National Formulary for Children]
 
 
Преднизолон 1,5 мг/кг/тәулік  1-4 апта ішінде
 
амитриптилин 6-10 жастағы балаларда түнгілікті энурезде - 10-20 мг/тәулік түнде,  11-16 жастағыларға - 25-50 мг/тәулік.

Емдеудің басқа  түрлері:

Амбулаториялық деңгейдегі емдеудің басқа түрлері:
·          физиотерапия;
·          жүзу;
·          курортта емделу.
 
Стационарлы деңгейдегі емдеудн басқа түрлері:  өткізілмейді
 
Жедел шұғыл көмек деңгейінде емдеудің басқа түрлері: жоқ
 
Хирургиялық араласу: өткізілмейді
 

Профилактика


Профилактикалық іс-шаралар:
Тәуелділік факторлар
·          конституционалды бейімделу;
·          пубертат кезеңі;
·          жіті және созылмалы стресс бейнесінде бейімделу мүмкіндіктердің бұзылуы;
·          созылмалы органикалық соматикалық ауру, әсіресе алгиялық компонентпен;
·          метаболиялық ауру;
·           жүйке жүйесінің органикалық ауруы (анамнезде БМЖ, ПЭП);
·          авитаминоз;
·          интоксикация.

МСАК деңгейінде алғашқы профилактика:
·          тәуекел тобындағы балаларға уақтылы диспансерлеу және сапалы медициналық көмек көрсету;
·          вирусты инфекцияны, анемияны, семіздікті, жарақаттанудың алдын-алу;
·          мінез-құлықты тәуекел факторын модификациялау (физикалық белсенділікті үдету).

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Вейн A.M. //Вегетативные расстройства. 1998.: 2. Левин О.С., Штульман Д.Р. Неврология. Справочник практического врача. 7 издание.//Медицина. «МЕДпресс-информ», 2011. 3. Болезни нервной системы. Руководство для врачей 2 тома//Под редакцией ЯхноН.Н., Издание 4 переработанное и дополненное. Москва, «Медицина», 2005. 4. Никифоров А.С., Коновалов А.Н., Гусев Е.И.//Клиническая неврология в трех томах. Москва, «Медицина», 2002.5 Preface. Pediatric autonomic disorders. Moodley M., SeminPediatr Neurol. 2013 Mar;20(1):1-2. doi: 10.1016/j.spen.2012.12.001. 5. Gastrointestinal manifestations of pediatric autonomic disorders Chelimsky G1, Chelimsky TC, SeminPediatr Neurol. 2013 Mar;20(1):27-30. doi: 10.1016/j.spen.2013.01.002. 6. HIV-Associated Distal Painful Sensorimotor PolyneuropatAuthor: Niranjan N Singh, MD, DNB; Chief Editor: Karen L Roos, MD 7. Postural orthostatic tachycardia syndrome (POTS) and vitamin B12 deficiency in adolescents. Öner T, Guven B, Tavli V, Mese T, Yilmazer MM, Demirpence S Pediatrics. 2014 Jan;133(1):e138-42. doi: 10.1542/peds.2012-3427. Epub 2013 Dec 23 8. Cranial autonomic symptoms in pediatric migraine are the rule, not the exception Gelfand AA1, Reider AC, Goadsby P, JNeurology. 2013 Jul 30;81(5):431-6. doi: 10.1212/WNL.0b013e31829d872a. Epub 2013 Jun 28. 9. Hereditary motor-sensory, motor, and sensory neuropathies in childhood. Landrieu P1, Baets J, De Jonghe P, ,HandbClin Neurol. 2013;113:1413-32. doi: 10.1016/B978-0-444-59565-2.00011-3. 10. Laboratory evaluation of pediatric autonomic disorders. Kuntz NL1, Patwari PP.,SeminPediatr Neurol. 2013 Mar;20(1):35-43. doi: 10.1016/j.spen.2013.01.004. 11. Alvares L.A., Maytal J., Shinnar S., Idiopathic external hydrocephalus natural history and relationship to benign familial hydrocephalus. Pediatrics, 1986. 77 901-907 12.Aicardi J Diseas of the nervous system in childhood, 3 ed London, 2013 13.Клинические вопросы детской неврологии первого года жизни, под ред. ColinKennedy 14. Заболевания нервной системы у детей. В 2-х т./Под ред. Ж.Айкарди и др.: перевод с англ.- М.:Издательство Панфилова: БИНОМ, 2013.-1036 15, Шток В.Н. Фармакотерапия в неврологии. Практическое руководство. Москва, 2000. – 301 с. 16.Нейрофармокология: основные лекарственные препараты и их возрастные дозы. Пособие для врачей. Санкт-Петербург. - 2005 г. 17. Person EK, Anderson S, Wiklund LM, Uvebrant P. Hydrocephalus in children born in 1999-2002: epidemiology, outcome and ophthalmological findings. Child’s NervousSystem, 2007, 23:1111-1118. 18. Wright CM, Inskip H, Godfrey K et al. Monitoring head size and growth using the new UK-WHO growth standard. Archives of Disease in Childhood, 2011, 96:386-388.

Ақпарат


Біліктілік деректері көрсетілген хаттаманы әзірлеушілер тізімі:

1)      Текебаева  Латина  Айжанқызы – м.ғ.к., «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ «Неврология» бөлімінің меңгерушісі.
2)      Лепесова Маржан Махмұдқы – м.ғ.д., жоғары біліктілік санаты бар невропатолог-дәрігер, профессор, «Қазақ үздіксіз білім беру медициналық университеті» АҚ «Балалар неврологиясы» кафедрасының меңгерушісі;
3)       Бақыбаев Дидар Ержомартұлы– «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ клиникалық фармаколог-дәрігері.
 
Мүдделер  қақтығысының  жоқтығын көрсету: жоқ.
 
Пікір иесі:  Бүлекбаева  Шолпан   Әділжанқызы –  м.ғ.д.,   «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ басқарма төрайымы.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары: Хаттаманы қайта қарау шарттарын көрсету: Хаттаманы 3 жылдан кейін қайта қарау және/немесе одан да жоғары дәлелділік деңгейіндедиагностика/емдеудің жаңа әдістері шыққан кезде.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement, не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement является исключительно информационно-справочным ресурсом. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх