Войти

Балалардағы созылмалы панкреатит

РЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК)
Версия: ҚР ДСӘДМ клиникалық хаттамалар - 2014

Другие хронические панкреатиты (K86.1)

Анықтамасы

Анықтамасы


Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтауды дамыту
мәселелері жөніндегі
сараптау комиссиясында
2014 жылғы «4» шілдедегі
№ 10 хаттамасымен
бекітілген

Созылмалы панкреатит (СП) – ұйқы безінің дегенеративті-қабыну ауруы, оның патморфологиялық негізі болып қабыну, мүшенің ішкі және сыртқы секреторлық тапшылығымен жүретін паренхима фибриозы  саналады ХП [2,3,5]. 

Хаттаманың атауы:  Балалардағы созылмалы панкреатит
 
Хаттама коды
 
ХАЖ-10 бойынша кодтары:
K86.1 Басқа созылмалы панкреатиттер
 
Хаттамада қолданылатын қысқартулар:
АЛТ – аланинаминотрансфераза
АСТ – аспартатаминотрансфераза
АТрЕ – антитрипсиналды бірлік
АЭЖ – ақуыз-энергетикалық жеткіліксіздік
Ұ – ұлтабар
АІЖ – асқазан-ішек жолдары
ИФТ – иммуноферментті талдау
КТ – компьютерлік томография
ЛОР – оториноларинголог
ЕДШ – емдік дене шынықтыру
МРТ – магнитті-резонансты томография
ЖҚТ –жалпы қан талдау
ЖНТ –жалпы несеп талдау
ҰБ – ұйқы безі
МСАК – медициналық-санитариялық алғашқы көмек
ПТР – полимеразды тізбекті реакция
СП – созылмалы панкреатит
ФЭГДС – фиброэзофагогастродуоденоскопия
IgG – G иммуноглобулині
 
Хаттаманы дайындаған күні – 2014 жыл
 
Пациенттер санаты:  балалар.
 
Хаттаманы қолданатындар – балалар гастроэнтерологтары, педиатрлар, жалпы тәжірибе дәрігерлер, жедел медициналық жәрдем фельдшерлері.
 

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники. Стандарты лечения 

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Мобильное приложение "MedElement"

- Профессиональные медицинские справочники

- Коммуникация с пациентами: вопросы, отзывы, запись на прием

Скачать приложение для ANDROID / для iOS

Жіктемесі


Балалардағы СП клиникалық жіктелуі  [3,5]:

Пайда болуына қарай – алғашқы, қайталама және ерекше түрлері  (гиперпаратиреозда, муковисцидозда, альфа1-антитрипсин тапшылығында, АЭТ квашиоркорда);

Клиникалық нұсқасы бойынша – қайталамалы, ауыру, жасырын;

Аурудың аурлығына қарай – жеңіл, орташа ауыр, ауыр;

Ауыру кезеңіне қарай – асқыну, асқынудың басылуы, ремиссия (қалпына келу);

Ұйқы безінің функциялық  жағдайына қарай:
• сыртқы секреторлы функция – гипосекреторлы, гиперсекреторлы, обтурационды,  панкреатикалық секрецияның қалыпты түрі;
• ішкі секреторлы функция – гиперфункция, инсулярлы  аппараттың гипофункциясы;
 
Морфологиялық нұсқасы бойынша – интерстициальды (ісінген), паренхиматозды, кистозды кальцийленуші;
терең асқынулар – жалған ісік, кальцификаттар, терең жаралар, көкбауыр тамырының тромбофлебиті, қант диабеті , холестаз, асцит, плеврит және т.б.;
СП балаларда көптеген жағдайда туабіткен немесе генетикалық детермиленген сипаттағы  анатомиялық және құрылымдық ауытқулардың болуынан дамиды.

Диагностика


Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша  тізімі:
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін негізгі (мінтетті) диагностикалық зерттеулер:
• ЖҚТ (6 көрсеткіш);
• ЖНТ;
• Қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, тимол сынамасын, альфа-амилазаны, глюкозаны, глюкозаға төзімділік тесті);
• Несептегі альфа-амилазы анықтау;
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
• Іш қуысындағы ағзалардың УДЗ;
• ЭГДС.
 
Амбулаториялық деңгейде жүргізілетін  қосымша диагностикалық тексерулер:
• Қанның биохимиялық талдауы (липазаны, сілтілік фосфотазаны, холестеринді анықтау);
• Нәжісті гельминттер мен қарапайымдыларға қатысты зерттеу
• Іш қуысы ағзаларының КТ (ҰБ құрылымдық өзгерісін анықтау үшін);
• Іш қуысындағы ағзаларының МРТ (ҰБ құрылымдық өзгерісін анықтау үшін).
 
Жоспарлы госпитальдауға жіберудегі жүргізуге қажетті тексерудің минимальды тізімі:
• ЖҚТ (6 көрсеткіш);
• Қанның биохимиялық талдауы (АЛТ, АСТ, билирубин);
• ЖЗТ;
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
• Несептегі альфа-амилазаны анықтау;
• Іш қуысындағы ағзалардың УДЗ.
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін  негізгі (міндетті) диагностикалық  тексерулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген тексерулер жүргізіледі):
• ЖҚТ (6 параметрлде);
•ЖЗТ;
• Қанның биохимиялық талдауы (АСТ, АЛТ, билирубин, альфа-амилазаны, глюкозаны анықтау, глюкозаға төзімділік тесті)
• Несептегі альфа-амилазаны анықтау;
• Нәжісті зерттеу (копрограмма);
• Іш қуысындағы ағзалардың УДЗ;
• ФЭГДС;
 
Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер (шұғыл госпитальдау кезінде амбулаториялық деңгейде жүргізілмеген диагностикалық тексерулер жүргізеді):
• қанның биохимиялық талдауы (липазаны, сілтілі фосфотазаны, холестеринді анықтау);
• құрсақ қуысы мүшелерінің КТ;
• құрсақ қуысындағы мүшелердің МРТ;
• эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография;
• құрсаққуысындағы ағзалардың рентгеноскопиясы;
• нәжісті гельминттер мен қарапайымдыларға қатысты зерттеу
 
Жедел шұғыл жәрдем көрсетудегі жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:
• несептегі альфа-амилазаны анықтау;
• қандағы глюкозаны анықтау.
 
Диагностикалық критерийлер:

Шағымдар және анамнез:
Шағымдар: СП -ке тән және тұрақты симптом – іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, эпигастральды және белдің арқаға қарай әсер етіп ауыруы, сол қолға, сол жаққа қарай әсер беруі. Тамақ ішкеннен кейін, физикалық жүктемеден кейін ауыруы артады. Ауырулар батып, сыздап,шаншып, ұстама тәрізді, тұрақты болуы мүмкін [3].
Диспепсиялық бұзылулар:
• құсқысы келу;
• құсу;
• тәбеттің бұзылуы;
• метеоризм;
•ауыздың құрғауы немесе сілекей бөлінудің жоғарылығы.
 
Анамнез:
Гастроэнтерологиялық аурулар бойынша тұқым қуалаумен ауырландырылатын;
• бактериалық және вирустық инфекциялар;
• консервіленген тамақтарды аса көп  тұтыну;
• іштің қатуына бейім болу, іштің қатуы мен іштің өтуінің кезектесуі;
 
Физикалық тексерулер[3,5,8]:
Созылмалы интоксикация және голигиповитаминоз симптомдары (эмоциональды тұрақсыздық, ашушаңдық, бастың ауыруы, әлсіздік, терінің сұр-жасыл түсті болып бозаруы, әсіресе мұрын-ауыз айналасы, көздің асты көгеруі, еріндердің кебуі, еріннің жарылуы. Дене салмағының төмендеуі. Бетін қолмен басып көргенде Керт симптомы анықталады – кіндіктен жоғары көлденең орналасқан бұлшықеттің тұрақты дефансы; кіндіктен солға қарай және сол жақ қабырға-омыртқалық бұлшықет терілерінің гиперестезиясы (Бергман-Кальк симптомы); сол жақ қабырға астында қатаю және ісіну (Воскресенский симптомы); қолмен ұстап көрген уақытта  Шофарр аймағында, Мейо-Робсон, Кач, Де-Жарден нүктелерінде ауыру сезімдері пайда болады. Сіңірудің бұзылуы синдромы диареямен қатар дамиды (майлы жылтыр нәжіс, көбік тәрізді, шіріген иіс болады, дәретхана түбегі қабырғасынан әзер жуылады).
 
Зертханалық зерттеулер [3,5,8]:
ҚОС-да  – гипохромды анемия, нейтрофилез, ЭТЖ артуы, кейде – тромбоцитопения, эозинофилия.

Қанның биохимиялық талдауы. Амилаза ферменттерінің белсенділігін (қалыпты жағдайда қанда 20-100 Ед/л), липазаны (қалыпты жағдайда қанда 13-60 Ед/л), қандағы трипсинді (қалыпты мөлшері 98.2-229.6нг/мл),  несептегі амилаза (қалыпты мөлшері   64 Ед дейін) анықтаудың мағынасы зор. Кейде диспанкреатизм орын алады, яғни бір ферменттің секрециясы жоғарылайды, ал екіншісі -қалыпты немесе төмен.
Ұйқы безінің ішкісекрециялық қызметін бағалау үшін глюкозаға төзімділік тестін анықтау маңызды (қалыпты жағдайда  бірінші порциясында 5,5 ммоль/л, екіншісінде –7,8 ммоль/л төмен).
Копрограммада креаторея (қорытылмаған  ет талшықтарының  мөлшері) және стеаторея (нәжісте бейтарап майлардың бар болуы) көп мөлшерде.

Аспаптық зерттеулер [1,7,8]:

Іш қуысындағы ағзалардың УДЗ: бездің эхогенді тығыздығының жоғарылауы, пішінінде біркелкіліктің болмауы және көлемі өзгереді,  науқастардың бір бөлігінде без көлемінің кішірейуі байқалады, кальцинаттардың табылуы және без жолдарының әртүрлі.

ФЭГДС: асқазанның артқы қабырғасының ісінуі – ұйқы безі көлемінің өзгергендігігін белгесі, ОЕІ шырышты қабықшасының қабынуы және  постбульбарлы бөлімнің дискинезиясының белгілері, дуоденоскоп жүргізген кезде ауыру сезімінің болуы дуоденальды папиллиттің белгілері болып саналады.

КТ, МРТ – ұйқы безінің әртүрлі ауруларын анықтауға мүмкіндік береді (жіті немесе созылмалы қабыну, ісік, өсінді).
 
Мамандармен кеңесу көрсеткіші
1. ЛОР-дың кеңесі – өңештің жағдайын жақсарту үшін;
2. Стоматологтың кеңесі – ауыз қуысының санациясы үшін;
3. Физиотерапевтің кеңесі–ауыру симптомдарын тоқтату үшін  спазмолитиктермен бірге электрофорез қолданады.
 

Дифференциалды диагноз


1-кесте. Балдалардағы СП сараланған диагноз
Ауыру түрі Клиникалық критерийлер Зертханалық көрсеткіштері
Созылмалы панкреатит
 
Ауыру іштің жоғары бөлігінде, кіндіктен жоғары сол жақта орналасуы және оң жаққа берілуі,  эпигастарльды және айналмалы ауырулар, арқаға берілетін, сол қол мен сол бүйірге берілетін, бататын, сыздайтын, шаншитын, ұстама тәрізді, тұрақты; Керт, Воскресенский,  Шофарр аймағында ауырусезімі, Мейо-Робсона, Кач, Де-Жарден, нүктелерінде оң симптомдары,  аймақтарында ауыру ФЭГДС: асқазанның артғы қабырғасының томпаюы, артқы бульбарлық бөліктің выбухание задней стенки желудка, признаки воспаления слизистой и дискинезии постбульбарного отдела ДПК, болезненность при проведении дуоденоскопа, признаки дуоденального папиллита Амилазаның қанда және зәрде көбейуі, нәжісте  трипипсин  белсенділігі, стеаторея,
УДЗ де - без көлемінің ұлғайуы және оның эхологиялық тығыздығының өзгеруі.
Созылмалы гастродуоденит Эпигастрияда кіндік айналасында және
Пилородуоденальды аймақта ауыру белгілерінің оқшаулануы; айқын диспептикалық көсеткіштер (құсқысы келу, кекіру, қыжыл, сирек- құсу); ерте және кешкі ауырулардың үйлесуі.
 
Онекі елі ішек және асқазанның сілемейлі қабықшасының  эндоскопиялық өзгерістері (ісіну, гиперемия, қан кету,эрозия, атрофия, қатпарлардың гипертрофиясы және т.б.)
Созылмалы холецистит Оң жақ қабырға астының ауыруы, өтқабы айналасын қолмен ұстағанда ауыруы,
субфебрилитет немесе  фебрильді санға дейін температураның жүйелі көтерілуі, улану (лоқсу, кекіру, күйдіріп ашуы
ауыру,  сирегірек- құсу), ерте және кеш аурулардың қосарласуы
 
Қанда - лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ артуы, УДЗ - өтқабы қабырғасының жуандауы, онда шырышты жармалардың болуы, өттің тұрып қалуы, периваскулярлы реакция.
 
Созылмалы энтероколит Кіндік айналасында немесе іштің барлық жері ауыру белгілерінің болуы, дефекациядан кейін қайтуы, іштің кебуі, сүт және сүтті тағамдардың, көкөністердің, жемістердің  жақпауы,  тұрақсыз дәрет, газдың бөлінуі Копрограммада - амилорея, стеаторея, креаторея, шырыш, лейкоциттер, эритроциттер болуы мүмкін, дисбактериоз белгілері
Жара ауруы Аш қарында пайда болатын ауырсыну, "әсіресе" кешкі, тамақтанудан кейін 2-3сағаттан соң. Ауыру кенеттен, қатты болады, колмен ұстағанда ауыруы бірден байқалады, құрсақ бұлшықеттерінің, терігиперестезия айналасының  қатайуы анықталады, Мендель симптомы расталады Эндоскопияда -гиперемирлі үймекпен қоршалған шырышты қабықтың  терең ақауы, көптеген жаралар болуы мүмкін.

Емдеу тактикасы


Емдеу мақсаттары:
• клиникалық-лабораториялық ремиссияға жету;
• ауыру синдромдарын жою;
• диспепсиялық синдром;
• қандағы және несептегі ферменттердің деңгейін қалпына келтіру.
 
Емдеу тәсілі

Дәрісіз емдеу:

Диета №5. Қазіргі уақытта панкреатит болғанда нутритивті сақтау тұжырымдамасы ұсынылған, су-шай үзілісіне деген көзқарас қайта қаралды, себебі ұзақ уақыт  «ашығу диетасы» липазаның ырғағын күшейтіп, гипо- және диспротеинемияны қоздырады, метаболитикалық ацидозға себепші болады ұйқы безінің дегенеративті өзгерістерін қиындатады.  СП-тің асқынуы кезінде «ашығу диетасынан» және парентеральды тамақтанудан  (аурудың асқыну процесіне байланысты – 24 сағат және одан көп) ұйқы безінің функциональды тыныштығы үшін майы аз және ақуыздың физиологиялық нормасы бар емдік тамақтану түріне аз уақытта өту қағидасы құпталады. Нутритивті қолдауға аздап немесе толық  парентеральды және энтеральды толық қанды тамақтану жатады.  СП-тің ауыр өтуі кезінде толық парентальды тамақтану түрі тағайындалады, оның құрамына  аминқышқылдарының, көмірсулардың ерітіндісі (мальтодекстроза) май эмульсиялыры кіреді. Глюкоза парентальды тамақтану кезіндегі қоспалардың негізгі калориялылығын қамтамасыз етеді. АІЖ негізгі қызметі сақталған жағдайда ерте энтеральды тамақтану түрін назогастральды сүңгі арқылы немесе ауызбен тамақтану дұрыс деп есептеледі. Панкреатит кезінде балаларға «Нутриэн», «Нутризон» және т.б. қоспаларын тағайындайды.
Ауыр жағдайларда және дуоденостазда  назогастральды шолғының көмегімен асқазанның қышқылдылық ортасының үздіксіз аспирациясын жүргізеді. Науқастың жағдайы жақсаруына қарай жиі-жиі және үгілген тамақтарды ғана жеу қағидасын сақтай отырып ауыз арқылы тамақтану түріне ақырындап көшеді ауыз арқылы қоректену қоймалжын көжелерден, үгітілген суда піскен сұйық ботқалардан, көкөніс езбелерінен, кисель тамақтарынан бастайды. Диетаның ауқымын кеңейткенде тамақ көлемін және калориясын біртіндеп ұлғайту қағидасын ұстану қажет. Екінші аптада суға піскен, ұсақтап туралған көкөністер, ұсақтап туралған суға піскен ет және балық қосылады -   №5 диета -  панкреатиттік Певзнерлік (үгітілген нұсқа). Әдетте  2-3 аптадан кейін  науқас №5-п диетаға көшеді (үгітілген емес нұсқа) майдың (55-60 г/тәулігіне), көмірсулардың  (250-300 г/тәулігіне) мөлшерін шектеумен және ақуыз мөлшерін ұлғайтымен (80-120 г/тәулігіне). 5п  диетасын 6-12 айлар бойы сақтау қажет (тұрақты клиникалық ремиссия сатысына өткенге дейін). Науқастарға қуырылған, ысталған тағамдарды, еттің, балықтың майлы түрлерін, қаныққан ет, балық сорпаларын, қалың жасунық, ащы тұздықтар, консервілер, жұжықтар, жаңа піскен нан түрлері, балмұздақ, суық және газдалған сусындар, шоколад тұтынуға тыйым салынады. 
 
Дәрі-дәрмектермен емдеу
 
СП ауыр  кезіндегі басты мақсат – ауыру синдромдарын  жою, ауыру синдромдарын болдырмау үшін анальгетиктер мен  спазмолитиктердің қосындысы қолданылады.

Миотропты спазмолитиктер:
• 2% дротаверин ерітіндісі:
1-6 жас 10-20 мг;
6-12 жас - 20 мг  тәулігіне 1-2 рет;

• мебеверин (12 жастан асқан балаларға) 2,5 мг/кг күніне  2 рет.
 
М-холинолитиктер:
• 0,2% платифиллин ерітіндісі
1-5 жас- 0,015 мл/кг;
6-10 жас- 0,0125 мл/кг;
11-14 жас - 0,01 мл/кг.

•  Атропин 0.01 % ерітіндісі
0,02мг. - 6 айға дейінгілерге
0,05 мг.- 6 ай -1 жас
0,2мг. - 1-2 жас;
0,25мг 3-4 жас;
0,3мг. - 5-6 жас;
0,4 мг.- 7-9 жас;
0,5мг. - 10-14 жас

Прокинетиктер (асқазанның, ұлтабардың, өт жолдарының қозғалыс қызметін қалпына келтіру мақсатында):
• домперидон (ішке)
5 жастан асқан балаларға 5 мг-нан  тәулігіне  2 рет ішуге тағайндалады
10 жастан асқан балаларға – 10 мг тамақтану алдында  20-30 мин бұрын  тәулігіне 2 рет 7-10 тәулік бойы;
• тримебутин (ішке)
 
З-5 жастан асқан балаларға – 25 мг тәулігіне 3 рет;
5-12 жас – 50 мг тәулігіне 3 рет;
12 жастан жоғары – 100-200 мг тәулігіне 3 рет.

Гистаминнің  Н2рецепторларын тежеушілер  ішке 2-4 мг/кг тәулігіне 2 рет  (максимальды-300 мг /тәу.) 3-4 апта, ішке қабылдау мүмкін емес болмаған жағдайда ранитидинді парентеральды еңгізеді 50 мг-нан әр 6-8 сағат сайын максимальды  (300 мг/тәу) немесе фамотидин (40-60 мг/тәу).

Протонды помпа ингибиторлары – омепразол таблетка 20 мг, 1 таблетка күніне 1 рет ұйықтар алдында беріледі 2-3 апта.

Микрокапсулярлы панкреатикалық ферменттер (жоғары ферментемияның және/немесе ферментурияның болмауы кезінде алмастырмалы терапия мақсатында) толық сыртқы секрецияның жеткіліксіздігінде  – 400 000 ЕД тәулігіне:
3 жастан 12 жас аралығындағы балаларда 15000 ЕД көп емес липаза 1 кг дене салмағына;
12 жастан асқан балаларға  15000-20000 ЕД липаза 1 кг дене салмағына тәулігіне.
Тәуліктік мөлшері:
1,5 жасқа дейінгі балалар үшін – 50 мың. ЕД;
1,5 жастан үлкен – 100 мың.ЕД.
Ферментті терапия копрограмманың  бақылауымен жүргізіледі.

Антацидті препараттар (асқазанның қышқылдық ортасын төмендету мақсатында) 2–3 рет күніне тамақтан кейін әр1,5–2 сағат сайын:
• алгелдрат+магний гидроксиді 170-200мл шиша, суспензия 15 мл
4-12 айлық балаларға. – 7,5 мл (1/2ш.қ..)
1 жастан асқандарға – 15 мл.

Бактерияға қарсы терапия (септикалық асқынулардың алдын алу мақсатында):
• амоксициллин/клавуланқышқылы ішке тәулігіне 3 рет
1-7 жастағы балаларға – 0,375-0,468 г;
7-14 жас – 0,750-0,936 г,
• кларитромицин балаларға 15 мг/кг/тәулігіне 2 рет қабылдау
• цефалоспориндер
бұлшықетасты және венаішілік  50-100 мг/кг тәулігіне 2-4 ретке бөліп егу;
суспензия 250 мг, тәулігіне 3 рет 10 күн бойы:
5 мл – 1-3 жас;
7,5мл. – 3-6 жас;
10 мл – 6 жастан жоғасы.

Гормонотерапия (ауыр жағдайларда):
•        сандостатин 50 мкг/1 мл, 100 мкг/1мл, ампула есебімен 0.05мкг/кг 1 рет тәулігіне.
 
Амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмекпен емдеу шаралары:

Негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкінділігі 100%);
• натрий метамизолы 50% ерітінді инъекция үшін  ампулада;
• дротаверин 40 мг, 80 мг таблеткалар;
• мебеверин 200мг, капсулалар;
• омепразол, 20мг таблеткалар;
• ранитидин 150 мг таблеткалар;
• фамотидин 20 мг таблеткалар;
• панкреатикалық ферменттер 10000; 20000; 25000 ЕД, ішекті ерігіш  қабығы бар;
• микрокасулярлы панкреатикалық ферменттер 10000, 25000 ЕД капсулалар;
• алгелдрат+магний гидроксиді, 170-200мл суспезия шишасы;
• домперидон, 10 мг, таблеткалар;
• амоксициллин/клавула қышқылы  250мг/125мг, 500мг/125 мг, 875мг/125 мг табл, 125мг+31.25мг суспензия;
Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкінділігі 100%-аз).
 • кларитромицин, 250 мг, 500 мг таблеткалар, 125 мг/5мл суспензия;
• платифиллин, 0,2% ампулалар;
• тримебутин, 100-200 мг, таблеткалар.
 
Стационарлық деңгейдегі дәрі-дәрмектермен емдеу:

Негізгі дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкінділігі 100%);
• натрий метамизолы 50% ерітінді инъекция үшін  ампулада;
• дротаверин 40 мг, 80 мг таблеткалар;
• мебеверин 200 мг, капсулалар;
• омепразол, 20 мг таблеткалар;
• ранитидин 150 мг таблеткалар;
• фамотидин 20 мг таблеткалар;
• панкреатикалық  ферменттер 10000; 20000; 25000 ЕД, ішекті ерігіш  қабығы бар;
• микрокасулярлы панкреатикалық ферменттер 10000, 25000 ЕД капсулалар;
• алгелдрат+магний гидроксиді, 170-200 мл суспезия шишасы;
• домперидон, 10 мг, таблеткалар;
• амоксициллин/клавула қышқылы  250 мг/125 мг, 500 мг/125 мг, 875 мг/125 мг табл, 125 мг+31.25мг суспензия;
• цефалексин 250 мг суспензия;
 
Қосымша дәрі-дәрмектердің тізімі (қолдану мүмкінділігі 100%).
• кларитромицин, 250 мг, 500 мг таблеткалар, 125 мг/5 мл суспензия;
• цефтриаксон 1.0г. инъекцияға арналған ұнтақ ампулада;
• натрий метамизолы 50% инъекцияға арналған ұнтақ ампулада;
• платифиллин, 0,2% ампулалар;
• тримебутин, 100-200 мг., таблеткалар;
• сандостатин 50 мкг/1 мл,100 мкг/1мл, ампулалар.
 
Жедел шұғыл жәрдем кезінде қолдыналатын дәрі-дәрмектер:
 
Ауыру симптомын тоқтату үшін парентеральды енгізіледі

Миотропты  спазмолитиктер:
• 2%  дротаверин ерітіндісі 40 мг/2мл.  бір  реттік мөлшерде:
1-6 жас 10-20 мг,
6-12 жас - 20 мг  тәулігіне 1-2 рет;
• мебеверин 12 жастан асқан балаларға  2,5 мг/кг/тәулік мөлшерінде
 
М-холинолитиктер:
• 0,2%  платифиллин ерітіндісі бір реттік  мөлшерде:
1-5 жас – 0,015 мл/кг,
6-10 жас – 0,0125 мл/кг,
11-14 жас
• Атропин 0.01 % ерітінді
0,02мг. - 6 айға дейінгі балаларға
0,05 мг.- 6ай-1 жас
0,2мг. - 1-2 жас;
0,25мг 3-4 жас;
0,3мг. - 5-6 жас;
0,4 мг.- 7-9 жас;
0,5мг. - 10-14 жас
 
Емнің басқа түрдері:

Амбулаториялық деңгейдегі емнің басқа түрлері:
• физиоемдеу – ауыру синдромдарын тоқтату үшін (электрофорез спазмолитиктер; парафин, озокеритті аппликация, индуктотермия).
• емдік дене шынықтыру.
 
Стационарлық деңгейдегі емнің басқа түрлері:
 • физиоемдеу – ауыру синдромдарын жою үшін (электрофорез спазмолитиктер; парафин, озокеритті аппликация, индуктотермия).
• емдік дене шынықтыру.
 
Жеделшұғыл  жәрдем кезіндегі емнің басқа түрлері:   жоқ          

Хирургиялық араласу: жоқ
 

Профилактика


Профилактикалық іс-шаралар  (асқынудың алдын алу, МСАК деңгейіндегі алғашқы прафилактика, қауіп-қатер факторларын ескере отырып).

Амбулаториялық сатыда:
1. Күн тәртібін сақтау тамақтану және мәзірін қайта қарау (алмастыру терапиясында ферменттердің жеткіліксіздігін ескеретін  тамақтану түрі - яғни ұсақталған, құрамындағы ақуыз, май, көмірсулардың мөлшері адам жасына сәйкес дұрыс үйлесіміді).
2. СП пайда болуына себебші болған АІЖ-ң осымен қоса жүретін ауруларын емдеу (өтқабы патологиясы, созылмалы гостродуоденит)
3. Инфекциялық асқынулардың алдын алу (қабынған  инфильтраттар, іріңді холангиттер). 

Ақпарат

Пайдаланған әдебиеттің тізбесі

  1. Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
    1. . Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Dominguez-Munoz J.E. Chronic pancreatitis and Persistent Steatorrhea: What is the correct dose of enzymes? //Clinical Gastroenterology and Hepatology., 2011 – N9. – p.541-546. 2. Ахмедов В.А., Ширинский Н.В., Шадевский В.М. Патофизиологические и терапевтические аспекты хронического панкреатита. М., 2007. – 119с. 3. Белоусов Ю. В. Панкреатит и панкреатопатия: классификационные характеристики, принципы диагностики и лечения у детей //Здоровье ребенка. -2012. -№ 8 (43).-С. 129-133. 4. Dominguez-Munoz J.E., Hieronymus C., Sanerbruch T. Fecal elastase test: evalution of a new noninvasive pancreatic function test //Am.J.Gastroenterol. – 1995. – Vol.90(10). – p.1834-1837. 5. Гасилина Т.В., Бельмер С.В. Болезни поджелудочной железы у детей. Первичная и вторичная экзокринная панкреатическая недостаточность //Лечащий врач. – 2010. - №6. – с.6-10. 6. Лоранская Т.И. Диетотерапия при хроническом панкреатите //Медицинский вестник. – 2009. - №3. – 474с. 7. Хавкин А.И., Рачкова Н.С., Жихарева Н.С. и др. Применение Креона у детей с нарушением моторики верхних отделов ЖКТ //РМЖ. 2004. – Т.12, №3. – с.156-157. 8. Детская гастртоэнтерология //под ред. Баранова А.А., - М., 2002 9. Авдеева Т.Г., Рябухин Ю.В., Парменова Л.И. и др. Детская гастроэнтерология: руководство. - М.:ГЭОТАР-Медиа, 2009. – 192с. 10. Рациональная фармакотерапия заболеваний органов пищеварения: руководство для практических врачей //под общей ред. В.Т. Ивашкина. – М., Литтерра. 2003. – 1046с. 11. Поликлиническая педиатрия, А.С. Калмыкова, М., Издательство «ГЭОТАР-Медиа», 2007. – 621с.

Ақпарат


Әзірлеушілер  
1)  Орынбасарова К.К. – м.ғ.д., доцент, «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК "Балалар аурулары" кафедрасының меңгерушісі;
2) Смағұлова Әлия Болатқызы – м.ғ.к.,  «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» ШЖҚ РМК  "Амбулаториялық-емханалық педиатрия" кафедрасының доценті;
4. Құдайбергенова М.С. – «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ клиникалық фармакологы.
                           
Мүдделер қақтығысының жоқтығын көрсету: жоқ
 
Пікір иесі: Аталықова Г.Т. - м.ғ.д.,  «Астана медицина университеті » АҚ "№2 жалпы дәрігерлік тәжірибе" кафедрасының меңгерушісі.
 
Хаттаманы қайта қарау шарттары:
Хаттаманы 3 жылдан кейін және/немесе диагностиканың және /немесе емдеу істерінің одан да тиімді жаңа тәсілдері пайда болған жағдайда. 
 

Қазықтаулы файлдар

Назар аударыңыз!

  • Занимаясь самолечением, вы можете нанести непоправимый вред своему здоровью.  
  • Информация, размещенная на сайте MedElement и в мобильных приложениях "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта", не может и не должна заменять очную консультацию врача. Обязательно обращайтесь в медицинские учреждения при наличии каких-либо заболеваний или беспокоящих вас симптомов.  
  • Выбор лекарственных средств и их дозировки, должен быть оговорен со специалистом. Только врач может назначить нужное лекарство и его дозировку с учетом заболевания и состояния организма больного.  
  • Сайт MedElement и мобильные приложения "MedElement (МедЭлемент)", "Lekar Pro", "Dariger Pro", "Заболевания: справочник терапевта" являются исключительно информационно-справочными ресурсами. Информация, размещенная на данном сайте, не должна использоваться для самовольного изменения предписаний врача.  
  • Редакция MedElement не несет ответственности за какой-либо ущерб здоровью или материальный ущерб, возникший в результате использования данного сайта.
На главную
Наверх