Войти

Балалардың ақыл есі дамымай қалуы

H-P-017

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Умственная отсталость легкой степени. Другие нарушения поведения (F70.8)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Ақыл-естің кеш дамуы (ақыл-естің кем дамуы) - шетелде ауру сипатына тəуелсіз пайда болатын парасаттылықтың əр-түрлі түрлерінің зақымдалуын белгілеу үшін қолданылады.
 
 
Хаттама коды: H-P-017 "Балалардың ақыл есі дамымай қалуы"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
F70 Жеңіл түрдегі естің кеш дамуы
F71 Ақыл-естің аздаған кеш дамуы
F72 Ақыл- естің ауыр түрдегі кеш дамуы
Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: онлайн-консультация, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі

 
Жіктемесі:
- жеңіл түрдегі ақыл-естің кеш дамуы;
- ақыл-естің орташа кеш дамуы;
- ақыл-естің ауыр түрдегі кеш дамуы;
- ақыл-естің кең түрдегі кеш дамуы;
- ақыл-естің айқындалмаған кеш дамуы;
- ақыл-естің кеш дамуының басқа да түрлері. 

Диагностика

 
Диагностика критерийлері

Шағымдар мен анамнез: психикалық, неврологиялық жəне соматикалық статустардың анамнез негізінде анықталатын мидың биологиялық кемдігі.

Физикалық тексеру: психикалық, неврологиялық жəне соматикалық статустардың анамнез негізінде анықталатын мидың биологиялық кемдігі; түсініп ойланудың міндетті түрде жеткіліксіздігі мен тұлғаның жете дамымауымен бірге диффузиялық ақыл-ес кемдігінің сипатты құрылымы; оң болса да, психикалық дамудың баяулаған серпінділігінің əр-түрлі сатысындағы жағдайдың прогредиентсіздігі.

Лабораторлық зерттеулер: БАК - фенилкетонурия, гистидинемия, гомоцистинурия, галактоземия, фруктозурия.

Инструменталдық зерттеулер: көрсетілмеген.

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша - невролог, генетик, психиатр, эндокринолог, психолог, логопед.

Дифференциалды диагноз: жоқ.

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Фенилкетонурия, гистидинемия, гомоцистинурия, галактоземия, фруктозурияға қанның биохимиялық анализін жасау.
2. Невролог кеңесі.
3. Жалпы қан анализі (6 параметр).
4. Жалпы зəр анализі.
5. Жалпы белокты анықтау.
6. АЛТ, АСТ-ны анықтау.
7. Билирубинді анықтау.
8. Ішек құртқа нəжісті зерттеу.

Қосымша диагностика шаралар тізімі:
1. Нейропсихологиялық тестілеу.
2. Хромосомдық анализ (кариотиптеу).
3. Генетик консультациясы.
4. Психиатр консультациясы.
5. Эндокринолог консультациясы.
6. Психолог консультациясы.
7. Логопед консультациясы.
8. Құрсақ ішілік жұқпаларға қанның анализін (токсоплазмоз, герпес, цитомегаловирус). 
9. Микрореакция.

Емдеу тактикасы

 
Емдеу тактикасы

Ем мақсаты: ремиссия индукциясы, асқынуларды басу.

Дəрі-дəрмексіз ем: жоқ.

Дəрі-дəрмектік ем:
1. Психомоторлы стимуляторлар (нервтік жасушалар метаболизміне əсер етусіз ретикуляциялық формацияға, ми қыртысына сергітетін əсер етуі): адаптол 300 мг таблеткада, тамақты қабылдауға тəуелсіз, бірнеше күннен 2-3 айға дейін емдеу курсымен, 0,5-ден 1 таблеткаға дейін күніне 3 рет, жас мөлшеріне байланысты тағайындалады.
2. Психикалық дамуды ынталандыратын дəрі-дəрмектер, ми метаболизмін жақсартатын дəрі-дəрмегі - энцефабол 0,25 мг табл.
3. Антидепрессанттар - амитриптилин*, L-дофа дəрі-дəрмектері.
4. Жалпы денсаулықты нығайтатын поливитаминдер.
5. Кальций, фосфор, темір, фитин*, фосфрен* дəрі-дəрмектері.
6. Седативтік, нейролептикалық дəрі-дəрмектер (дизепам* табл. 2 мг, 5 мг, ертінді 10 мг/2,0).
7. Тырыспаға қарсы дəрі-дəрмектер: фенобарбитал* 0,01 мг/бір жасарларға, вальпрое қышқылы дəрі-дəрмегі* 20-25 мг/кг/тəу., ламотриджин*, карбамазепиндер (финлепсин*). Емделу курсы 1 ай.

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Амитриптилин 25 мг, 50 мг табл.
2. *Дизепам 10 мг/2 мл амп.; 5 мг, 10 мг табл.
3. *Вальпрое қышқылы 150 мг, 300 мг, 500 мг табл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. L-дофа дəрі-дəрмегі 50 мг табл.
2. Поливитаминдер
3. *Фенобарбитал 50 мг, 100 мг табл.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- бұзылған қызметтердің тұрақтандырылуы мен жақсаруы;
- реабилитация;
- қолдаушы ем;
- психологтың бақылауы.


* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар.

Госпитализация

 
Госпитализациялау үшін көрсетімдер:
1. Эмоциональды - еріктік зақымданулар мен моториканың айқын түріндегі психикалық дамудың кідіруі (стато-моторлық актілер қалыптасуының кешігуі, моторлық-бейімделу қозғалыстарының болмауы, қоршағандарға, ойыншыққа, сөйлеуге салғырт көңіл аударуы).
2. Кешігу деңгейін диагностикалау.
3. Әлеуметтік мəселелерді шешу.

Жоспарлы госпитализация алдындағы қажетті зерттеулер көлемі: невролог, психолог, генетик, эндокринолог, психиатр кеңесі.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 1. «Детская психоневрология» под ред. Л.А.Булаховой. Киев, 2001 г.; 2. «Клиническая психиатрия», Каплан Г.И., Седок Б., перевод с английского языка, глав.редактор Т.Б.Дмитриева. Москва, 1998 г.; 3. «Диагностика и лечение эпилепсии у детей» под ред. Темина П.А., Никаноровой М.Ю., 1997 г.; 4. Карлов В.А. «Эпилепсия», 1990 г.; 5. Ковалев В.В. «Психиатрия детского возраста», 1979 г.; 6. Ковалев В.В. «Семиотика и диагностика психических заболеваний у детей и подростков», 1985 г.; 7. Козлова С.И., Демикова Н.С. и др. «Наследственные синдромы и медико-генетическое консультирование», 1996 г.; 8. Лебедев Б.В., Барашнев Ю.И., Якунин Ю.А. «Невропатология раннего детского возраста», 1981 г.; 9. Маринчева Г.С., Гаврилов В.И. «Умственная отсталость при наследственных болезнях», 1988 г.; 10. «Наследственные болезни нервной системы» под ред. ВельтищеваЮ.Е. 1998 г.; 11. Гиляровский В.А. «Общие принципы лечения психических заболеваний». 2003. http://www.psychiatry.ru/ 12. Рубинштейн С. Я. «Психология умственно отсталого школьника». 2005. http://www.medi.ru/doc165htm 13. Панасюк А. В., Поморцев О.Н. Бондаренко Н. В. Проблемы диагностики умственной отсталости на разных этапах онтогенеза http://www.medlinks.ru 14. «Олигофрении и смежные формы». Учебное пособие по курсу психиатрии. В.В.Русских. М.,1969 г.; 15. Кн.: Детская патопсихология. У м с т в е н н а я о т с т а л о с т ь . Г л . 9 . http://www.gi - n . n e t / 16. Perception of Real-World Without a Language. G. Buoiano, M.Betti, P. Bongioanni. Neuroscience Dpt., University of Pisa; CESER Center of Mental Health (Lucca), Italy. www.clinicalevidence.com

Ақпарат

 
Əзірлеушілер тізімі: м.ғ.д., проф. Лепесова М.М., АМДБЖИ балалар неврологиясы кафедрасының меңгерушісі.

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх