Балалардың атопиялы дерматиті

H-P-001

Версия: Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012)

Атопический дерматит (L20)

Анықтамасы

Анықтамасы


Анықтамасы

Атопиялық дерматит - терінің зақымдануы, бұл баланың ерте шағында, 
сатыланып, аурудың қайта өршуі оның негізгі тұқым қуалау жағдайындағы бейімделушілігінде жəне Ig Е-ауру механизміне тəуелді, ол қарқынды қышыма, жайылмалы бөртпе лихинделген түрде білінеді.

 
Хаттама коды: H-P-001 "Балалардың атопиялы дерматиті"
Педиатрия саладағы стационарлар үшін
АХЖ10 бойынша коды (кодтар):
L 20.8 Басқада атопиялық дерматиттер
L 23   Дерматиттің аллергияға ұласуы
L 50   Аллергиялық есекжем

Жіктемесі


Жіктемесі:
1. Шын мəніндегі экзема.
2. Микробтық экзема. 
3. Себероидты экзема.

 
Ауырлық дəрежесі: жеңіл , орташа,  ауыр.
 
Балл бойынша (1 балл - жеңіл өтетін, 2 балл - орташа ауырлықта, 3 балл – ауыр өтетін):
- бастың зақымдануы - 1 балл;
- кеуде - 1 балл;
- аяқ – қол - 1 балл.

 

Диагностикасы


Диагностика критерилері
 
Шағымдар мен анамнез:
- тері қышымасы;
- ерте басталу (2 жасқа дейін);
- тері 
қатпарының зақымдануы, сонымен бірге, 10 жастан кіші балалар ұртының анамнездік көрсеткіші;
- анамнездегі терінің жалпы құрғауы;
- анамнездегі аллергиялық ринит немесе 
бронхиалды астма, сонымен бірге жақын туыстарындағы (1 дəрежелі туыстығы) 4 жасқа дейінгі кез келген атопиялық ауырулары.
 
Физикалық тексеру: терінің қатпарлық зақымдану мінезі, лихенизация.
 
Инструменталдық зерттеулер: асқазан-ішек жолдарының функционалдық жəне органикалық патологияларын анықтау – құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.
 
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: қосарланған патологияға байланысты.
 
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Аллерголог кеңесі.
2. Педиатр кеңесі.
3. Ішек дисбактериозын зерттеу.
4. Гистологиялық зерттеу.
5. Қырынды алу.
 
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі.
1. Стоматолог кеңесі.
2. Невропатолог кеңесі.
3. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.

Лабораторлық зерттеулер


Лабораторлық зерттеулер: Іg Е сарысуының жоғарлау деңгейі, Іg Е –ИФА диагностикасын арнайы анықтау.

Дифференциалды диагноз


Дифференциалды диагноз: микробтық экзема, қызғылт теміреткі, стрептодермия, қотыр, триптофан алмасуының бұзылыстары, себореялық дерматит, иммунтапшылық аурулары жəне басқа аралас этиологиялы өзге де дерматиттермен жүргізеді. Аралас этиологиялы дерматиттер кезінде атопияға тұқымқуалаушылық бейімділік жəне аллергоанамнез болмайды. Сол жəне өзге аллергендер əрекетімен байланыс жоқ.
Аралас 
этиологиялы дерматиттер инфекциялық агенттермен байланысты, дененің түрлі жерлерінде ассиметриялы орналасады, инфильтативті учаскелер, температуралық реакция байқалады.

Емдеу тактикасы


Емдеу тактикасы
 
Ем мақсаты:
1. Терідегі қабынбалы өзгерістерді жəне терінің қышымасын жою жəне азайту.
2. Тері құрылымы жəне функциясын қалпына келтіру (зақымдану ошақтарында микроциркуляция жəне метаболизмді жақсарту, тері ылғалдылығын қалыпқа келтіру).
3. Науқастың өмір сүру сапасын төмендетуге жəне мүгедектікке алып келетін аурулардың ауыр формасының дамуын алдын алу.
4. Қосарланған ауруларды емдеу (асқазан ішек жолдарын санациялау).
5. Клиникалық-лабораториялық ремиссияға қол жеткізу.
6. Өзін-өзі жақсы сезінуді жақсарту.
 
Дəрі-дəрмексіз ем
Атопикалық дерматит қалыптасуында тамақтық аллергендердің 
ролі басымдылық болуына қарай, рационын аллерген көрсеткіші бар тамақ рационынан алып тастау. Жіберілетін факторлар (үйдегі шаң , мал жүні т.б.) əсерін шығару (азайту).
 
Дəрі-дəрмектік ем
Келесі кезеңге қолданылатын дəрілік препараттарды ендіру: 2-3 
ұрпақтық антигистамин препараты (лоратадин 25 мг, эбастин 100 мг, цетиризин 10,0).
Аллергиялық процесстің тұрақтануы үшін, жасуша мембранасының (кетотифен 1 мг/кг) стабилизаторының көрсеткіші пайдаланады.
Препараттар асқорту процессінің 
реттеуіштері.
Ауыр науқастық жағдайда, жақсартатын кортикостероидты препараттар 
қолдану тиімді, өйткені 1-4 апта ішінде жағдайды жақсартады (преднизалон 30 мг/мл-1% гидрокортизоның жағындысы, бетаметазон дипропенад 15-20 мг).

Атопиялық дерматиттің ауырлық дəрежесі тері қышымасының үдемелігімен тері процессінің кең таралуына, локализациясы (шоғырлануы) ұйқының бұзылуымен, тері
инфекциясының болуымен анықталады, теріде бөртпе болған жағдайда, организмге аллергеннің келуін тоқтату жəне ішек пен қарынды шаю керек, энтеросорбенттерді қолдануы керек екені көрсетіледі.

Сыртқы терапиялық белгіге үлкен көңіл аударылады: 
экссудацияда –1% танинмен ылғалдау, одан əрі 3-6 күн ішінде метилен көгі мен өңдеу керек, содан соң глюкокортикостероидты крем, гель, майды сыртына жағу керек, онда глюкокортикостероидтың (метилпреднизалон 250 мг) қабындыруға қарсы əсерін ескеру қажет. Сырттан қолданылатын терапиялық ем, аурудың клиникалық көрінісін, дəрежесіне байланысты, əртүрлі дəрілік формалар пайдаланылады (паста, май, крем, лосьон).

Пиодермиялық қабынуда, антибактериялды терапия курсы жүргізіледі (ол антигистаминдік препараттың болмысында ), сонымен қатар сыртқа (комбинированный) құрама препараттар қолданылады (1%-10,0, тридерм); целестодерм Г 0,5%-10,0; 0,1 адвентан кремі, элоком 15мг, 0,1 май / мазь.
Десенсибилизациялық мақсатта тиосульфат натрий (физиологиялық ертінді дəрілік затқа 1-2 тамшы) қолданылады.
Атопиялық дерматит асқынғанда асқазан – ішек жолында 
ауруға жиірек патологияның гепатобилиарлық жүйесі белгілі бір роль атқарады, сондықтан бауырдан алынатын сынама, осы топта дисбактериозға нəжісін тексеру, терапиядағы ең маңызды көрсеткіш болады, содан соң гепатопротектор (1 мг 50 мг эссенциале немесе күніне 1-3 рет 50,0 капсула), сонымен қатар ферментті препарат (панкреатин 0,5 мг) белгіленеді.
Кейбір ауруларда ОНЖ – жағынан өзгерістері білінеді, 
ұйқы бұзылады, ондайда қосымша седация үшін электросон белгілейді,сонымен қатар психотропты препараттар көңіл күй басатын əсерлі препараттар қолданылады (қажетті жағдайда), олар – түнге қарай 10 мг оксазепам немесе 0,0005 г. феназепам белгіленеді.
 
Профилактикалық шаралар:  жоқ.
 
Әрі қарай жүргізу: Санаторлық-курорттық ем. Родонмен теңіздік ванналар (Алакөл, Ыстық көл, Өлі теңіз).
 
Негізгі дəрі- дəрмектер тізімі:
1. *Лоратадин 10мг таб; мазь (май) 15 мг.
2. *Цетиризин 10 м таб.
3. *Преднизолон мазь (май) 0,5 %.
4. *Гидркортизон 1% мазь (май), крем.
5. *Тридерм 15 мг таб.
6. *Целистодерм Г 15-30 мг табл.
7. *Адвантан мазь (май) 15,0.
8. *Тиосульфат натрий 30% 10 мл ертіндісі.
9. *Метилпреднизолон 4 мг табл ; 40 мг 125мг, 250мг, 500мг, ине мен салатын ертінді дайындау.
10. *Панкреатин табл, 4500 ЕД, кем емес липазасы бар капсула.
11. *Бетаметазон дипропенад 1 мл ертінді амп.
 
Қосымша дəрі – дəрмектер тізімі:
1. *Оксазепам 0,01 мг таб.
2. *Феназепам 0,01 мг таб.

Ем тиімділігінің индикаторлары:
- терілік синдромды басу;
- қышынудың жоғалуы;
- бөртпелердің регрессиясы;
- ұйқының қалыпқа келуі;
- клиникалық-лабораториялық ремиссияға қол жеткізу.

* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар

Ауруханаға жатқызу


Ауруханаға жатқызудағы көрсеткіші: терінің қабыну процесі,  қышу.

Жоспарлы түрде ауруханаға жатқызудағы қажетті тексерілу:
1. Педиатр консультациясы.
2. Аллерголог консультациясы.
3. Жалпы қан анализі (6 параметр).
4. Жалпы зəр анализі.
5. АЛТ, АСТ анықтау.
6. Глист жұмыртқасына қырынды.

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказы №764 - 2007, №165 - 2012)
    1. 12. Хаттаманы дайындау барысында пайдаланылған əдебиеттер: 1. Клинические рекомендации для практикующих врачей, основанные на доказательной медицине, 2-е издание. ГЭОТАР-МЕД, 2002, С. 909-911. 2. Аtopic eczema. Dominic Smethurst and Sarah Macfarlane, May 2002. http: www.guidlines.gov.

Ақпарат


Əзірлеушілер тізімі: м.ғ.д. профессор Имамбаева Т.М. Қаз ҰМУ

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх