Балалардың бадамшабез аурулары. Аденоидтар

P-S-022

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Другие хронические болезни миндалин и аденоидов (J35.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы
 
Тонзиллит – таңдайлық бадамшалар тінінің созылмалы зақымдалуы. Ауыр ағымның критерилеріне бір жылда 5 рет қайталанған өршулер, рецидив кезінде күнделікті белсенділіктің бұзылуы.

 
Хаттама коды: P-S-022 "Балалардың бадамшабез аурулары. Аденоидтар"
Хирургия саладағы поликлиникалар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): J35 Бадамшалар мен аденоидтардың созылмалы аурулары

Қауіп-қатерлі факторлар


Қауіп-қатерлі факторлар: 1 жылда,  кемінде 2 рет қайталанатын баспалар.

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез: мұрынжұтқыншақтың артқы қабырғасымен ағатын мұрынжұтқыншақтан сілемейлі-іріңді шығындылар, дене температурасының жоғарылауы, мұрынмен тыныс алудың қиындауы.
 
Физикалық тексеру: жергілікті - алдыңғы доғашықтардың гиперемиясы мен кеңеюі, лакуналардағы тыртықтық өзгерістер, бадамшалардың доғашықтармен бітісуі, лакуналардағы ірің, жұтынғанда ауырсыну.
 
Лабораторлық зерттеулер: тəне емес.
 
Инструменталдық зерттеулер: тəне емес.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияларға байланысты.

Дифференциалды диагноз: жоқ.
 
Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі: жоқ.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: ремиссия индукциясы, асқынуларды басу.

Дəрі-дəрмексіз ем: төсектік тəртіп, көп мөлшердегі жылы сұйықтық тағайындалады.

Дəрі-дəрмектік ем:
Ауыру сезімін басатын жəне қабынуға қарсы препараттар (парацетамол, ибупрофен).
 
Цефалоспориндер тобының антибиотиктері, мысалы, цефаклор, клиндамицин 20-30 мг/кг/тəул күніне 3 ретке бөліп, 10 күнге тағайындау.

Амоксицилин+клавуланқышқылы 40 
мг/кг/тəул 3 ретке бөліп 10 күнге тағайындау. Пенициллин G1,2 106Т 1 рет парентералдық.

Тонзилэктомия. Аурудың декомпенсацияланған түрлері, консервативтік 
емнің тиімсіздігі, тонзилиттің бір жылда 5 рет қайталануы тонзилэктомияға көрсеткіш болып табылады.  Балалардағы тонзилиттің табиғи туралы нақты мәліметтер жоқ. Ірі клиникалық зерттеулер нəтижесінде антибиотиктер қабылдаған науқастар жағдайының жақсаруы тенденциясы анықталда.

Аденотомия басым жағдайларда эндоскопиялық 
əдіспен жасалады.

Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Парацетамол 200 мг, 500 мг табл.
2. *Ибупрофен 200 мг, 400 мг табл.
3.  Феноксиметилпенициллин 500 мг табл.
4. *Эритромицин 250 мг, 500 мг табл.
5. *Цефалексин 250 мг, 500 мг табл.
6.  Цефтазидим инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, флаконда 500 мг, 1 гр, 2г.
7.  Цефуроксим инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, флаконда 750 мг, 1.5 гр.
8.  Клиндамицин инъекцияға арналған ерітінді 300 мг/2 мл, амп.
9. *Амоксициллин+клавулан қышқылы қапталған таблеткалар 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг, вена ішіне енгізуге инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, флаконда 500 мг/100 мг, 1000 мг/200 мг, ішке қабылдауға инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, флаконда 125 мг/ 31,25 мг/ 5 мл, 200 мг/ 28,5 мг/ 5 мл, 400 мг/ 57 мг/ 5 мл.
10. Грамицидин соруға арналған табл. 1,5мг.
 
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: жоқ.
 
Ем тиімділігінің индикаторлары: ремиссия индукциясы, асқынуларды басу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Ауруханаға жатқызу


Госпитализациялау үшін көрсетімдер: консервативтік емнің тиімсіздігі, ішкі ағзалар жағынан қатар жүретін патологияның болуы.

Алдын алуы


Біріншілік профилактика: жоғарғы тыныс жолдарындағы ошақты санациялау.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Prodigy Knowledge. Prodigy Guidance-Sore Throat Acute. 2004. 2. Institute For Clinical System Improvement. Health Care Guideline. Acute Pharyngitis. May 2005. 3. EBM Guideline. Sore Throat and Tonsillitis. 2004. 4. National Guideline Clearinghouse. Guideline. Sore Throat and Tonsillitis. December 2005. 5. National Guideline Clearinghouse. Guideline. Acute Pharyngitis. December 2005. 6. Scottish Intercollegiate Guidelines Network. National Clinical Guideline. Management of Sore Throat and Indications for Tonsillectomy. January 1999.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: Сағатова Г.С., Алматы қ. №5 ҚКА

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх