Войти

Балалардың бүйрек кистасы

H-S-010

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Киста почки, приобретенная (N28.1)

Анықтамасы

Анықтамасы

 

Анықтамасы


Жүре пайда болған бүйрек кистасы (ЖБК) – бұл генетикалық жағынан бүйрек кистасы болуына бейімділігі жоқ науқастардың бүйректерінде кистоздық дегенеративтік өзгерістердің дамуын сипаттайтын термин. Көбінесе диагноз қойылған уақытта бір немесе екі бүйректің тінінің 25 %-тен астамы зақымдалғаны анықталады, əсіресе созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарда.


Көптеген кисталар көбінесе екі бүйректен де табылады, негізінен бүйрек қыртысында, сонымен қатар кистаны милық қабаттан да, қыртысты қабаттың милық қабатқа ауысатын жерінде де табуға болады. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі кезінде бүйректер үлкен емес жəне жиырылған түрде болады. Кисталар бүйрек өлшемдерінің үлкеюіне əкеледі.


Кисталар сонымен қатар бүйректің көптеген аденомаларымен жəне шынайы бүйректік-жасушалық карциномалардың дамуымен де байланысты.


Хаттама коды: H-S-010 "Балалардың бүйрек кистасы"

Хирургиялық саладағы стационарлар үшін

АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): N28.1 Жүре пайда болған бүйрек кистасы

 

Қауіп-қатерлі факторлар

 

Қауіп-қатерлі факторлар:
- бүйректердегі қабыну; 
- неопластикалық жəне басқа процестер (пиелонефритте, туберкулезде, гломерулонефритте, нефросклерозда, медуллярлық некрозда, нефролитиазда, бүйрек инфарктінде, бөгде ісіктерде, эндометриозда, жарақаттандан кейінгі);
- гидатидті және альвеолярлық эхинококкоз.

Түсуі: жоспарлы.

Диагностика

 
Диагностика критерилері
Бүйректе орналасуына жəне көлеміне байланысты кисталар гематурияға, тас пайда болуына, инфекция дамуына, артериялық қысымның жоғарылауына, ауырсыну сезімінің болуына жəне т.б. əкелуі мүмкін. Мұндай симптомдар сирек байқалатынына қарамастан, олар соншалықты күшті білінеді де, басу үшін нефрэктомия жасауға тура келуі мүмкін

Шағымдар мен анамнез: бел аумағындағы ауырсынулар, артериалды қысымның жоғарылауы

Физикалық тексеру: белдің ауыруы, ұрғылау симптомы оң.

Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, мочевина, қалдықтық азот, гипостенурия, никтурия, эритро-, лейкоцитурия.

Инструментальды зерттеулер: бүйректі УДЗ, түрлі орналасудағы кистаның интрапаренхиматозды өсуі. Урограмма - бүйрек проекциясында киста оранласқан жерде тостағаншаның ығысуы, бүйрек функциясының төмендеуі.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: нефролог консультациясы.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Жалпы қан анализі.
2. Жалпы несеп анализі.
3. Гематокрит.
4. Тінді гистологиялық тексеру.
5. Қанның ұю уақытын анықтау.
6. Тромбоциттер саны.
7. ИФА.
8. Жалпы белокты анықтау.
9. Коагулограмма.
10. Қалдық азотты анықтау.
11. Глюкоза.
12. АЛТ.
13. АСТ.
14. Тимол сынағы.
15. Қан тобы жəне резус-фактор.
16. Нечипоренко бойынша несеп анализі.
17. Зимницкий бойынша несеп анализі.
18. Несептегі белокты анықтау.
19. Креатининді анықтау.
20. Биологиялық сұйықтықты себу.
21. Антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
22. Іш қуысы ағзаларын УДЗ.
23. ЭКГ.
24. Бүйректерге шолу рентгенография.
25. Ретроградты пиелоцистография.
26. Экскреторлы урография.
27. Бүйректерге компьютерлік томография.
28. Кисталарға пункция жасау.
29.HbsAg, Anti-HCV.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Кардиологтың консультациясы.
2. Невропатологтың консультациясы.

Дифференциалды диагноз



Белгілер Эхинококкоз Мультикистоз Поликистоз
Ауыру + + +
Лейкоцитурия - - -
Артериалдық
қысымның
жоғарылауы
- - +
Эозинофиллез + - -
Гематурия - - +
 

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: жүре пайда болған бүйрек кистасын операциялық жолмен алып тастау, УДЗ немесе тромбовар енгізе отырып КТ бақылау арқылы киста пункциясын жасауға болады

Емі:

1. Бүйректердің жүре пайда болған кистасын тілу операциясы. Бүйректің қарапайым кистасын емдеуге екі əдіс қолданылады:
- операциялық ем (ашық немесе лапароскопиялық), кистаның бос қабырғасы кесіледі;
- тері арқылы ультрадыбыстық бағыттаумен кистаға пункция жасау, кейде киста қуысына дренаж жасалады.
Пункциядан кейін кистаның ішіндегі сұйықтық жиналып қалмау үшін киста қуысына əртүрлі сұйық склероздаушы заттар: левомицетин, вибрамицин, фенол, висмут, магний тұздары, этил спирті жəне басқалары енгізіледі.

2. Операциядан кейінгі кезеңдегі жансыздандыру - тримепиридин гидрохлориді.

3. Дезинтоксикациялық ем.

4. Операциядан кейінгі кезеңдегі антибактериялық ем. Антибактериялық емнің бір курсы тағайындалады; немесе аминогликозидтер (гентамицин 40-80 мг б/і 2 рет күніне, амикацин 10 мг/кг 2 рет тəулігіне, 7-10 күн бойына), немесе цефалоспорин қатарындағы антибиотик (цефтриаксон 20-10 мг бала салмағының əр кг-на тəулігіне екі рет, 7-10 күн бойы, цефазолин 50-100 мг бала салмағының əр кг-на тəулігіне екі рет, 7-10 күн бойы).
Антибиотиктермен бірге нитроксолин 50-100 мг 3 рет күніне 10 күн бойы, нистатин 500 мг 3 рет күніне, 12 күн бойы, лиофилизденген бактериялар 1-2 капсуладан 3 рет күніне, 10-14 күн бойы тағайындалады.

Операция жасауға көрсеткіштер: біртіндеп өсіп келе жатқан бүйректің жүре пайда болған кистасының болуы.
 
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Тримепиридин гидрохлориді инъекцияға арналған ерітінді ампулада 1% 1 мл
2. *Дифенгидрамин инъекцияға арналған ерітінді 1% 1 мл
3. *Повидон-йод ерітіндісі 1% флаконда
4. *Декстран инфузияға арналған ерітінді флаконда 200 мл, 400 мл
5. *Глюкоза инфузияға арналған ерітінді 5%, 10% флаконда 400 мл, 500 мл; ерітінді 40% ампулада 5 мл, 10 мл
6. *Натрий хлориді 0,9% инъекцияға жəне инфузияға арналған ерітінді
7. * Қаннан алынатын препараттар (жаңа қатырылған плазма)
8. *Гентамицин инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/мл, 80 мг/2 мл ампулада
9. *Цефтриаксон инъекциялық ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 250 мг, 500 мг, 1000 мг флаконда
10. *Азитромицин инфузияға арналған ерітінді флаконда 200 мг/100 мл
11. *Аскорбин қышқылы инъекцияға арналған ерітінді 5%, 10% ампулада 2 мл, 5 мл
12. Нитроксолин 200 мг табл.
13. *Нистатин 500 000 бірл. табл.
14. *Флуконазол капсула 50 мг, 150 мг; в/і арналған ерітінді флаконда 100 мл
15. Лиофилизденген бактериялар, капс.
16. *Бриллиант көгі спиртті ерітіндісі 1%, 2% флаконда 10 мл, 20 мл
17. *Сутегі қос тотығы ерітіндісі 3% флаконда 25 мл, 40 мл
18. Фурацилин 1:5000 фл.
19. *Этанол ерітіндісі 70% (денатурленген)
20. *Атропин инъекцияға арналған ерітінді 0,1 ампулада 1 мл (сульфат)

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Қаннан алынатын препараттар (эритроциттік масса)
2. *Гепарин 2500 МЕ инъекцияға арналған ерітінді
3. *Еритін инсулин инъекцияға арналған ерітінді 100 МЕ/мл

Ем тиімділігінің индикаторлары: бүйректерде жүре пайда болған кисталардың болмауы жəне пиелонефриттің тұрақты ремиссиясы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер: клиникалық верифицирленген бүйректегі кистозды процесс.

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу алдындағы қажетті тексеру көлемі: ЖҚА, ЖНА, бүйректі УДЗ.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. Нечипоренко Н.А., Нечипоренко А.Н., Балла А.А., Значение ультразвуковой томографии в диагностике и малоинвазивном лечении простой кисты почки; 2. R de Bruyn, I Gordon, Imaging in cystic renal disease. Arch Dis Child 2000;83: 401-407; 3. http://www.urologyhealth.org, Renal Dysplasia and Cystic Disease; 4. Андреев Д.В., Баженов И.В., Зырянов А.В., Деминов Д.А., Гальперин А.М. Кисты почек

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Хусаинов Т.Э. ҚР ДСМ Урология ҒО.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх